Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жиынтық бағалау 1-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
2-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 4
«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 15
«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 15
«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 17
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 20
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 26
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 26
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 28
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 31
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 36
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 36
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 38
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 41
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері |
Тыңдалым және айтылым |
Оқу мақсаты |
2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау |
Бағалау критерийі |
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты |
20 минут |
Тапсырма |
|
Бүгін Аяулым өте қуанышты. Себебі, бүгін оның туған күні. Анасы Аяулымның туған күніне арнап, үлкен торт пісірді. Тортқа әдемілеп «7» деген жазу жазды. Әкесі оған сыйлыққа ертегілер кітабын тарту етті. Туған күнге Аяулымның дос қыздары келді. Олар дастарқан басында Аяулымға тілектерін айтып, әкелген сыйлықтарын тарту етті. Туған күн көңілді өтті. Әр сұрақтың жауабын тауып, сәйкестендір. Ертегілер кітабын тарту етті. Аяулым неге қуанды? Себебі, бүгін оның туған күні.
Әкесі Аяулымға қандай сыйлық жасады? Үлкен торт сатып әкелді.
Себебі, бүгін жексенбі күн.
Тірек сөздер: туған күн, дайындалу, шақыру, сыйлық, тілек, көңіл күй. |
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді |
1 |
бірінші сұрақтың жауабын анықтайды; |
1 |
екінші сұрақтың жауабын анықтайды; |
1 |
||
Тірек сөздер арқылы тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады |
2 |
сұрақтардың негізінде өзінің туған күнін сипаттап айтады; |
1 |
тірек сөздерді орынды пайдаланады; |
1 |
||
сөйлемнің құрылымын сақтайды; |
1 |
||
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. |
1 |
||
Барлығы |
6 |
Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Оқу жетістіктерінің деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
||
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді |
1 |
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде қиналады |
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді |
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді |
Тірек сөздер арқылы тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады |
2 |
Тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыруда қиналады |
Тақырып бойынша әңгімелеуде/ тірек сөздерді қолдануда/ сөйлем құрылымын сақтауда қателіктер жібереді |
Берілген тақырып бойынша тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырады |
6
«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері |
Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты |
2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 2.4.1.2 «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу |
Бағалау критерийі |
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Орындау уақыты |
20 минут |
Тапсырма |
|
Біз Гауһар екеуміз көрші тұрдық. Кішкентай кезімізден бірге ойнадық. Бірінші сыныпқа да бірге бардық. Қазір ол отбасымен шетелге көшіп кетті. Маған өзінің әдемі қуыршағын сыйлап кетті. Осы ойыншықты қолыма алған сайын досым есіме түседі. Мен оны туған күнімен құттықтап, телефон соқтым. Ол қуанып қалды. Мен оны қатты сағындым.
2) Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жаз.
2. Мәтіннен «у» дыбысы бар сөздерді теріп жаз. Дауысты «у» дыбысының астын бір, дауыссыз «у» дыбысының астын екі рет сыз. |
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Мәтінге қатысты сұрақ қояды және жауап береді |
1 |
бірінші сұраққа жауап жазады; |
1 |
екінші сұраққа жауап жазады; |
1 |
||
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады; |
1 |
||
«У» дыбысының дауысты және дауыссыз түрлерін ажыратады |
2 |
«у» дыбысы бар сөздерді теріп жазады; |
1 |
дауысты «у» дыбысын анықтайды; |
1 |
||
дауыссыз «у» дыбысын анықтайды. |
1 |
||
Барлығы |
6 |
«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Оқу жетістіктерінің деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
||
Мәтінге қатысты сұрақ қояды және жауап береді |
1 |
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қоюда және сұраққа жауап беруде қиналады |
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қоюда /сұраққа жауап беруде қателіктер жібереді |
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды және сұраққа жауап береді |
«у» дыбысының дауысты және дауыссыз түрлерін ажыратады |
2 |
Мәтіннен «у» дыбысы бар сөздерді теріп жазуда және «у» дыбысының дауысты, дауыссыз түрлерін анықтауда қиналады |
Мәтіннен «у» дыбысы бар сөздерді теріп жазуда/дауысты «у» дыбысын/ дауыссыз «у» дыбысын анықтауда қателіктер жібереді |
Мәтіннен «у» дыбысы бар сөздерді теріп жазады, «у» дыбысының дауысты және дауыссыз түрлерін анықтайды |
9
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
-
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2. Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі оқылым дағдысын, үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
10
№ |
Сөйлеу әрекетінің түрлері |
Ортақ тақырып |
Оқу мақсаты |
Тапсырманың сипаттамасы |
Тапсырма саны |
Жалпы балл |
1 |
Тыңдалым және айтылым |
Өзім туралы Менің отбасым және достарым |
2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін оқиғалар туралы өзара сұхбаттасу |
Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. |
1 |
5 |
2 |
Оқылым |
2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру |
Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды. |
1 |
5 |
|
3 |
Жазылым |
|
Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапырманы орындайды. |
1 |
5 |
11
-
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
-
Сұрақтарды мұқият тыңда. Берілген сұрақтарды пайдаланып, досыңнан оның отбасы туралы сұхбат ал.
