Материалдар / Жиынтық бағалау тапсырмалары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жиынтық бағалау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілі» пәнінен 7-сыныпқа арналған 4-тоқсан бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2020
441
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Досмухамбетова Жуман Тулегеновна Тыңдаушының портфолиосы В бөлімі

Қостанай қ. «ПШО» ЖМ филиалы «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу

және сараптау» бойынша курстар



В бөлімі

«Қазақ тілі» пәнінен 7-сыныпқа арналған 4-тоқсан бойынша

Жиынтық бағалау тапсырмалары


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Бөлімдер : «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым»

«Ғылыми фантастика»




Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40минут

Оқылым – 15минут

Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылымжәне әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.





















Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Тап

сырма

Қамтылған мақсаттар

Тапсырма

лар түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы

Орындау уақыты, минуты

Балл

1

7.1.5.1. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау;



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Білім алушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа байланысты мәтіндер ұсынылады. Оқушы жеке отырып оқиды не тыңдайды. Оқушылар мәтінді тыңдау не оқу барысында проблемаларды анықтап . көзқарастарды ажыратулары керек. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап қолданады. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтар бір-біріне қойылады. Екі білім алушы жеке-жеке бағаланады.

Тыңдалым мен айтылым тапсырмалары сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі;

3-5мин беріледі

10

2-4

7.2.2.1 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;



Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Мәтіндерге қатысты өзінің пікірі мен көзқарасын 4-5 сөйлеммен жазады.

15

10

5

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу;



7.4.1.1 Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу;

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Бұл тапсырмада оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 180-200 сөз көлемінде жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеріп, көркемдегіш құралдарды орынды қолданады. Орфографиялық нормаға сай жазады.


25

10

Барлығы

40 мин

30





«Қазақ тілі Т1» пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

  1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]

1-мәтін

1939 жылдың 1 қыркүйегінде фашистік Германия Польшаға шабуыл жасады. Кейін Англия жəне Франция бұл мемлекетке қарсы соғыс жариялаған соң, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Ал 1941 жылдың 22 маусымында фашист әскерлері Кеңес Одағына соғыс ашты. Оған әлемнің 72 мемлекеті қатысып, 62 миллион адам ажал құшты. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия КСРО-ға тиесілі Брест қамалына (Беларусь) шабуыл жасаған соң, Ұлы Отан соғысы басталды. КСРО-да жүргізілген 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ. Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды. Қысқа уақыт ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын орналастырылып, қазақ жеріне 532 мың 506 адам көшірілді.

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшірілген өзге ұлт өкілдері болды. 1941 жылы республикаға 300 мыңнан астам неміс жер аударылса, 1943 жылы күзінен 1944 жылға дейін Қазақстанға 507 480 адам күшпен көшірілді. Олардың ішінде 45 500 қарашай, 406 000 шешен мен ингуш, 21,150 балқар, 2 200 қалмақ, 4 500 қырым татарлары, 27 600 месхет түріктері және басқа да ұлт өкілдері болды. (150сөз)

https://sputniknews.kz/pobeda/20190509/9936819/9-mamyr-Uly-Otan-sogysy-qazaqstandyqtar-zheniske-qosqan-ulesi.html

2-мәтін

Соғыста ерен еңбегімен көзге түсіп, мерт болғаннан кейін одақтың ең жоғарғы атағы Кеңес Одағы Батыры атанған қаршадай қазақ қызы Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысының Қобда ауданында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Жатсайнан анасынан айырылып, аз жылдар нағашысының қолында болып, кейін отбасы жағдайына байланысты балалар үйіне тапсырылып, соғысқа да сол жақтан аттанады.

