Материалдар / Жиырма тиын Ж. Кәрбозин 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жиырма тиын Ж. Кәрбозин 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2018
594
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдебиеттік оқу № 87 19.02.14ж

Сабақтың тақырыбы

Жиырма тиын Ж. Кәрбозин

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрете отырып, түпкі негізгі ойды анықтауларына мүмкіндік жасау.

  2. Досқа адал болуға, адамға мейірімділікпен қарауға, қайырымдылыққа баулу.

  3. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу, талдау дағдыларын жетілдіру.

Оқу нәтижелері

- Ж. Кәрбозин туралы түсінік алады. - Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылықтары оянады. - Ой-өрісі кеңейіп, шығармашылық қабілеттері шыңдалады - Адамгершілікке, адалдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. - Танымдық қабілеттері артады, сөздік қоры молаяды. - Сыни көзқарастары қалыптасады. - Алғырлыққа, қисынды ойлауға үйренеді. - Өзіндік ой топтауға, қорытынды жасауға дағдыланады. - Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдауға үйренеді.

Түйінді идеялар

  • Әңгімедегі негізгі ойды ұғындыру барысында өмірде де әңгімедегідей жағдайлар кездесетінін түсіндіру

  • Досқа адал болуға, адамға мейірімділікпен қарауға, қайырымдылыққа баулу.

Жаттығулар

    1. Үй тапсырмасын сұрау

    2. Жұмбақтар

    3. Мақалдар

    4. Мәтінмен жұмыс

    5. Ой толғаныс

    6. Әңгіме кейіпкерлерін сипаттау

    7. Топтық жұмыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: диалогтық оқыту, топтық, жұптық жұмыс, АКТ, СТО.

Ресурстар

Нақыл сөздер, жұмбақтар, слайдтар.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Білу-түсіну

1.Ұйымдастыру, топқа бөлу.

Қайырлы күн, балалар!

Мен, сіздерді шаттық шеңберіне шақырғым келіп тұр. Бәріміз алақандарымызды бір-бірімізге қаратайық, ал енді алақандарымызды көршіміздің алақандарымен қосамыз.

Қараңдаршы, бізде керемет шеңбер шықты, енді біз бір-бірімізден алақандарымыз арқылы жерден, күннен қуат алғандай болайық.

Күннен шуақ аламыз

Жерден қуат аламыз

Бейбіт күнде шат күлген

Біз бақытты баламыз- ал, енді осы жерден, күннен алған қуат күшімізді жүрегімізге қысайық.

  1. Үйге берілген «Кім жомарт? Не жомарт?» өлеңін «Текше лақтыру» стартегиясы арқылы сұраймын.

  2. Математикалық жұмбақ шешкізу арқылы жаңа тақырыпты ашқызамын.

  3. Әңгіме авторы туралы мәлімет

  4. Әңгіменің не туралы екендігін анықтау мақсатында жұмбақтар жасырамын.

Қардай аппақ,

Балдай тәтті-ақ. (қант)

Екі найзасы бар,

Екі айнасы бар,

Төрт жылтырмағы бар Бір шыбыртқысы бар (сиыр) т.б әңгімедегі кездесетін зат атауларына байланысты сөздерге құрылған жұмбақтар.

«Есте сақтау картасымен жұмыс Жұмбақтардың шешуіндегі сөздерді тақтаға іліп бір рет оқытамын. Содан соң оқушылардың көзін жұмғызып, тақтадан екі сөзді алып тастаймын. Қай сөздің жоқ екендігін тапқызамын. Мадақтау арқылы бағалаймын.

  1. Мәтінмен жұмыс

Үш топқа берілген мәтінді бөліктерге бөліп беремін. Әңгімені оқып, топта талқылап, түсінгендерін айтуды тапсырамын.

1-топқа: Басы; ”Біздің үйде төрт бала бар...

Аяғы: -Өзің түсінсеңші,- балам,-деді”.

2-топқа: Басы;”Апамның жұмсақ үнінен...

Аяғы; жоқ болып шықты”.

3-топқа: Басы;”Табылып қалар деп...

Аяғы; құшағына қысты”.

Мадақтау арқылы бағалаймын.

Топқа бөлінеді.

















Үй тапсырмасын айтады




Математика пәнінен алған білімдерін пайдаланып, жұмбақты шешеді, жаңа тақырыпты ашады.

Бір оқушы үйден ізденіп тауып келген автор туралы мәліметімен бөліседі

Жұмбақтарды шеше отырып, әңгіменің не туралы болатындығын айтады, «есте сақтау» картасымен жұмыс барысында есте сақтау қабілеттерінің деңгейін көрсетеді.


