[5]
Балл қою кестесі
Сұрақ № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
Білім алушының ықтимал жауабы:
|
1 |
Білім алушының тақырыпқа сәйкес кез келген диалогы қабылданады. |
Тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады. |
|||
1 |
Сұхбаттасына сұрақ қояды. |
||
1 |
Сұхбаттасының сұрағына сәйкес жауап береді. |
||
1 |
Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолданады. |
||
1 |
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. |
||
Барлығы |
5 |
|
Оқылым
-
Мәтінді оқы.
Менің досымның аты - Қанат. Оның түрлі түсті қарындаштары көп. Қанат сурет салуды жақсы көредi. Оның альбомында неше түрлi суреттер бар. Қанат күннің суретiн салды. Оның астына «Әрқашан күн сөнбесiн!» деп жазып қойды.
-
Сұрақтарға жауап бер. Белгіле ().
-
Қанат нені жақсы көреді?
-
-
Ол ненің суретін салды?
-
Суреттің астына қандай жазу жазды?
-
Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
[5]
Балл қою кестесі
Сұрақ № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
2 |
|
1 |
«Сурет салуды» жауабы да қабылданады. |
|
1 |
«Күннің» жауабы да қабылданады. |
|
Әрқашан күн сөнбесін! |
1 |
|
|
Кейіпкердің аты кім?/ Оның қандай қарындаштары бар?/Оның альбомында нелер бар?/Оның альбомында қандай суреттер бар? |
2 |
Мәтіннің мазмұнына сәйкес кез келген сұрақтар қабылданады. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды – 1 балл. Сөйлемді бас әріппен жазады және тыныс белгісін қояды - 1 балл қойылады. |
|
Барлығы |
5 |
|
Жазылым
-
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Ол қи...р жинауға көмектесті. 2. Келесі күні те...ізге бардық. 3. Бұлт қо...лана түсті. 4. Балалар тоға...дан ж...дек терді.
[5]
Балл қою кестесі
Сұрақ № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
3 |
қияр |
1 |
|
Теңізге |
1 |
|
|
қоюлана |
1 |
|
|
тоғайдан |
1 |
|
|
жидек |
1 |
|
|
Барлығы |
5 |
|
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
-
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау Бөлімше Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде
мәтіннің мазмұнын болжау
-
Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды
-
Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
-
Берілген тақырып пен тірек сөздерді мұқият тыңда. Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін?
Тақырып: Кітапханада
Тірек сөздер: мектеп кітапханасы, кітапханашы, қарсы алу, спорт туралы, кітап, іздеу, көмек, қуаныш.
2ұ.птЖық жұмыс . Сурет пен тірек сөздерді қолдана отырып, кітапханашы мен оқушының рөлінде сұхбаттас.
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды |
1 |
тақырып пен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжап айтады; |
1 |
Тақырып бойынша диалогке қатысады |
2 |
берілген тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады; |
1 |
тірек сөздерді орынды қолданады; |
1 |
||
сұхбаттасына сұрақ қояды және жауап береді; |
1 |
||
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. |
1 |
||
Барлығы |
5 |
«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Оқу жетістіктерінің деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
||
Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды |
1 |
Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжауда қиналады |
Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжап айтуда қателеседі |
Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжап айтады |
Тақырып бойынша диалогке қатысады |
2 |
Берілген тақырып бойынша диалогке түсуде қиналады |
Берілген тақырып бойынша диалог құрастыруда/тірек сөздерді қолдануда/тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді |
Берілген тақырып бойынша диалогке қатысады |
16
«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше |
Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты |
2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау 2.3.7.1 Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою |
Бағалау критерийі |
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Орындау уақыты |
20 минут |
Тапсырма |
|
1. Мәтіннің бөліктерін түсініп оқы.
