Материалдар / Жиындық бағалау 3-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жиындық бағалау 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2019
504
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Әдебиеттік оқу
3-сынып

1

ЖОБА

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (24-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта
білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды
өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен
балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

2

ЖОБА

Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .................................................... 4
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............. 7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 17
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............................................................ 17
«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................................................... 20
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 29
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .............................................................. 29
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .......................................... 32
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 35
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 42
«Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ........................................... 42
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................. 45
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 48

3

ЖОБА

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Тыңдалым және айтылым
3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар
бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай
мазмұндау/ сахналау
Білім алушы
• Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қойып,
жауап береді
• Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен баяндайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннен суреттегі жануарлар туралы қандай маңызды
ақпарат алдың? Кестеге жаз.
Жануарлар – табиғаттың тамаша жаратылысы. Олар туралы таңқаларлық
деректерге көптеген мысал келтіруге болады. Мысалы, құмырсқалар өзінің салмағынан
60 есе ауыр жүкті көтере алады. Оларды палуан құмырсқалар деп атайды.
Қолтырауындар тас жейді. Осының арқасында асқорыту жүйесін күшейтеді, суда тепетеңдікті ұстайды. Ал пілдердің сурет сала алатынын білесің бе? Пілдер - дүниедегі ең
ақылды жануарлар. Оның миының салмағы - 5кг. Көбелектер гүлдердің иісін ондаған
шақырым қашықтықтан сезе алады. Олар иісті қанаттарының көмегімен сезеді. Ғалымдар
тотықұстардың сөйлей алғанымен қоса, үлкен мен кіші, ұқсас және бөлек заттарды
ажырата алатындығын дәлелдеген. Жануарлар дүниесінде мұндай қызықты мәліметтер
өте көп.



Мәтін бойынша маңызды ақпаратты анықтайтын 1сұрақ құрастыр.
_____________________________________________________________________

2-тапсырма
Кестеге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.
4

ЖОБА

Бағалау критерийі
Шығарманың
мазмұны бойынша
сұрақтар қойып,
жауап береді
Мәтіннің мазмұнын
өз сөзімен баяндайды
Жалпы балл

Тапсырма


1

2

Дескриптор

Балл

Білім алушы
мәтіннен маңызды ақпаратты анықтайды:
1-ақпарат
2-ақпарат
3-ақпарат
мәтін бойынша маңызды ақпаратты
анықтауға бағытталған сұрақ құрастырады;
мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
мәтіндегі маңызды ақпараттарды қамтиды;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.

1
1
1
1
1
1
1
7

5

«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты-жөні _________________________________________________
Бағалау
критерийі
Шығарманың мазмұны
бойынша сұрақтар
қойып, жауап береді

Мәтіннің мазмұнын өз
сөзімен баяндайды

Тапсырма

1

2

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орта

Төмен
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтар құрастыруда және
сұрақтарға жауап беруде
қиналады.

Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтар құрастыруда /
мәтіндегі маңызды
ақпараттарды анықтауда
қателіктер жібереді.

Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен Мәтіннің жүйесін сақтауда/
баяндауда қиналады.
мәтіндегі ақпараттарды
қамтуда қателіктер жібереді.

6

Жоғары
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтар
құрастырады және
сұрақтарға жауап береді.

Мәтіннің мазмұнын өз
сөзімен жүйелі
баяндайды.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Оқылым
Жазылым

Оқу мақсаты

3.2.3.1Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды
білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық
бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды
• Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

20 минут
Орындау уақыты
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Биік таудың беткейінде үлкен емен ағашы өсіп тұратын.
Бірде өтіп бара жатқан жел еменді құлатпақ болып, бар күшімен үрлей бастады.
Ол қанша күшенсе де, емен былқ етпеді. Керісінше, жапырақтарын қимылдатып,
желді мазақ қылғандай болды.
Ызаланған жел найзағай мен жаңбырды көмекке шақырды. Аспанды қап-қара
бұлт басып, күн күркіреді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауды. Емен одан сайын құлпыра
түсті. Еменді құлата алмайтынын түсінген жел оның сырын сұрады.
- Мен туған жерімде өсемін, тамырларыммен туған топырағыма мықтап
бекінгенмін. Менің күшті болуымның сыры осында, - деді емен.

(Л.М. Жариковтан аударылып, бейімделген)





Мәтіннің кейіпкерлерін жаз. ____________________________________________
Мәтінге ат қой. ______________________________________________________
Мәтіннің негізгі ойын білдіріп тұрған сөйлемдерді көшіріп жаз.

