Материалдар / Жоба мен баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоба мен баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба мен баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
757
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр. Сонда ата-аналар мен қоғам үшін «жақсы мектеп» дегеннің не маңызы бар?

–        Бұл – барлық пән бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО-ға оңай түсуіне көмектесетін мектеп.

–        Бұл мектепте жоғары санатты және білімді мұғалімдер сабақ беруі керек.

–        Мектептің өзіндік дәстүрі болуы тиіс.

–        Мектеп жаңашыл білім беруі қажет.

–        Жақсы мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.

Алдымен қандай балалармен жұмыс істеу керектігін айқындаймыз. Ерекше қабілеті бар балалармен:

Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.

Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.

Данышпандық – дарын дамуының жоғарғы дәрежесі, ол сапалы да жаңа әрі өте сирек кездесетін дүниенің жасалуымен, шығармашылықтың ертедегі зерттелмеген жолдарының ашылуымен байланысты.

Дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады.

Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.

            Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында бастауыш мектепте-ақ басталуы тиіс.

            Дарынды балалардың белгілері:

-         көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;

-         өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;

-         білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Өмірдің өзі мектептен талапкердің ылғи өзгеріске түсіп отыратын жағдайларда жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзіреттіліке дайын болуын талап етеді.

Міндеттері:

-         Мұғалімнің дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тануы және олармен жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын білуі;

-         Мұғалімнің әдістемелік оқу, педкеңестер, өзін-өзі тану арқылы білім алуы

-         Берілген сұрақтар бойынша кітапханалық қорының жинақталуы;

-         Мұғалімнің мақсатқа бағытталған педагогикалық бақылау, диагностика жолдарымен таныс болуы;

-         Оқушылардың өзіндік қабілеттерін көрсетуіне жол ашатын әртүрлі сыныптан тыс сайыстар, зияткерлік ойындар, олимпиадалардың өткізілуі;

-         Оқыту әдістері мен тәсілдерінің әртүрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін таңдау;

-         Оқушылардың қатарластарымен бірігіп әрекет жасау барысында өзіндік жұмыс арқылы қабілетін іске асыруына мүмкіндік туғызу.

-         Зерттеу әрекеттері элементтерін игеру;

Бағыттары:

-оқушылармен жұмыс;

-ата-аналармен жұмыс;

-педагогикалық ұжыммен жұмыс.

Кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі

  2. Сараптамалық

  3. Ұйымдастырылған-әрекеттік;

  4. Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.

Дарынды балалармен жұмыс стратегиясы

1-кезең – дайындық

Мақсаты:

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Мектепте шығармашылық орта туғызу жұмыстың бар кезеңдерінің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады:

            Мұғалімдер де, оқушылар да мынаны түсінгені абзал:

  1. Мектеп – қателесуге рұқсат етілетін орын;

  2. Әркім өз көзқарасын және өз ойын ашық айтуына болады;

  3. Әрекетті немесе нәтижені сынау, жеке тұлғаны мақтау;

  4. Оқушы тек өз-өзімен ғана салыстырылады;

  5. Мұғалім мақтаудың ретін табуы керек;

  6. Оқушыларға жол сілтей бермей, керісінше тәуелсіз әрекет етуге көмектесу;

Міндеттері:

- Нормативті негізді үйрену.

- Дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлау.

- Міндеттерді үлестіру

- Жобаны іске асырудың материалды-техникалық, педагогикалық шарттарын талдау.

Диагностика:

Дарындылықтың шығу тегінен бөлек оның диагностикасы болуы қажет. Мектептегі ұстаздарға оқушылардың әлеуетті мүмкіндігін танып білуіне көмектесетін әлеуметтік педагогтың және директордың ТЖ бойынша орынбасарының ролі осыған байланысты арта түседі.

Оқушылар келесі бағытта танылып айқындалады:

- шығармашылық ойлау қабілеті;

- өзін-өзі бағалау деңгейі;

- төзімділік;      

- әрекеттің тәуірлеу түрлері;

- сезімталдық күші;

- Сіз көшбасшысыз ба?

- Сізге не ұнайды (қызығушылық картасы)?

- Тапсырма беру диагностикасы және тұлғаның бейімділігі;

- Дарынды балалардың тәртібі туралы мінездемесі;

Мұғалімдер де дарынды балалармен жұмыс жасау икемділігіне қарай айқындалады. «5»-ке оқитын және жекелеген пәндерді үйренуде ерекше табыстарға жеткен оқушылардың құрылған анықтамасы психолог пен әлеуметтік педагогтың анықтамалық нәтижесімен сәйкес келеді.

Психолог дарынды балаларды психологиялық тұрақтылық пен психореттілік дағдыларын сақтай білуге үйретеді, әлеуметтік маңызы бар ортаға (жанұяда, қатарластар арасында, ұстаздар ортасында) бейімделуін қалыптастырады; олардың психолого-педагогикалық дайындық деңгейін жоғарылататын бағытта мұғаліммен дербес жұмыс жасауын ұйымдастырады.

Бұл жұмыс кезеңінің қорытындысы бойынша дарынды баланың үш түрін көрсетуге болады:

1.Басқалармен тең жағдайдағы ой дамуы жағынан жалпы жоғары деңгейлі балалар (бұл көбінесе мектепке дейінгі және кішкене мектеп жасындағы балаларда кездеседі).

2. Ғылымның белгілі бір көлемінде арнайы ой дарындылығымен ерекшеленетін балалар (жасөспірім шағында).

3. Оқуда белгілі бір себептермен табысқа жетпеген, бірақ айқын танымдық белсенділігі, психологиялық қорының шынайылығы, айрықша ой резерві бар оқушылар (әдетте жоғары сынып жасында кездеседі).

Сынып бойынша оқушылар тізімін құрастыру

II кезең –сараптамалық

Мақсаты:

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістерін ашып көрсету.

I саты (бастауыш мектеп) – дарынды балаларды айқындауда олардың белгілі бір әрекеттегі табыстары есепке алынады: оқу-білімдік, көркемдік, физикалық және т.б.

            Бұл саты балалардың білім алуда мұғалім жетекшілігімен және оз бетінше үйренуіне негізделгендігінен танылады. Бұл кезеңде сабақтағы және сабақтан тыс әрекеттерді оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға, әрбір оқушы өзінің эмоциялық, физикалық талаптарын іске асыра алатындай қосымша білім қызметінің сапасын ұсынуға бағытталған бірегей процесс ретінде ұйымдастыру өте маңызды (оқудың қосымша сабақтарынан басқа балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған бағдарламалар ұсыну).

Баланың шығармашылық әлеуеті әртүрлі білім аймағынан дамуы мүмкін, бірақ көркемдік дамудағы  өзіндік табиғи әрекет әлдеқайда шынайы және ақылға қонымды болып табылады. Осыған байланысты қосымша сабақтар (үйірмелер) ұйымдастырылған дұрыс:

- көркемсөздің шеберханасы (тіл маманы);

-қуыршақ театры (Абельдинова Ж.К.)

- «Әсемдік әлемінде» (бейнелеу өнері) (бейнелеу мұғалімі);

- салауатты өмір салты шеберханасы (ұраны: «Тәні саудың жаны сау»)

Жетекші –Омарова А.А.);

«Жас зерттеуші» - «Зерде»

Сабақтағы және сабақтан тыс әрекет оқушылардың өз мүмкіндіктерін  әркелкі әрекет ортасында шығара алатындай жағдайда құрылуы керек. Бұл жаңа білім мен жаңа тәжірибенің бастау көзі ретінде маңызды, сонымен қатар бұл білім II және III сынып сатыларында басқа әрекет ортасындағы құрылым негізі ретінде қызмет етуі тиіс.

            2-саты (5-9-сыныптар) – бұл кезеңде әрекеттің сабақтағы және сыныптан тыс әркелкі түрлері арқылы баланың танымдық, шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жеке бағалау өткізіледі.

Дарынды оқушылармен жұмыс мазмұны әрбір оқу тәртібінің аймағында анықталады. Оқу материалының мазмұны оқушыларды үздіксіз үйренуге икемдеуі керек, таным процесі мұндай балалар үшін құнды болғаны жөн.

II кезеңде оқуға факт бойынша емес, ойлауды дамытатын, өзіндік жұмысқа итермелейтін, кейін өз бетінше іске асыру мен өз бетінше оқуға жол салатын идеялар мен тәсілдер, әдістер арқылы бірте-бірте көшу керек, сол мақсаттың бірте-бірте шығуы олардың көп рухани, зияткерлік және физикалық күш жұмсап, жетістікке жетуі үшін қажет.

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың бұл кезеңінде жұмыстың топтық формалары әлдеқайда орындырақ: («ақыл шабуылы»), рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, жобалық тапсырмалар және т.б.), әр сабақта пәннен бөлек шығармашылық тапсырмалар қолданылуы керек, эссе жазу.

Мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстар жүйесі  дарынды оқушылардың дамуына және жасырын жатқан дарындылық пен қабілеттің шығуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Психологтардың пікірінше, ойын –мұндай жүйенің негізі болып шығады.

3-саты.Үлкен мектеп айрықша білім беру кеңістігі болып табылады. Онда бір жағынан, әлеуметтік-дағдыланған тұлғаның қалыптасуы бойынша оның міндетті қызметінің қоғаммен орындалуы аяқталса, екінші жағынан, құзіреттілік кешені үшін жағдайдың жасалуына әкелетін ЗУН жүйесінің  артық байланысымен  басым білім беру парадигмасының бірте-бірте бағытталуы шынайы жүріп жатады, ол көп факторлы ақпараттық қарым-қатынастық кеңістік жағдайында өз ойларын жүзеге асырушы адам қабілеті ретінде қарастырылады. Бұдан мектепте білім беру кеңістігінің жаңа принциптері мен ұйымдастыру әдістері қалыптасады:

- жобалық-зерттеушілік дағдының өнуі (жобалық әдіс);

- жоғары сынып оқушыларының өз қалауындағы профильді бағытқа қатынасының анықтамасы;

- қарым-қатынас өрісінің этикалық көзқарас бойынша анық айқындалуы.

Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасаудың шарттары

            Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогикалық әрекеттердің принциптері ескерілді:

- тұлғаның дамуы үшін ұсынылған мүмкіндіктердің максималды әртүрлілік принципі;

-оқытудың даралану және жіктелу принципі;

- мұғалімнің минималды қатысуымен өтетін оқушылардың үйлесімді жұмыстары үшін шарт жасау принципі;

- оқушылардың қосымша білім беру қызметін, көмегін, тәлімгерлігін еркін таңдау принципі

III кезең – ұйымдастырылған-әрекеттік.

Мақсаты:

Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмыстың ұйымдастырылуы.

Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқушылардың қабілетін дамыту үшін қажетті тәсілдерді қолданады. Мектеп психологтары балалардың дәстүрлі емес ойлауын анықтау үшін алдын ала сауалнама жүргізді. Әр сыныпқа сынып бойынша біртұтас және әр балаға жеке мінездеме материалдары жиналған папка арналады. Осы 2010-2011 оқу жылында портфолионы жаңалау және оқушылар арасында «Өзімді таныстырамын» атты сайыс өткізу жоспарланды. Бұл бағытта сынып жетекшілері  өз жұмысының толық талдауын жүргізуі керек. Жұмыстың қалыпты аспектілері, мәселелері міндетті түрде көрсетіледі, мәселенің құрылуы бойынша жұмыс жоспары жасалады.

Дарынды балалармен жұмыс барысында қолдау көрсету және ынталандыру жүйесінің міндетті жоспары, дарынды бала әрекетін бағалау өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты мектепте ынталандырудың келесі жүйесі жасалды:

Номинациялар:

1.        «Еуропа бесігінде тербелгендер»номинациясына ( 1-11 сынып оқушылары) «Ақыл-ой Одиссеясы» бағдарламасы бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ие болады. Кубок иегерлері мен  «Ақыл-ой Одиссеясы» республикалық конкурсының алтын белгі иелері

2.        «Талапты ұл-қыз – тарихи жұлдыз»номинациясына  (1-7 сынып оқушылары) республикалық және облыстық «Зерде» ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары, республикалық «Бастау» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ие болады.

3.        «Талаптың мініп тұлпарын...»номинациясы (10-11 сынып оқушылары) халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына, тест-рейтингтік олимпиада жеңімпаздарына, халықаралық білім гранттарының иегерлеріне беріледі.

4.        «Талап-қанат, білім-сұңқар. Көріп-біліп жеңген тұлпар»номинациясы (8-10 сынып оқушылары) облыстық ғылыми жарыстардың, облыстық пән олимпиадаларының, халықаралық, республикалық конференциялардың, халықаралық Сәтпаев және басқа оқулардың жеңімпаздарына беріледі.

5.        «Ақылмен қанат қаққандар»номинациясын (8-11 сынып оқушылары) республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық әртүрлі пәндік олимпиадалардың (ағымдағы оқу жылының) жеңімпаздары иемденеді.

6.        «Абай ізбасары»номинациясына (11 сынып оқушылары) «Алтын белгіге» үміткерлер, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері; халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың, республикалық пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, халықаралық ғылыми студенттік конференциялардың жеңімпаздары, тек қана «5»-ке немесе «4-5»-ке үлгеруші оқушылар ие болады.

Дарынды балаларға –дайын ұстаздар

Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.

Мұғалім міндетті:

  1. жақсы тілектес және сезгіш болуға;

  2. дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;

  3. зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға;

  4. қызығушылық пен икемділіктің кең көлемін игеруге;

  5. дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;

  6. пысық және белсенді мінезді болып келуге;

  7. әзіл-оспақты сезіне білуге (мысқылдан аулақ болуы керек);

  8. икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;

  9. шығармашылық жеке дүниетанымы болуға;

  10.  дені сау және өмірде тұрақты болуға;

  11.  дарынды балалармен жұмыс жасауда жоғары оқу орнынан кейінгі арнайы дайындығы болуға және алдағы уақытта арнайы білімді игеруге дайын болуға.

«Дарынды балалармен жұмыс әдістері»

Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетінің даму тәжірибесі арнайы шығармашылық бағдарлама мен оқу материалдарының жоспары мен іске асырылуын шамалайды. Дарынды балаларды оқытудың болашақта шығармашыл тұлғаның әлеуметтік іске асырылуына ықпал ететін шығармашылыққа, қарым-қатынас жасай білуге, көшбасшылық және басқа тұлғалық сапаларды қалыптастыруға ықпал ететін арнайы бағдарламалар жоспарлануда.

Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.

1.                Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды  ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.

2.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.

3.                 Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.

4.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.

5.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.

6.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.

7.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.

Карне, Шведел және Уильямс дарынды балаларға арналған бағдарламаның келесі ерекшеліктерін көрсетеді:

 

- әдеттегі оқу жоспарына кірмейтін материалдармен танысу;

- таңдалған тақырыптың терең жұмыс жоспарының қамтылуы;

- оқу процесінің алдын ала құрылған өзгермейтін бірізділікке емес, танымдық талаптарға сәйкес орындалуы;

- абстрактылы түсінік пен жоғары деңгейдегі ойлау процесін талап ететін әрекеттің күрделірек түрлеріне ерекше мән беру;

- қолданылған материалдарға, уақытқа және ресурстарға қатысты үлкен ой икемділігі;

- тапсырмаларды орындаудағы еркіндік пен мақсатқа бағытталған өте жоғары талаптар;

- көшбасшылық қабілетті жасауы және көрсетуі үшін кең мүмкіндіктердің берілуі;

- шығармашылық және өндірістік ойлаудың кеңейтілуі;

- өз-өзінің және қоршаған ортаның тәртібін талдай білуді тәрбиелеу;

- білім базасын кеңейту және тілдік қабілетті дамыту үшін әсерлі алғышарттарды жасау.

 

Төменде дарынды балалардың дамуына қатысты кейбір маңыздырақ қабілеттер мен икемділіктер келтіріледі.

 

«Дарынды балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері»

 

Дарындылықтың сақталуы мен дамуы – бұл шығармашылық әлеуетті жүзеге асырудағы  қоғамдық дамудың да, жеке тағдырдың да мәселесі.

 

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың мәні неде?

 

Ерекше дарынды балаларды айқындауда келесі жағдайлар туындайды:

  1. әр тұлғаның дамуына әсер ету;

  2. мүмкін болған жағдайда дербес жетістіктерді ертерек жоғары деңгейге жеткізу;

  3. дарындылық ресурсының қызметін жүктеу арқылы қоғамдық дамуға ықпал ету. (Ж.Брюно)

 

Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін (медико-психологиялық, педагогикалық) негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдануда және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалауда маңызды. Дарынды балаларды шығарудың бірінші сатысында баланың ата-анадан және педагогтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғарғы жетістігі есепке алынады. Сонымен қатар топтық тестілеу мен әлеуметтік сұрақ-жауап парақтарының  нәтижелері де қолданылуы мүмкін. Бұл балалар ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік жасайды.

 

Екінші саты диагностикалық мәнді білдіреді десек те болады. Бұл кезеңде баланың шығармашылық мүмкіндігі мен психолог және психотерапевт маман көрсеткен жүйкелік-психикалық ерекшеліктерін жекелеп бағалау сатысы жүргізіледі. Бірінші кезеңнің нәтижесіне байланысты бала әлеуетті мүмкіндіктердің сол немесе басқа артықтау көрінетін нұсқаларына қатысты психологиялық тесттермен тексеріледі. Бала интеллектуалды ортаның жақсырақ дамуында ой өткірлігімен, білімқұмарлығы және қиналмай оқитындығымен дараланады, тәжірибелі ептілігін көрсетеді. Мұндай жағдайда бәрінен бұрын дарынды балалардағы когнитивті және сөздік параметрлердің мағынасына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылады (мысалы, Векслер әдістемесі, Стайфориненің парасат шкаласы және т.б.)

