Материалдар / Ж.Жабаев.Ғылыми жоба жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ж.Жабаев.Ғылыми жоба жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл шығармашылығындағы ауыз әдебиетінің көрінісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2023
416
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туылғанына 175 жыл.

Тақырып: «Жамбыл жырларындағы фольклорлық сарын»

Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың ауыз әдебиеті үлгілеріне тән шығармаларына талдау жасау.

Міндеті: Жамбыл шығармашылығына жаңа көзқараспен қарап, оның поэзия әлеміндегі орынына баға беру.

Өзектілігі: Ақын шығармаларында тұрмыс- салттық, әдет-ғұрыптық жырлардың көрінісі,қазақ поэзиясы әлеміндегі фольклорлық сарынның жалғасы екенін таныту.



Жоспар

Кіріспе:

1.1. Ақындық жолы,жалпы шығармашылығына шолу жасау.

Негізгі бөлім:

2.1 Жамбыл туындыларының жанрлық- стильдік және көркемдік ерекшеліктері.

2.2. Өлеңдеріндегі фольклорлық (тұрмыс-салт) сарын.

Қорытынды бөлім:

















1

Жалған ақын кез болса,

Жасқанып жол бермедім.

... Өтірікті сүймедім,

Дүние үшін күймедім.

Алтынына біреудің

Жолда жатса тимедім.

[Жамбыл Жабаев]

Өлең сөздің дүлділі атанған суырып салма ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы қарсаңында оның әдеби мол мұрасына тағы да бір үңіліп, зер сала қарап, үн қосып көрейін. Бүгінгі таңда Жамбыл ақынның туындыларын жаңаша көзқараспен қайта оқып, оның сыни бағасын дұрыс бере білуіміз керек.

Өзі айтқандай өзекті жан өмірден озса да, оның рухани мол мұрасы әдеби туындылары, шығармашылығы өлмеген. Қазақ халқының маңдайына бақ боп біткен Ұлылардың бірегейі Жамбылдың таланты мен ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жетіп, мәдени мұралардың ішіндегі ең асылы қазына -лардың біріне айналып отыр.

Поэзия әлеміне он бес жасынан араласып, 85 жыл қолынан домбырасы түспеген жыр алыбы өз заманында жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанды.

Жамбыл әрі эпик, әрі айтыс ақыны,абыз жырау,әрі жауынгер жыршы. Ол импровизациялықтабан астында суырып салып айтудың, қиып айтудың қас шебері. Ақын заман туралы жырласа да, адам туралы сыр қозғаса да өмір шындығын үлкен халықтық мұрат тұрғысынан суреттейді.Жамбыл халықтың, қалың елінің сөзін сөйлеген.

«Менің өмірім» өлеңінде:

Келгенде жеме-жемге, елде қалдым,

Шалшыққа шатылмадым, көлде қалдым.

Шалқардың шалқып жүрген мен аққуы,

Келмеді сасық,шалшық жерде қалғым- дейді.

Жамбыл Жабайұлы 1846 жылдың 28 ақпанында, қазіргі Жамбыл облысында, Жамбыл тауының етегінде, Жапаның, елге қадірлі Ыстыбай ақсақалдың отбасында дүниеге келеді.

2

Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.

Жамбылдың әкесі Жабай,анасы Ұлдан.

Жамбыл өмірге келгенде қыс мезгілі, атасы Ыстыбайдың ауылының Қоқан шапқыншыларынан қашып жүрген кезі екен.

Жамбылдың ең жақын ата-бабаларының арасында ақындар да, әншілер де болмаған. Дегенмен арғы аталарынан тараған ұрпақтар арасында өнер адам- дары болған.

Жамбыл ақындық жолға түсуге әкесінен бата сұрағанда әкесі оған:

«Екейде елу бақсы, сексен ақын» деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай ақ қой деп ұлының ақындық жолға түсуіне қарсы болады.

Ал оның анасы Ұлданның нағашы ағайы Қанадан танымал музыкашы және композитор болған.

«Ер жігіт нағашыға тартып туады»деген сөз текке айтылмаған- ау.

Анасы Ұлдан Оразымбетқызы жаныс елінен. Жамбылдың кескіні анасына тартқан екен.

Жамбылдың шыққан тегін шежірелеп тарқатсақ:

Ұлы жүз Бәйдібек батырдың ұрапқтары. Бәйдібек Жамбылдың он бесінші бабасы екен.