Алма ағашы жайқалып өсе бастады. Бірақ алма ағашында зиянды құрттар пайда болды. Қанат пен атасы зиянды жәндіктермен күресуге кірісті. Олар құрттарға қарсы дәрі қолданды.
Жаз соңында Қанат пен атасы алмадан мол өнім алды. Қанаттың атасы - бағбан. Ол баққа алма ағашының көшетін отырғызды. Қанат атасына көмектесті.
Қандай? Не істеді? Неліктен?
Бұл мәтіні. |
-
Берілген сөздерден 3 сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгіні қой.
-
Астана, орналасқан, қаласы, жерде, қай
-
Астанада, тұрады, өкілдері, ұлт, көптеген
-
Астанам, бер, гүлдене
-
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады |
1 |
мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды (басы); |
1 |
мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды (ортасы); |
1 |
||
мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды (соңы); |
1 |
||
Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды |
мәтінге сұрақ қояды; |
1 |
|
мәтіннің түрін анықтайды; |
1 |
||
Сөйлем түрлерін ажыратады, тиісті тыныс белгілерді қояды |
2 |
тиісті тыныс белгісін қоя отырып, хабарлы сөйлем құрастырып жазады; |
1 |
тиісті тыныс белгісін қоя отырып, сұраулы сөйлем құрастырып жазады; |
1 |
||
тиісті тыныс белгісін қоя отырып, лепті сөйлем құрастырып жазады. |
1 |
||
Барлығы |
8 |
«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Оқу жетістіктерінің деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
||
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады |
1 |
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтауда қиналады |
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтауда қателеседі (басы/ортасы/соңы) |
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды |
Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды |
2 |
Мәтінге сұрақ қоюда және мәтіннің түрін анықтауда қиналады |
Мәтінге сұрақ қоюда/ мәтіннің түрін анықтауда қателеседі |
Мәтінге сұрақ қояды және мәтіннің түрін анықтайды |
Сөйлем түрлерін ажыратады, тиісті тыныс белгілерді қояды |
3 |
Сөйлем құрастыруда және тиісті тыныс белгісін қоюда қиналады |
Сөйлем құрастыруда/сөйлемге сәйкес тыныс белгісін қоюда қателеседі |
Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазады және тиісті тыныс белгісін қояды |
19
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
-
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
-
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
-
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма оқылым дағдысын, үшінші, төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
20
№ |
Сөйлеу әрекетінің түрлері |
Ортақ тақырып |
Оқу мақсаты |
Тапсырманың сипаттамасы |
Тапсырма саны |
Жалпы балл |
1 |
Тыңдалым және айтылым |
Менің мектебім Менің туған өлкем |
2.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіру |
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін ашық түрдегі тапсырманы орындайды |
1 |
5 |
2 |
Оқылым |
2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/ пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау |
Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі толық жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды |
1 |
5 |
|
3 |
Жазылым |
2.3.7.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою |
Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды |
1 |
3 |
|
2.4.2.6 Сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу |
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды |
1 |
2 |
21
-
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді) пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
-
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
жатты.
Бөгде адам
Балалар жол бойымен жүріп келеді. Олардың алдында бір қарт әжей кетіп бара
Жолдың бетін мұз басқан, тайғанақ болатын. Бір кезде қарт әжей тайғанап кетіп,
құлап қалды. Ұл бала әжейге қарай тұра ұмтылды. Ол әжейді орнынан тұрғызып, жолдан өтуіне көмектесті.
Қыз бала әрі қарай жүре берді. Ол досы өз әжесіне көмектесіп жатыр деп ойлады.
Бірақ әжей мүлде бөгде адам еді.
-
Мәтіннің кейіпкерлерін жаз
-
Әжейге кім көмектесті?
-
Екінші кейіпкер не деп ойлады?
-
Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнады? Неліктен?
-
Мәтіннің мазмұны бойынша қандай ой түйдің?