 

Академиялық жетістіктер саласында дарынды балалардың тіл мен әдебиетке, математика мен жаратылыстануға бөлек икемділіктері  әлдеқайда дамыған болуы ықтимал. Сондықтан да психолог маманның жұмысы тек жалпы зияткерлік даму деңгейін анықтау ғана емес, ойлау қабілетінің басымдау жағын бағалау болып келеді (Стенфордтың жетістік тесті).

 

Шығармашыл және өндірісті ойлы балалар тәуелсіздігімен, өзін-өзі ұстау тәртібімен, өзіндік ойлау қабілетімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленеді. Олардың шығуы бәрінен бұрын балалардың шығармашылыққа икемділігі (Торренс тесті) мен жекелеген мінездемесінің бағасын қарастырады (Аизенка, Личко сауалнамасы, Люшер тесті және т.б.).

 

Қарым-қатынас пен көшбасшылықта байланысқа түсе алу артықшылығы, талап қойғыштығы бар балалар ынталығымен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, оларды әдетте ойын мен сабақта басты рөлге оңай таңдайды, олар өздерін қатарластары мен үлкендер арасында сенімді сезінеді. Бұл жағдайда сіздерге жекелеген әдістемелер мен социометрия көмектеседі.

 

Көптеген балалар белгілі бір ортада  ғана емес, бірнеше салада дарындылықтың жоғары деңгейін танытып жатады. Педагог және психологтардың міндеті бұларды шығарумен ғана шектелмей, оларды іске асыруы және дамытуы қажет.

 

Дарынды балалармен жұмыстың үшінші сатысында негізгі рөл педагогтарға жүктеледі, оларға балалардың қабілеттерін қалыптастыру мен тереңдету тапсырылады. Бұл талаптар кең ауқымды педагогикалық тәсілдер мен әдістердің көмегі арқылы жүзеге асады (авторлық бағдарламалар, жеке сабақтар – кеңестер және т.б., сонымен қатар лицей, гимназия, колледждердегі жан-жақты бағдарламалар).

Дарынды балалар әлеуметтік бейімделудің алғашқы деңгейлерінен өз қатарластарынан әлдеқайда тез өтеді (айтқанды тыңдау және үлгілі тәртіп, үлкендердің оң бағасын алуға бағытталған); олар жасөспірім шағында балалық ептілік бейнесін жиі азайтады және стандартты ережелерге, топтық нормалар мен авторитарлы көшбасшылықта топішілік бағыттарға қарсылық танытады.

 

Төменде дарынды баланың дамуына қатысты кейбір маңыздырақ икемділіктер мен жасай алу шаралары келтірілген:

 

  1. Танымдық қабілеттер мен машықтар

-ақпараттың кең көлемін игеру.

- бай сөздік қор.

- игерілгенді жаңа материалға көшіру.

- себеп-салдарлық байланысты құру.

- құпия тәуелділік пен байланыстарды құрықтау.

- шешім шығара білу.

- ақпаратты шоғырлай және жинақтай білу.

- күрделі мәселелерді шешуге қатысу.

- ақпаратты ұйымдастыру.

- күрделі ойларды аулай білу.

- астарлы айырмашылықтарды аңғара білу.

- қарсылыққа сезімталдық.

- ақпаратты іздеудің альтернативті жолдарын қолдану.

-жағдайды талдау.

- процестің өзін де, нәтижесін де бағалай білу.

- кейін неге апарып тірелетінін көре білу.

- талқылай білу.

- болжам жасау.

- ойды тәжірибеде қолдану.

- қайта жасауға икемділік.

- ойлаудағы сыншылдық.

-жоғары білімқұмарлық.

 

2. Шығармашылық қабілеттер

                        -тәуекелшілдік қабілет.

                        - бағытынан тайған ойлау қабілеті.

                        -ойлау мен әрекетте икемділік.

                        -ойлау жылдамдығы.

                        - өзіндік идеяларын айта білу және жаңа бір нәрсені ойлап табу қабілеті.

                        -бай қиял.

                        -әркелкі нәрселерді қабылдау.

                        -жоғары эстетикалық құндылықтар

                        -дамыған сезгіштік.

3. Эмоционалды ортаның ерекшеліктері

                        -шынайы Мен-концепциясы.

                        -өзгеге сыйластық.