Топпен жұмыс барысында мәтін мазмұнын түсінеді, бір-бірін тыңдайды.

2 мин



















3 мин




3 мин



5 мин




























8 мин





Қолдану

  1. «Мәтіннен не түсіндім?» өздік жұмыс Смайликтер беріп бағалаймын.


Өз бетінше жұмыс жасап, мәтіннен қандай ой түйгендіктерін қағаз бетіне түсіреді. Өзара пікір алысады.

7 мин


Талдау

  1. Дәптермен жұмыс. Әңгімедегі Асан мен Алтайды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын жазғызамын. Геометриялық фигуралар беріп бағалаймын

Әңгіме кейіпкерлері туралы сын тұрғысынан ойланып салыстырады.

5 мин

Жинақтау

  1. Топтық тапсырма үш топқа «Достық деген не?» , «Қайырымдылық қандай қасиет?» «Мейірімді адам қандай болады?» тақырыптарында постермен жұмыс жасатамын.

Топпен жұмыс істейді.

10 мин

Бағалау

Критерийлар бойынша бағалаймын

  1. Оқушының сабаққа белсенді қатысуы

2. Жаңа тақырыпты түсінуі

3. Топта жұмыс істеуі

Үйге: әңгімені мазмұндау

2 мин

Дарынды оқушылар-ға тапсырма

Әңгімеге ұқсас мәтін құрастыру






































































Жиырма тиын

 Жарияланды 24-10-2012, 13:20 Категориясы: Бастауыш сынып 

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Темірбаева Гүлмира Құлымжанқызы

Сабақтың тақырыбы: Жиырма тиын
Мақсаты:
1. Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.
2. Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын сөз байлығын молайту.
3. Адамгершілікке, бірін – бірі сыйлауға, ата – ананы құрметтеуге, айтқанын тыңдауға, қамқор жанашыр болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, бор, интерактивті тақта, автор суреті, мақал – мәтелдер.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Пән аралық байланысы: қазақ тілі, математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың бір – бірімен ұлттық амандасуы. Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үйге берілген М. Әлімбаевтың Не жомарт? Кім жомарт? өлеңін жатқа сұрау. Тақырыпқа сай мақал жаттау, қосымша сұрақтар беру.
Мақал: Сараңда бар болса да – жоқ
Жомартта жоқ болса да – тоқ.
Жомарттық - айтқан сөзіңді орындау, әділ сөйлеу, қайырымдылық жасау

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
Ана
Ұстаз
Батыр
Жер күн

Ситуациялық сұрақ: Үзіліс – буфет
Қандай болу керек?

ІҮ. Жаңа сабақ
Сабақты математикалық жұмбақ жасырудан бастау.

1. 10 + 10 = ? болады (20)

2. Өткен жылы бүкіл қазақ халқы тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? (20 жылдығын)
- сонымен бүгінгі тақырыбымыз «жиырма тиын» деп аталады.

Қазір біз тиын емес, теңге деп сөйлейміз. Егемендік алғаннан соң 1993 жылы ұлттық төл теңгеміз айналымға енді.
- Балалар, енді осы тақырыбымызға сай мақал – мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.

- Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады
- Жүз сом ақшаң болғанша,
............................................

3. Жәнібек Кәрбозин өмірі. Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған. 1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. «Кербақбай», «Қолғанат», «Қарабек пен қарақшы» т.б. балаларға арналған пьесалар жазды. Оның балаларға арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең жинақтары бар.

4. Мәтінмен жұмыс
а) оқып беру, мазмұнын оқушылармен бірлесе отырып түсіну, талдау.
ә) сөздік жұмыс
милығына –

5. Сергіту сәті: Кім үлкенді тыңдаса
6. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
7. Мәтінді оқушыларға оқыту.
8. Ойын «Сырлы сандық»

Ү. Қорытынды
Мақалмен қорытындылау «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» сондықтан балалар «Адам болам десеңіз»
Мына қасиеттердің қайсысына жақын қайсысынан аулақ болу керек?.........

ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айтуға дайындалу, мақалды жаттау.
ҮІІ. Бағалау.