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
Ұл, қыз, әжей |
1 |
Екі кейіпкерден кем болмаған жағдайда 1балл беріледі. |
Әжейге ұл бала көмектесті/ұл бала көмектесті/ұл бала/ұл |
1 |
Сұрақтың мазмұнына сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады. |
|
Досы өз әжесіне көмектесіп жатыр деп ойлады/ өз әжесіне көмектесті деп ойлады/әжесіне көмектесті деп ойлады |
1 |
||
Білім алушының ықтимал жауабы: Маған ұл баланың ісі ұнады. Себебі ол өзі танымайтын әжейге көмектесті/Ұл бала ұнады. Себебі ол құлап қалған әжейге көмектесті. |
1 |
||
Білім алушының ықтимал жауабы: Үлкендерге көмектесу керек/ өзімшіл болмау керек/ |
1 |
||
Барлығы |
5 |
|
Оқылым
-
Мәтінді оқы. Мәтінге сәйкес сұрақпен сәйкестендір.
-
Мәтіннің түрін белгіле ().
-
Мәтіннің ортасын білдіретін бөлікті тауып, қоршап сыз.
-
Әселдің сабаққа кешігуінің себебі неде? Сұраққа жауап жаз.
-
Мәтінге ат қой
Балл қою кестесі
Жазылым
-
Сөйлемдерді сөйлем түрімен сәйкестендір. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгіні қой.
Өркенің өссін, қарағым Тоғайда түрлі аңдар болады
Қалада қандай үйлер бой көтерді
-
Сызбаға мұқият қара. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта. Сызба бойынша 2 хабарлы сөйлем құрап жаз.
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
3 |
|
3 |
Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады. |
4 |
Білім алушының ықтимал жауабы: Қалада биік үйлер салынды/Айжан қызық кітап оқыды. |
2 |
Сызбаға сәйкес кез келген дұрыс сөйлем қабылданады. Әр сөйлемге 1 балл қойылады. |
Барлығы |
5 |
|
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше |
Тыңдалым және айтылым |
Оқу мақсаты |
2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу |
Бағалау критерийі |
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Орындау уақыты |
20 минут |
Тапсырма
Тақырып: Тіс күтімі Тірек сөздер: тісті тазалау, тіс пастасы, тіс жегісі ауруы, тістің эмалі, тіс ысқышты ауыстырып тұру, тіс дәрігерінің кеңесі, ауызды шаю, тәттіні аз жеу, әдемілік, сөзді дұрыс айту.
«Тіс күтімі» тақырыбы бойынша тіс дәрігері мен науқас адамның рөлінде сұхбаттас. Диалогті жалғастыр.
- .... - .... |
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды |
1 |
тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды; |
1 |
Тақырып бойынша диалогке қатысады |
2 |
тақырыпқа сай диалог құрастырады; |
1 |
берілген тақырып бойынша сұрақтар қояды; |
1 |
||
сұхбаттасының қойған сұрақтарына жауап береді; |
1 |
||
тірек сөздерді орынды қолданады; |
1 |
||
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. |
1 |
||
Барлығы |
6 |
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Оқу жетістіктерінің деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
||
Тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды |
1 |
Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнына болжау жасауда қиналады |
Тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжауда/ тірек сөздерді қолдануда қателеседі |
Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды |
Тақырып бойынша диалогке қатысады |
2 |
Берілген тақырып бойынша сұхбаттасуға қиналады |
Берілген тақырып бойынша сұрақ қоюда / сұраққа жауап беруде/тірек сөздерді қолдануда/ тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді |
Берілген тақырып бойынша сұхбатқа қатысады |
27
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 2.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанры/мәтін түрі) табу
2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату
-
Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған сөйлемін толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Салыстыру арқылы мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды
-
Сөз құрамына талдайды
-
Сөйлемдегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді анықтап, түзетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
-
Мәтіндерді оқы және салыстыр. Салыстыру нәтижесін кестеге түсір.
-
-
-
Ұқсастығы
Айырмашылығы
-
-
-
Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
-
Жіберілген қателерді түзетіп, мәтінді көшіріп жаз.
Асан мен мәди сырғанақ теуіп жүрді. Асан қолғапын жоғалтып алды. Қолы тоңған Асан жылады!