                        -адамдарға эмпатикалық қатынас.

                        - өзге адамдардың ерекшеліктеріне төзе білу.

                        -өзін-өзі талдауға икемділік.

                        -сынға шыдамды қатынас.

                        -нәрселер мен ойлармен бөлісуге дайын болу.

                        -тапсырманы орындауда табанды болу.

                        -ойлау мен тәртіпте тәуелсіздік.

                        -мадақтауды күткенде шыдамсыздықтың болмауы.

                        -жарысқойлық.

                        -әзілқойлық сезімі.

                        -құлықты мәселелерді талдауда сезгіштік.

                        - өз күші мен қабілетіне сенімділік.

 

Дарынды балалармен жұмыс істеушілерге, ұстаздарға ұсыныс.

 

Тәжірибенің көрсеткеніндей, ұстаздың жоғары дарынды баламен өзара әрекет жасауының әсерлірек әдістері – оның материалмен өзіндік жұмыс жүргізуіне бағытталған қосымша сабақтар. Пән мұғаліміне жұмыста керек болады:

1.      баланың өз бетінше білім алу жағдайын, икемділігін (гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану-ғылымилық, музыкалық және т.б.), психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру.

2.      әлдеқайда күрделі және шатасқан сұрақтар бойынша  кеңес беру тақырыбын анықтау.

3.      Баланың пән бойынша белгілі уақыт аралық (тесттер, сұрақтар және т.б.) есеп формасын таңдау.

4.      Балаға жеткізу керек:

- тақырып атауы.

-тақырыпты игеру жоспары.

- негізгі сұрақтар

- ол меңгеруге тиісті анықтамалар мен терминдер.

-тәжірибелік жұмыстар.

- керекті әдебиеттер тізімі

- бақылау формасы.

-өзін-өзі тексеруге тапсырмалар.

Жұмыс нәтижесін талдау үшін кестені толтыру:

- пән

- кеңес берілген күн мен уақыт

- басты қаралған сұрақтар

- бағдарлама бойынша тақырыппен жұмыс уақыты

- негізгі жұмсалған уақыт

- бағдарламада көрсетілген қосымша сұрақтар

- анықталмаған сұрақтар

- уақытынан кешігу себептері.

Мұғалім жақсы тілектес әрі сезгіш болуы керек, баланың психологиялық ерекшеліктерін есепке алуы тиіс, оның шығармашылық және өндірістік ойлауын кеңейтуі, таңдалған тақырыптың терең жұмыс жоспарына талпынуы қажет. Сол кезде бар жан дүниесі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімді мойындауға болады. Біздің мектептің мұғалімдері үшін арнайы келесі ынталандыру жүйесі жоспарланды. Куәлік қағазымен расталатын төс белгілері бар келесі номинациялар жасалды:

 

1.                            «Ұлағатты ұстаз» - бұл номинацияоқушылары республикалық пән олимпиадаларының, республикалық ғылыми жарыстардың, халықаралық жарыстардың, халықаралық студенттік конференциялардың, облыстық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары атанған мұғалімге беріледі. Мұғалімдерге арналған пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған, әртүрлі облыстық және республикалық сайыстар мен конференциялардың жеңімпаздары мен жүлдегер педагогтарға табыс етіледі.

2.                            «Жаңашыл ұстаз»- білім берудің жаңа технологияларын білетін және белсенді қолданатын жаңашыл ұстаздарға ұсынылатын номинация. Оқушылардың сапалы білім алуына ықпал ететін бар жаңа әдістер мен тәсілдерді, технологияларды өз тәжірибесіне қабылдауға және енгізуге дайын мұғалімдер иеленеді.

3.                            «Тәжірибелі ұстаз»  - бұл номинацияны педагогикалық еңбек өтілі 20 жылдан жоғары, әртүрлі олимпиадаларда, мұғалімдерге арналған сайыстарда дипломмен марапатталған және оқушылары арасынан жеңімпаздар дайындаған (облыстық, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми жарыстар) мұғалімдер иеленеді.

4.                            «Ізденімпаз ұстаз» - бұл номинацияға жас (еңбек өтілі 1-3 жыл) шығармашыл және нәтижелі жұмыс істейтін мұғалімдер ие болады.

5.                            «Үздік сынып жетекші»- жаңашыл, қиялы бай, шығармашыл. Кез келген сәтте көмек көрсетуге даяр. Ұйымдастырушы, психолог. Жоғары мәдениетті, рухани бай, эстетикалық талғамды. Мәселелерді шешуге батыл, жан-жақты. Өзіне тән ерекшеліктері бар. Кәсіби сауатты, білікті.

Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы жетістік жұмыстың бұл санаттағы оқушылармен бастауыш сыныпта қалай ұйымдастырылғанына байланысты.

Бұл жұмыс өзіне әртүрлі типтегі дарындылықты тудырудың  диагностикалық әдістемелерін қалыптастыруды, дарынды балалар туралы ақпарат сараптамасын, олардың білім алу және даму жағдайын жүктейді.

Жобаның жүзеге асырылуы дарынды оқушылармен тікелей жұмыс жүргізумен байланысты. Бұл кезеңде дарынды балалармен жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмыс жасау жоспарланады және келесі бағыттардың іске асырылуы қарастырылады:

Үйлестіруші бағыт:

Әр дарынды балаға тәлімгерлік жүйесінің енгізілуі.

Ғылыми-зерттеушілік бағыт:

Дарынды балалар диагностикасының өткізілуі.

Дарынды балаларға білім беру және тәрбиелеу жағдайының диагностикасы.

Дарынды балалар туралы мәліметтер жиынының жасалуы.

Ғылыми-әдістемелік бағыт:

Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін білім беру бағдарламалары мен әдістемелік материалдар жиынтығының жасалуы.

            Эксперименттік бағыт:

Білім беру процесіне оқушылардың рухани зияткерлік және шығармашылық дағдысын дамыту мен қолдауға, шығаруға бағытталған дамыту формаларын және оқыту әдістерін енгізу.

Интернет білім беру желісін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру.

Дарынды балалардың ата-аналарымен олардың психолого-педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында және қабілетті және дарынды балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшін жұмыс жасауды ұйымдастыру.

Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған.  Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.

Оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау, оқушының қабілетті болып дүниеге келуі және өз қабілеттерін жүре дамыта алуы әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Қосымша материалдарды зерделеу арқылы мына көзқарастарды айқындадым: дарынды балалар ретінде білімнің барлық саласынан бірдей дәрежеде көріне алатын балаларды қарастыратын болсақ, талантты бала ретінде тек бір салада даму деңгейі жоғары оқушыларды атауға болады.  Оның ішінде қабілеттің туа біту мен жүре дамуына байланысты да көптеген пікірлердің қалыптасқанын да білдім. Әрине математиканы оқып үйренуде қабілеттің алар ролі зор дер едім. Сондықтан егер де математиканы қабылауға қабілеті болмаған жағдайда, «гуманитарлық» білімдерге бейім оқушының математикалық біліктілігін арттыру үлкен ізденістер мен күрделі жұмысты қажет етеді деп есептеймін.

Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын кемітеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.

Өз зерттеуімнің объектісі ретінде дәріс беретін 8 сынып (14-15 жаста) оқушыларын алдым. Бұл сыныптарда математика пәні тереңдетіп оқыту бағдарламаларына негізделіп оқытылады. Пәнді оқыту барысында сынып 12 оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл оқушыларды оқытуда айтарлықтай жеңілдіктер жасайды. Арнайы іріктеуден өткен оқушылармен жұмыс жасау барысында бұл оқушылардың білім алуға деген ынтасының өте жоғары болатынын байқадым. Оны Myself-As-Learning (MALS) шкаласы және мотивация деңгейін анықтауға арналған бастапқы сауалнама нәтижелері де көрсетті. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың ынталану деңгейінің орташа мәні 77,2 ұпайды құрады. Көбіне олардың мотивацияларына сыртқы да, ішкі де факторлар әсер етеді. Жан-жағында ынталы оқушылардың жинақталуы, мектептің негізгі миссиясы мен білім беру бағытында ұстанған мақсаттары, материалдық-техникалық базасы, ана-аналарының талаптары оқушылардың мотивациясын арттыруға өз үлесін қосады. Ұстаз ретінде осы ынтаны кемітіп алмай,  керісінше дамыту жолында жұмыс жасауды мақсат етіп қойдым.  