2-тапсырма
Сұрақтардың көмегімен мәтіннің негізгі бөліктерін тауып, қоршап сыз. Әр бөлікке
ат қойып, жоспар құр.
Желдің қандай ойы
болды?
1)_______________
_________________
_________________

Оны қандай жолдармен
жасағысы келді?
2)______________________
_______________________
_______________________

7

Емен желге қалай
жауап берді?
3)_________________
__________________
__________________

ЖОБА

Бағалау критерийі
Мәтіннің тақырыбын
және негізгі ойды
анықтайды
Мәтінді бөліктерге
бөліп, жоспар құрады

Жалпы балл

Тапсырма
Дескриптор
Балл

Білім алушы
мәтіннің кейіпкерлерін атайды (екіден кем
1
1
емес);
мәтіннің тақырыбын анықтайды;
1
мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
1
мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады;
1
2
мәтін бөліктеріне сәйкес жоспар құрастырады:
1-бөлік
1
2- бөлік
1
3-бөлік.
1
7

8

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _________________________________

Бағалау критерийі
Мәтіннің тақырыбын
және негізгі ойды
анықтайды

Мәтінді бөліктерге
бөліп, жоспар құрады

Тапсырма


Төмен

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орта

Жоғары

1

Мәтінге ат қоюда және
мәтіннің негізгі ойын
анықтауда қиналады.

Мәтінге ат қоюда / мәтіннің
негізгі ойын анықтауда
қателеседі.

Мәтінге сәйкес ат қояды
және негізгі ойын
анықтайды.

2

Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін ажыратуда және
мәтінге жоспар құруда
қиналады.

Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін ажыратуда/
мәтінге жоспар құруда
қателіктер жібереді.

Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін анықтап,
мәтінге жоспар құрады.

9

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында),
бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16 балл
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа
және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші және
төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

10

ЖОБА



Сөйлеу
әрекетінің
түрлері

1

Тыңдалым
және
айтылым

2

3-4

Оқылым

Жазылым

Ортақ
тақырып
Тірі табиғат
Жақсыдан
үйрен,
жаманнан
жирен

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма Жалпы
саны
балл

3.1.3.1 Шығармадағы
кейіпкерлердің мінез-құлқы мен
іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға
сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркембейнелі сөздерді қолдана отырып
жеткізу
3.1.1.1 Шығарманың маңызды
тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру

Білім алушы ашық түрдегі толық
жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды.

1

3.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша
қолдануға (практикалық), бағалауға
және шығармашылыққа негізделген
сұрақтар қою және жауап беру
3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипаттау,
оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру
себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын
анықтау және негізгі ойды білдіріп
тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды.

1

5

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған
шығарманы логикалық бөліктерге
бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін
тапсырмаларды орындайды.

2

5

4

16

Жалпы балл

11

6

4. Тапсырмалар үлгісі және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Берілген үзіндіні мұқият тыңда. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Табиғат
ананың керемет күйге түсуінің себебі неде болуы мүмкін? Көркем сөздерді
қолданып, мәтінді әрі қарай жалғастырып айт.
Табиғат ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Бір күні
Табиғат-ана ұлдарын шақырып алып:
-Адамдарға адал қызмет еткен балама үлкен сый тартамын,- деп уәде береді.
Ұлдары адамдарға жақсылық жасауға қуана келіседі. Олар жан-жаққа кетіп,
адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде еліне қайтып оралған ұлдары
аналарының бұрынғыдан да көріктене түскенін көріп:
- Апатай, сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – деп
сұрайды.




Анасы балаларына қандай уәде берді? Жаз. __________________________________
Мәтіннің мазмұны бойынша 1 ашық сұрақ құрастыр. ___________________________
[6]

12

ЖОБА

Балл қою кестесі
Тапсы
рма №

1

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Білім алушының ықтимал жауабы:
- Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры
сендердің адамзатқа жасаған
қайырымдылықтарыңда,- деп жауап
беріпті анасы. Табиғат ана берген уәдесін
орындап, балаларына күннің жарығы мен
жылуын сыйлапты. Содан бері ұлдары да
айдай аналарының сұлулығын сақтап
қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп
келеді екен.

1

Берілген оқиғаға сәйкес
болжам жасай отырып,
мәтін құрастырып айтады.