Қызылорда  облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№249  мектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Бисенбай  Сарқыткүл  Қуанбайқызы

Сабақтың тақырыбы:     Жануарлар жемін қалай аулайды? (2-сынып, дүниетану пәні)
Сабақтың мақсаты:  
А) Дамытушылық. Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөз таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілеттерін арттыру;
Ә) Тәрбиелік. Оқушыларды табиғаттың жанашыры болып қорғауға өз үлесін қосуына, табиғатты қорғау парызын орындауға үйрету;
Б) Білімділік. Тірі табиғаттың ірі бөлігі ретінде қорек түрлері арқылы жануарлардың айналадағы дүниемен кең алқымды байланысы бар екенін, жануарлар қанша көп түрлі болса олардың азық ететін қорек түрінің де сонша әралуандығын, соған қарамастан қорек түріне қарай жануарларды топтастырып, оларды тіршілік ету түрін ықшамды жүйемен танып білуге болатынын түсінуге бағдарлау. Суреттер, сызбалар бойынша өздігінен жұмыс істеу білуге қалыптастыру, ой қиялын, тілін дамыту. Табиғаттың қызығын тамашалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    Проблемалық сабақ
Сабақтың типі:     Шығармашылық сабақ
Әдісі:     Түсіндіру, зерттеу, сұрақ-жауап
Көрнекілігі:        Суреттер, сызбалар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық

Барлығымыз орнымыздан тұрып шаттық шеңберін құрайық. Күнделікті сабағымызды қандай өлең шумағымен бастайтын едік.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Балалар мен үй тапсырмасын сөзжұмбақ жасыру арқылы сұрағым келіп отыр.
1.    Балықтар қай жері арқылы тыныс алады? (Желбезек)
2.    Қысқа азық дайындайтын аң. (Борсық)
3.    Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануар. (Кірпі)
4.    Қыста азығын табиғаттан іздейтін аң. (Түлкі)
5.    Қысқа қарай жүнін өзгертетін жануар. (Қоян)
6.    Мүйізінен дәрі жасалатын жануар. (Бұғы)
7.    Шөптің түсімен түсі бірдей жәндік. (Шегіртке)
8.    Шөлге шыдамды жануар. (Түйе)
9.    Қыста ұйқыға жататын аң. (Аю)
10.    Өмірі жарық көрмей үнемі топырақ арасында тіршілік ететін жануар. (Соқыр тышқан)

Қандай сөз шықты? Жыртқыш жануарларға қандай аңдар жатады?

Жыртқыш аңдар әлі жеткен аңдар мен құстармен қоректенеді. Жыртқыштар басқа жануарлар сияқты табиғат өміріне қажет. Оларды құртып жіберуге болмайды. Олар табиғаттағы көптеген зиянды кеміргіштерді жейді және жыртқыштар жануарлардың ішінен әлсіреген, көп өмір сүре алмайтындарын ғана ұстап жейді. Жыртқыштар осы тұрғыдан алғанда нағыз табиғат санитарлары.
(Бейне көрініс интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.)
Қазір менің қолымда суреттер жасырылып тұр. Осы суреттерді 3 топтан бір-бір баладан шығып алады. Осы алған жануарлардың суретін қағаз бетіне жабыстырып, осы аң туралы не білесіңдер тірек сызба арқылы көрсетіңдер.

Екінші тапсырма.
І-топ. Халық ертегілерінде тіпті ауыл адамдарында қазір де, қасқырды жауыз, ұры, қарақшы деп жек көрушілер бар. Неге? Сен қасқыр туралы өз пікіріңді айт.
ІІ-топ. Аю адамнан, ал адам аюдан қорқады. Онда бұл екеуін бір-біріні жау деуге болады ма?
ІІІ-топ. Аңдарды хайуанаттар паркінде ұстаған дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар?
Балалардан өз пікірлерін сұрау.

Сергіту сәті.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Үшінші тапсырма.
Ертегі құрастыру.

(Әрі қарай өз ой, қиялдарынан ертегі тудыру)

Ең, ең, ең….

Қорытынды. Тест тапсырмалары.

Бағалау.
Үйге тапсырма. Аңшылар туралы әңгіме жазу. Оқулықпен жұмыс.

ЖАНУАРЛАР ЖЕМІН ҚАЛАЙ АУЛАЙДЫ?