1943 жылдың қарашасында Әлия Холм түбінде немістерден «тіл» алу мақсатында жүргізілген барлау соғысына қатысқан. Осы соғыс барысында Әлия солдаттармен бірге немістердің траншеясына басып кіріп, 5 немісті тұтқындаған. Қаңтардың қақаған аязында Насва станциясы үшін қырғын шайқаста 19 жастағы өрімдей қыз жаңбырша жауған оқтың астында сиреп қалған қаруластарын 6 рет шайқасқа өзі бастап шыққан. Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!»деп, айқай салды. Оның соңында бүкіл рота көтеріліп, шабуылға шықты. Әлияның қолына минанаң сынығы тиді, бірақ ол автоматын тастамай, бір неміс офицерін атты. Офицер жауап беріп, Әлия екінші рет жарақаттанды. Соңғы рет Әлия атып, немісті өлтірді. Казачиха деревнясының бастысында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік жағасында достары Әлияны жерледі.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. (150сөз)

https://bigox.kz/aliya-manshuk-xiuaz/



Оқылым

Тапсырма

Мәтіндерді мұқият оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз.


А мәтіні

Қиял- адамға тән қасиет. Қиял дегеніміз адамның қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бейнесін ойда қайта жаңғыртып, өңдеу, ойша өзгерту, шындыққа өз жанынан басқа бір жаңа ой қосып, көзге елестету. Қиял – тек адамға ғана тән қасиет. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар өзгеріске ұшырап, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды ойша қайта жасап, өңдеу кезінде адамның ішкі ойы шешуші рөл атқарады.

Әр адамның қиялы әртүрлі болады.Ол адамның жасына, өмірден көрген –білгеніне, мақсаты мен қызығушылығына байланысты. Қиял шындыққа жақын болса, ол шығармашылыққа оң әсер етеді. Ал, мүмкін емес нәрсені қиялдаған адамның ойы айналасындағылар үшін күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ қиял қалай да адамның ойын дамытып, оны алға жетелейтінін жоққа шығаруға болмайды.

Қиял адам бойындағы ерік-жігерді де тәрбиелейді. Қиялы мен арманы сай келген бала өскенде мықты, ортасында сыйлы азамат болады. Өйткені қиял арқылы алдағы ісінің нәтижесін , өмір жолын дұрыс болжап, көре алады.

(145 сөз)

https://infourok.ru/iyal-adama-tn-asiet-3670369.html

Ә мәтіні

Қазіргі әдебиеттегі фантастика жанрына берілген тұжырымдама біраз жайдан хабар жеткізгендей. «Фантастика – әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін түрі». Демек, ғылымның дамуымен байланысты жұрт қиялынан туған көркем туындылар да дүниеге келе бастайды. Он сегіз мың ғаламның жұмбағы мен құпиясына жіті үңілген сайын адам қиялына да қанат біте түскені баршаға мәшһүр. Жалпы ғылыми-фантастикалық әде­биет ағылшын философы Ф.Бэконның «Жаңа Атлантида» кітабынан басталады. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда планетааралық сапар туралы, кейінірек келешек жайында ғылыми-фантастикалық шығармалар жазылғаны мәлім. Ал «миы – қиял қой­масы» атанған атақты француз жазушысы Жюль Верннің қиял-ғажайып романдары төрткүл дүниені шарлап кетті. Ұлы фантастың «Он бес жасар капитан», «Су астына 80 000 километр сапар», «Капитан Гранттың балалары» секілді кітаптарын қазақ оқырмандарының үлкен-кішісі бірдей жастанып оқығаны белгілі. Қазақ әдебиетіндегі таза фантас­тикалық тұңғыш көркем шығарма – көрнекті маркшейдер-ғалым, философ-қаламгер Ақжан Машановтың 1957 жылы жарық көрген «Жер астына саяхат» повесі. Бұл тосын да, ізашар туынды республикада ғылыми-фантастикалық жанрдың қарқынды қанат жаюына әсер етіп, қиялгерлердің үлкен шоғырын жасақтағаны аян. Қазақ қаламгерлерін де ғарыш әлеміне, жұлдыздар сырына, телегей-теңіз мұхиттар тұңғиығына, жеті қат жер қойнауына, табиғаттың құпия тылсымына ой көзімен барлауға ұмтылдырды.

