Материалдар / «Жиырма үш жыл – бір ғұмыр, Жарқ еткен сәуле ғұмыр» тақырыбындағы әдеби іс-шара жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Жиырма үш жыл – бір ғұмыр, Жарқ еткен сәуле ғұмыр» тақырыбындағы әдеби іс-шара жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ жазушысы, ақын, публицист, сыншы Саттар Асқарұлы Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, шығармаларындағы адамгершілік идеяларымен таныстыру және оны мектептегі оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануға бағыттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2021
575
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жиырма үш жыл – бір ғұмыр,

Жарқ еткен сәуле ғұмыр»

тақырыбындағы әдеби іс-шараның бағдарламасы

156 ЖББ мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері

Темірғалиева М.Б., Иргебаева Н.А.


Мақсаты: Оқушыларды қазақ жазушысы, ақын, публицист, сыншы Саттар Асқарұлы Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, шығармаларындағы адамгершілік идеяларымен таныстыру және оны мектептегі оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануға бағыттау.


Безендірілуі: жазушы туралы ой-пікірлер, сырлы өлең жанрынан үзінді, сахнаны гүлдермен, музыкалық орталық, басқа да саз аспаптарымен, дауыс үндеткішпен, мультимедиялық проектор, бейнетаспапен қамтамасыз етіледі.

Қатысушылар: жүргізушілер, оқырмандар, оқушылар, мұғалімдер.

Қонақтар: Алматы қаласы Білім беру саласы мұғалімдерінің әдіскерлері, қала мұғалімдері.

Барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі: директордың оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары Темірғалиева Манар Бидахметқызы «Жиырма үш жыл – бір ғұмыр, Жарқ еткен сәуле ғұмыр» тақырыбындағы әдеби іс-шараның мақсатымен, барысымен таныстырды

Манатов Мерей - 1-жүргізуші Қазақ халқының аяулы ұлы, Қазақстанның алғашқы жазушылар съезіне қатысып,

одаққа мүше болған, Қазақстан жастарының Ленин комсомолы сыйлығын алғаш иеленген ұлағатты тұлға Саттар Ерубаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби іс-шараға қош келіпсіздер!

Бөрібай Айша - 2-жүргізуші: Әдебиет – ардың ісі ғана емес, Алланың адам баласына тартқан сыйы. Оның басты мақсаты – адам жүрегіне терең бойлау, жанына сұлулық нәрін егу, рухын асқақтату. Сол ғибратты тағылымға адал болу кез келген суреткердің мұраты.

Ендеше бейнетаспаға назар аударайық. (Саттар туралы бейнетаспа көрсетіледі)

Манатов Мерей: Саттар Ерубаевтың суреткерлік шалымы алуан қырлы. Новеллалары, балладалары, сатиралық суреттемелер мен серкесөздері, роман, сын мақалалары, аудармалар, өлең жолдары халқымыздың рухани игілігіне қызмет етіп жүр.

Бөрібай Айша: Уақыттан мықты құдірет жоқ дегенімізбен оның қайраны жүрмейтін жандар болады екен. Осының бірі - Саттар Ерубаев. Саттар Ерубаевтың аяулы есімін айрықша сезіммен аялайтындар уақыт озған сайын көбейіп, молая бермек. Мейірімсіз өмір оны 23 жасында арамыздан жұлып әкетсе де, сол сұм өлімді «мәңгілік өмірмен» - шығармашылық еңбегімен жеңген ұлы дарын.

1 минут үнсіздікпен Саттар Асқарұлы Ерубаевты үнсіз еске алайық.

Манатов Мерей: Қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, алғашқы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, жалындаған жастық ғұмыры қамшының сабындай қысқа болған Саттар Ерубаев тірі болғанда 2014 жылы 100 жасқа толар еді.


         Бөрібай Айша: Құйрықты жұлдыздай ғана қысқа ғұмырында соңына мол мұра қалдырып кеткен каламгер Саттар Ерубаевтың туған жылы туралы әртүрлі деректер айтылып жүр. Соған назар аударыңыздар.

Ганиева Бану: Барлық деректерде Саттар Ерубаевтың 1914 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарасты «Арыс» совхозындағы Ұзынқұдық» жайлауында туғаны жазылған. Саттар дүниеге келген кезде Саттардың әкесіне жақын ағайыны Тебейдің үйіндегі Тәлімі дейтін шешеміз «Бапаны келін қып түсіргеннен кейін Асқармен жаз жайлауымыз да, қыс қыстауымыз да бір болатын. Саттар күзем алып болғаннан кейін Ұзынқұдықта туды. Ал менің Әмзем одан екі ай кейін тоқсанның басында туды», – дейді. (Саттар Ерубаев. Мәңгілік өмір. Алматы, «Жазушы». 1994, 448-бет)


Дүйсенбаева Жансая: Саттар Ерубаевтың «Мәңгілік өмір» дейтін новелласында мынадай дерек бар. «Бұл 1920 жылы болатын. Онда мен 7-де едім», – деп жазады. Мұнда 1913 жылды меңзейді.

Манатов Мерей: Саттар Ерубаевтың өмір жолдарына шолу.

Алиасқар Мадина: Саттар Ерубаев 1923 жылы Түркістан жеті жылдық мектебінде оқыды. Осы мектепті үш жыл оқығаннан кейін, комсомол қатарына өттіп, аудандық комсомол бөлімінде біраз қызмет істеді. Зейінді жас екені ескеріліп, ол жоғарғы оқу орындарына Алматыдағы дайындық курсына жіберілді. Курсты озат аяқтағанан кейін 1930 жылы Қазақтың оқу комиссиариатының жолдамасымен Ленинградтың тарих – философия – лингвистика институтына түсті. Институтта оқып жүріп қоғамдық жұмыстырға белсене қатысты, институт газетінің алқа мүшесі болып, біраз мақалалар жазды.

Уралбаева Ақсұлу: 1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын, Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді.

Жармұхамбет Айбарыс: Институтта жақсы оқығандығы үшін жыл сайын сыйлық алып отырды. 1933  жылы институтты бітірерде Саттар Ерубаев «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлтшылдық әдебиеті» деген диплом жұмысын профессор Медведевтің басқаруымен өте жақсы қорғап, аспирантурада қалдырылды.

Тұрған Мәди: Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша С.Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, С.Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар оқуын қалдырып, елге оралады. Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары "Ленинская смена” газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, "Лениншіл жас” газеті редакторы; мәдениетте 1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры; білім беру саласында, Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы қызметтерін атқарды.

 Баймұхан Арай: Мұнымен қатар 1934-1935 оқу жылында Алматыдағы жоғары ауылшаруашылық мектебінің философия кафедрасында ассистент болды, лекция оқып, семинар жұмысына басшылық етті. «Лениншіл жас» газетінің жауапты редакторының орынбасары болып жүргенде ашылайын деп жатқан (Қазіргі опера және балет) театрдың директоры болып істеді. Ал 1934 жылы Өлкелік партия комитеті «Қарағанды пролетариаты» газетінің редакторы етіп тағайындады. Қаламы ұшқыр, пікірі таза, дарынды қаламгер С.Ерубаев сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі болды.

Туралиева Динара: 1935 жылдың жазында С.Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар окиды.

Амангелді Аида: Бірақ бойын әбден мендеп алған ауыр дерт Саттарды 1937 жылдың екінші маусымында Алматы қаласындағы Турксиб ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді.

Жақсылық Нұрсұлтан: 1966 жылы Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді. Шымкент қаласында Саттар Ерубаев атындағы мектеп бар.

Манатов Мерей: Көрнекті тұлға Саттар Ерубаевтың шығармашылығына шолу жасайық.

Туралиева Динара: 1932 жылы «Тракторшы Камалдың жыры», «Үш шахтер туралы баллада» деген жырлары жарық көрді. Осы жылдары М.Жангалинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиетінің хрестоматиясын құрастырды.

Салиханова Балжан: Қарағандыда істеген жылдары атақты «Менің құрдастарым» романын жазады. Ол ауырып жүргеніне қарамастан жазуын тоқтатпады, ол да С. Сейфуллин, Б. Майлин, т.б. жазушылар сияқты советтік құрылысты насихаттады. Оның өмір жолы, шығармалары – Қазақстан тарихының, қазақ әдебиетінің бір ұшқыны, бір ғана бөлшегі еді. Саттар Ерубаев «Тракторшы комсомолдың жыры», «Колхоз базарында», «Ақын жыры», «Үш шахтер туралы», «Меруерт алқа», т.б. балладарын «Бақыт», «Өмір көркемдігі», «Келесі соғыс туралы» новелларын, бірнеше сатиралық әңгімелер жазды. «Өмір келбеті» (1933), «Төрт қыз» (1935) очерктері, «Жалқаулар» (1933), «Сенбіліктен қашқан бәтеңке көрдіңдер ме?» (1933) атты сықақ әңгімелері мен шығармалары жаңа өмірдің белсенді жыршысы болды. «Қолқабыс» (1933), «Балалар әдебиетін жасайық» (1934), «Ақындарға ашық хат» (1934) публицистикалары да сол кездің өзекті мәселелеріне арналған.

Қайроллақызы Айназ: К. Чуковский, А. Сурков, Ю. Березин, И. Эренбург сынды жазушылардың бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның үстіне қаншалықты қоғамдық қызмет атқарды десеңші. С. Ерубаев - «Өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай» өткен талант. Бірақ Саттар Ерубаев сұм өлімді «Мәңгілік өмірмен» - шығармашылық еңбегімен жеңді.

Бөрібай Айша: Құйрықты жұлдыздай ағып өткен С.Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен, журналистика саласындағы білікті ізденістермен, әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша жазылған өлең, баллада, пародияларымен елең еткізді. Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады.

Манатов Мерей: Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді.

Парахатова Асель: Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер, сын мақалалар жазады. Оның қаламынан "Бақыт”, "Мәңгілік өмір”, "Өмір көркемдігі”, "Келесі соғыс туралы” новеллалары, "Өмір туралы рапорт”, "Үш шахтер туралы баллада”, "Меруерт алқа” тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен. Қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады.

       Бөрібай Айша:  Ұлы ақын Абай:

              «Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,

              Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.

             Артыңда сөзің менен ісің қалса,

             Өлсең де өлмегенге боларсың тең!»

Қандай тауып айытқан десеңізші! Әдебиет әлемінде талай қыршын жас ақын, жазушы «Құйрықты жұлдыздай» жалт етіп ағып өткені мәлім. Бірақ солардың ішінде қысқа өмірімен, өз халқы алдындағы перзенттік борышын ақтап кеткен сол асыл жастардың бірі-Саттар Ерубаев.

       Манатов Мерей: Біздің бүгінгі кештегі мақсатымыз Саттар Ерубаевтың өмірін бастан-аяқ баяндау емес, қазақ әдебиетін оқушыларға, әсіресе балаларға, оның өмірін, адамшылық тұлғасын, ақындық талантының шеңберін дұрыс ұғындырып, ой салып, есте қалдырсақ демекпіз. Саттар өз шығармаларында «Мен Түркістанда, әлемге белгілі Қожа Ахмет Яссауидің түбінде тудым. Әкем де, шешем де асқан ақын адамдар болған», - демекші ол он жасына дейін әкесі Асқар мен шешесі Бапаның тәрбиесінде болған. Ерлі-зайыпты екеуі де ақын, меймандос, сауыққой, бұл үйден қашан да өлең – жыр үзілмеген. Саттар оның көбін жаттап айтқан, ең алғашқы әріпті үйретіп, оқуға баулыған да - өз әке-шешесі. Баласының зеректігі мен дарындылығын сезген ата-ана оны Түркістан қаласындағы Абай бастауыш мектебіне оқуға береді.

Бөрібай Айша: Саттар кітапты көп оқитын және тез оқитын.

Исенбаева Анель:  «Ауылыма өлмеушілік мен әкеле жатыр ем,

                              Анау әне жәшіктегі кітаптарды оқып па ең?

                              Ол  кітаптар көсемдердің еңбегі,

                              Ол еңбектер - мәңгі жасау, өлшеушілік өрнегі.

Сол еңбеті өлмейтұғын, өшпейтұғын, ағатай,

                              Мен ауылға алып келе жатыр едім шаршамай.

                               Жеткізбестен тап дұшпаны жол үстінде сұлатты,

                              Бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты.

                              Мен өлермін алтын күннің шығуына қарамай,

                              Ауылыма кітаптарды жеткізіп бер, ағатай»,-деп Саттар Ерубаев өзінің «Мәңгілік өмір туралы жыр» атты өлеңінде жырлағандай, оның қазақ әдебиетінен оқымағаны қалмады. Айрықша баулап жүрген ешкімі болмаса да, жарып шыққан таланты оны дамыл таптырмаушы еді. Ол өлеңді 12-13 жасынан бастап жаза бастады. Сондағы өлеңдерінің аттары «Алақожа ата», «Жеті ата», «Шекшек ата», «Алақоржын», «Кірбазар», т.б. бұлар халықтың өмірін бейнелейтін өлеңдер болатын.

        Манатов Мерей: Саттар жеті жылдық біліммен орысшаны шала ғана біліп, Ленинградтың орыс әдебиеті институтына түсіп, оны жиырмаға жетер-жетпесен бітіріп шықты, балалар байқадыңдар ма? «жиырмаға жетер-жетпестен», ол Ленинградтан қайтқаннан кейін сұлу поэзияның, жан тебірентерлік лириканың өкілі болуды көздеді.

              Ганиева Бану:                       Өлке!

                                     Жиырма жылдың бойында,

                                     Өсіп ем-ау қойныңда,

                                     Бірақ кетіп оқуға,

                                     Жырлар жырлап бермеп ем,

                                     Өзгерістер жайында, - деп жас талант өзінің өлкесіне борыштар екенін сезіне, мойындай оралады. Өлеңдерінің тақырыбы сол кездегі Қазақстанның зор өзгерістері мен ұлы істерін жырлауға арналады. Ол «поэзияның зор қару» екендігін айта келіп:

                                     «Өлеңменен өлкеме

  Көмегімді бере алам, - деп қуанады»

Ән «Туған жер», орындайтын Уралбаева Ақсұлу

       Бөрібай Айша: Саттар Ерубаевқа ақындық әперген поэзиялық шығарма - баллада. Ал, ол кезде біздің қазақ әдебиетінде баллада жазу дәстүрі кенжелеу болатын. Осы баллада әдебиетімізге Саттар арқылы кірді. Баллада дегеніміз, балалар, сюжетті лироэпикалық шағын көлемді шығарма, поэзияның бір саласы. Ол «Өмір туралы рапорт», «Меруерт алқа», «Күзгі фрагмент», «Үш шахтер туралы баллада» жазды. Енді, балалар, ақынның «Үш шахтер туралы» балладасын тындайық.

       Талғат Жасұлан:   (шахтер):

                                     Жер астында, жер бетінде атақты

                                     Қарағанды жалғыз менің атымменен атапты.

                                     10 минутта вагон көмір – қуанышты жөнелтем.

                                     Шахта күтед қараңғыда: «Маған қашан келмек» деп

                                     Гудок тағы айқайлайды жаса, жаса еңбек деп

      Еренгайфұлы  Елімай  (2 шахтер):

                                     Мені Отан отыз өлшеп, отыз сынап байқады.

                                     Мен келгенде көп вагондар бәйге атындай жарысады,

                                     Вагончиктер су боп терлеп ауыздықпен алысад,

                Түскеннен соң ие болып атағына даланың,

                Жеті қабат жер астының билігін қолға аламын.

                Отан айтса: мынау жердің маған әпер тастарын,

                Құс сойғандай қопарамын жеті қабат астарын,

                Міне, шықтым Қарағанды қаласына аттап-ақ,

                Атағыммен астанаға құстай ұшып барғанмын. 

         Серік Ернар:  (3 шахтер):                          

            -   Отанымның түкпірлері мені тегіс біледі.

                Мен түскенде шахта астына сындырғандай ырғайды,

                Мен түскенде сағат құсап жер өмірі тынбайды,

                Бүкіл елім құлақ түріп қимылымды тыңдайды,

                Алпыс вагон, алты уысыма толмайды.

                Әрбір күні мен шыққанда талқан қылып таудайды,

                Жер бетінде әрбір күні көмір-қала орнайды,

                Ақын тұрып еңбек жырын мен туралы жырлайды.

                Ұлы Отаным мен туралы күрес күйін толғайды.

 Манатов Мерей: Міне, балалар, үш шахтердің еңбектерін Саттар осылай деп жырлаған. Өзінің аз ғана өмірінде 20 шақты поэзиялық шығармалырымен ақындық атаққа ие болған.

         Бөрібай Айша: Саттар Ерубаев – саналы қысқа өмірін өте жемісті өткізген азамат. Абай атамыз айтқандай, дүниенің кетігін тауып, кірпіш боп қалануды көздеп, көп еңбек етіп, бірқатар публицистикалық шығармалар жазған нағыз журналист болған. Ол «Социалды Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»),  «Қазақ әдебиеті», газеттерінің бетінде, «Ақындарға ашық хаттар», «Көркем өнер туралы хат», «Не айтар еді?» атты мақалалар жазды. Бұл шығармаларында поэзияны ойлы да көркем ету, комедия жанрын тудыру, әсіресе, жас жеткіншек балалар үшін шығармалар жазу мәселесін көтерді

        Манатов Мерей: Осы мақалаларының ішіндегі «Не айтар еді?» шығармасын балалардың орындауында тыңдап көрелік. (Театрлаған қойылым көрсетілетін жерді күні бұрын дайындап қою керек. Ол шағын бөлме ретінде, оның төр жағында 9 жасар қыз бала үлкен, қалың кітаптарды бірінен соң бірі алып ақтарады, әлденені іздейді, ал жанында үстелде жазу жазып әкесі отыр.)
Әке рөлінде:
Қызы: Кадвай Бақытжан

          Әкесі: Неге күрсіңдің, қалқам?

          Қызы: Маған суреті бар, қызық кітап керек.

          Әкесі: Кітаптарың бар еді ғой.

          Әкесі: Папау-ау, ескі кітаптарым жыртылып қалған, жаңа кітабым жоқ.

          Әкесі: Әнеукүні «Қарағанды», «Дүз» деген кітаптар әкеліп беріп едім ғой.

          Қызы: Олар қызық емес.

          Әкесі: Енді қандай кітап керек? Ә ... әлгі... «Орақ», - сонсын «Малта»...

          Қызы: Сондай кітап керек, Папа!         

         Әкесі: Қалқам, ондай кітап жазатын Асқар ағаң еді, соңғы кезде ол да  балаларды ұмытып барады. Сәбит, Мұхтар, Ғабит ағаларың балаларға арнап кітап жазған емес, әлде балалар туралы жазу ұсақ, өнімсіз дей ме екен?

          Қызы: Папа-ау, оларға ешкім балаларға кітап жазбайсың деп ұрыспай ма?

       Әкесі: Ұрсады, қалқам, ертең жазушылардың үлкен жиналысы болады. Онда әркім өз ісіне есеп береді, сұрақтар қойылады. Сонда олар балалар әдебиеті туралы не дер екен, тыңдармын-ау.

      Бөрібай Айша:  Міне, балалар, осындай сұрақтарынан Саттар Ерубаевтың қазақ әдебиетін жетік білетіндігін, оның өзекті проблемалары мен даму бағдарын дұрыс аңғара алғандығын, әлі күнге дейін осы сұрақтардың өз мәнін жоғалтпағанын және оның білімі мол сыншы екендігін көреміз.

     Манатов Мерей: Саттар Ерубаев өрістеген ойды, қиялды, өмірді шынайы да қомақты көрсетуге мүмкіндік беретін прозаға ерекше ден қойып, әдебиетіміздің алтын қазынасына өзінің бірнеше новеллалары мен атақты «Менің құрдастарым» романын қосты. Ол «Менің құрдастарымды» жазудан бұрын өзінің қаламын прозаның кіші түрлері арқылы ұштап алды. Оның «Өмір келбеті», «Төрт қыз» деген очерктерінде нақтылы өмір шындығының мәнді құбылыстары іріктелініп алынып, тартымды суреттелген. Ал «Бақыт», «Өмір көркемдігі», «Мәңгілік өмір» новеллаларында жастарды өздеріңдей балаларды бақытты өмір сүру үшін күресу керектігін, Отанды сүюге, адал еңбек етуге шақырады.

        Бөрібай Айша: Сонымен, балалар, Саттар Ерубаев көркем прозамен қатар адам жанын тебірентетін поэзияның да өкілі бола білді. Өз заманының көкейкесті мәселелерін жаза біліуде ол қазақ публицистерінің алдыңғы қатарында болды. Осылайша, аз өмірінде көп еңбек етіп, артына жастық жалынға, шығармашылық шабытқа, өршіл романтикаға толы еңбектерін тастап, қазақ әдебиетінің қасиетті төрінен жазушы ретінде өзіне тиісті орнын алды. Иә, балалар, сендер үшін Саттар Ерубаев өмірінен, оның еңбеккерлігінен, табандылығынан үлгі алу – үлкен парыз.

Манатов Мерей: Аяқталмаған "Менің құрдастарым” романы - бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма.

Кадвай Бақытжан:   С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде Саттар: "Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!” депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды. Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім "Менің құрдастарым” романын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман - қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдардағы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды.

Айқынқызы Ділназ: Саттар Ерубаев «Менің құрдастарым» романында көмір өндірісінің қайнаған өміріне терең үңіліп, жас қазақ инженерлері мен жұмысшыларының өсу жолын, өмір шындығын, адамдар арасындағы адамгершілікті суреттеген. Бас кейіпкерлер Рақмет пен Лиза арқылы жаны таза, білімді, жігерлі жандардың бейнесін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп ұсынады.

Жеңіс Амина: Саттардың көлемді тұңғыш та ақырғы, атақты жалғыз романы - «Менің құрдастарым». Бұл романды жазардан бұрын өзінің қаламын прозаның кіші түрлері арқылы ұштап алды. Оның очерктерінде өмір шындығы дұрыс іріктеліп, адамның мінез-құлқын сипаттайтын детальдар жарқын көрініп отырды. Осы прозаның үлкен жанрында өндіріс адамдарының жан күйін қызғылықты етіп суреттеген алғашқы туындыларының бірі. Романның аяқталып бітпеуі, шығарманың негізгі сюжеттік, тартыстық желілері ақырына дейін тартылып үлгермеген. Сонда да болса «Менің құрдастарымның» үлкен ойға, білікке құрылғандығы, таңдаған байланыстары, проблемалары, тапқан қаһармандары, олардың өсу жолдары өз кезіндегі әдеби елеулі құбылыстардың бірі болды. Мәселен, Рахмет, Ықылас, Лиза бейнелері өмірден алынған жанды бейнедей әлі де әсерлі. Көшпелі кедей отбасында дүниеге келіп, жоғары оқу орнын тамамдаған. Инженер атағын алып, жиған білімін, бойындағы қайратын Отанына қалтқысыз беруге талпынды. Қарағандыға келіп өндіріске орналасқан Рахмет образы сол кездегі әдебиетімізге келген жаңалық деуге болады.

Әбілтай Дина: Бұл күнде елімізде қазақ жастарынан шыққан инженер де, техниктер де аз емес, олардың көркем шығармаға енген әдеби бейнелері де мол, бірақ 1930 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі Рахмет образына барабар келетін ұнамды тұлға некен саяқ ұшырайтын еді. Автордың озық идеалы Рахмет пен Лиза бейнелері арқылы көрініс тапқан. Рахметтің талғамы күшті, өмірдің барлық саласынан жеткілікті хабары бар, мәдениет шыңына ұмтылған өршіл жігіт. Рахметтің өз айналасындағылардан шоқтығы биік. Романдағы Лиза образының сипаты Рахметте

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!