1

Оқиғаның логикалық
жүйесін сақтайды.

1

Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды.

1

Сөйлеу барысында
көркем-бейнелі сөздерді
қолданады.

Адамдарға адал қызмет еткен баласына
сыйлық беретінін айтты/Адамдарға
қызмет етсе сыйлық беремін деді/
Сыйлық беруге уәде берді/...

1

Мәтіннің мазмұнына
қатысты баламалы
сұрақтар мен жауаптар
қабылданады.

Табиғат ана балаларынан нені талап
етті?/Балалары не істеді?/Олар анасының
қандай күйін көрді?/Балалары анасына
қандай сұрақ қойды?/...

1

Жалпы балл

6

Оқылым
2. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Арсылдаған ит ызалана тап-тап береді. Шарбақтың басында бір кішкентай мысық
бүрісіп отыр. Иттен қорыққанынан арқасын күжірейтіп, ысылдаған дыбыс шығарады.
Анадай жерде оқиғаның соңын күткен екі бала состиып қарап тұр. Оны терезеден
көрген бір әйел сыртқа жүгіріп шықты.
– Ұялмайсыңдар ма! – деген зілді дауыстан екі бала селк етіп, арттарына қарады. Әйел
қолындағы таяғымен итті қуып жіберді.
– Біз не істедік? –деп таңданды екі бала. – Біз жай ғана қарап тұрмыз ғой.
– Міне, ең жаманы осы, – деді әйел зілденіп.

(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген

13

ЖОБА





Бейтаныс әйел балаларға неліктен ашуланды? __________________________________
Балалар неліктен қарап тұрды деп ойлайсың? __________________________________
Кейіпкерлердің қайсысының іс-әрекетін дұрыс деп санайсың? Неліктен?
бейтаныс әйелдің

балалардың

________________________________________________________________________


Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? _______________________
________________________________________________________________________



Мәтінге ат қой. ___________________________________________________________
[5]

14

ЖОБА

Балл қою кестесі
Тапсырма


2

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Білім алушының ықтимал жауабы:
Мысыққа араша түспегендері
үшін/итті қуып жібермегені
үшін/мысыққа көмектеспей, босқа
қарап тұрғандары үшін/...

1

Сұрақтардың мазмұнына
сәйкес болатын баламалы,
қысқа және толық жауаптар
қабылданады.

Соңында не боларын күтті/қызықтап
тұрды/ немқұрайлы болды/
әуесқойлық танытты/

1

1
Себебі, ол мысықты иттен арашалап
алды/ Мысыққа көмектесті/
Балалардың қателігін түсіндірді/
Балаларға өнеге көретті/...
Әлсізге көмектесу керек/
жануарларға қамқор болу керек/
қиын сәттерде қол ұшын беру керек/

1

Араша/ Жаман әдет/Жаман...

1

Жалпы балл

5

Жазылым
3. Берілген сұрақтардың көмегімен оқыған мәтінді 3 бөлікке бөл. Әр бөлікке ат қой.
Мәтіннің бөліктері
1) Оқиға неден басталды?
2) Әрі қарай не болды?
3) Оқиға қалай аяқталды?

Сұрақтар
Мәтін не туралы?
Ит пен мысық не істеді?
Балалар не істеп тұрды?
Мысықты кім құтқарды?
Балалар неге таңқалды?
Бейтаныс әйел не деді?

Жоспар/тақырып
1) _______________________

2)_______________________
3) _______________________

[3]
4. Әйелдің сөзінен кейін балалар не істейді деп ойлайсың? Балаларға қатысты
1 сөйлем құрап жаз.
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
[2]

15

ЖОБА

Балл қою кестесі
Тапсырма


Жауап

Балл

3

Білім алушының ықтимал жауаптары:
Ит пен мысық/ Араздық/

1

Әуесқойлық/ Араша/ Мысықты құтқару

1

Таңдану/ Жаман қылық/ ...

1

Білім алушының ықтимал жауаптары:
Балалар өздерінің қателігін түсініп,
әйелден кешірім сұрады/ Балалар
ұялып, төмен қарады/ ...

1

Сұрақтың мазмұнына
сәйкес сөйлем
құрастырып жазады.

1

Сөйлемнің құрылымын
сақтай отырып, қатесіз
жазады.

4

Жалпы балл

Қосымша ақпарат
Мәтіннің құрылымдық
бөліктеріне сәйкес
баламалы жауаптар
қабылданады.

