Тақырыбы: « ЖИТС / СПИД
Аңызбен ақиқат »
Сабақтың
мақсаты:
1. Өміріне қауіп
төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын
одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру.
2.Салауатты өмір
салтын қалыптастыру.
3.Оқушыларды жаман
әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет-журнал, жинақы деректері, мақал-мәтелдер,
көрнекі сөздер, слайд – шоу.
Түрі: пікірталас,
Құрметті Студенттермен бүгінгі
сайысқа қатысушылар. Сіздерді “Бүкілдүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес
күніне” орай « ЖИТС /
СПИД Аңызбен ақиқат » атты дебатымызға қош
келдіңіздер!
Кіріспе
сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ
ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы)
дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған
осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн
сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар
немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын
басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,
одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін
білгеніміз жөн.
СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны
туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет
жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз
ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым
Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп
жариялады.
Құрметті көрермендер слайдқа назар
аударайық:
Слайд
Құрметті дебатқа қатысушылар
дебаттың барысымен таныстырып
өтейін:
Топтардың аты, ұранына мән
беріледі.
1 – спикерге 6-минут уақыт
беріледі, жалпы ЖИТС жайлы толық ақпарат беріп
өтеді.
2-спикерге 3-4 минут уақыт
беріледі, 1 спикердің кемшіліктерін шығарып, пікір
алмасады.
3-спикерге 2-3 минут уақыт
беріледі, жалпы
қорытындылайды.
Салауатты өмір салтын
қолдайық,
Әдеттен жаман аулақ
болайық.
Өз өмірің, өз қолыңда ей
жастар,
Су ішпеген гүлдей болып
солмайық?! – дей отыра дебатқа қатысушыларға сөз
беріледі.
Ал енді бүгінгі дебатқа
қатысушы топтар, «денсаулық – зор байлыққа» байланысты қандай мақал
– мәтел білетінімізді ортаға
салайық.
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі
Еріккеннің
ермегі.
4. Шарап - арақ ішіңе
көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап
жатқан
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді
сақтандыр.
Жарайсындар балалар, осы мақал
– мәтелдер арқылы нені білдіңдер? (оқушылар өздерінің пікірлерімен
бөліседі).
Ал енді біздің сабағымызды
қорытындыла келе отырып мен сіздерге келесі тестердің сұрақтарына
жауап беруіңізді сұраймын (тест сұрақтары
үлестіріледі).
ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а)
Иә
ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД - пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7. Қазақстанда СПИД - пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8. СПИД - ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД - пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып
тастайды, оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канада
б) Қытай
в) Куба
(жеңген топ марапатталады, қорытынды сөз
оқылады.)
Қорытынды: СПИД адамзат
алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана
емес, әлеуметтік проблема. Елбасы
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030»
стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты
өмір салтына шақырды.
Соңғы жылдары жер
шары халықтарының назары ХХ ғасырдың аталған СПИД (иммунитет
жетіспеушілік синдромы) дертіне алуда, қазірдің өзінде ондаған мың
адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің
түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет,
журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты
бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және
негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу
тәсілдерін білгеніміз жөн. Ағайын еліміз аман, жұртымыз тыныш
болсын деген тілекпен бүгінгі дебатымызды
аяқтаймыз.