22.02.2013 Просмотров: 227 Комментариев: 1

Мақсаты: 1) Жануарлар жемін қалай аулайтынын түсіндіру. Жыртқыш аңдар туралы мағлұмат беру.
2) Оқушылыарды пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, тіл байлығын ,шығармашылық тапсырмалар ақыл- ойын дамыту.
3) Жалпы табиғатты аялап сүйе білуге ,жануарларға қамқорлық жасауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап
Көрнекілігі: жануарлардың суреті , бейнетаспа, дид.мат. кесте
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, ана тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу түгендеу.
Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен
Жылылықты шашайық.
Сәтілік тілеп
Біз бастайық сабақты.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Жануарлар немен қоректенеді?
Жануарлардың қайсысы қандай қоректің түрін ұнататыны анықтап көрейік.
Жануарлар немен қоректенетінін суреттер арқылы сәйкестендіру.
ІІІ. Жаңа сабақ .
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Балалар бүгін ерекше сабақ Сіздерге жұмбақ қоямын, шешуін табайық.
1. Бұлғаңдайды құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі)
Жолбарыс, қасқыр, сілеусінді жырқыштар дейді. Жыртқыштар жемін әр түрлі тәсілмен аулайды. Қасқыр,ит , түлкі дала менорманды кезіп жүреді де жануарлардың ізін табады.Ізге түсіп жорта береді, ақыры жемін тауып,оны қуып жүріп ұстайды. Жолбарыс пен сілеусін жемін тасада жатып аңдиды. Кейде оған бұқпантайлап жетеді деаңдаусызда бас салып ұстап жейді. Мысықтың тышқан аулағаны тәрізді айлакер .Түлкі кірпіні ептеп домалатып әкеп суғатастапжібереді.Ол бауырын жазған кезде бас салып жеп алады.Түлкілердің негізгі қорегі-кемірушілер. Тышқандардың қыбырын олар жер астынан да оңай біле алады.
Дала бүркіті тышқан, құмқоян сарышұнақ сияқтыларды аңдып, көбінесе төбе басындаотырады.Жемін көзі шалып қалсаболды,көкке шапшаң көтеріліп,құйындатып келіп үстіне тұмсығымен шоқып кетеді.
ІҮ. Бейнетаспадан «Жануарлар жемін қалай аулайды».көреміз.
Ү.Оқулықпен жұмыс.
1.Мәтінді түсіндіру.
2.Суреттер арқылы түсіндіру.
А) Қасқыр Бұланды қалай аулайды.
3.Оқушыларға тізбектеп оқыту.
ҮІ. Сергіту сәті.
ҮІІ.Дәптермен жұмыс.
Қолоға қалам алайық,
Дәптрімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдем
і етіп жазайық.
«Кім қалай аулайды?»тақырыбына қысқаша әңгіме жазу.
ҮІІІ: Сабақты қорыту.
ІХ.Үйге тапсырма

Автор: Э.О.ОМЕРКУЛОВА Ақбастау 


алқы есім мен жалпы есім (2-сынып)

Категориясы: Бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, ребус, сөзжұмбақ.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көркем сөз оқу, топтастыру, тірек сызба, Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
376 - жаттығу. Сөздерді оқып, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек
жаз.
кім?----------------- не?
ата ----------------- кірпіш, тауық
апа ----------------- шыны, кептер
ағатай ------------- сағат
інішек ------------- қанат

3. Өткенге шолу
Сиқырлы кестедегі сұрақтың жауабын табыңдар.

- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің сұрақтарын ата.
- Зат есімге мысалдар келтір.

ІІ. Мағынаны тану
1. Суретпен жұмыс:

- Суретке қара олардың астындағы сөздерді оқы.
- Сөздердің бірі кіші әріптен, екіншісі үлкен әріптен басталып жащылу себебі неде деп ойлайсың?

2. Тірек - сызба арқылы

Зат есім
жалқы
жалпы

1. Суреттермен жұмыс
2. Сұрақ - жауап
3. Ережені түсіндіру жұмысы.
2. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті: Ж ж әрпі.

3. Оқулықпен жұмыс
4.«Еркін жазу» стратегиясы.
392 - жаттығу. Жаңылтпаштарды бірнеше рет оқып, жатқа айт.
Кісі аты мен жер атын тап.
Арман атай,
Аралағаны - Тарбағатай.
Арман атай атын
Тарбағатайда тағала алмай,
Айғайды салған атай.

5. Өзіндік жұмыс
393 - жаттығу. Мына жалқы есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.
Сырым, Тайбурыл, Ертіс, Бөрібасар.
6. Сергіту сәті
Шапалақтап қолыңды,
Жай - жай
Міне былай, міне былай,
Жай - жай
Шапалақтап қолыңды,
Тез - тез
Міне былай, міне былай,
Тез - тез - тез....
7. "Топтастыру" стратегиясы
395 - жаттығу. Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді бір бөлек және жалпы есімдерді бір бөлек теріп жаз.

Жалқы Жалпы

8. Көру диктанты
Ақсу, Көксу, Сарысу,
Бұл - сумен түстеп танысу.
Ырғыз, Торғай, Аягөз,
Сай - саланың бәрі су.

Есіліп Есіл ағады,
Жайылып Жайық барады.
Сылаң қақса Сыр сұлу,
Шу шулап атой салады.

9. Шығармашылық жұмыс.
396 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

(Алматы)

ІІІ. Ой толғаныс
1. Венн диаграммасы

2. Сұрақ - жауап:
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Мысал келтіру.
3. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
397 - жаттығу. Жалқы есімдерді бір бағанға, жалпы есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.
4. Бағалау. (Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!