5

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
16

ЖОБА

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен ісәрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын
болжау
3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Шығарманың мазмұнына сүйеніп, оқиғаның дамуын
болжайды
• Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап
береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Екі бала көше бойындағы бағанада ілініп тұрған сағаттың қасында әңгімелесіп тұр.
– Жақшалы өрнек болғандықтан есепті шығара алмадым, - деді Нұрлан.
– Ал мен көп таңбалы сандарды дұрыс есептей алмадым,- деді Ораз.
– Ендеше екеулеп шығарып тастайық. Әлі уақытымыз бар ғой, - деді Нұрлан. Бұл кезде
бағана басындағы сағат бір жарымды көрсетіп тұрған.
– Әлі жарты сағат уақыт бар екен. Бұл уақытта ұшқыш жолаушыларды бір қаладан екіінші
қалаға жеткізе алады, - деді Ораз келіскенін білдіріп.
– Ал менің капитан ағам жиырма минутта апатты кемедегі жолаушыларды қайыққа
отырғызып үлгерген.
– Жиырма минут дейсің бе? Кейде он минуттың өзінде біраз шаруа тындыруға болады. Тек
әр минутты ескеру керек, - деді Ораз маңғазданып.
Осылайша балалар біраз қызықты оқиғаларды еске түсірді. Бір кезде Ораздың көзі
сағатқа түсіп кетті. Тұп- тура екі болыпты.
– Жүгірейік!- деді Ораз. – Біз сабаққа кешіктік!
– Ал есеп ше? - деді Нұрлан сасқалақтап.

(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген)





Балалардың сабаққа кешігуіне не себеп болды?
Ораз уақыт туралы қандай ой айтты?
Балалар өз уақытын бағалай алды ма? Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің?

2-тапсырма
Мәтіндегі оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Балалардың әрекетін әрі қарай болжа.
Мәтінді «уақытты бағалау керек» деген тұжырыммен сәйкестендіріп, жалғастырып айт.
17

ЖОБА

Бағалау критерийі
Шығарманың
мазмұны бойынша
сұрақтар қойып,
жауап береді
Шығарманың
мазмұнына сүйеніп,
оқиғаның дамуын
болжайды

Жалпы балл

Тапсырма

1

2

Дескриптор
Білім алушы
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді:
1-сұрақ
2-сұрақ
берілген сұраққа қатысты көзқарасын айтады;
оқиғаның соңын мәтінмен жүйелі
байланыстырады;
оқиғаның мазмұнын берілген тақырыппен
сәйкестендіреді;
тақырыпқа сәйкес қорытынды жасайды;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.

Балл

1
1
1
1
1
1
1
7

18

«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _________________________________________________
Бағалау
критерийі
Шығарманың мазмұны
бойынша сұрақтар
қойып, жауап береді

Шығарманың
мазмұнына сүйеніп,
оқиғаның дамуын
болжайды

Тапсырма

1

2

Төмен

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орта

Жоғары

Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап
беруде және сұраққа
қатысты өз ойын айтуда
қиналады.

Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға
жауап
беруде/
сұраққа қатысты ойын айтуда
қателеседі.

Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға дұрыс
жауап береді және сұраққа
қатысты өз көзқарасын
білдіреді.

Мәтіндегі оқиғаның соңын
болжап айтуда қиналады.

Оқиғаны берілген тақырыппен
байланыстыруда/ тақырыпқа
сәйкес қорытынды жасауда
қателіктер жібереді.

Мәтіндегі оқиғаның соңын
болжап айтады.

19

«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты

Оқылым
Жазылым
3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз
жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті
ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын
тұрғысынан бағалап оқу
3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды
білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу,
соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме
(оқығаны, көргені бойынша) жазу
Білім алушы
• Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, белгілейді
• Мәтіннің тақырыбын анықтайды
• Мәтіннің негізінде шығармашылық жұмыс жасайды
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
20 минут

1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Астана қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Оның жаңадан салынған
ғимараттары мен әдемі алаңдары көз тартады. Қалада биіктігі 100 метрден асатын
ғимараттар көп. Мысалы, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының бас
ғимараты заманауи үлгіде жасалған зәулім мекеме. Биіктігі – 175 метр. «Меруертті
мекен» - әртүрлі биіктіктегі көп қабатты тұрғын үй кешені. Арасындағы ең биігі 210
метрге жуықтайды. Ғимараттың соңғы қабатының аумағы бірінші қабаттан 15 метрге
артықтығымен ерекшеленеді.
Қазір мұндай ғимараттар Астананың мақтанышына айналған.


