Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жоба “ Қазақ халқының ою – өрнегінің тарихы мен тәрбиелік мәні ”
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды облысы,Жезқазған қаласы, «№21жалпы орта білім бертін мектебі»КММ
Тақырыбы: “ Қазақ халқының ою – өрнегінің тарихы мен тәрбиелік мәні ”
Авторы: Сұлтанханұлы Батыр 5 «В»дамыта-түзетіп оқыту сыныбы
Жетекшісі: Тусупбекова Амина Сарсеновна
2017 жыл
Қарағанды облысы,Жезқазған қаласы,
«№21жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
5 «В» дамыта –түзетіп оқыту сыныбының оқушысы
Сұлтанханұлы Батырдың ғылыми жұмысына
Пікір
Мен шәкіртім Сұлтанханұлы Батырдың ғылыми жұмысын түгелдей оқып, Мазмұнымен таныстым.Ғылыми жұмыстың тақырыбы “ Қазақ халқының ою – өрнегінің тарихы мен тәрбиелік мәні ”
Менің ойымша ,Батырдың осы жоба орта буындағы сынып оқушыларын өз Отанының тарихын, мәдениетін, ою - өрнектердің тарихы, олардың қазіргі заманда қолданылуы мен ерекшеліктері мен дамуы қоршаған ортаның сұлулығын тани білуге үйрету мәселерін қарастырады.
Бақылау кезенінде жоба авторы мынандай қорытынды жасады: қазіргі кезде ою - өрнектердің көптеген жерлерде қолданып қана қоймай, олардың жаңару жүйесінде, күнделікті қолдануда болып жатқанына, біздің қазіргі заманымызда ерекше орын алып жатыр.
Осы жүргізген зерттеуді пайдалы деп ойлаймын. Өйткені ол қазақ халқының өнерін, шеберлігін қайта жаңғырту жолында оған жаңа мазмұн береді.
Жоба жетекшісі: Тусупбекова.А.С
Аңдатпа
Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрін дамыту.
Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:
Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырғаны туралы мәліметтер жинастырдым. Ою-өрнектің түрлерімен таныстым.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:теориялық (тақырыбымды ашу барысында ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасалды)Қазақ әдебиеті,технология, Қазақстан тарих пәні мұғалімдерімен консультация жүргізілді.
Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы: Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша, оқушыларға, қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:Бұл жұмыстың нәтижесінде бұрын белгілі бір ұғымды, түсінікті білдіретін ою – өрнек танбалары бертін келе жатқан сәндік, салтанат белгілеріне айналғанына көз жеткіздім.
Мақсатым:
-
Қазақ ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау.
-
Қазақ ұлттық ою - өрнектің тарихын зерттеп білу.
-
Қазақ ұлттық ою - өрнектердің мән- мағынасын білу.
-
Қазақ ұлттық ою - өрнектерді ұрпақтарға жеткізу.
-
Қазақ ұлттық ою - өрнек шеберлерімен танысу.
Міндетім:
-
Отаныма, өз еліме адал қызмет ету.
-
Болашақта қазақ ұлттық ою - өрнектерін танытып білу.
-
Балаларға қазақ ұлттық ою - өрнектердің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Өзектілігі:
-
Ұлттық ою - өрнектерді зерттей отырып, халқымыздың ою - өрнегін өшуге, жоғалуға жатпайтынын жас ұрпаққа дәріптеу.
Жоспар
I. Кіріспе.
1.1 Ою - өрнектердің шежіресі.
1.2 Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы.
II. Негізгі бөлім.
2.1 Ою - өрнегінін атаулары
2.2 Ою - өрнектегі көңіл – күй мен сезім терендігі.
III. Қорытынды.
-
Қазақ ою - өрнегінің мағынасы мен тәрбиелік мәні.
VI. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
І. Кіріспе бөлім.
1.1 Ою - өрнектердің шежіресі
І. Ою - өрнек ертеден келе жатқан ою - өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою - өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Ою - өрнектермен танысып, олардың дүниетанымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады.
1.2 Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы.
Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті – б.з.б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б.з.б. VIII – III ғасыр ларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс пен Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен.Тарихи – ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгізамандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал - әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып келеді.Қазақ ою - өрнегі – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқаның көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратын белгілі.Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Бұйымдарда жан – жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген.
Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рұхта тәрбиеленуде ою - өрнектің атқаратын рөлі өте зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай – ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш анықталып тұруы қажет. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі – қазақтың ою - өрнегі. Қазақ халқының ою - өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең таралған саласы. Бұл ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі танда қазақтың 230 – дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар. Қолөнер шеберлері ертеден ою - өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған. І – топқа ою - өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, ІІ – топқа жалпы ою - өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Бүгінгі танда ою - өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздерді бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру «Ою» деп аталады. Ал киім – кешекке, түскитізге және т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, қоржынға түсірілетін түрі. Геометриялық бедерлерді «Өрнек» дейді. өрнекті тасқа, ағашқы күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақ ою - өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме – дәлдігін сақтамай –ақ, көзбен мөршерлеп қиып, ою - өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Мұны бізге мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады.
Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар:
1. Мал өсіру
мен аңшылық.
2. Жер-су,көшу-қону.
3.
Заттардыңсыртқыбейнесі.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ою - өрнегінің атаулары
Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою-өрнек үш топқа бөлінеді:
1.Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).
2.Зооморфтық(жан-жануарлар).
3.Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз).
4. Геометриялық өрнек (төртбұрыш,үшбұрыш)
Ою - өрнектің көне атаулары – халықтың тарихы мен мәдениетінен, ұлттық ерекшелігінен, ертедегі дүниетанымынан мол мағлұмат беретін құндылық. Олар – халықтың өткен тарихы рухани, мәдени – материалдық өмірінің айнасы. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірігіп келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сінген термин, мағынасы – сәндеу, әсемдеу.
Қазақ ою - өрнегі әлі түбегейлі, жан – жақты толық зерттеле қойған жоқ, дегенмен, бұл өнер саласын белгілі бір жүйеге келтіруге этногграф, өнертанушы Садық Қасимов пен архитектор – ғалым Тілеутай Бәсенов ою туралы біраз деректер қалдырды. Ою - өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынадай топтарға бөлген.
-
Өсімдік типтес ою - өрнек («жапырақ», «үш жапырақ», «шиыршық», «ағаш»);
2. Зооморфтық - ою – өрнек (жан – жануарлардың табиға және мифтік бейнелері) «қошқармүйіз», және оның түрлі нұсқалары «қосмүйыз», «сынық мүйіз», «қырықмүйіз», сондай – ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты»
3.Космогониялық өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз»)
Бүгінгі таңда халқымыздың мәдени өзекті бір саласы – ою – өрнек өнері қайта дамып, бай мазмұнға ие болып жаңа түр тауыс, саналы өміріміздің кәдесіне жарауда.
Қазақ ою – өрнегінің арқауы болған «мүйіз» оюы заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда қолдануда. Демек, ою – өрнек көнермейді, ол заман ағымынына қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді.
Ол сонау ғасырлыр қайнауымен жеткен жай танба белгі емес, бұл халқымыздың оюмен жазылған шежіре тарихы.
Ою – өрнек – халқымыздың қолтаңбасы, ол өшуге, жоғалуға жатпайды,
2.2 Ою – өрнекте көңіл – күй мен сезім тереңдігі болады.
Қазақ дәстүрлі мәдениетінде жастарға өзімнің тұрмыс жағдайын, ақыл – парасаттың, әдептілік, адамгершілік, мейірімділік, тәлім – тәрбие ұғымдарын кілемшедегі ою – өрнек нақыштардың мағыналық ерекшеліктерімен жеткізіп отырған.
«Аққу қанаты», «жауқазын», «гүл», « жұлдызгүл» - бұл өрнектер «күнің ашық болсын» деген ізгі ниетпен салынған.
«Аққу қанаты» - өрнегі бақыттың, сұлулықтың, тазалықтың, ұлулық пен адалдықтың мағыналық белгісінде өрнектелген.