(160 сөз)
https://egemen.kz/article/31799-uaqyttan-ozghan-qiyalgerler





А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыптары



Стилі



Ерекше сөз қолданыстары



[10]

Жазылым

Тапсырма

Екі ұсынылған тақырыптың бірін таңдап, тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолданып, жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, орфографиялық нормаларды сақтап, жазба жұмысын (мақала, әңгіме) орындаңыз. (180-200 сөз көлемінде)

[10]

  1. Ұлы Отан соғысы талай адамның өмірін әкетті... Әр жауынгер елін, жерін, Отанын қорғау - әр адамның міндеті деп білді. Әрине, Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ата, әкелеріміздің қайтпас қайсарлықтарының,табандылықтарының, еліне деген сүйіспеншіліктерінің арқасында Жеңіске жеттік. Жеңіс туы мәңгілікке желбіреді! Қазіргі жастардың міндеті – елі үшін жанпида болған аталарымыздың арман, өсиеттерін орындап, елін, жерін, намысын қорғау.

Ардақты ардагерлерімізге арнап «Батырларға мың тағзым» тақырыбына мақала жазыңыз. (180-200 сөз көлемінде)



  1. Қазақ фантастикалық әдебиетінің теориясы мен тарихын жазушы , фантастика жанрының алғашқы туындыгерлерінің бірі – А. Мархабаев: «Фантастиканың басты міндеттерінің бірі ғылымды насихаттау екен. Демек, бұл жанрдың басқа әдеби түрлерден ерекшеленіп тұратын оқшау қасиеті болуы тиіс» деген екен.

Осы ойды өрбітіп, қызықты фантастикалық әңгіме құрастырып жазыңыз. (180-200 сөз көлемінде)





























Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзіреттілік

Грамматикалық құзіреттілік

5

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Өз пікірін, ойын басқа да дереккөздер ақпараттарымен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде дәл, нақты айтылған. Өз ойын толық жеткізе алады.

Ойын толық, аяқталған сөйлемдермен жеткізеді. Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөз саптауы дұрыс. Сөздік қоры мол.


4

Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға өз пікірін, жауабын ойланып, әрі орынды және басқа ақпараттарымен байланыстырып жеткізеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

Ойын толық, аяқталған сөйлемдермен жеткізеді. Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер, оқшау сөздерді орынды пайдаланады. Сөз саптауы дұрыс , анда-санда қателер жібереді. Сөздік қоры жеткілікті.


3

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Өз пікірін, ойын мәтін ақпараттарымен байланыстырып жеткізеді. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, талқылау кезінде қолдауды қажет етеді.


Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын орташа түсінеді. Ой мен ойды байланыстыруда граматикалық қателер кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанымен түсінуге кедергі келтірмейді. Қайталаулар кездесіп жатады.

2

Тақырыпты түсінуде қиналады. Өз пікірін, ойын басқа да дереккөздер ақпараттарымен байланыстырып жеткізуде қолдауды қажет етеді.Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты аша алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды. Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөздік қоры ауызекі лексикадан тұрады. Қайталаулар жиі кездеседі. Сөз саптауы нақты емес, түсінбеушілік тудырады.


1

Берілген мәтіндегі мәселені түсінуде қатты қиналады. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде.Күтпеген сұрақтарға жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.

Ойын аяқтамайды. Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Түсінбеушілікті тудыратын қателер жиі кездеседі.



Оқылым

9-10

Mәтiнде көтеpілгeн мәсeлeнi, стилі мен тiлінің сипаттық eрeкшелiктерін өте жақсы түсiнiп талдайды

7-8

Mәтінде көтерілгeн мәсeлені, стилі мен тілінің сипаттық eрeкшеліктерін жақсы түсiнiп талдайды

5-6

Mәтінде көтepілгeн мәсeлені, стилі мен тілінің сипaттық eрекшеліктерін қанaғаттанарлық деңгeйде түсiнiп тaлдайды

3-4

Mәтінде көтepілгeн мәсeлені, стилі мен тілінің сипaттық epeкшеліктерін шектеулі түсiнеді, талдауға талпыныс жасайды.

1-2

Mәтінде көтeрілгeн мәсeлені, стилі мен тілінің сипaттық epeкшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсiнеді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!