Сәйкестендір.
«Меруертті мекен»
«Қазақстан Темір Жолы»

мекеме ғимараты
ойын-сауық орталығы
тұрғын үй кешені




Тұрғын үй кешенінің қандай ерекшелігі бар? Мәтіннен тауып, қоршап сыз.
Мәтінге ат қой __________________________________________________

2-тапсырма
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, Астана қаласы туралы әңгіме немесе өлең
құрастырып жаз.
Тірек сөздер: елорда, сәулетті, зәулім үйлер, жас қала, бас қала, Есіл өзені, көрікті, көз
тоймайды, ғимараттар, елімнің жүрегі.

20

ЖОБА

Бағалау критерийі Тапсырма
Дескриптор

Білім алушы
Мәтіннен қажетті
ғимарат атауларын қолданыс саласымен
ақпаратты тауып,
1
сәйкестендіреді:
белгілейді
1-ғимарат
Мәтіннің
2-ғимарат
тақырыбын
аталған ғимараттың ерекшелігін анықтайды;
анықтайды
мәтінге тақырып қояды;
Мәтіннің негізінде
тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмыс
шығармашылық
2
жасайды;
жұмыс жасайды
тірек сөздерді орынды қолданады;
жазу барысында лексика-грамматикалық
нормаларды сақтайды.
Жалпы балл

Балл

1
1
1
1
1
1
1
7

21

«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты-жөні _________________________________

Бағалау критерийі
Мәтіннен қажетті
ақпаратты тауып,
белгілейді
Мәтіннің тақырыбын
анықтайды
Мәтіннің негізінде
шығармашылық жұмыс
жасайды

Тапсырма


Төмен

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орта

Жоғары

1

Мәтіннен қажетті
ақпараттарды анықтауда
және мәтінге ат қоюда
қиналады.

Мәтіннен қажетті ақпараттарды
анықтауда/ мәтінге ат қоюда
қателіктер жібереді.

Мәтіннен қажетті
ақпараттарды анықтайды
және мәтінге ат қояды.

2

Тақырыпқа сәйкес
шығармашылық жұмыс
жасауда қиналады.

Тақырыпқа сәйкес
шығармашылық жұмыс
жасайды, тірек сөздерді
қолдануда/ лексикаграмматикалық нормаларды
сақтауда қателеседі.

Тақырыпқа сәйкес
шығармашылық жұмыс
жасайды.

22

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында),
Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
1.

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16 балл
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
1.2

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа
және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші
тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

23

ЖОБА



1

2

3

Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және
айтылым

Оқылым

Жазылым

Жалпы балл

Ортақ
тақырып
Уақыт
Ғимараттар

Оқу мақсаты

Тапсырманың
сипаттамасы

3.1.1.1 Шығарманың маңызды
тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркембейнелі сөздерді қолдана отырып
жеткізу

Білім алушы ашық түрдегі
қысқа және толық жауапты
қажет ететін тапсырманы
орындайды.

3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы
түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/
түртіп алып/ қажетті ақпаратты
тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан
бағалап оқу
3.2.2.1 Қолдануға (практикалық),
бағалауға негізделген сұрақтар қою
және жауап беру

Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды.

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған
шығарманы логикалық бөліктерге
бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар
құру
3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен
шығарманың құрылымын, стилін
жетілдіру, өз бетінше
орфографиялық, пунктуациялық
қателерді табу және түзету

Білім алушы ашық түрдегі
қысқа және толық жауапты
қажет ететін тапсырманы
орындайды.

Тапсырма
саны

Жалпы
балл

1

6

1

5

1

5

3

16

24

4. Тапсырмалар үлгісі және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бірде Болаттың үйіне ағасының жолдасы келді. Ол бас киімін үстелдің үстіне
қойып жатып:
– Бүгін бір күнімді босқа жоғалттым, - деді. Болат оның сөзіне таңданып қалды. Қонақ
кеткен соң ол ағасынан:
– Күнді қалай жоғалтуға болады? Барлық күндер бірдей емес пе?- деп сұрады.
– Уақыты жағынан барлық күндер бірдей, ал жұмысына қарай әртүрлі болады, – деді
ағасы. – Адамның ешқандай пайдалы іс жасамаған және кешегі білгенінен басқа
ешқандай жаңа нәрсе үйренбеген күні «жоғалған күн» болып саналады.
Содан бері Болат ұйықтар алдында ағасына күні бойы істеген әрекеттерін айтып
беретін болды. Сондай-ақ, ол күн сайын:
– Менің күнім жоғалған жоқ па? - деп сұрауды әдетке айналдырды.

