Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жоба "Бұл мен үшін қызықты"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Благовещенка жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Жобаның тақырыбы:
«Мен үшін бұл қызықты»
Бағыты: логопедия
Орындаған: Наризкулова Айкен
Жаксиликовна,
8 сынып оқушысы
«Благовещенка жалпы орта
білім беру мектебі» КММ
Солтүстік Қазақстан облысы,
Жамбыл ауданы, Благовещенка
Жетекшісі: Мусралина Т.С,
логопед-мұғалімі,
«Благовещенка жалпы орта
білім беру мектебі» КММ
с . Благовещенка, 2021 ж
Мазмұны
Аннотация 3
Кіріспе 4-5
1. Эксперименталды зерттеу жұмысының нәтижелері 7
1.1 «Сөздерді түсіндір» әдісі 7
1.2 «Артығын анықта» әдісі 8
1.3 «Салыстыру» әдісі 9
1.4 «Әңгімелеу» әдісі 10-11
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13
Қосымшалар
Аннотация
Жобада тілдің жалпы дамымауының ІІІ дәрежсінің жүйкефиологиясы, оның түрлері мен пайда болу себебі, сонымен қатар тілдің жалпы дамымауының ІІІ дәрежесі диагнозы бар балалармен логопедиялық жүргізілетін жұмыс түрлері ашылды.
Негізгі сөз: тілдің жалпы дамымауының ІІІ дәрежсі, жүйке моторикасы,дисграфия,дислалия,алалия.
Аннотация
В проекте раскрывается нейрофизиология ОНР ІІІ уровня, причины его возникновения, логопедическая работа с детьми имеющими диагноз «общее недоразвитие речи III уровня».
Ключевые слова: общее недоразвитие речи III уровня, нейромоторика, дисграфия, дислалия, моторная алалия.
Аннотация
The project reveals the neurophysiology of the third level, the reason of its occurrence is speech therapy with children diagnosed with "general underdevelopment of the third level speech."
Key words: general speech underdevelopment of the third level, neuromotor, dysgraphia, dyslalia, motor alalia
Кіріспе
Логопед - мұғалімнің қызметіне информациялық технологияларлы ендірудің басым бағыты мультимедиялық презентацияны қолдану болып табылады. Мультимедиялық презентация – түрлі көру фрагменттерін, иллюстрацияларды, үн таспа мен бейне таспаны қолдана отырып, сабақ материалын логикалық тұрғыда, ғылыми, көрнекі және жүйелі түсіндіру мүмкіндігін береді. Оқушыға сабақ материалын осы тұрғыда беру олардың үш түрлі жадына әсер етеді: көру, есту және қозғалыс (моторикалық). Бұл баланың нерв жүйесінде көрнекі-кинестетикалық, көрнекі-аудиалды, жағдаятты-рефлекторлық байланысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Коррекциялық- логопедиялық процес баланың сөйлеу дағдысы қалыптасып, кейіннен өзінің сөйлеу әрекеттерін өзі бақылауына қажетті алғы шарттарды қамтамасыз етеді.
Мен 8- сынып оқушысы бола тұра осы пробемаға көңілім ауды.Менің екі баурым Наурызқұл Бейбарыс пен Нұрдаәулет тілдері шыққаннан бастап көп дыбыстарды айтуларында ақаулар болды.Сол себепті олар логопед мұғалімге сабаққа барып жүрді.Логопед маманның көмегімен бауырларымның күн сайын дыбысты айтуларында жақсы өзгерістер байқала бастады.Менің қызығушылығым оянып,менде Толқын Семейқызымен сабаққа қатысып, оқушыларды бақылауға бел будым.Біз 1 сыны оқушыларын бақылау нысаны ретінде алдық. Бірінші күнгі оқушылардың деңгейі анықталып,диаграмма ретінде бейнеленді.
«Көп естігеннен бір көрген артық» демекші, мультимедияның әдістемелік мәні бір-бірімен сәйкестендірілген дыбыстар мен көрнекі қимылдар ағысы арқылы баланың білуге, қабылдауға деген дайындығы мен қызығушылығын арттыратынына көзім жетті.Осы негізде мынадай тұжырымға келдім.
-
Сөзбен айтып жеткізе алмайтын заттарды балаға жылдам және жеткілікті түсіндіруге мүмкіндік береді.
-
Ақпартатты беру жолын түрлендіреді , нәтижесінде баланың қызығушылығы артады.
Компьютермен жұмыс нұсқаулығы және гигиеналық нормасы: бір мезгілдік жұмыстың ұзақтығы:
-
6 жасқа дейінгі балалар үшін –күніне 15 минуттан көп емес;
-
5 жасқа дейінгі балалр үшін – күніне 10 минуттан көп емес.
-
Жұмыс жасауға қолайлы мезгіл: күннің бірінші жартысы, күннің екінші жартысында сағат 15.30 – 16.30 аралығында ғана.
5-6 жастағы балалармен аптасына 1-2 рет жұмыс
жасауға болады.
Жобаның
мақсаты: мультимедиялық технологияны
пайдалана
отырып сөйлеу тілінде бұзылымы бар балалардың сөйлеу тілін дамыту
Мәселенің өзектілігі: білім беруді жаңарту және жаһандану
заманында АКТ қолдану арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту.
Зерттеу пәні: логопедия.
Оқу нысаны: Оқушының логопед жұмысына деген қызығушылы.
Зерттеу гипотизасы: Тілінде кемістігі бар оқушының түзелу процесінде әртүрлі жұмыс формалары мен әдістерін қолданған жағдайда сәтті болады.
Интнрактивті тақта арқылы түрлі түсті суреттер,слайдтар,жұмбақ жаңылтпаштар,дене қимыл жаттығулары .
Жобаға қойылған мақсатқа,нысанға,тақырыпқа және гипотизаға сәйкес,алдымызға келесі міндеттерді қоямыз:
-сөйлеу тілінде бұзылымы бар балалармен жүргізілетін коррекциялық-логопедиялық жұмыстар құрылымында мультимедиялықи технологияны қолдану әдістерінің тиімділігі.
«Мен үшін бұл қызықты» жобасын іске асыру маған болашақта қандай мамандық иесі болатыныма жол кқрсетті.
Күтілетін нәтиже:
-
Тілінде кемістігі бар балалармен жүргізілетін коррекциялық –
логопедиялық жұмыстар пәрменділігінің артуы.
-
Оқушының нерв жүйесінде көрнекі-кинестетикалық, көрнекі-аудиалды, жағдаятты-рефлекторлық байланысты қалыптастыру негізінде танымдық қызығушылығының артуы.
-
Сөйлеу, көру, есту қабілеттерінің және қимыл-қозғалыс моторикасының даму
Рефлексия:
Бұндай сабақ соңында балаларды қолдау мақсатында балаларға қызықты қандай да болмасын компьютерлік ойынды немесе мультфильмді көрсетуге болады.
Мысалы: «Қошқар мен теке» - мультфильмі көрсетіледі
1 Эксперименталды зерттеу
жұмысының нәтижелері
Зерттеу жұмысының мақсаты – жалпы тіл кемістіктері бар балалардың лексикасының даму деңгейін анықтау.
Көзделген мақсатқа жетуде келесі міндеттер орындалды:
1. жалпы тіл кемістіктері бар балалардың лексикасының даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелер сараптаудан өтіп, анықтау экспериментінде қолданылды;
2. жалпы тіл кемістіктері бар балалардың лексикасының дамытуға бағытталған түзете-дамыту эксперименті жүргізілді;
Үшінші, соңғы кезеңде түзете-дамыту жұмыстарының нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік беретін бақылау экспериментін жүргізілді.
Бақылау экспериментіне алғашқыда анықтау экспериментіне қатысқан екі топ балалары қайта қатысты: эксперименталды және бақылау топтары.Экспериментті топ интерактивті тақтамен ,бақылау тобы дәстүрлі түрде өтіп отырды.
Бұл кезеңде алғашқыда қолданылған әдістер қайта жүргізілді, әрине әдістердің жүргізілуі, мақсаты өзгеріссіз қалып отырды.Тек суреттер мен тасырмалар өзгеріп отырды.
1.1 «Сөздерді түсіндір» әдісі
Мақсаты: балалардың сөздің мағынасын талдау қабілеттігін анықтау /активті сөздік қоры деңгейі/.
Құралдар: интерактивті тақта арқылы суреттер қатарлары, альбом парағы, түрлі-түсті бояулар.
Нұсқау: қазір саған бірнеше суреттер көрсетемін, олар туралы не білісің, соны айтып берші.
Гистограмма 5
«Сөздерді түсіндір» әдісі нәтижелерінің графикалық бейнеленуі
Эксперименттен соң
1.2 «Артығын анықта» әдісі
Мақсаты: балалардың бейнелі-логикалық ойлауының деңгейін анықтау, сонымен қатар сөздердің мағынасын ашуда көрініс табатын талдау, салыстыру, жалпылау қабілеттерінің даму ерекшеліктерін анықтау.