1. Шапырашты Жамбылдың он бірінші бабасы.

2. Екей Жамбылдың оныншы бабасы.

3. Жиембет батыр.

4. Бертіс.

5. Өтеп Жамбылдың жетінші атасы.

6.Сопақ.

7. Сәдібек.

8.Байтөбет.

9.Ыстыбай.

10.Жабай.

11. Жамбыл.

3

Жамбыл Жабаев «Менің өмірім» шығармасында өзінің өмірі жайлы 10 жаста өлеңге көңіл бөлгенін, 15-16 жасында бүкіл ауыл таныған ақын болғанын, 15 жасында қатарластарымен тең басқанын, 17 жасында жаңа биікке самғағанын, 17- 18 жасында айтысқа араласып, қатарластарынан озғанын айтады.

Топ десе он жетімде тартынбадым,

Семсердей майдандағы жарқылдадым.

Ақынды ауылға ермек басып озып,

Жұлдыздай көзге түсіп, жарқылдадым, - дейді.

1938 жылы жырланған «Ақын болдым он үште» атты ғұмырнамалық 7-8 буынды толғау-жырында 13 пен 76 жас аралығындағы өмір жолынан елес береді, 15 жасында атақты Сүйінбай ақыннан бата алғанын айтады.

Менің пірім Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай.

Сырлы сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай... -деп  Сүйінбай Аронұлын өзіне ұстаз санады, оның батасын алып, ақылын тыңдап, тәлім-тәрбие алды.

«... Домбыра садақ, өлең сол садақтың оғы, оны шебер пайдалана біл. Ең бастысышыншыл,әділ бол,халықтың ойындағысын таба сөйле, дұшпа -ныңа батыл, досыңа асыл бол!»- дейді ұстазы Сүйінбай өз батасында.

20 жасынан елге танымал ақын болып, айтысқа түсе бастайды.Жиырма жастан асқанда ауылынан ұзап шығып, жыр айтып саятшылық құрады.

«Жылқышы» , «Пұшықтың ұрыға айтқаны» өлеңдерін осы кезде шығарады.

24-25 жасында Айкүміспен, Бөлектің қызымен айтысады. Сарамен 1875 жылы Қарқара жайлауында кездеседі.

27 жасында Айқыл елінде Қыдырма қызы Бұрыммен танысады.

Жамбыл өзінің 75 жылдығында айтқан «Менің бақытым» өмірбаянында «Мен өзімнің барлық өмірімде қыр қожайындарының бетіне шындықты қорықпай айтып, шайқасумен өттім» дейді.

Жамбыл домбыра ойнауды ерте жасынан үйренді. Жасынан өлең-жырға қанып өседі. Оның қай туындысы алып қарасақ та қазақ халқының ауыз әдебиетінің яғни фольклорлық сарынның лебі есіп тұрады.

4

Бүгінгі таңда оның кеңес өкіметі тұсында туындаған шығармаларына солақай пікір айтатындар да жоқ емес. Ол естігенін, көргенін айтты, замана шындығын жыр етті.Сондықтан да біз оған сын көзімен қарап, ол күн мен бұл күннің арасындағы замана ағымына сай болып жатқан өзгерістерге түсіністікпен қарап,өз бағасын дұрыс беруіміз қажет деп ойлаймын. Халқының сөзін сөйлеген, жалпы қазақты, адамзатты ардақтай білген Жыр Жамбыл халқының жүрегінен терең орын алды.

Ол жастайынан Алатау, Қаратаудағы ақындармен кездескен, оның ақындық ортасы мықты болған. Жамбыл Сүйінбай, Шөже, Майлықожа, Құлыншақ, Бөлтірік сияқты өнер иелерін өзіне ұстаз санап, тәлім алады.

Жамбыл он бес жасында Шорман деген қойшыдан «Сүйінбай мен Тезек төренің айтысын» үйреніп алады.

Қуандық, Тілеміс,Орақбай, Сауытбек, Қылышбай, Уәйіс сияқты өз замандастарымен және қырғыз елінің ақындарымен де жыр додаларында бірге болып, өзінің ақындық шеберлігін шыңдай түскен. Ол бозбала шағының өзінде -ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.

Жамбыл тек ұстаздарынан ғана емес , сонымен қатар өз замандастары: Сарбас, Қалабай, Қуандық, Қожантай, Досмағамбет, Әмір,Шөже, Бөлтірік,Майлықожа, Құлыншақ, Балуан Шолақ, қырғыздың манасшы, жомақшылары: Балық, Тыныбек,Қалығұл, Қатаған, Арыстанбек, Найманбай,Қалмырза, Шойке, Сағымбай, Жақшылық, Тоқтағұлдардан да өнеге алған.

