Материалдар / Жиынтық бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
жиынтық бағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз – ұлы тұлға

Тәрбие сағатының барысы:

Данышпан а, дана да оқып сеннен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұзтаз» деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

(музыкамен шығады)

1-жүргізуші: Армысыңдар, құрметті де аяулы ұстаздар!

2-жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағын өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалғын арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетке бас иелік мәңгілік!

1-жүргізуші: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз – ұлағатты есім. Күг сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелерінің құтты болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың? Менің ойымша, кез келеген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмас керек.

2-жүргізуші: Мен осы сөздің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп Ғафу қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?

1-жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер туысын алдан әлі.

Ән шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен сыныптың қыз балалары.

2-жүргізуші: Күллі өмірін жеткіншекке арналған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қол созғанын.

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

1-жүргізуші: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-жүргізуші: Екеуіміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-жүргізуші: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау».

1-жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі».

2-жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр».

1-жүргізуші: «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы».

2-жүргізуші: Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек беріелік.

1-жүргізуші: Табан тіреп тезгенсің қанша ауырға,

Тарап демде кетеді шаршауың да.

Бал-бұл жанған балғын жүз, жуәдір көздер

Тұрғанда солардың қоршауында.

2-жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға.

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1-жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім, Шәкірттерін білім нәрімен суындап, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2-жүргізуші: Иә, ұрпаққа айтар арқылы, көрсетер өнегесі бар, аналықғ әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (Қонақтары танытырады)

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол – ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1-оқушы: Ұстаздық өмірге қалай келдіңі? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?

2-оқушы: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынана табылуы керек деп ойлайсыз?

3-оқушы: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

1-жүргізуші: Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге рналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ұстаз – шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр, да жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау – адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін, жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысын шақырамвз.

2-жүргізуші: Асылға сәлем жолдап жүректен біз,

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсім биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, - дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілері.

«Мектеп вальсі» биі.

1-жүргізуші: Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді., осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

2-жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымыз бен орнымызды ауытырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?

1-жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

2-жүргізуші: Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек.

Сұрақтар:

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда – бесеу. Бұл не? (Әріп)

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан. (Жүз)

3. Жел соққанда тау ық бола ма? (Ық болады)

4. теңізде қандай тас болмайды? (құрғақ)

5. Ертістің ортасыда не бар? (Т әрпі)

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? (Тұз)

1-жүргізуші: Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңызда емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған.

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан.

1-жүргізуші: Ұстаз мейірі – Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Көп жасаңдар бұл мірде шуақ боп,

Айналайын, білім бергне ұстаздар.

2-жүргізуші: Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол – аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар – аналар!

Ән: «Аяулы ұстазым!»

1-жүргізуші: Қадіріңді кезінде,

Білмепті ғой ұланың.

Қазір әрбір сөзіе

Елеңдейді құлағым.

Бірдей етіп ұстадың,

Демей бізге бөтенсің.

Кейде ақылын ұстаздың

Сағынады екенсің.

Сол ұстазға жаны нұр

Демек үлкен адаммын

Есейсекте бәрі бер,

Баяғы шәкірт, балаңмын – деп қанша есейіп кетсек те, біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

2-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысша да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлаатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрмекпен бас иеді.

1-жүргізуші: Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын! Өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін! Кешімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!








Наурыз айы туғанда

Сабақтың мақсаты: ұлттық мейрамымыз Наурыздың ерекшелігін, табиғатты адамммен байланысын көрсету, өз ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін және ұлттық меркелерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: түрлі түсті суреттер, қазақ халқының ұлттық тағамдары, киіз үй жабдықтары, наурыз меркесіне байланысты ұлағатты сөздер.

Тәрбие сағатының барысы:

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Наурыз мейрамы Шыңғыс халықтарына тән ортақ мереке. Оның тарихы тым әріден бастау алады, күллі табиғат түлеп, жан-жануарлар төлдер, күн мен теңеліп, адамдардың аузы аққа тиіп, жер үстіне шаттық орнаған Наурыз айы – жыл басы болып саналады. Міне, бүгінгі наурыз мерекесін еліміз қуанышты көңіл-күймен, үлкен табыспен қарсы алып отыр. Бәріңіздің игі тілектеріңіз қабыл болып, шаңырақтарыңызды бақыт пен молшылық, ырыс-дәулет сол болысн деп мерекелік жиынымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі халайық!

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаураның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын бұл наурыз!

2-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің!

Ардақты наурыз тойын салтым менің.

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбектің жемісін бәрін жегін.

1-жүргізуші: Көктемді жыл басы табиғат жаңашылы деп білеміз, өйткені көктемде ұйықтап жатқан аң оянып, жер көктейді, сай-сала суға толады, алғашқы гүлдер шығады, құстар мекеніне қайта оралады.

2-жүргізуші: Наурыз сөзінің түп мағынасы парсы тілінен аударғанда «Жаңа – нау, руз - жыл» деген мағынаны білдіреді.

1-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем

Жарығыңмен, шуағыңмен Жер-ана,

Алып келдің жер бетіне нұр көктем.

2-жүргізуші: Ұмыт болған ата-баба дәстүрін еске алып, көктемде күткен көңілге қуаныш ала келетін, үзілген үміттерді жалғайтын, ұлт дәстүрін үйретуден талмайтын Наурыз тойы құтты болсын!

Ән «Жаңа жыл».

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар!

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Күлімдеген шуақыты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жаъыл келеді. Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны күткен жаңа – жылқы жылымызда жетті. Бәріңізге жаңа жыл бақытты жыл, береке жыл болсын.

1-оқушы: Көктем келді, бар тіршілік жайнады,

Барлық бала асыр салып ойнады.

Үлкен-кіші ұлттық киім киіп,

Наурыз тойын дүркіретіп тойлады...

Наурыз туралы өлең-жыр оқылады.

  • Қымбатты оқушылар, бізге ертегі елінен қонақтар келеді, оларды қарсы алайық.

Тазша бала: Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін

Құтты болсын тойларың

Жарқыраған жас нұрлы

Жаса наурыз дәстүрлі

Алдар көсе: Наурыз – бастауы бұл берекенің,

Көбейте бер той-думан берекені

Сүйсініп сырттағылар таңдай қақсын,

Қазақтың берелі ел екенін.

Тазша баланың қонақтарға әкелген тапсырмасы. (Қоржыннан асық алып қонақтарға үлестіреді, асықтағы сұрақтарға ата-аналар жауап береді)

  • Наурыз көже дегеніміз не?

  • Наурыз қандай мағынаны білдіреді?

  • Наурыз уыз дегеніміз не?

  • Наурызша сөздің мағынасы?

  • Наурыз гүлдің атауы?

  • «Әз» сөзінің мағынасы?

  • Наурыз көжеге салынатын тағам түрлері

  • Ұттық ойындарлы атаңыз

  • Самарханның көк тасы еріген күн?

Би: «Қара жорға».

Көрініс: «Аяз бен Қыдыр» айтысы, «Алдар көсе мен Шығайбай айтысы».

1. наурызға тілектер айту.

Ән: «Наурыз келді»

1-жүргізуші: Ел ішінде ардақ тұтар еңселі,

Ортаға шық наурыз қызым, кел бері.

Барша адамның көктемісің мәңгілік,

Қуанамыз, қарсы аламыз біз сені.

(наурыз қыз келеді)

Наурыз: Наурыз тойға жиналған халқым менің,

Бәрінің ойға алғаның жарқын сенің.

Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің

Ғажап болсын, таппайтын тепе-теңің

2-жүргізуші: Наурыз қызды ортаға алып өнер көрсетейік.

Би: қазақ би.

(Ән айтылып жатқанда әже келеді)

Әже: Армысыздар ма? Балапандарым!

Наурыз тойы құтты болсын!

Сіздерге арнап наурыз көже дайындап әкелдім.

Адал астан бұйырған

Дәм татсын ел жиылған

Бидай салдым көжеге

Мол болсын деп биыл нан.

Тары салдым көжеге,

Женті көп болсын деп.

Ауыздан ақ кетпесін,

Судан ерін кетпесін,

Келген риза, кеткен тоқ,

Құтты қонақ ет жесін.

1-жүргізуші: Ендеше, балалар! Әжеміздің әкелген көжесінен дім татайық. (кеш соңында қазақтың-салт дәстүрінен қысқаша көріністер көрсетіледі)

Көрініс: «Тұсаукесер», «бесікке салу».

Қорытынды: Ұлыстың ұлы күнінде берекелі тірлік дамып, мерекелі бірлік орнасын деп тілейміз және үлкендерден бата сұраймыз.

Әжелер бата береді.





Президент күні – халықтың күні

Мақсаты: Президент күні туралы түсінік беру,Елбасымызға деген құрмет сезімін ояту,дүниетанымын кеңейту, оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу,бойларына патриоттық сезімін ұялату,саяси мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев портреті,еліміздің рәміздері,еліміздің спортшылары,нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Модульмен беру.






Модуль





Өзін –өзі тану мен өзін –өзі дамыту.

Кітап – білімнің қайнар көзі.

Интеллектуалдық мәдениет қалыптастыру.

Тәуелсіздік туымыз.

Кәсіби шығармашылыққа тәрбиелеу.Қазіргі заманға қажетті мамандықтар.

Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қорғаушы орта қалыптастыру.


Ой шақыру:

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Міне,балалар біз тәуелсіздігімізді қай жылы,қай күні алдық? (1991 жылы 16 желтоқсан)

  • Биыл неше жыл толады?

  • Еліміздің Елбасы кім?

  • Президентіміз қай жылы сайланды?

Мұғалім кіріспе сөзі: «Қазақстан үшін мемлекеттік орнықтылық,тәуелсіздік мәселесі айрықша маңызға ие мәселе.Тәуелсіздігімізді жариялаған күннен бері өткен уақыт еліміз үшін егемен мемлекет ретінде орнығу,әлемдегі өз орнымызды иелену,бүкіл халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатын жүзеге асыруға арналды» - деген еді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

1-оқушы: Қасиетті де қастерлі Тәуелсіздікті сан ғасыр бұрын бабаларымыз аңсап өтті.Ендеше қолымыз жеткен сол егемендікті ешкімге тәуелді етпей,өркениетті өмірге қадам басуға тиіспіз.

2-оқушы:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі Тәуелсіз,Демократиялық және Құқықтық мемлекет деп жариялады.Міне,содан бері егемен елміз,өзгелермен тереземіз тең.

3-оқушы:Ел тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін көп өтпей-ақ дүние жүзінде Түркия,Америка,Германия,Қытай,Жапония,Франция сияқты іргелі мемлекеттер Қазақстанды тең дәрежелі жеке-дара мемлекет деп танып,Алматыда өз елшіліктерін ашты.

4-оқушы:Тәуелсіз еліміздің рәміздері – мемлекеттік Ту,Елтаңба және Әнұран бекітілді.Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – теңге айналымға түсті.

Әнұран айтылады.

1-жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның ел басшысы – Президенттің сайлауы болды.Тұңғыш Президент болып Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

2- жүргізуші:Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент.Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.

2005 жылы 4 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысында Н.Ә.Назарбаев қайта президент болып сайланды.

5-оқушы:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылында дүниеге келді.Әкесі - Әбіш,анасы – Әлжан.

6-оқушы:Бай кулактарды қудалап, өкімет орта шаруаны да тоз – тоз етті.Солардың бірі – тамаша етікші Мефодий Шаповалов еді.Нұрсұлтанның әкесі – Әбіш Назарбаев соның көмекшісі болатын.Ол Шаповалов тіккен етіктерді сататын да,ақшасына жылына екі пар етік және он сом алатын. Сол кез үшін бұл ақша көп еді.

Президенттің өмірі.

7- оқушы: Әбіш ат жегіп,әйелін арбаға салып Қаскелеңге тартқан,кедір – бұдыр тастақ жолдағы естен тандырған жан азабы тіпті қиын еді.өлдім – талдым дегенде перзентханаға да жетті -ау.Ұл бала тыныссыз туылды.Алланың 99 есімі бар.Әжесі сол есімдердің екеуін Нұр және Сұлтанды жалғастырып,немересінің атын Нұрсұлтан қойды.

8-оқушы:Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз –маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол станциясына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алып,ата-анасын қатты құрметтеп тұтты.

9-оқушы:Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді жұмысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткенмен,кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып,жұмыс мамандығын меңгерді.Ол шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

10-оқушы:Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургия комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

11-оқушы:Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірі басталды.

20 жыл ішінде жеткен айырықша жетістіктеріміз:

  • 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.

  • 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы - теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын,ғалымдарым,

Беттерімен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бар елге кемел.

Өз туы,елтаңба,әнұраны бар,

Айтыңдаршы,енді елім кем неден?

Тақырыпты бекіту.

  • «Мен Президент болам...» тақырыбында эссе – әңгіме оқыту.

Қорытынды:

  • Президент кім?

Топтастыру әдісі.




КShape1 өреген саясаткер Алымды да алғыр басшы

Shape2 Shape3 ЕЛБАСЫ

ҚShape6 Shape5 Shape4 арулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы

«Ғасыр адамы»


Әнұранның авторы,жазушы Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы


Сынып сағатымызды Төле бидің сөзімен аяқтаумыз:

Уа,халқым,сөз қадірін білесің,

Жаңбыр жаумаса,жер жетім,

Басшысы болмаса,ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

Мұғалім: Мен сендердің тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,қазақ елінің ертеңі,болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендеріңе сенемін.

Ән: «Елім менің».















































Тіл тазалығы – ой тазалығы

Мақсаты:Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру,ана тілі турлы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру,ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі:сайыс сабақ.

Көрнекілігі:қанатты сөздер,тіл мерекесіне орай безендірілген зал.

1.Кіріспе.

Тіл әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы.оны әр уақытта аялап,шұбарламай,кейінгіге жеткізу – біздің борышымыз.Халел Досмұхамедұлы: «Тіл – жұрттың жаны.Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды.мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші.Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт», - деп керемет айтқан.Тіл жолындағы күрес –киелі күрес.

Мемлекетіміз тәуелсіздік,ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып,көптен күткен арманымыз орындалды.

Жаса мәңгі ана тілім,жан тілім,

Жаса мәңгі дана тілім,жарқыным,

Көкірегімнен көтерейін ар туын.

Мәңгілікке нұрландырған жарқылың.

Туған тілде сыры терең жаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

  • Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!

Бабамыздың тілі деп,

Даламыздың үні деп,

Туған тілдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Қазақ тілін,

Қазақ тілін сүйеміз,- деп жырлағандай,бүгінгі «Тіл тазалығы – ой тазалығы» атты отбасылық сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер!

Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті – өз халқын,өзінің атамекенің қалай сүюімен,өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.ананың ақ сүтіне,уызына жарыған адам қашанда отаншыл,ұлтжанды болмақ.кімде кім қазіргі уақытта ана тілін,өзінің әдебиетін сыйламаса,бағаламаса,оны сауатты ,мәдениетті адам деп санауға болмайды.Олай болса,

Қазақ тілім –асыл нәрі бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілде сөйлеп өскен баламын, - деп бүгінгі сайысымызға өз өнерлерімен ортаға түспекші отбасылық топтарды: ағалар мен інілерін,қарындастары мен апаларын шақырамыз!

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қантарындағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек – ҚР халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді.Біздің ана тіліміз,мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.Заман талабына сай біз – Қазақстан Республикасының болашақ адамдары ұлтаралық тіл – орыс тілін және әлем тілі – ағылшын тілін меңгеруім керек.

Қадыр Мырза Әли жырлағандай:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте деп , - бізге орыс,ағылшын тілін меңгертуде көп тер төгіп жүрген,бірақ ана тілімізді құрметтеу керек екенін үнемі жадымызға тоқып жүрген ұстаздарымыз – бүгінгі күннің әділқазы мүшелерімен таныс болайық.

(Әділқазы мүшелері:)

2.Сайыс кезеңдерінің жоспары

  1. Таныстыру

  2. «Өнерлі өрге жүзер» өнер сайысы

  3. «ана тілге арнау» мәнерлеп оқу

  4. Полиглот

  5. «Мақал – сөздің мәйегі» мақалдар жарысы

  6. «Бәйге» сұрақтар

3. Сайыс барысы:

  1. Тілім менің!Тілім үшін мың өліп,тірілді елім,

Аралыммен,арыммен қатар қойып.

Тілді қорғау – парызым бүгін менің, - деп ана тіліміздің жанашырлары бүгінгі сайыскер топтармен танысайық.

Таныстыру.

  1. «Өнер алды – қызыл тіл» демекші,келесі бөлім «Өнерлі өрге жүзер».

  2. Бір өзіңде сан ғасырдың желісі,

Ана тілім – тірлігімнің айғағы.

Бұл тілімнің кеңейеді өрісі,

Тік тұрғанда Қазақстан байрағы.

Түркі тілдес тілдердің тәңірісің,

Ана тілі – қазағымның тамырысың,

Гүлденерсің әлі де,түрленерсің,

Сенін мәңгі екеніңді бәрі білсін, - деп келесі «Ана тілге арнау» бөліміне кезек берейік.Бұл бөлім бойынша әр топ тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқуы керек.

  1. Қазақстанда 134-тен астам ұлт пен ұлыс өкілдері келісім мен достық қарым – қатынаста тұратынымызды мақтаныш етеміз.Біздің мәдениетіміз,салт-дәстүріміз,мейрамдарымызбен тығыз байланысып кеткен және біз барлық ұлт тілдерін сыйлап құрмет етеміз.

Тіл мерекесі – қазақстанда тұратын барша халықтардың ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам.ерекшелігі адам мен адамдарды,ұлт пен ұлтты жақындатып,табыстыратын күн және халықтардың ынтымақтастығын, береке-бірлігін нығайтатын мереке .

Келесі кезең – «Полиглот»

  1. Асыл сөзді іздесең,

Абайды ...(оқы,читай,read),ерінбе. (С.Торайғыров)

  1. Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр ....(бетте,лицо,face )

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте! (Қ.Мырзаәлиев)

  1. Тәрбие басы - ....(тіл,язык,language ) (М.Қашқари)

  2. Ерлік ,елдік,бірлік,қайрат,бақ,ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін,не бардың.

Алтын ....(күннен ,день,day ) бағасыз бір белгі боп.

Нұрлы жұлдыз –бабам тілі сен қалдың. (М.Жұмабаев)

  1. Туған тіліне жаны ашымаған ........(адам,человек, men ) – жәндік. (Паустовский)

  2. Ана тілін білмеген,ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген,.... (халық,народ, peaple ) сүйіп жарытпас.

  1. Ақылдан асқан байлық жоқ,неден қымбат қазына жоқ? (кітап,книга, book )

  2. Талапсыз жас,қанатсыз не? (құс,птица, bird )

  3. Бас кеспек болса да,не кеспек жоқ. (тіл)

  4. Кім қылығымен көркем? (қыз,девочка,girl)

  5. Көңілдегі сырды не білдіреді? (көз,глаза,eyes)

  6. Отансыз кім – ормансыз бұлбұл. (адам,человек,man )

  7. Өнер алды қанай тіл (қызыл,крaсный,red )

  8. Көсем ел бастар,шешен не бастар (сөз,слово, word)

  9. Кімнің көңілі балада (ана,мать,mother )

  10. Білім теңіз,мектеп не? (кеме,корабль,ship)

  11. Құрғақ жерде сақтайсың,менсіз тамақ татпайсың (тұз,соль,salt)

  12. Жылт-жылт еткен,жырадан өткен (су,вода, water )

  1. Адамды мұратына жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана тіліміз.Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай,беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас,- деп ұлы Абай атамыз таңырқап,тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.Ендеше, «Сөз мәйегі - мақал» деп, келесі бөлімге де келіп жеттік.

«Мақал – сөздің мәйегі»

  1. Өз үйім – (өлең төсегім)

  2. Асыл тастан шығады – (өнер жастан шығады)

  3. Еңбегіне қарай құрмет – (жасына қарай - ізет)

  4. Еңбек адамды бүтіндейді (жалқаулық адамды түтіп жейді)

  5. Бал таған тілден, (у тамған)

  6. Тауды,тасты жел бұза,(адамзатты сөз бұзар)

  7. Ине көзінен сынады,(шешен сөзінен сынады)

  8. Шебердің қолы ортақ,(шешеннің тілі ортақ)

  9. Жақсы байқап сөйлер,(жаман шайқап сөйлер)

  10. Сүңгі жарасы бітер, (тіл жарасы бітпес)

  11. Піл көтермегенді (тіл көтереді)

  12. Жыртық үйді жел табар (өткір сөзді шын табар)

«Бәйге» сұрақтары.

Қорытындылау.

Жеңімпазды анықтап,марапаттау.


































Құстар – біздің досымыз

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту,оларды ажырата білуге және атауларын білуге үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін шыңдау,сөз байлығы,тілін дамыту;

Тәрбиелілік: Оқушылардың жауапкершілік сезімдерін дамыту,табиғатты сүйіп,құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,орыс тілі,математика,сурет,жаратылыстану.

Көрнекіліктер: құстардың суреттері,буынға бөлінген сөздер,құстар туралы қозғалыс кітап,сөзжұмбақ,жемсалғыш.

Алдын ала жұмыс: Оқушылармен тақпақ жаттау,жемсалғыш жасау.

Тәрбие сағатының барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі күн бәріміз,

Бір-бірімізді тыңдаймыз.

Жылы лебіз айтамыз,

Тақырыпқа сай сөйлейміз.

ІІ.Кіріспе сөз. (Сөзжұмбақ «Құстар»)

  • Балалар ,қазір біз мына сөзжұмбақтың шешуін тауып,бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамыз.

Сұрақтар:

  1. Ең әдемі,әсем,сұлу,махаббатқа берік қандай құс?

  2. Құстар өздері үшін ағаш басына не салады?

  3. Қыран құс?

  4. Таңертен ерте айғайлап,бәрін оятатын үй құсы?

  5. Құстың баласын қалай атаймыз?

  6. Қыста жылы жаққа ұшпайтын құстың бірі?

  • Жақсы,сөзжұмақты дұрыс шештіңдер.Тік жолдағы сөзді оқиық,қандай сқз шықты.Ендеше,біз бүгін табиғаттың бір бөлігі – құстар туралы әңгіме қозғаймыз.

ІІ.Негізгі бөлім.Құстар туралы әңгіме.

Сұрақ: Құстар бау-бақшаның сәні,бау-бақшаның әні,бау-бақшаның емшілері.

  • Балалар, «Жыл құстары» деп қандай құстарды айтамыз?

  • «Жыл құстары» деп күзде жылы жаққа ұшып кетіп,көктемде қайта айналып ұшып келетін құстарды айтамыз.

  • Біздің тұрған жерімізде қыстайтын құстарды атай аласыңдар ма?

  • Бізде қыстап қалатын құстар: тоқылдақ.қарға,сауысқан,көгершін,торғайлар.

  • Балалар,неге біз құстарды дос деп санаймыз?

  • Құстар егістерді,бау-бақша,орман,тоғайларды зиянкес жәндіктерден қорғайды.

  • Балалар,мен сендерге құстың қандай пайдасы бар екені турлы қызықты әңгіме айтып беремін.

Үйлеріңнің қасындағы кіп-кішкентай торғай,бір жылда өзі ғана 4 млн.зиянды құрт жейді.

Пайдалы құстың бірі – қараторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Қараторғай – орман қорғаушылары.

Көкек өз ұрпағына ұқыпсыз болса да,өте пайдалы құс.Ол күніне 39 шегіртке,43 құрт,50 шытырлақ қоңыз,4 өрмекші т.б. зиянды құрттарды жейді.

Қарлығаш – әртүрлі жерлерде тіршілік етеді,қанаттары ұзын,жіңішке және ұшы сүйір болып келеді.Адал құс.Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 000 000 млн.құрт жейді деп ғалымдар бақылаған.

Көгершін – хабаршы құс.Ол бейбітшілік құсы деп саналады,көктемде самғап,жылдап ұшады,жерде жақсы жүреді.Хат тасиды.

Бүркіт - аң-құстарды аулайтын,өте күшті ,ірі денелі құс.Бүркіт адам аяғы баспаған қиян шыңдар мен биік жартастарды мекендейді.Біздің елімізде бүркіттің 7 түрі бар.Бұрын ата-бабаларымыз бүркітті қолға үйретіп,аң улауға пайдаланған.

Сергіту сәті.

Қырғауыл болып ұшамыз, ұшамыз / екі қолмен қанат қылып ұшады /.

Қырғауылдай тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз / бәрі орындарына отырады /.

ІІІ. «Ойлан тап» ойыны.

  1. Жеке тапсырма: суреттегі құстардың балапандарын тауып,түзі сызықтармен қос және екі тілде олардың атын ата.

  2. «Жасырынбақ» топқа тапсырма: әрбір құстардың тапсырмаларын орындап,жасырын суретті табамыз.

Тапсырмалар:

1.Жұмбақ шешу 2.Жаңылтпаш айту.

3.логикалық есеп шығару. 4.Ребус шешу.

- Балалар, мен сендерге тақырыпқа сай өлең жаттауды үйге тапсырма ретінде бергенмін.Қане,кім айтады?

ІҮ. «Жоғалған буын» ойынын ойнайық.

  • Балалар,құстардың аттарын оқи алмай тұрмын,олар буындарға бөлініп шатасып кетіпті.Ал,ендеше бірігіп олардың орнын табайық.

Тапсырма:буындарды оқып,олардан сөз құрастыру.

Кө-гер-шін,Қар-лы-ғаш,Тор-ғай,Бүр-кіт,Кө-кек.

  • Көп рақмет,енді дұрыс болды.

Ү. Қорытынды.

  • Бүгінгі тәрбие сағатымызда нелер туралы айттық?

  • Бүгінгі тәрбие сағатымызда құстар туралы айттық.

  • Құстар қай жерде мекендейді?

  • Құстар орманда,далада мекендейді.

  • Құстар ұясын ағаштың басына,шөптердің арасына,тастардың қуысына жасайды.

  • Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

  • Құстар құрт-құмырсқаны жеп,ормандағы ағаштарға,егістік жерлерге көп пайда келтіреді?

  • Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз керек?

  • Құстарға ұя жасап,жем-су беріп,қамқорлық жасаумыз керек.

  • Құстарды тспен ұрып,ұясын бұзып,өлтіруімізге болады ма?

  • Жоқ,бұлай жсауымызға мүлдем болмайды.

  • Дұрыс айтасыңдар,құстарға көмек көрсетуіміз керек.кім бізге құс туралы тақпақ айтады?

Оқушыларға «Торғай ағашты қорғайды» тақпағын айтқызу.

Шыр-шыр еткен торғайды

Қорғамасаң, болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

  • Міне, көрдіңіздер ме,құстар да өкпелейді екен.

  • Сондықтан құстарды өкпелетпейік,құстарға қамқор болайық,олармен дос болайық.

  • Балалар,біз әлі де сыныптан тыс кезде «Құстар біздің досымыз» атты тақырыпты жалғастырып,құстар туралы білімімізді толықтырамыз. «Оқыңыз,қызық!» деген сендерге жылжыма кітабын ұсынамын.

Тәрбие сағатын аяқтай келе, осы уақытқа дейін жсаған қол еңбегіміз – құстарға арналған жемсалғышты аяқтайық.

  • Кәне,қай оқушы жауап береді.Жемсалғышты не үшін жасадық?

Осымен құстар туралы әңгімемізді аяқтайық та,серуенге шығып,жемсалғышты ілейік және жай ғана іліп қоймай ,күнде серуенге шыққанда құстарды бақылап,жем салып отырайық.





Мәңгілік желбіре,Жеңіс туы

Сабақтың мақсаты: жас жеткіншек ұрпақтарды отан - сүйгіштікке,ерлікке,адалдыққа баулу.Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыра отырып,еліне,жерін қорғауға,бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу.Сұрақ-жауап арқылы оқушының ой өрісін,қиялын,сөйлеу мәдениетін дамыту.

Көрнекілігі: «Ұлы Жеңіс жасасын» кітап көрмесі.

Кітапханашы: Қамықпаған қиындықтың түгінен,

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен,

Бүгінгі ұрпақ –бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз ұлы Жеңіс күнімен!

  • Құрметті оқушылар,Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол ір апат қайғыны

(1 минут үнсіздік жарияланады)

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері батыс шекарашыларына ене бастады.Ең алдымен ,жаудың шабуылымен ұшырағандар батыс шекарашылары болды.Таң алдында ,тәтті ұйқыда жатқан елдің щекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ.Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.Қыз жігітімен,ана баласымен қоштасты .сол жылдардың бозбала,бойжеткендері ақын болуды,инженер болуды,оқымысты болуды армандаған еді...

Жеңіс күні – адамзат аңсап күн.1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.1941-1945 жылғы ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адам аттандырды.Жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткенін айтады,қалғандары ұрыс даласында көз жұмды.Олар бізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.Міне осындай ұлы батырларды ұмытпау ұрпақ міндеті.Ол үшін біздің алдымызда қандай үлкен міндет бар,балалар?

Бабаларымыз елді,жерді білекпен қорғап,елімізді әлемге батырлығымен әйгілі етсе,біздің қазіргі міндет жақсы оқып,елімізді әлемге білімділігімен таныту.Олай болса,сіздермен қазір «мәңгілік желбіре, жеңіс туы» атты ұлы отан соғысына қатысты викториналық сұрақ-жауап түрінде сабақ өткізбекпіз.

Олай болса,екі топқа бөлініп отыра қойыңыздар,алдарыңыздағы плакатта соғыс және бейбітшілік деген жазу бар,соған өз ойларыңызды түсіре қойыңыздар (5 минут уақыт беріледі).Енді қай топтың тез,ұтқыр әрі маңызды сөздер жазғнын анықтай қояйық.

Соғыс Бейбітшілік

ІІ.Ел қорғаған қандай батырларымызды білесіңдер?

ІІІ.образға еніп сөйлеу.

  • Ал, балалар ,сендердің ой ұшқырлықтарыңды анықтайық,олай болса «Мен соғыспын!», « Мен қарумын!», «Мен жеңіспін!» - осы сөздердің бірін пайдаланып, осы сөздердің кеіпіне еніп,солар болып сөйлеп,шеберліктеріңізді танытыңыздар.

ІҮ.Сөздерді дұрыс орналастыру.Белгішелер арқылы сәйкесін табу.

1.1941 Соғыс аяқталды

2.1945 Соғыс басталды

3.Шинел Әскерлердің жазғы бас киімі

4.Пилотка Жауынгерлердің қолмен қазып алған панасы

5.Окоп Әскери адамдардың суықта кигне баскиімі

6.Батырлар Әлия,Мәншүк

7.Батыр қыздар Әлия,Мәншүк,Бауыржан,Мәлік,Қасым

8.Мәншүк Пулеметші

9.Әлия Мерген

10.Жеңіс күні қашан тойланады? 9 мамыр

Ү.Мақал-мәтелдің жалғасын тауып,мағынасын ашу.

  1. Ер қаруы --------------------- бес қару.

  2. Ер қанаты----------------------ат.

  3. Ерлік білекте емес----------------------- жүректе.

  4. Ердің намыс өлтіреді--------------------қоянды қамыс өлтіреді.

  5. Отан үшін отқа түс------------------- күймейсің.

  6. Батыр туса ел ырысы----------------------- жаңбыр жуса жер ырысы.

  7. Батырға да жан --------------- керек.

  8. Ер жігіт ел үшін туады --------------- ел үшін өледі.

  9. Батыр майданда шығады ------------болат қайнауда шынығады.

  10. Батыр бір өледі ------------ қорқақ 1000 өледі.

ҮІ.Патриоттық өлең,тақпақтар,өз ойларын айту.

ҮІІ.Ұлы Жеңістің тақырыбын аша түсу үшін оқушыларға арнайы дайындалған сөздері кезектестіріп оқыту.

1.Бұл күн – талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.

2.Бұл күн – фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.

3.Бұл күн – осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.

4.Бұл күн – үйіне,отбасына,ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні.

5.Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.

6.Бұл күн – әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.

7.Бұл күн – бүгінгі ұрпақтардың сөздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн.

Хормен:

Тыныштық туралы

Биікке самғасын.

Тыныштық ұраны

Қиырды шарласын.

Қорытындылау.

Қатысушы ұстаздарға сөз кезегін берейік.

Осымен сіздерге арналған «мәңгілік желбіре, Жеңіс туы» атты викториналық сұрақ-жауап ойынымызды аяқтаймыз.Елімізді қорғап,Жеңіс туын желбіреткен аға апаларымызды ұмытпау ұрпақ міндеті.

Хор: «Көк тудың желбірегені».


















Мерекеңмен анашым

Сабақтың мақсаты: оқушылар 8 наурыз туралы түсінік беру.Балалардың аналарға деген сүйіспеншілігін арттыру,аналардың еңбегін ақтауға,ардақтап,құрметтеп,сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз.

Адам бойындағы барлық жақсылық күннің нұрынан,ананың сүтінен таралған.Шыр етіп өмірге келген сәттен бастап,бар шуағы мен мейірімін тек біздерге арнап,жүрегінің дүрсілі тек бала деп соғады.Оның айналайын деген сөзінің өзі күллі әлемнің ыстық шуағын сепкендей әсер қалдырады.Ана туралы қанай жыр,дастан жазсақ та оның шегі жоқ.Ананың балаға деген сүйіспеншілігін айтуда ешқандай сөз жетпейді.

Мектеп директорының құттықтау сөзі.

  1. Жүргізуші:Ана барлық қиындықты жеңетін,сарқылмайтын күш,тіршіліктің тоқтамас бұлағы.Ана үшін ең бірінші орында өз баласының бақыты тұрады.Ендеше құрметті әжелер мен аналар! Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап,өмірлеріңізге сәттілік тілейміз.Сіздерге арналған «Мерекеңмен анашым» атты мерекелік сәлемімізді жолдаймыз.

  2. Жүргізуші: Ана сөзі әрбір халықтың тілінде бар.Барлық тілде де бұл қасиетті сөз нәзік,жылы естіледі.

  1. Жүргізуші: Аналар мерекесінің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей,өйткені көктем секілді аналар да адамзатқа өмір,жылылық сыйлайды емес пе?

  2. Жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түпкірінде,әр үйінде мейірім мен қуаныштың,достық пен туыстықтың туын тіккен дам.

1-оқушы:Ана десем,теңіз болам шалқыған,

Ана десем,алғыс алам халқымнан.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

2-оқушы:Аналардың ақ сүтінен нәр алған,

Аналардың үмітінен жаралған.

Сәби едік,енді міне,ер жеттік,

Жүректерде биік мақсат,көп арман.

3-оқушы:Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін ерді ақ сүтің

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

4-оқушы:Ана десем,шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

5-оқушы: О,анашым,

Таянышым,тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

6-оқушы:Туғаннан «құлыным» деп аймалаған,

Өзіңдей қамқор адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Анасыз бұлбұл құс та сайрамаған.

7-оқушы:Менің әжем,бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

8-оқушы:Аяладың,мәпеледің жасымнан,

Мен де сенің табылушы ем қасыңнан.

Қуаныш қып менің өскен бойымды,

Естен кетпес сипатының басымнан.

9-оқушы:Еркелеп,күліп есіп тау самалы,

Әлемге жаңалықты жар салады.

Мен келдім деп сызылып ару –көктем,

Гүлдердің қауызынан ән салады.

10-оқушы:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде,

Ақ сүтіңді ақтап өту – арманым!

Би: «Көктемгі гүлдер»

2-Жүргізуші:

«Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да анаңның ақ сүтін өтей алмаймыз» деген екен дана халқымыз.Ананың аман жүруі бала үшін бақыт.

Ән: «Анашым»

Сөзжұмбақ: «Асыл ана»

Сұрақтары:

1.Ең ардақты есім?

2.Қазақ әйелінің баскиімі?

3.Музыкалық аспап?

4.Абайдың анасы?

5.Зергерлік бұйым?

6.Мұсылман халқының тұрмыстық мейрамы?

7.Тойда шашатын шашу?

  • Ана туралы қандай мақал-мәтел білеміз?

Ән: «Анашым»

Қорытынды .

Баланың да тірегі,ананың да тірегі,

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі, - дей келіп,сіздерге арналған мерекелік сәлеміміздің аяқтаймыз.

Балалар өздері жасаған сыйлықтарын аналарына тарту етеді.

  • Көктемнің алғашқы мерекесімен тағы да құттықтаймыз.Көңілдеріңіз көктемгі күндей жарқырап,көктемгі гүлдей жайнай берсін!






А

н

а













С

ә

у

к

е

л

е

д

о

м

б

Ы

р

а












ұ

Л

ж

а

Н











А

л

қ

а











Н

а

у

р

ы

з





ш

А

ш

у
























Ынтымағы жарасқан елміз

Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекелік мәнін өқушыларға түсіндіру,ынтымаққа,достыққа,бірлікке,еліне деген шексіз сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үнтаспа,нақыл сөздер,қазақ және әр ұлт өкілдерінің киім үлгісі.

Сабақ барысы:

І.Кіріспе.

Бірлік,достастық,ынтымақ туралы жалпы түсінік беру.

ІІ.Негізгі бөлім.

Қазақстанда мекендеген түрлі этностардың ән –биін көрсетуде оқушылар өз ойларын ортаға салады.Қазақ халқының бауырластық өнегесін оқушы бойында сіңіріп,дамыту.

Жүргізуші:Біздің Отанымыз – Қазақстан.Бас қаласы – Астана.Бүгіндері Қазақстанды дүние жүзі таниды.

Отан –әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан – біздің туған жеріміз.қазақ топырағында туған туыстас дос жарандарымызбен тату тұратын елміз.Өз елтаңбасы,туы, әнұрны бар тәуелсіз елміз.Әнұран әуені шалқығанда туған жердің биік рухы кеудемізді кернейді.

  • Қазақстан Республикасының Туы әкелінсін (салтанатты сап түзейді).

  • Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.

1-оқушы:Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

2-оқушы:Көрікті өлкемен қарашы,

Тізілген орман - тау қаласы.

Алтай мен Атыру арасы,

Қазақтың кең байтақ даласы.

3-оқушы:Заман жаңа,ел жаңа,

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам – өз Ордам

Сүйенерім сен ғана!

4-оқушы: Тәуелсіздік кіндігін

Кескен халық бірлігі

Ынтымағы барша ұлттың

Нұрын шашқан күн бүгін.

Жүргізуші: қазақстанның кең байтақ өлкесінде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр.Әрқайсысы әртүрлі салт-санасымен ерекшеленеді.Енді сіздерге арнайы дайындаған «Ынтымақ қайда барасың?» атты көрінісімізді тамашалаңыздар!

1-оқушы:Бақ,қайда барасың?

Бақ: Мен ынтымаққа барамын.

2-оқушы:Ынтымақ,қайда барасың?

Ынтымақ: Мен Бірлікке барамын.

3-оқушы:Бірлік,қайда барасың?

Бірлік: Бақ пен Ынтымақ қайда болса,бірге боламын.

4-оқушы:Енді түсіндім.Ынтымағы,татулығы жарасқан,білігі мен тірлігі достыққа ұштасқан елдің басына Бақ қонады.басына бақ қонған ел мәңгі өмір сүреді.

Жүргізуші: Шалқыған сары далада күй ойнайды.Кең төскейде жылқы тұяғының ұшымен,білектің күшімен қорғаған байтақ жерін бірлесіп қорғаймыз.

Келесі кезекте «Сарыарқа» күйі орындалады.

5-оқушы:Жырласа қазақ,түркімен,

Молдаван,тәжік,үн қосқан.

Дос жүректер біріккен,

Мейірлері жарасқан.

6-оқушы:Тыңда, тыңда ,тыңда мені,

Ұлы жұртым қазақ халқы.

Сен тербетіп өсіргенсің,

Сенің даңқың,менің даңқым.

7-оқушы:Қазақ,қырғыз бір сананың егізі,

Екі жұрттың бірге екен негізі.

Қазақ озса – ол қырғыздың жеңісі.

Қазақ,қырғыз туыссыңдар ,доссыңдар,

Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.

Қырғыз халқының «Айыл» әні орындалады.

Қазақтың халық биі «Қамажай».


Жүргізуші: Дала тұнған көкмайса,көкмайсада асыр салып ойнаса,ағаш атқа мініп ап,көк жайлауда мал жайса.Келесі кезекте «Отан деген не?» атты көрінісімізді тамашалаңыздар.

Орыс баласы: Ассалаумағалейкум,ата?Денсаулығыңыз қалай?

Ата:О - у,қай баласың?

Орыс баласы: Ата,мен орыс баласымын.Мен Қазақстанда тұрамын.Қазақша сөйлеймін.Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.

Ата: Дұрыс айтасың,балам.Кіндік қаны тамған жер туған елің,Отаның!

Жүргізуші: Балалар,сендерге түрлі сұрақтар қоямын,қол көтеріп жауап береміз.

  1. «Ырыс алды ынтымақ» деген сөзді қалай түсінісіңдер?

  2. Бірлік деген сөздің мағынасы не?

  3. Достықты қалай түсінесіңдер?

  4. Тату –тәтті өмір сүру деген сөзді қалай ұғынасыңдар?

  5. Бақытты болу деген не?

  6. Ынтымақ,бірлікке арналған қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

  • Балалар,тұшымды жауаптарыңа разымын.

8-оқушы: Достық бізге тым ыстық,

Бірлік –байлық ырыс құт.

Жарқырасын күніміз

Жаса, жаса тыныштық!

9-оқушы: Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Жүргізуші: Қазақ жері Каспий теңізінен Алтай тауларына дейін созылып жатыр.Өлкеміздің жер көлемі 2 млн. 700 мың шаршы километр.Онда 17 млн - нан астам халық ынтымақ пенен білікте тату –тәтті өмір сүріп жатыр.Ынтымағы жарасқан ел – бақытты ел!

Оқушылар хормен «Атамекен» әнін шырқайды.

Ортақ болсын асар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын бізге ну ортақ.

Ақпыз,қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз!










Серілер шықты сайысқа

Мақсаттары: оқушылардың бойында

Ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік,ептілік,ержүректілік қасиеттерді қалыптастыру,өз халқының, Отанының азаматы болып қалыптасуына көмектесу.Халқымыздың салт-дәстүрін,аталы сөздерін дәріптеуге,құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршыннан қиылған,жат жерде көз жұмған қандас,қарулас азаматтарды еске алу,тарихи тағылым туралы түсінік беру.

Жүргізілу әдісі:сайыс әрі кездесу түрінде.

Көрнекілігі: нақыл сөздер: «Жігітке жеті өнер де аз», «Ер қаруы – бес қару», «Ұлға отыз үйден тыйым,он сан үйден сын» т.б. мерекеге сай бөлмені безендіру.

Слайд: «Ауған соғысынан үзінді» көрсету.

Өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың дайындығын қадағалау)

ІІ.Кіріспе сөз.

  • Құрметті оқушылар мен ата-аналар,бүгінгі тәрбие сағатымыздың құрметті қонағы Аудан соғысының ардагері келіп отыр.Қошеметпен қол соғып қояйық.

1979 -1989 жылдар аралығында Ауған елінде болған сұрапыл соғыстан бірер үзінді слайд көрсету.

Жат жерде көз жұмған қандас азаматтарды еске алып 1 минут үнсіздік жариялау.

ІІІ.Сайыстың басталуы.

Жүргізуші: Бүгінгі «Серілер шықты сайысқа» атты дәстүрлі сайысты тамашалауға қош келдіңіздер!

Енді сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.(Сайысқа қатысатын балалар өз нөмірлерін алады.Сол нөмірлері бойынша өз тапсырмаларын орындап отырады).

«Өзін –өзі таныстыру». «Өнерлі өрге жүзер».

  • Әр сайыскердің үй тапсырмасын,яғни өз өнерлерін тамашалайық!

Уа, халайық,халайық!

Мұнда назар салайық

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ.

Жігіттер шықты ортаға.

Бүгін сұлтан атанбақ,. – демекші,серілерді ортаға шақырайық!

Жүргізуші: Спортпенен білім жағын бір қосқан,

Кем қалмаған талантпенен табысқан.

Алдарыңызда өзі сұлу,ұлтжанды,

Қарсы алайық ........ деген батырды.

Білімді,алғыр,ақылды,

Татулықты қолдаған ,

Сыныптың үлгілі жігіті,

Шақырайық ортамызға ........

Білімді, өзі алғыр жан –жақты,

Ақыл десе өз-өзіне айбынды.

Сыныбымның мақтанышы

Шақырамыз ортамызға .........

Өзі батыр,көрікті,

Тамсандырар талайды,

Бағын сынап келіпті

Шақырайық ............

Жеті қырлы,бір сырлы,

Сыныбымның жұлдызы

Алдарымызда өзі батыл серіміз

Шақырамыз ортамызға ................

Біледі ол жақсылықты,жаманды,

Өнерімен тамсандырар бүгін талайды

Елімнің болашақ азаматы,

Шақырайық ортамызға .................

  1. Бөлім: «Таныстыру»

Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға,

Жігерленіп ортамызға келіп жетті,

Әдеппен,ізетпенен табысуға.

  1. Бөлім: «Алтын сандық»

(Сандық ішіндегі асықты алып санын қарайды)

  1. 50+5=55 2. 40+10=50

3. Өсімдіктің тіршілігі үшін қажетті жағдайлар . (Ауа,су,жылу,жарық)

4. Шырынды жемісті ата? (Жүзім,алма,алмұрт,анар,қарбыз,құлпынай,өрік)

5. Үнді дауыссыздарды ата? (й,р,л,м,н,ң,(у))

6. Жуан дауыстыларды ата?(а,о,ұ,ы,у)

7. Сөйлем нешеге бөлінеді?(3-ке: хабарлы,лепті ,сұраулы)

Жүргізуші: Қайсысы күйші ,кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек ,кім жылдам,

Таланттарын табайық.

3-бөлім: «Өнерлі өрге жүзер»

Ұлдар өз өнерлерін көрсетеді.

1.Ән айтады.

2.Сурет салады.

4-бөлім: «Шебер қолдар»

(Бір бірден ақ бет,түрлі түсті қағаз беріледі)

1.Ою ояды 2.Сурет салады.

Жүргізуші: Ей,жігіттер,

Сендерге артар міндет көп,

Көтер биік ата салтын құрметтеп,

Ақтай білсең ата баба үмітін,

Әрбір сөзі тәлімі бар бір мектеп.

5-бөлім: «Қол күрес» (кезекпен қол күрестіреді)

Жүргізуші: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Ел өнері білінбес,

Бақтарын олар сынамай.

6-бөлім: «Жігітке жеті өнер де аз»

(асық иіру арқылы түскен түстің тапсырмасың орындайды).

7-бөлім : Қортынды шығару.














Дені саудың жаны сау

Білімділік мақсаты: оқушылардың денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.Денсаулықты сақтау,нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық мақсаты: денсаулықты күту,іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілік мақсат: оқушыларды денсаулықты сақтауға,тазалыққа,әдептілікке,салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,.Өз бетінше жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: плакат,суреттер,қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Ау,халайық ,назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық – терең бақыт», - деген сөзді.

Құры айтпаған терең ойшыл данамызды.

Ой қозғау.

  • « дені саудың – жаны сау» деген мәтелді қалай түсінеміз?

«Тазалық – денсаулық негізі ,денсаулық – байлық негізі» - деп,Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында қоғамымызды құрымызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сау болуына үлкен ән беріп отыр.

  • Енді біздің мектептің медбикесі дкенсаулықты күту туралы әңгіме жүргізеді.

ІІ.Жұмбақ шеше білеміз бе?

  1. Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан.(күн)

  1. Еш тесікке тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды.(су)

  1. Көзге көрінбес,қолға ұсталмас,

  2. Жұтсаң көңілің ашылады.(ауа)

ІІІ. Денсаулық туралы қандай өлең шумақтарына береміз.

1-оқушы:Сүйейік табиғатты,аялайық!

Біз де одан жақсылықты аямайық!

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша дем алайық!

2-оқушы: Басты байлық – денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек.

3-оқушы: Су – табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың,

Кемі әр күні екі рет,

Суға түсіп алғайсың.

4-оқушы: Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге күйеміз.

Жалаң аяқ жүреміз,

Қыста қызып денеміз,

Қоньки , шаңғы тебеміз.

5-оқушы: Жақсылық айтып басқаға

Ортаға айды салғайсың.

Тек мақтанба,жасқанба,

Сұлу жанды болғайсың.

ІҮ. Ойын жаттығу: «Пайдалы – зиянды».

Оқушыларға кеспе қағаздарды таратып беру.

Денсаулық үшін пайдалы немесе зиянды екенін ажырату керек.

Жағдаят үлгілері:

  • бала жаттығу жасаса;

  • бала ағашқа өрмелесе;

  • бала сіреңкемен ойнаса;

  • бала терезені сындырып алса;

  • Бала күнге қыздырынса;

  • Бала мұз балмұздақты жесе;

  • Бала балаларға қарап жөтелсе.

Ү.Деніміз сау болсың десең....

Денсаулыққа нелер кері әсер етеді?

1-оқушы: Теледидарды ұзақ көруге болмайды.Көзге зиян.

2-оқушы:Көзді қолмен уқалама.Көзге лас микробтар түседі.

3-оқушы:Қолдың ,аяқтың тырнағын өсірме.Зиян .

4-оқушы: Денені таза ұстау.Моншаға аптасына бір рет түсу.Пайдалы.

5-оқушы: Құлақты сіріңке шырпысымен,түйрегішпен,үшкір,қатты нәрселермен шұқыма.

6-оқушы: Спортпен шұғылдан.Таңертеңгілік жаттығуды күнделікті жаса.

7-оқушы: Тісті басқа адамның щеткасымен тазалама.

8-оқушы:Жаңғақты,қантты,қатты затты тіспен тістеме.

9-оқушы: Ыстық ас іше салысымен суық су ішуге,суық тамақ ішкен соң ыстық тамақ ішуге болмайды.

ҮІ.Ал,балалар,денсаулыққа байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз?

  1. Тәні саудың – жаны сау.

  2. Ауру кісі күлкі сүймес.

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

  1. Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық - байлық негізі.

  1. Ұйқы тынықтырады

Жұмыс шынықтырады.

  1. Бірінші байлық – денсаулық.

Сабақты қорытындылау.

Денсаулықтың достары мен қастары.

  1. Дұрыс тамақтану,дене шынықтыру

  2. Қоршаған орта тазалығын сақтау.

  3. Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру.

  4. Дұрыс тамақтану – дәрумендер, жеміс - жидек

1.Темекі 2.Ластық

3.Есірткі 4.Зиянды заттар ластығы

ҮІ.Жүректен жүрекке .

  • Күніміз ашық болсын!

  • Ауамыз таза болсын!

  • Гүліміз жақсы өссін!

  • Жеріміз кең болсың!

  • Суымыз тынық болсың!













Қарттарым – асыл қазынам

Концерттік бағдарлама.

«Әке» күйі орындалады.

  1. Жүргізуші: Сенім менен сертіне берік шеттен,

Біздей емес қиялға еріп кеткен,

Қайран біздің қарттар - ай,

Тау тұлғалы.

Елімізді солар ғой көрікті еткен,

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

  1. Жүргізуші: Зейнет емес бейнеттен арылмаған,

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі.

Қариялар өзіңді ел сыйлаған,

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын,ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып,бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше ,олай болса,әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып,оны өзгелерден даралап тұратын,тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау ,оның сөзіне құлақ асу.Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы,сөзі берекелі,ісі тыңғылықты, ойы терең,ақылы телегей теңіз болып келеді.Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін

1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарым – асыл қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Құттықтау сөз мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісіне беріледі.

  1. Жүргізуші: Армысың,ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,

Сіздер үшін ән мен күй ,өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

  1. Жүргізуші: Сендерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал қарттарым.

Ән: «Қазақ осы».

  1. Жүргізуші: Қайраты мықты ,қажымас өжет

Гауһары ғажап қарттарым менің.

Еліне ерен сіңірген еңбек,

Сарқылмас байлық,

Бағалы кенім.

Мәнерлеп өлең оқу.

  1. Жүргізуші: Қазына қарттар тарихсың,

Жастарға қамқор мәртебең тиіп,

Жүре бер қартым ортада бүгін.

Би: «Аққу биі»

  1. Жүргізуші: Жылынып жер көктейді,

Нұрын жиып әлемнің.

Әлі есімнен кетпейді,

Құшағы ыстық әжемнің, - деп ақындарымыз жырлағандай,келесі айтылар ән аяулы,ардақты ақ жаулықты аналарға арналады.

«Алтын аналар» әні.

  1. Жүргізуші:Байқап отырсақ,ата әжелеріміз ән – күй тыңдағанды қатты ұнатады екен.

Мына әсем күйді қабыл алыңыздар! «Тойбастар»

2- Жүргізуші:

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

  1. Жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен,аталар ақылымен беріліп,өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген.

Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымен» бөліміне құлақ түрелік.Өлең тақтақтар оқылады.

  1. Жүргізуші: Менің атам мен әжем қазіргі уақытта 80-ге таяп қалса да, біздің арамызда өте жас және қайратты болып көрінеді.Осының сыры нде деп ойлайсың?

  1. Жүргізуші: Әрине мұның сыры туысқандарының мейірбандылығына байланысты.Біз ата - әжелерімізге көп көңіл бөліп, оларды қуантып отыруымыз қажет емес пе?

  2. Жүргізуші: Ақиқатты айқындап,

Бара жатыр азайып қариялар

Дауыл тұрса,бүлк етіп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып дариялар.

  1. Жүргізуші:Неменеге жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.

Би: «Үнді биі»

  1. Жүргізуші: Арсыз күлкің тиылмас ,жылауың да

Айтысың да басылмас,ыланың да.

Араздасып ағайын кетер еді,

Бір қария болмаса арамызда.

  1. Жүргізуші: Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Ал әкелер өздеріңе арналмақ,

Бұл айтатын асқақ ән..

«Әкелер» әні

  1. Жүргізуші: Ата – әжеміз бар,әке – шешеміз бар біздер бақыттымыз.Бүгінгі егеменді елде қайғы – қасіретсіз,еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенің ұмытпауымыз керек.

Ән: «Туған ел».

  1. Жүргізуші: О, адамзат өтінемін,сұранам,

Аялайық , құрметтейік,сыйлайық.

Денсаулық пен көп байлықты тілейік,

Жүре берсін ортамызда мәңгілік.

Күй: «Балбырауын»

  1. Жүргізуші:Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ,өзі нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасақ.

Тістерсің бір күн бармақты, - дегендей қариялардың кеудесі сандық.Ол сандық атадан балаға жал,асып келе жатқан имандылық,қайрымдылық,адамгершілік қасиеттерге тұнып тұр.

Мәнерлеп оқу: «Анашымды аңсағанда»

  1. Жүргізуші:

Ата күні –әже күні әлем күні,

Әлемде тебірентер ақылды үні.

Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

Ән: «Асыл әжем»

  1. Жүргізуші: Біз өзіміздің ата – әжелеріміздің алдында,аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз.Ол қарызымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы,адамгершілігі мол ,мейірімді болу арқылы ғана қайтара аламыз.Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық.Ол тек адам жүрегінде орын алатын қасиет.

Ән: « Дайдидау »

  1. Жүргізуші:Сәл еңкейіп, нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кеміп бара жатыр қартайып,

Отбасында,бала-шаға қасында,

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім,болмаған соң сыңары,

Жалқы тірлік жаман сөзден сынады

Жас баладай жаутаңдаған жанарға,

Қайта – қайта қарағын кеп тұрады.

Қағыс естіп қалған баладай,

Ниеті ақ,пейілі кең даладай.

Кімге болса қарттық жетер аяңдап,

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап.

2 - Жүргізуші:

Қарттардың күні қайырлы болып ,

Жоғары жақтан мәртебе алып.

Елбасы жасап сіздерге кемел,

Сыйлады бүгін қолтықтан демеп.

Жасай бер,жаса қарттарым менің,

Халқыма аман сіздер ғой керек...

Ән: «Анашым»

  1. Жүргізуші: Біз өзіміздің ата - әжелеріміздің алдында,аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз.Ендеше оқушыларымыздың өздері дайындаған ата әжелеріне гүл шоқтарын табыстауды сұраймыз.

  • Үлкен кісілердің тағы бір қасиеті ұрпағына ақ ниетпен тілек тілеген ,тілегін батамен астастырған.

Данагөй бабаларымыз : «Жауынменен жер көгерер,батаменен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой.Халық ақ батадан рухани қуат алады,ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.Батаның да қисыны,айтылатын,айтылмайтын жері болады,қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Уайым –қайғың жоқ болсын!

Бақ –дәулет берсін бастарыңа,

Ғұмыр берсін жастарыңа!

Пәле-жала,жын-шайтан

Жоламасын қастарыңа!

Аллаһу әкбар!

  1. Жүргізуші:

Қарттарым – ай , қарттарым тау тұлғалы,

Қанша жылдар өтіп кетті сен тұрғалы.

Мен сіздерді ата деймін,әже деймін,

Құрметті қариялар!

Біз сіздердің алдарыңызда әрқашанда иеміз!

«Қарттарым – асыл қазынам!» атты мерекелік кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.







Тәуелсіз ел – Қазақстан

Мақсаты: оқушыларды еліміздің тәуелсіздігін биік ұстауға,оны мәңгілікке сақтай білуге үйрету,туған елін,тілін,салт-дәстүрін,халқын сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайд,желтоқсан құрбандарының суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Ребус шешу (Тәуелсіз)

Көрініс.

Бала: Ата, ата ,айтыңызшы,Тәуелсіздік деген не?

Жәңгір ата: Тәуелсіздік деген сөзді үлкен мағына бар,балам.Тәуелсіз ел,ерікті ел,яғни жеке мемлекет.Оның тілі,жері,рәміздері,халқы,президенті болады.

Тәуелсіздіктің туын көкке көтеретін мына сіздер боласыздар,балғындарым.

Тәңірберген бала: Иә,ата, дұрыс айтасыз.Енді бәрін түсіндім,ендеше біздің сыныпқа қонақ болыңыз.

Мұғалім сөзі: Бәрекелді,атамыз әрі қысқа әрі нұсқа жауап берді.Шынымен,Тәуелсіздік жолы оңай жол емес,бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті.Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын – қыстау,даңқты жолдардан өтіп келіп отыр.Сондықтан да ,тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше,бағасы теңдессіз.Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын!

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.Ал ,1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16- желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Тәуелсіз ел болуын қалады.Бұл қазақ жастарының негізгі мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігін талап етті.

Қазақстан жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады.

1-оқушы:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула ,Желтоқсанның мұзда жанған алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өрені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

2-оқушы:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның,

Елімізде бақ-береке,ырыс болсын.

3-оқушы:

Ата – бабам аңсаған,

Күрес салып шаршаған,

Тәуелсіздік таңы атты,

Бақыттымын мен содан.

4-оқушы:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың.

Қайрат,Ләззат пен Сәбира,

Құрбаны болған жаланың.

5-оқушы:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

6-оқушы:

Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ –

Тәуелсіздік төрінде.

7-оқушы:

Тәуелсіздік тілегім,

Тәуелсіздік тірегім.

Ертеңі деп елімнің ,

Дүрсілдейді жүрегім.

Ән: «Туған жер».

8-оқушы:

Көгілдір аспанымыз ашық болсын,

Күніміз жарқыраған жарқын болсын!

Төгілген мейірім мен шапағатқа,

Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!

9-оқушы:

Жыр арнадым еліме тебірене,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік алғалы халқым менің,

Отаным жылдан жылға гүлденуде.

10-оқушы:

Шаңырағын шайқалмасын,

Бейбіт заман жасасын!

Тәуелсіздік көк байрағым,

Желбіресін жайнасын!

11- оқушы:

Мақтанам кең байтақты елім үшін,

Құнарлы,мол шырынды жерім үшін.

Әрқашан биік шыңнан көрінгін деп,

Тілегім,о туған жерім ,пейілім шын!

12-оқушы:

Жақсы арманның жалғасы,

Мұнан да биік самғашы,

Тәуелсіз Қазақстаным!

Қанат қақ биік талмашы.

13-оқушы:

Елімізде бақ береке,ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын,

Отанымыз әрқашан тыныш болсын.

14-оқушы:

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні.

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық,ұлықтайық осыны.

15-оқушы:

Отан –менің ата анам,

Отан – досым,бауырым.

Отан – өлкем астанам,

Отан – туған ауылым.

Би: «Бипыл».

16-оқушы:

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығы

Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,

Тәуелсіздік құтты болсын айбыным!

17-оқушы:

Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Келешегі кең өрісті,кемелді,

Жайна,мәңгі тәуелсіз ел Қазақстан!

18-оқушы:

Тәуелсіздік!Берекенің біл басы,

Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.

Қазақстан,сен бір елсің жаһанға

Тең танылған таудай асқақ тұлғасы,

19-оқушы:

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу,неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

20-оқушы:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізід.

Отан дейміз туған жер,атамекен

Биік тау,орман,торғай,көлімізді.

21-оқушы:

Көк байрақ иілмесін,жығылмасын,

Көзге жас,кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым ,сен қашанда тұғырдасың!

Ән: «Елім менің».

Мұғалім сөзі:

  • Балалар,біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?

  • Қазақ тілі.

  • Ендеше,тілімізді құрметтейік,таза сөйлесейік.Бүгін бізге өздерінің данышпан ойларын айтуға билер келіпті.Тыңдап көрелік.

Көрініс: «Үш би»

Ақылшы би: Ашу дұшпан,ақыл дос,

Ақылыңа ақыл қос.

Ақылыңды халық игілігіне жұмса.

Батыр би: Отаныңды сүй,тіліңді құрметте!

Еліңді,жеріңді жаудан қорға!

Досыңа адал бол,

Жауыңа қатал бол!

Білімпаз би: Білімді бол,

Біліміңді халқына үйрет.

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

22- оқушы:

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан,

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан.

Елбасы алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан.

Ән: «Көк тудың желбірегені» слайд көрсетіледі.

Хормен: «Жасасын,Тәуелсіз Қазақстан !»

Қорытынды (мұғалім сөзі):

Құрметті оқушылар!

Елбасы «Қазақстан - 2030» атты жолдауында «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында», - деген.Ел ертеңгі – жастар.Яғни сіздер.

Мемлекеттік тілді жақсы біліп,қадір тұтып,сондай - ақ өзіңнің туған халқының тарихы мен мәдениетін,салт – дәстүрін біліп,құрмет көрсетулерің керк.

Қазірге жастар бірнеше шет тілін үйренуде.Әрбір жас адам бірнеше мамандық игеру керек.Қазіргі нарық заңы осындай.

Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда!












































Асыл әжелерім

Мақсаты: әжелеріміздің өнеге өрісін кейінгі ұрпаққа үлгі тұту.Ата-бабамыздан келіп жеткен әдет – ғұрпын,салт-дәстүрін,жөн-жоралғысын,өсиет сөздерін,мақал-мәтелдерін жас буынға кеңінен насихаттау.

Кіріспе:

Әже деген –асыл жандар болаттай,

Әже деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар,қадірлей біл әжені,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

«Әже» десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық

Берсе барлық адамға әже мейірім

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Әже деген – қастерлі де қадірлі сөз.Осы сөздің өзі – ақ ізгілік,имандылық,мейірім деген ұғымды білдіретіндей көрініп тұрады.

Әже өз әулетіне жүрегін бөліп беретін жаны жайсаң жанашыр да қамқоршы қария.Немерелері мен шөберелерін жанынан да қымбат көретін де сол әжелер.Халқымыз сондықтан: «Балаңды өскенше бағасың, немереңді өлгенше бағасың» - деп бекер айтпаған.Күн сайын әжеге сәлем беріп,сый-сияпатын көрсетіп,онымен ақылдасып отыру біздің парызымыз.

  • Балалар,мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.Ендеше жауап берейік.

  1. Ең асыл жан кім? (Ана,әже)

  2. Қызығыңды да,бұзығыңды да көтеретін кім? (Ана,әже)

  3. Үнемі жаныңда періштедей қорғап,демеу беретін кім? (Ана,әже)

  4. Сонымен алдымызда қандай мейрам келе жатыр? (Аналар,әжелер)

  5. Осындай үлкен мейрамда әжелерімізді жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? (Иә)

  • Олай болса,әжелеріміздің өнеріне,өнегесіне зер салып тыңдап қанық болайық.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділ қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты

Бізге айтып береді,

Кім өнерлі,кім мықты?


Алдымен сүй,ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады.

Көктем келсе,сағынған қарашаны,

Немере мен әжесі жасарады.

Қарсы алайық,келеді әжелер де,

Қызықтайық қыздырып тамашаны.

Ортаға сайысқа қатысушы әжелерімізді немерелерімен бірге шақырайық.

Сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар.

  1. «Сәлем сөздің анасы,сөз сарасы » ( Амандасу,өзін-өзі таныстыру)

  2. «Ескінің жолы,атаның көзі» (Ұйымдастыру алқасы дайындаған ұлттық бұйымдардың атын атау және сол туралы толық мәлімет беру)

  3. «Өнерлі өрге жүзер» (немересімен бірге өнер көрсету,қалауы бойынша)

  4. «Өнерге өрісім » (сұрақ-жауап бөлімі)

  5. «Үй тапсырмасы» (өзінің жасап жүрген бұйымдары)

  6. «Сән үлгісі» (Қазақтың ұлттық киімдерін көрсету)

Ән: «Асыл әжем»

Бәйгенің аттарыңдай шабыстары,

Өнердің ұшқыр болсын табыстары.

Қол соғып,қошеметпен отырайық,

Басталды «әжелеріміздің» сайыстары.

1-бөлім. «Сәлем сөздің анасы,сөз сарасы» (Амандасу,өзін-өзі таныстыру)

1-бөлімнің бағасы сұралады.

Сыйлау керек,адамды сыйлау керек,

Сыйлау керек,жәбірге қимау керек.

Сыйлау керек,сол үшін ғұмыр бойы,

Жүректердің жылуын жинау керек.

Қалдырған аталардың аманатын,

Ұрпақтардан ұрпаққа жалғау керек.

2-бөлім. «Ескінің жолы,атаның көзі» (Ұйымдастыру алқасы дайындаған ұлттық бұйымдардың атын атау және сол туралы толық мәлімет беру)

2-бөлім бағасы сұралады.

Он саусақтан өрнек тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып,биді билеп,басып жатса текемет.

Өнеріңді көрсетсеңші,әжелерім қанекей,

Сөз берелік әжелерге жекелеп.

3-бөлім. «Өнерлі өрге жүзер» (немересімен бірге өнер көрсету,қалауы бойынша)

Үш сайыстың қортынды бағасы дайын болғанша кезекті биге берейік.

Сіздерге артар міндет көп,

Көтерген ата салтын құрметтеп.

Ақтай білсең ата –баба үмітін,

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

4-бөлім. «Өнерге өрісім» (Сұрақ –жауап бөлімі)

4-бөлім бағасы сұралады.

Жақсылыққа үйреніп,

Жамандықтан шектейді,

Ертегі айтып беретін

Әжеге ешкім жетпейді.

Келесі бөлімде «Үй тапсырмасына» кезек береміз.

5-бөлім бағасы сұралады.

Біз қазақпыз өнерге бай жолы кең,

Сусындаған ақыл,білім нәрімен.

Әжелердің талғамдарын байқайық,

Елдің көркі «сымбатты әже сәнімен».

6-бөлім. «Сән үлгісі» (Қазақтың ұлттық киімдерін көрсету)

Соңғы бөлімнің бағасы сұралады.

Баяғыда бір қария немерелеріне:

Құрық деп берсем құл болма,

Шыбық деп берсем шіл болма.

Бәрінен де шырағым,

Баяны жоқ ұл болма, - деп бекер айтпаған.Өз ұрпағын «Сегіз қырлы,бір сырлы» өнегелі,өнерлі етіп өсірген қазақ халқы салт –дәстүрің ешқашан ұмытпақ емес.

«Адал бол, - деп немерем»,

Әділдікке үйреткен,

Жүрегінде махаббат,

Тілегінде мархабат,

Әжелерімізге мың алғыс,

Бүгінгі мерекелік шарамызға қатысқан, - деп әжелерімізді марапаттауға рұқсат етіңіз.

  • Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар сөз соңында айтарым,құт – береке атамыз,мейрімді әжеміз бен аналарымызды сыйлай білейік,қадірлей білейік.

Салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін,тілінің,салт-дәстүрінің жанашыры болатынына сенім білдірейік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!