Бағалау критерийі |
Тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
|
№ |
Білім алушы |
|
Салыстыру арқылы |
1 |
мәтіндердің ұқсастығын |
1 |
мәтіндердің ұқсастығы |
|
анықтайды; |
|
мен айырмашылығын анықтайды |
|
мәтіндердің айырмашылығын анықтайды; |
1 |
Сөз құрамына талдайды |
2 |
сөздің түбірін және жұрнағын |
1 |
|
|
анықтайды; |
|
|
|
сөздің түбірін және жалғауын |
1 |
|
|
анықтайды; |
|
Сөйлемдегі |
3 |
бірінші сөйлемдегі орфографиялық |
1 |
орфографиялық және |
|
қатені анықтайды және түзетеді; |
|
пунктуациялық қателерді анықтап, түзетеді |
|
екінші сөйлемдегі орфографиялық қатені анықтайды және түзетеді; |
1 |
|
|
үшінші сөйлемдегі пунктуациялық |
1 |
|
|
қатені анықтайды және түзетеді; |
|
Барлығы |
|
|
7 |
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Оқу жетістіктерінің деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
||
Салыстыру арқылы мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды |
1 |
Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауда қиналады |
Мәтіндердің ұқсастығын/ айырмашылығын анықтауда қателеседі |
Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады |
Сөз құрамына талдайды |
2 |
Берілген сөздерді сөз құрамына талдауда қиналады |
Сөздің түбірін/жұрнағын/ жалғауын ажыратуда қателеседі |
Берілген сөздерді сөз құрамына дұрыс талдайды |
Сөйлемдегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді анықтап, түзетеді |
2 |
Мәтіндегі орфографиялық/ пунктуациялық қателерді түзетіп жазуда қиналады |
Мәтіндегі орфографиялық/ пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазуда қателіктер жібереді |
Мәтіндегі орфографиялық/ пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазады |
30
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
-
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
-
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
-
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі оқылым дағдысын, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
31
Тапсыр ма № |
Ортақ тақырып |
Сөйлеу әрекетінің түрлері |
Оқу мақсаты |
Тапсырманың сипаттамасы |
Тапсырма саны |
Жалпы балл |
1 |
Дені саудың – жаны сау |
Тыңдалым және айтылым |
2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау |
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды |
1 |
5 |
2 |
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті |
Оқылым |
2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 2.2.2.1 Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану |
Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды |
1 |
5 |
Дені саудың – жаны сау |
Жазылым |
2.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу |
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды |
1 |
5 |
32
-
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде )пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
-
Берілген тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып айт.
Тақырып: Спорт – денсаулық кепілі
Тірек сөздер: әр адам, спортпен шұғылдану, мықты денсаулық, шыдамдылық, жаттығу жасау, ойындар, денені шынықтыру, үйірмеге қатысу, пайдалы, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ өмір, спорттың барлық түрі, футбол, күрес, денсаулық кепілі.
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
Білім алушының ықтимал жауабы: Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл күйі көтеріңкі болады. Денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол т.б. Біз отбасымызбен спортпен айналысамыз. Достарымды да спортпен айналысуға шақырамын. |
5 |
Тақырыпқа сәйкес болатын кез келген мәтін қабылданады. |
Тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады – 1 балл. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды – 1 балл. Тірек сөздерді орынды қолданады – 1 балл. Сөйлемдердің құрылымын сақтайды – 1 балл. Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды – 1 балл. |
|||
Барлығы |
5 |
|
Оқылым
-
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Асар жасау - қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл – көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Бұл салт бойынша ауыр жұмыстарды атқару үшін адамдар бір-бірін көмекке шақырады. Мысалы: үй салу, той жасау, ас беру т.б. Асарға келгендер еңбегі үшін ақы алмайды. Үй иесі оларға арнап ас әзірлеп, дастарқан жаяды.
Асар – адамдардың арасындағы өзара көмектің бір түрі. Ол халқымыздың бірлігін, қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.
-
Асар деген не? Белгіле (). -
Асар туралы жалған ақпаратты анықта. А) көмекке шақырады
В) еңбекақы төленеді С) тегін көмек беріледі
Д) үй иесі ас дайындайды
-
Мәтіннің мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырып жаз.
-
Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер (антоним) тауып жаз.
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
2 |
өзара көмек |
1 |
|
В |
1 |
||
Білім алушының ықтимал жауабы: |
1 |
Мәтін |
|
Асарға қандай мақсатпен шақырады?/Үй иесі |
|
мазмұнына |
|
не дайындайды?/Асарға қандай жағдайда |
|
сәйкес басқа |
|
шақырады? |
|
да сұрақтар |
|
|
|
қабылданады |
|
көне – жаңа |
1 |
|
|
ауыр – жеңіл |
1 |
|
|
Барлығы |
5 |
|
Жазылым
-
Мәтінді мұқият тыңда. Берілген жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.
Саматтың добы
Әкесі Саматқа доп сатып әперді. Оның қуанышында шек болмады. Самат добын құшақтап далаға шықты. Ойнап жүрген балалар көріп қасына келді. Допқа қызыға қарады.
Самат допты ортаға тастады. Балалар екіге бөлініп, футбол ойнауға кірісіп кетті. Самат доп қуғандарға қосылып, көңілденіп жүгіре жөнелді. Балаларға ойын қызықты болды.
Жоспар:
-
Саматтың қуанышы.
-
Балалардың футбол ойнауы.
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
3 |
Білім алушының ықтимал жауабы: Саматқа әкесі доп сатып әперді. Самат қатты қуанды. Добын алып балалардың қасына келді. Олар доппен футбол ойнады. Ойын қызықты болды. |
1 |
Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады. |
1 |
Мәтіннің мазмұнын III жақта жазады. |
||
1 |
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды. |
||
1 |
Орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес). |
||
1 |
Пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес). |
||
Барлығы |
5 |
|
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
-
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше |
Тыңдалым және айтылым |
Оқу мақсаты |
2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау |
Бағалау критерийі |
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты |
20 минут |
Тапсырма
|
-
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды
1
тірек сөздердің негізінде мәтіннің не туралы екенін болжап айтады;
1
Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады
2
тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырып айтады;
1
мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды;
1
тірек сөздерді орынды қолданады;
1
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
1
Барлығы
5
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Оқу жетістіктерінің деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
||
Тақырып пен тірек |
1, 2 |
Тірек сөздерге сүйеніп |
Тірек сөздерге сүйеніп мәтіннің |
Тірек сөздерге сүйеніп |
сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды . Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады |
|
мәтіннің мазмұнын болжауда және берілген тақырыпқа мәтін құрастырып айтуда қиналады |
мазмұнын болжауда /тақырыпқа сәйкес мәтін құруда/ мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтауда/тірек сөздерді қолдануда/ сөйлемдер |
мәтіннің мазмұнын болжайды және берілген тақырыпқа мәтін құрастырып айтады |
|
|
|
құрастыруда қателіктер жібереді |
|
37
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?)
мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау
-
Мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін, құрылымын анықтайды
-
Сурет бойынша мәтін құрастырып жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1ге. нБемрәітліндерді оқы .
1-мәтін
2-мәтін
Әр мәтінге сұрақ қоя отырып, түрін анықта. Кестені толтыр.
-
-
Мәтін
Сұрағы
Мәтіннің түрі
1-мәтін
2-мәтін
-
38
|
тырнағы т.б) қандай?
|
-
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін, құрылымын анықтайды
1
сұрақ қою арқылы әңгімелеу мәтінін анықтайды;
1
сұрақ қою арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;
1
Сурет бойынша мәтін құрастырып жазады
2
сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырып жазады;
1
сын есімдерді орынды қолданады;
1
мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
1
сөйлемдерді сауатты жазады.
1
Барлығы
6
39
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Оқу жетістіктерінің деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
||
Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін, құрылымын анықтайды |
1 |
Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтауда қиналады |
Мәтінге сұрақ қоюда / мәтіннің түрін анықтауда қателіктер жібереді |
Мәтінге сұрақ қоя отырып, түріне ажыратады |
Сурет бойынша мәтін құрастырып жазады |
2 |
Сурет бойынша сипаттау мәтінін құрап жазуда қиналады |
Сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастыруда/ мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтауда/ сын есімдерді қолдануда қателіктер жібереді |
Сурет бойынша сипаттау мәтінін құрап жазады |
40
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
-
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
-
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
-
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі-оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
41
№ |
Ортақ тақырып |
Сөйлеу әрекетінің түрлері |
Оқу мақсаты |
Тапсырманың сипаттамасы |
Тапсырма саны |
Жалпы балл |
1 |
Қоршаған орта |
Тыңдалым және айтылым |
2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау |
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды |
1 |
5 |
Оқылым |
2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру |
Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі толық жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды |
1 |
5 |
||
2.4.2.5 Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау |
||||||
2 |
Саяхат |
Жазылым |
2.3.1.1 Мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу |
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды |
1 |
5 |
42
-
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
-
Мәтінді тыңда.