1875 жылы Шапырашты руының ең ықпалды адамының бірі болған Сарыбайдың жылына орай берілген асқа көп халық жиналды. Сол жиында ақын қонақтарды суырып салма өлеңдерімен қарсы алды. Жамбыл ақын Сарыбайдың жауға қарсы күрестегі батырлық әрекеті жайлы, Қоқан басқын- шыларымен шайқаста ерлік көрсеткен Шапырашты руының айтулы азамат

батырлары туралы жырлады. Осыдан бастап оның импровизациясы тарихи оқиғаға айналды. Бұл ақынның көпшілік алдында алғаш рет өнер көрсетуі болды.

Жамбыл жасынан мақтаншақтықты, мансапқорлықты, жалғандықты, дүниеқұмарлықты қаламағанын мына өлең шумағынан көреміз

Жалған ақын кез болса,

Жасқанып жол бермедім.

5

... Өтірікті сүймедім,

Дүние үшін күймедім.

Алтынына біреудің

Жолда жатса тимедім.

Жалпы Жамбыл Жабаевтың туындыларын жинақтай келе оны жүйелі түрде үш кезеңге бөліп қарастырамыз. Бір ғасырға жуық өмір сүрген ақын

екі ғасырдың куәгері болды, екі түрлі қоғамда өмір сүрді.

Бірінші кезеңі 1860- 1917 жылдар арасында айтылған өлең- жырлары мен айтыстары, дастандары. Бұл туындылары ел ішіне ауызша тарады. Ауыз әдебиетіне тән құбылыс бойынша өзгеріске ұшырап, түрлі нұсқада берілуі әбден мүмкін болған дүниелері. Бұл жылдары айтылған дүниелері кейін кеңес өкіметі тарапынан белгіленген хатшылары көмегімен хатқа түсті.

Жамбылтанушы ғалымдар оны ақынның қайта есіне түсіріп айтуынан, шәкірттерінің жырлауынан, ел ішінен жинақтады.

Екінші кезеңге 1918- 1940 жылдар арасында айтылған әдеби мол мұрасын жатқызамыз. Бұл жаңа дәуір Жамбылдың қайта туып , шығармашылығының өрлеу кезеңі болды деуге болатын кезеңі. Кеңес өкіметінің ықпалымен жазылған өлең- жырларынан, арнауларынан, толғауларынан, дастандары мен хикаяларынан оның өмірге деген ризашылығын байқаймыз.

Үшінші кезеңге Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдары 1941 -1945 жылдары жазылған Отаншы туындыларын жатқызамыз.

Жаумен шайқаста жеңіп шығу үшін рухани күш беретін бұл туындылар Жамбыл атын әлемге әйгілі етті.

Мен бұл еңбегімде осы жылдары жазылған «Аттандыру», «Атаның әлдиі», «Алғадай туралы әрбір ой» атты қазақтың ауыз әдебиетіне тән үлгіде жазылған өлеңдеріне талдау жасап өтпекпін

Мазмұны мен жанрлық, стильдік ерекшелігі бойынша Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын төрт топқа бөліп қарастырғанымыз жөн:

  1. Айтыстары.

  2. Дастандары.

3. Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған Отаншыл өлеңдері

4. Сатиралық өлеңдері.

6

Алғашқы туындыларында халықтың қолы жете алмайтын байлықты, байларды сынайды. «Сәт сайланарда», «Мәңке», «Шалтабайға» т.б.

Ауылдағы жиын- тойларда бір қақпай өлеңімен – ақ көзге түсіп, ақын бала атана бастайды.

Сонымен қатар ол нағашысы Қанаданнан күй тартуды да үйренген.Қазақтың да қырғыздың да күйлерін шебер орындаған.Қырғыздың әйгілі күйші, композиторы Мұратәлі Күреңкеевпен шынайы дос болған екен.

Жамбыл елуге тарта күйді шебер орындай білген. Ет пісірім уақыт ішінде отыз күйді тартып шыққандығы туралы да мәлімет бар.

Жалпы Жамбыл шығармашылығының бойында ауыз әдебиетіне тән болған барлық жанрдың түрі өзінің көркемдігімен көрініс тапқан.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!