Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жиын ұғымын беру, жиын түрлері және ішкі жиын туралы білім беру. Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән аты : Математика 

Сынып : 6 

Сабақтың тақырыбы:Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын. 

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жиын ұғымын беру, жиын түрлері және ішкі жиын туралы білім беру.

Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.



Сабақтың типі:

Жаңа материалды оқыту.



Сабақтың түрі:

Теориялық білім беру.



Сабақтың барысы: 

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру. 

II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.



III . Жаңа материалдарды игеру кезеңі: 


  1. Жиын ұғымының пайда болуы: XIX ғасырдың екінші жартысында математика трихында жиын ұғымы пайда болды. 


  2. Жиын теорясының негізін қалаушы неміс математигі Георг Кантор ( 1845-1918) 


Анықтама: Белгілі 
бір ортақ қасиеттерге ие болып, белгі бір заңдылықпен біріккен нәрселер,обьектілер жиын құрайды. 

Мысалы: - аспандағы жұлдыздар жиыны. 

кітап бетіндегі әріптер жиыны. 

бөлімі 6 болатын дұрыс бөлшектер жиыны:

1/6;2/6; 3/6; 4/6;5/6. т.с.с.



Жиындар құрылымы: жиындыр элементтерден құралады. Жиындардың элементтері аталып беріледі немесе сол жиын элементтеріне ғана тән қасиет көрсетіледі.

Мысалы: «планета» сөзіндегі әріптержиынын Р әрпімен белгілесек Р={а,п,н,л,е,т} немесе Р={т,п,н,л,е,а}



Жиындар түрлері: Жиындар шектеулі жиын, шектеусіз жиын болып бөлінеді.

Мысалы: цифрлар жиыны А={0,1,2,3,4,5,6,7,8,9} жиынынң элементтер санын көрсететін болсақ n(A)=10.

Натурал сандар жиыны N-шектеусіз жиын. 

Анықтама:Егер жиында бірде-бір элемент болмаса, оны бос жиын деп атайды. Бос жиынынң белгіленуі: Ø.

Мысалы: 74 пен 79 сандарының арасындағы жай сандар жиыны бос жиын.



Анықтама: Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады.

Мысалы: А={1,2,3,4,5,6,7} жиынындағы жұп сандар жиыны В={2,4,6} В жиыны А жиынының ішкі жиыны. Белгіленуі: В  А. Ø   А. Бос жиын кез-келген жиынның ішкі жиыны.

Жиындар мен олардың арасындағы байланыстарды Эйлер –Вен дөңгелектері арқылы кескінделеді.

В  А.

Егер екі жиын бірдей элементтерден тұрса, онда олар тең жиындар деп аталады.

Мысалы: А={а,в,с}, В={с,а,в}, онда А=В.



IV Оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін анықтау: 


  1. Жиын дегенді қалай түсінесің, оған мысал келтіріңдер. 


  2. Жиындар қалай бөлінеді ? 


  3. Ішкі жиын дегеніміз не ? 


Жаңа материалды №250, №251, №253. 256.есептерін шығару арқылы бекіту. 

Тапсырмалар: 1.Нысандар жиынын бір сөзбен ата. (Мектептің оқу құралдары, гүлдер) 

2.Жиындарды жаз.




  1. Әріптер............................................................ Жауабы: (А,Б,В,Г,Д) 


  2. Сандар .............................................................Жауабы: (10, 25,100,90) 


  3. Цифрлар ..........................................................Жауабы: (1,3,5,6,7) 


  1. 3. Менің отбасым» жиынына кімдер кіреді? Жауабы: 
    (Мен, анам, әкем, ағам, әпкем) 


Ана, әпке, әке, көрші, аға, мен, дос 

VI Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге № 252. №257.260



2) Сабақты қортындылау. 

Бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
2868
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі