Материалдар / Жоба: " Ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейіңгі балалардың сөздік қорын дамыту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоба: " Ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейіңгі балалардың сөздік қорын дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын технологиялары арқылы балалардың тілін дамыту туралы.Дидактикалық ойындар, сахналық ойындар, қимыл-қозғалыс ойындар,ұлттық ойындар туралы жалпы түсінік. Ойын дегеніміз не?(жайында айтылуы). Ойын арқылы балалардың тілдік қорын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2022
1319
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШҚО ББ «ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»ММ

«49 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»КММ













ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІҢГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ









«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕШІ – 2022» БАЙҚАУЫ









Ешаева Динара Суинбаевна

Тәрбиеші

9 жыл

6 ай

Yeshayeva90@mail.ru











Өскемен қаласы, 2022 жыл

Кіріспе

Жоспар:

  1. Ойын арқылы балалардың тілін дамыту

  2. Дидактикалық ойындар

  3. Сахналық ойындар

  4. Қимыл-қозғалыс ойын

  5. Ұлттық ойындар

Жобаның өзектілігі мен ерекшелігі.

«Ойын- баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес».

В.А. Сухомлинский

Ойын-дегеніміз не? Ойын дегеніміз- ұшқын білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты.

Баланың бірінші әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәнісі ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын балаларға ақыл-ой,адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.

Баланың қуанышы мен реніші ойын кезінде анық байқалады, сонымен қатар құрбыларымен тез тіл табысып, жақсы қарым - қатынас жасайды. Ойын – балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, өмірге ең қажет қасиеттерге тәрбиелейді ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойын арқылы баланың бойына адамдық қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Мектепте тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын, тілін дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше.

Ойын кезінде баланың бойында ұйымдастыру қасиеттері қалыптасады: ойлау, сөздік қор, сауаттылық, тапқырлық шыдамдылық, өжеттілік , байсалдылық, әдептілік.

Ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы қоғамдық тәжірбиені меңгереді,психологиялық ерекшеліктері қалыптасады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы кез келген бала жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.

Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз -барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Ойынның түрлері өте көп.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты:

Мектепалды даярлық тәрбиеленушілердің сөйлеу тілдерін дамытуда ойын технологиясын қолданудың мүмкіндіктерін ашу.

Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды

Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер:

  • Тәербиеленушілердің сөйлеу тілдерін дамытуда ойын технологиясын пайдалана отырып , оқып үйрену.

  • Сабақтарда түрлі стратегияларды ықпалдастыру арқылы тәрбиеленушілердің тілдерін дамыту.

  • Сұрақ қою түрлерін падалану, тәрбиеленушілердің сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.

  • Қажетті ақпаратты суреттер арқылы таба білуге үйрету.

  • Тіл дамыту сабақтарында балалардың сөйлесу дағдыларын дамуына көңіл аудару.

Мұғалімнің ең басты мақсаты — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық жаттығуларды орындау тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды үқсастықты, айырмашылықты т.с.с. қүбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді. Команда қүрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек.
Ойынды жүргізудегі мүғалімнің маңызды орынын атап өтейін. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да біртақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс.
Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр сыныптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмыска үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын тандай білу керек. Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн. Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту оқу процесінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады.Олар: 
•Топтық 
•жұптық
• жеке.

Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып,неғұрлым аз шаршайды,оқу қызметінен жағымды эмоциялар алады.Дидактикалық ойындар-оқытудың маңызды құралы. Дидактикалық ойындар-оқыту мақсатын жүзеге асыруға арнайы арналған ойындар. Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Оның мақсаты: Жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу.
Міндеттері: Оқушының қызығушылығын арттыру, Іскерлік ойындар ұйымдастыру, Теория мен практиканы ұштастыру. Бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды бақылайды, бақылау нәтижелерін өңдейді, алған нәтижелерді хабарлайды. Оқушының іс-әрекеті: Оқуға оң көз-қарас,жаңаны танып білу,икемділік пен дағдыларын игеру, өз жетістіктерін өздері бақылау. 

Дидактикалық ойындар- балалардың ақыл-ойын дамытып қызығушылығын арттыру құралы. Мысалы: «Не артық?», «Заттарды топта», «Қарап ал да, есіңе сақта», «Не қайда өмірсүреді?»,«Адасқанәріптер»т.б.

Дидактикалық ойын – кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылды ұштастыру негізінде жатыр.

Міндеті –ойынның оқыту сипатын , оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға бағытталады.

Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар:

1. Ойынға берілген уақыт оқушыны жалықтырмайтындай болуы;

2. Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң ескеріледі;

3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;

4. Ойынның оқушыға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;

5. Оқушының жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек.

Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.

1. Сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнің ашу керек.

2. Ойындардағы тапсырмалардығың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпал ету қажет ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.

3. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.

4. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.

5. Дидактикалық ойындардың нәтижелері, тапсырма жауаптары қорытындылануы тиіс.

«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту»

«Жас бала жас- шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң,өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»М.Жұмабаев

Дидактикалық ойын арқылы  балалардың тілдерін дамыту үшін негізгі мақсаттары:

•    байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіру, 

•    құрастыра сөйлеуге, 

•    сөздік қорың молайту 

•    фонематикалық есту қабілетін дамыту 

Міндеттері:

•    Ойынға, сабаққа деген белсенділіктерін арттыру

•    Ойын арқылы танымдық іс-әрекеттерін дамыту

•    Сөйлеу,ойлау ,есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру

Негізгі бөлім.  Әр бала өзінше жеке, әрі қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан дүниесін түсіне білу, оларды жақсы көру, өзіңнің жанына жақын тарту менің негізгі ұстанымым. Сонымен  қатар баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, бала пікірімен санасу және қоғамда өз көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті өзін көрсете білетін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыра білу. Осы ұстанымдарым негізінде ұстаздық жолда қызмет жасаудамын. Ұстаздық қызметте, шәкірт¬термен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Бұл қасиеттер ұстаз бойынан табылу үшін әр мұғалім өз мәдениетін, біліктілігін көтеріп отыру қажет .Тілдерің дамыту үшін сөздік жұмыс, карточкамен жұмыс өткізілді.Балаларды топқа бөліп жұмыс өткіздім.Осы сабағымда колданылған ойындар: 

Ойын. «Белсенділік жаттыгуы» Балалар шеңберғе түрып, тәрбиешімен берген тапсырмаларын әр түрлі қимылмен, ыммен көрсетеді.

Тапсырма:

-    Үлпілдек мақта.

-    Ақша қар.

-    Піскен, ыстық картоп.

-    Ыстық тәрелкедегі сорпа.

-    Кесе толы су.

-    Бір уыс тары.

-    Сабағы тікен райхан гүлі.

-    Домалақ жіп.

-    Темір ыдыстағы ыстық кофе.

-    Сулы сабын.

Ойын. «Менің досым ...».

 Мұғалім бір балаға доп лақтырады да, «Сенің досың қандай?» деп сүрайды, ол мұғалімге допты қайта лақтырып, өз досының қандай екенін айтып береді.

Мысалы: ренжітпейді, алдамайды, бірге ойнайды, т.с.с.

Тәрбиеші жүрекшені әрбір балага кезекпен береді,ойын осылай жалгасады .

«Таным» саласына жататын пән «ҚМТҚ» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын ойындар: «Жетпей тұрған санды жаз»

«Сиқырлы қапшық»     

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. 

Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. 

Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. 

 «Қатынас» саласына жататын «Сауат ашу және жазу негіздері» пәнінде   “Естісен шапалақта” ойыны 

Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді. «Сөзді аяқтауға көмектес»

Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.

Құралдар: Заттық суреттер

Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л. 

«Қатынас» саласының бір бөлімі «тіл дамыту».

Ойынның тақырыбы: «Қажет суретті тап» 

Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс — әрекетті есіне түсіру. Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету. Түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру. 

Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен, балшықтан жасалған тоқаш, конфет, нан, бауырсақ, ет, колбаса т.б 

Ойын ережесі: Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші – мұғалім үлкен суретті балалардың бәрі көретіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады. 

Ойынынң соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан, қант, тоқаш т.б) 

«Денсаулық» саласы білім беру бөлімі «дене шынықтыру» пәнінде қолданылатын ойындар көп,солардың ішінен алынған:

 «Мысықтар мен қаздың балапандары» қимыл-қозғалыс ойы- нын ойнату.

«Ақ серек,көк серек»

«Шығармашылық» саласына жататын «бейнелеу өнері», «мүсіндеу», «жапсыру», «музыка» пәндері бар.

«Қуыршақты киіндіру» қағаздан қиылған киімдерді таңдап алып,қуыршақты киіндіру.

Осы мақсаттарға,міндеттерді шешу үшін мектепте материалдық-техникалық база жақсы қалыптасқан. Әдістемелік,көрнекі құралдар күннен күнге толықтырылып,жаңартылып тұрады. 

ҰОІ-Ә барысында көбіне қосымша материалдар, интернет,газет-журналдар, көптеген оқулықтан өзге материалдар қолданылады.Сабаққа дайындалған кезде мәтіндер, сұрақтар,жаңа ойын,кестелер,қима қағаздар,үлестірмелі материалдар, суреттер т.б.сабаққа сай,дәлме-дәл келетіндей етіп алынады.

Ойын барысында оқушылардың  тілдерін  дамыту  , сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті   ғажайып ертегілерді,аңыздарды  және т.б  әдебиеттерді пайдаланамын. 

ҰОІ-Ә түрлері:

•    Ойын 

•    Әңгімелесу

•    Ертегіні мазмұндау

•    Рөлдік ойындар

Саусақ ойындары- саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау құралы.Мысалы: «Саусақтар

сәлемдеседі» « «Қуырмаш», «Добым», «Әдемі әтеш», «Моншақ».т.б. ойындарды ойнаймыз.

Қимыл-қозғалыс ойындары- балалардың дене бітімінің қозғалыс белсенділігі.дағдылары мен іскерліктерінің қалыптасуының даму құралы.

Мысалы: «Бос орындық», «Допты қағып ал», «Жемістер –көкөністер», «Ұшты-ұшты», « Қаздар мен түлкі», «Тышқан мен мысық» т.б.ойындарын ойнаймыз.

Сюжетті-рөлді ойындар- балалардың ой-қиялын,сөздік қорын,тілін дамыту құралы.Мысалы: «Дүкен», «Асхана», «Дәрігер», «Пошта», «Кітапхана», «Аурухана» т.б. ойындар ойнаймыз.

Дидактикалық ойындар- балалардың ақыл-ойын дамытып қызығушылығын арттыру құралы. Мысалы: «Не артық?», «Заттарды топта», «Қарап ал да, есіңе сақта», «Не қайда өмір сүреді?» т.б. ойындарын ойнаймыз

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.

Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

Ұлттық ойындар-балалармен ойнаймыз. Мысалы: « Тақия тастамақ», « Көкпар», «Сақина салу», «Ақ серек,көк серек», « Қыз қуу», «Бәйге», «Жасырынбақ», «Ақ сүйек», «Соқыр теке», т.б ойындарын ойнаймыз. Ойын технологиясының балалар үшін пайдасы өте зор: Балалардың сабаққа қызығушылығы артады, әр баланың танымдық сезім қабілеті дамиды,балалардың сөздік қоры дамып, тіл байлықтары артады.-Көп жағдайда,сабақтарда Триз элементерін қолданамын. Ойлауға үйрету дегеніміз- диалектикалық қарама-қайшылықты көре білуге, сол арқылы нақты шындықты тануға үйрету деген сөз. Қарама-қайшылық ой дамуының қозғаушы күші. Қорыта келгенде, проблемалық сұрақтар, проблемалық жағдаят тудырып, проблеманы шешуді талап етеді. Мысалы:«Көлік»тақырыбы. Ойын: «Жақсы-жаман» -Көлік болғаны жақсы. Неге? Тез балабақшаға жетуге болады. Жүк тасуға ыңғайлы. Суықтан, жаңбырдаң сақтануға болады, т.б. жауаптар.

-Ал, көлік несімен жаман? – Басып кетуі мүмкін. Қаланың ауасын бүлдіреді.Көлікті ұрлап, айдап әкетуге, т.б. жауаптар. Осылай мәселе шешіліп, көлік туралы ұғымдары қалыптасады. Сахналық ойындар, қойылымдық ойындар, құрылымдық ойындар- балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасап адамгершілік, қамқорлық жасау құралы. Олар қандай да бір шығарманың, ертегінің сюжеті,мазмұны мен шарттары ұқсас болады. Олар сюжетті рөлді ойынға ұқсас: Сөздік қорын,тілін дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал»,«Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.

Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр».

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді.

Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді,таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, өнерге, шығармашылыққа деген қызығушылыққтары артады, ақыл-ойы өсіпжетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

Қорытынды:

Ойын баланың физиологиясын ғана дамытпай, сонымен қатар тілін дамытуда үлкен рөл атқарады. Ойынның әрбір түрінің өзіндік мақсат-міндеті, бағыты болады. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұлменің ең негізгі алдыма қойған мәселем. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін сөздік қорларын дамыту ісінде жаңа сөздерді меңгерту; үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру тәрбиешінің басты міндеті болып саналады.. «Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп халық айтқандай бала тәрбиесіне атүсті қарамай міндеттерімізді абыройлы да қайсарлықпен атқарайық дегім келеді.















Пайдаланған  әдебиеттер.

  1. Қазақстан  Республикасының  Білім  беруді  дамытудың  2011 – 2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.

  2. 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!