(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген)






Болат қандай сөзді естіп, таң қалды?
Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді?
Болат нені әдетке айналдырды?
Болат күн сайын өзіне қандай сұрақ қоятын? Осы сұрақты өзіңе қой және жауап бер.
[6]

25

ЖОБА

Балл қою кестесі
Тапсырма


1

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Білім алушының ықтимал жауабы:
Бір күнді босқа жоғалттым/Жоғалған
күн/...
Адамның пайдалы іс жасамай, ештеңе
үйренбей өткізген күні/Ешқандай
пайда келтірмей, жаңа нәрсе
үйренбеген күнді жоғалған күн
дейді/...
Ағасына
күні
бойы
жасаған
әрекеттерін айтуды/ Ағасына сұрақ
қоюды/...
Мен өз күнімді жоғалтқан жоқпын деп
ойлаймын. Себебі сабаққа ынталана
қатыстым, өзім үшін көп жаңа нәрсе
үйрендім. Үйде анама көмектестім, өз
заттарымды жинастырып қойдым/...

1

Білім алушының
сұрақтардың мазмұнына
сәйкес баламалы, қысқа
және толық жауаптары
қабылданады.

Жалпы балл

1

1

1
1
1

Сұраққа сәйкес дәлелді
ой айтады.
Өз ойын жүйелі
жеткізеді.
Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды.

6

Оқылым
2. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Көне Отырар
Отырар – Арыс өзенінің оң жақ жиегінде орналасқан көне қала. Көне Отырар
арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа
халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім
өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған.
Отырар қаласы сауда жолдарының ортасында тұрғандықтан оған басқалардың
назары көп түскен. Отырарды Қайырхан басқарған әскерлер алты ай бойы
моңғолдардан қорғаған. Басып алғаннан кейін жаулар қаланы түгел өртеп жіберген.
Қазір Отырар қаласының орны ғана бар.

Қаланың орналасқан жері

Халқының кәсібі

Тарихы

• Отырар қаласына басқалардың назары неліктен көп түсетін?
_____________________________________________________________________
• Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
_____________________________________________________________________
[5]
26

ЖОБА

Балл қою кестесі
Тапсырма


2

Жауап

Балл

Арыс өзенінің жағасында/Арыс өзенінің
оң жағында/...
Саудамен шұғылданған/
отырықшылықпен айналысқан/ күріш,
тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен
шұғылданды/...
Қайырханның әскері алты ай бойы
жаудан қорғаған/ Жаулар қаланы
толық өртеп жіберген/Қазір
қаланың орны ғана бар/
Отырар сауда жолының ортасында
тұрған қала болды/ Ол ірі сауда
орталығы болды/
Отырар қаласының орнында қазіргі не
бар?/Моңғолдар Отырарды неліктен
басып алғысы келді деп ойлайсың? /...

1

Жалпы балл

1

Қосымша
ақпарат
Сұрақтың
мазмұнына
сәйкес баламалы,
қысқа және
толық жауаптар
қабылданады.

1

1

1

Мәтіннің
мазмұнына
сәйкес басқа да
сұрақтар
қабылданады.

5

Жазылым
3. Құрылымы қате берілген мәтіннің негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы)
анықтап, 1,2, 3 сандарымен белгіле. Мәтінді ретке келтіріп жаз. Мәтіннің әр
бөлігіне ат қой.

Әкесі Сәкенді осы үлкен пирамиданың қасына суретке түсірді. Ежелгі египеттіктер
пирамидаларды үлкен-үлкен тастардан салған екен. Оның ішіне өздерінің басшыларын
жерлеген. Оларды «перғауындар» деп атайды. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынға
арнап салынған. Оның биіктігі қазіргі заманғы қырық қабатты үйден де биік!
Өткен күзде Сәкен ата-анасымен бірге Египетке демалуға барды. Ол алып
пирамидаларды көріп, қатты таңғалды.

1. ___________________________
2. ___________________________
3. ___________________________
[5]

27

ЖОБА

Балл қою кестесі
Тапсыр
ма №

Жауап

3

Білім алушының ықтимал жауабы:
1) Египетке
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!