Сонымен қазақ халқының табиғат, кеңістік жайындағы дүниетанымы ертеден – ақ оның сырт пішінін кілем бетінде өрнектеу арқылы көрініс тапқан.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
3.1Қазақ ою – өрнектерінің мағынасы мен тәрбиелік мәні туралы.
Қазақ ұлттық ою-өрнегінің
бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар.
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып,
дамып келе жатқан өнер түрі. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол –
адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен
арқандай бірігіп тұруы керек. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен
бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты
көрініс табуы қажет. Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік,
есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, сәндік, көркемдік, сәйкестік,
тазалық, нәзіктік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ақылдылық,
зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке,
іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды,
тәрбиелейді. Ою ойған адамның жүрегі жылы,нәзік болады.
Қошқар мүйіз – ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны. Қошқар
мүйіз бен арқармүйіз оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын
жері жоқ. Қошқар мүйіз оюымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік,
пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес, бітпес оюлар
салынады. Бұл өрнектер «иірім», «шиыршық», «иық», «үшкіл», «түйе
табан», «қос ирек», «жұлдыз гүл» т.б. аттарымен
аталады.
Көшпелілерде өсімдік тектес ою – өрнектер аз емес өсіп өнетін табиғат дүниесін кие тұту, тәңірі тұту олардың да жоны бар деп қабылдау сенімі басым еді. Төрт жапырақтан тұратын гүл – ою – дүниенің төрт торабын, кеңістін гармониясын білдіреді. Қазақтардың ұғымына түр – түстің де орны айрықша. Мысалы «көк» - аспанның, аспанға табынудың, «қызыл» - оттың, «ақ» - шындық, қуаныш, бақыттың, «сары» - айырылудың, «қара» - жерлің, «жасыл» - көктемнің, жастықтың симыолы.
Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататын мынадан көруге болады: «гүл мен гүл» түйдегінің айқас бірігіп салынуы бірлікті елдің ынтымақты болуын меңзейді.
«Су ою» да байырғы, киелі. Су ертедегі ұғымда жаратушы адамдардың бірі ауырған адамдарды сумен ұшықтайды. Көне түрік жазбаларында»от ана», «су ана» деген тіркестер кездеседі.
«Тау оюы» - мәңгіліктің, күш – құдыреттің символы.
Әрбір ою – өрнектегі атау жай ғана атау емес, сол атаулар арқылы ою – өрнектің тал бойында жасырын жатқан сырды, маңызды да мағыналы ойды алуға болады.
«Өнер көзі – халықта» дегендей, өнер түрлері елде мол, халықпен бірге жасап келеді, және жасай береді.
Осындай өмір түрлерінің бірі ұлттық ою – өрнектердің тәрбиелік мәнін аша түсіп, оқушыларға меңгерту жолдарын қарастыру, зерттеп жариялау – әр уақытта да ұлағатты іс болмақ.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
М.Ш. Өмірбекова Энциклопедия «Қазақтың ою - өрнектері» Алматы 2003 ж.
-
// «Ұлағат» №1, 2 1999 ж.
-
// «Қазақстан әйелдері» №1 1994ж. 32-33 бет.
-
// «Қазақ тарихы» №4 2004 ж.
-
// «Бастауыш мектеп» №4 2002ж.
Оюмен өркендеген ойдың жемісі
Оюмен ой айтқан еліміз
Мазмұны :
1.Пікір......................................................................................................................................2-бет
2.Аңдатпа................................................................................................................................3-бет
3.Мақсаты мен міндеті...........................................................................................................4-бет
I. Кіріспе..................................................................................................................................5-бет
1.1 Ою - өрнектердің шежіресі.
1.2 Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы.
II. Негізгі бөлім.......................................................................................................................6-бет
2.1 Ою - өрнегінін атаулары
2.2 Ою - өрнектегі көңіл – күй мен сезім терендігі.
III. Қорытынды.......................................................................................................................7-бет
-
Қазақ ою - өрнегінің мағынасы мен тәрбиелік мәні.
VI. Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................................8-бет