Көктемде жылы жақтан жыл құстары ұшып келеді. Жыл құстарының алғашқысы болып ұзақ қарғалар келеді. Оларды халық «көктем хабаршысы» деп атайды. Содан кейін бозторғайлар мен қараторғайлар келеді. Қараторғайлар келісімен күннің көзі ашылып, жер беті жылынады. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Ең соңынан су құстары ұшып келеді.
Жыл құстары жол бойы талай қиындықтардан өтіп, топ-тобымен туған жерлеріне оралады. Ұя салып, балапан өргізеді. Адамдар жыл құстарын қуана қарсы алады.
Мәтінге сүйеніп, «Құстарға қамқорлық» тақырыбында әңгіме құрастырып айт.
Тірек сөздер: көктем, ауа райы, жыл құстары, ұшып келу, күтіп алу, балалар, көмек, ұя, жем шашу, қуаныш.
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
Білім алушының ықтимал жауабы: Көктемде жыл құстары ұшып келеді. Адамдар оларды қуана қарсы алады. Балалар құстарға арнап ұя, жемсауыт жасайды. Оны ағаштың бұтағына іледі. Олар құстарға қамқорлық жасап, жем шашып тұрады. |
5 |
Тақырыпқа сәйкес болатын кез келген мәтін қабылданады. |
Тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады – 1 балл. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды – 1 балл. Тірек сөздерді орынды қолданады – 1 балл. Сөйлемдердің құрылымын сақтайды – 1 балл. Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды – 1 балл. |
|||
Барлығы |
5 |
|
Оқылым
-
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Жыл сайын мамыр айында Жомарттың әкесі үйінің жанына бір түп жас қарағай көшетін отырғызады. Қазір олардың үйінің алдында жап-жасыл алты түп қарағай иық тіресе өсіп тұр. Жомарт дүниеге келгелі бері әкесі баласының туған күніне арнап, белгі ретінде бір түп қарағай отырғызуды әдетке айналдырған.
Енді, міне, жетінші қарағай да осы мекеннің сәні болып жайқалады.
-
Әкесі Жомарттың туған күніне қандай сыйлық жасайды? Жаз.
-
Жомарт қазір неше жаста деп ойлайсың? Белгіле ().
-
Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін мақалды таңда. Белгіле ().
-
Мәтіннен дара және күрделі сын есімдерді теріп жаз.
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
2 |
Білім алушының ықтимал жауабы: Аулаға қарағай көшетін отырғызады/ аулаға ағаш егеді/қарағай отырғызады/ағаш отырғызады. |
1 |
Сұрақтың мазмұнына сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады. |
Жеті жаста / жетіде |
1 |
|
|
Бабалар еккен шынарды балалар саялайды. |
1 |
|
|
жас |
1 |
|
|
жап-жасыл |
1 |
|
|
Барлығы |
5 |
|
Жазылым
-
Берілген суреттердің біреуін таңда. Сызбаға сүйеніп, сурет бойынша әңгімелеу мәтінін құрастырып жаз.
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
3 |
Білім алушының ықтимал жауабы: 1-сурет бойынша: Жазда әкем екеуміз балық аулауға бардық. Әкем өзенге қармақ салды. Ол бес балық ұстады. Балықтарды шелекке салып қойды. Мен өз қармағыммен шелектегі балықтарды аулауға кірістім. Әкем менің ісіме қарап, күлді. Біздің демалысымыз жақсы өтті. 2-сурет бойынша: Қыздар орманға жидек теруге келді. Маржан мен Ғалия жидегі көп жерге кездесті. Айқайлап басқа қыздарды шақырды. Олар жидек терді. Гүлден тәж жасады. Үйлеріне көңілді оралды. |
5 |
Суреттің мазмұнына сәйкес болатын кез келген мәтін қабылданады. Мәтіннің мазмұны тақырыпқа сәйкес келеді – 1 балл. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлімі, соңы) сақтайды – 1 балл. Орфографиялық нормаларды сақтайды (3 қатеден артық емес)
Пунктуациялық нормаларды сақтайды (3 белгіден артық емес)
Каллиграфиялық нормаларды сақтайды – 1 балл қойылады. |
Барлығы |
5 |
|
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
-
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Kat6anapra ap+anra+ opɵ+
Теруге 19.07.2017. берілді. Басуға 20.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. Шартты б. т.5,6. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574
«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.
010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.