Құралдар: суреттер қатарлары /6 қатар, әр карточкада 4 суреттен/.
Нұсқау: қазір саған бірнеше суреттер көрсетемін, олар саған таныс, сен мұқият қарап, суреттердің қайсысы артық екенін анықта.
«Артығын анықта» бақылау тобының әдісінің нәтижелері
«Артығын анықта» эксперименталды топ әдісінің нәтижелері
Гистограмма 6
«Артығын анықта» әдісі нәтижелерінің графикалық бейнеленуі
1.3 «Салыстыру» әдісі
Мақсаты: бейнелі-логикалық ойлау деңгейін анықтау; баланың салыстыру, топтастыру қабілеттілігінің және сөздік қорының даму деңгейін анықтау.
«Салыстыру» бақылау тобы әдісінің нәтижелері
«Салыстыру» эксперименталды топ әдісінің нәтижелері
Гистограмма 7
«Салыстыру» әдісі нәтижелерінің графикалық бейнеленуі
1.4 «Әңгімелеу» әдісі
Мақсаты: жалпы тіл кемістіктері бар балалардың сөздік қорының деңгейі мен даму жағдайы жайлы мәтіннің мазмұнын суретке қарап талдау тапсырмасын орындату арқылы бағалау.
Нұсқау: Мен сендерге ертегі оқып беремін. Сендер мені мұқият тыңдаңдар. Жүргізілуі: балаларға ертегі оқылады, соңынан мәтін бойынша сурет көрсетіледі.
«Әңгімелеу» бақылау тобы әдістеменің нәтижелері
«Әңгімелеу» эксперименталды әдістеменің нәтижелері
Гистограмма 8
«Әңгімелеу» әдісі нәтижелерінің графикалық бейнеленуі
Жалпы тіл кемісміктері бар балалардың сөздік қорын молайту жұмысын жүргізуде тіл бұзылыстарын алдын алуға, түзете-дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді ұтымды ұйымдастырып іске асыру қажет. Осы топтағы балалардың барлық танымдық процестерін дамыта отырып, ойлау процесінің сөйлеу тілі дамуымен қатар жетілуін қамтамасыз ету керек, ал бұл жағдай АКТ ның пайдасы мол.
Егер балалардың көбісінің ауызша сөйлеуінің қалыптасу деңгейі әңгіме айтудың көрсетілген түрлерінде орташадан төмен болса мазмұны жеңіл және қарапайым мәтіндерді мақсатты түрде қолдану қажет.
Жетекші картинкалар көру жоспары ретінде әңгіме мәтінін қамтамасыз ететін сөйлеу құралы, ауызша мазмұнын айту процесін бағыттайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш сынып балалық шақ – бала өмірінің маңызды этаптарының бірі: баланың жан-жақты толық дамымағандығынан барлық кейінгі өмірі зардап шегеді. Осы кезең кезінде психикалық, тұлғалық және физикалық дамуының жоғарғы темпі баланың қысқа уақыт ішінде дәрменсіз күйден адамдық мәдениеттің барлық негізі бастауларын игеретін жолды өтуге мүмкіндік береді. Ол бұл жолмен жалғыз өзі ғана жүрмейді, онымен бірге әрдайым үлкендер – ата-аналары, тәрбиешілер, психологтар болады. Баланы тәрбиелеу процесінде үлкендердің сауатты әрекеті балада бар барлық мүмкіндіктерді максималды түрде іске асыруын қамтамасыз етеді, оның психикалық және тұлғалық дамуында көптеген қиыншылықтар мен ауытқушылықтардан құтылуға мүмкіндік береді.
Бұл жобаны жүзеге асыру, менің болашақта қандай маман иесі болатыныма жол көрсетті.Мен қай мамандықты таңдап ,еліме айтарлықтай үлесімді қоссам екен деп ойланатынмын. Бұл жоба негізінде еліміздің болашағы міне осы балдаурен балалардан басталатынын түсіндім.Мен өз болашағыма, өз қабілетіме сенімдімін.Менің ендігі мақсатым дефектология мамандығын таңдап,оны жоғары деңгейде меңгеру,үздік логопед атану.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Берестова Л.В. Использование инновационных технологий на логопедических занятиях с детьми-логопатами старшего дошкольного возраста с ОНР. – Материалы научно-практических конференций 2006-2008/ Под.ред. Яковлевой Н.Н.- АППО, 2008. <