Күнделікті сабақтар кезінде байқағаным, топтағы ынтымақтастық атмосферасы адамның түсіну деңгейіне өзіндік әсерін береді екен. Топ мүшелерінің арасындағы серіктестік қарым-қатынас оларды ортақ келісімге келіп, топқа ортақ пікірді негіздеуге жетелейді. Бұл туралы С.Силдің «Топтағы жұмысты құрылымдау» атты арнайы зерттеуінің соңғы мысалында, орта буында математика пәнін оқыту жұмысын зерделеу кезінде айтылған болатын (2006). Зерттеудің алғашқы кезеңінде сынып мұғалімдері сабақ жүргізу барысында басқа екі әріптесі сабақ барысын бақылап, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы байланысты бейнетаспаға түсіріп отырған. Сонымен бірге оқушылар сауалнама толтырады. Соларды талдау қорытындылары келесі сабақтарда қолданылды. Топ құрамын өзгерту арқылы топ мүшелерінің жынысына және мүмкіндіктеріне қарай басқалармен жұмыс істеуінен пікірталас арқылы шешуді талап ететін күрделендірілген есепті шығаруға дейін стандартты емес жұмыстың арқасында бұндай сабақтардың сапасы артып отырған. Оқушылар математикалық есептерді шығаруда өзін сенімді сезінген және үздік бірлескен жұмыс пен сындарлы әңгіме жүргізген белгілі бір топтарда жақсы жұмыс істегендері анықталған. Осы зерттеу әдісі менің үлкен қызығушылығымды тудырды. Дарынды балаларды ұжымнан бөліп, жеке жұмысқа тартудан гөрі оларды топтық әрекетке тартып, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге үйретудің тиімділігін зерттеуді көздеп, өз зерттеу жұмысымның мақсатын келесідей тұжырымдадым: оқушыларды топтағы белсенді әрекетке жұмылдыру арқылы олардың топтағы серіктестік қарым-қатынасын арттыру және бір-бірінің түсіну деңгейін арттыруға әсерін зерделеу.

Зерттеу жұмысын бастар алдында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша сыныптарда қалыптасқан психологиялық ахуал туралы келесі қорытындылар жасауға болады:

·      оқушыларының көбісі өз сыныптарының негізгі қызығушылықтарын білуге қызығушылық білдіргенмен, олардың көп бөлігі, яғни 80%-ы  сыныптастарыңның 50-80%-ының негізгі қызығушылықтары туралы білетінін көрсеткен, ал бір оқушы сыныптастарының жартысынан көбінің қызығушылықтарынан хабары жоқтығын көрсеткен.

·      оқушылардың 25%-ы сыныптастарының өз білімдері туралы пікіріне немқұрайлы қарайтынын көрсеткен.

·      оқушылардың 10%-ы өз математикалық білімдері туралы сыныптастарының пікірлерін жақсы емес деп көрсеткен.

·      оқушылардың 20%-ы топпен жұмыс жасаудың ұнамайтынын, дегенмен тапсырмаларды орындауда үлес қосуға тырысатынын айтқан.

·      оқушылардың  15%-ы топтық жұмыс барысында өз пікірлерінің ескерілмейтінін көрсеткен.

·      оқушылардың 30%-ы сыныптағы өзара бағалауға немқұрайы қарайтынын, 10%-ы объективтілік танытуға тырысатынын, ал 10%-ы объективті болуға тырыспайтынын айтқан.

·      оқушылардың 20%-ы топтық жұмыс барысында жаңа білімді тек кей жағдайда алатынын, ал 15%-ы сирек жағдайда ғана жаңа білімдермен танысатынын көрсеткен.

Оқушылардың математикалық қабілеттерінің даму деңгейін анықтау мақсатында Айзенктің математикалық субтесті пайдаланылды. 30 минут ішінде берілген тесттің мүмкіндігінше көбірек есебін шығару керек. Егер есеп шықпай жатса, оны қалдырып, келесі есепке көшуге болады. Нәтижесінде тек дұрыс шешілген есептің саны ғана ескеріледі. Субтест мәліметіне сәйкес алынған орташа нормативтік көрсеткіш 91-100 ұпай болып табылады. 8A тобының білім деңгейі біркелкі, асқан дарындылығымен топ жарған оқушылар жоқ. Соңғы бақылау нәтижелері бойынша Айдана, Асхат, Нұрарыс, Алишер мен Алмасты атап өтуге болады. 100% деңгейден төмен, бірақ 91%-дан жоғары көрсеткішті топтың 30%-ы көрсетті, ал қалған 70%-ы жақсы көрсеткішті көрсетті. Екі оқушы 120 ұпайдан жинады. 8B сыныбында барлық оқушылар 100%-дан жоғары көрсеткіш көрсетті. Яғни оқушылардың математикалық қабілеттері нормада екендігін дәлелдейді. Ең жоғарғы көрсеткішті Негметжанов Дарын (135 ұпай) және Кенжеқұлов Нұрболат (125 ұпай) көрсетті. Негметжанов Дарынның көрсеткіші өте жақсы балып табылады. Жоғарыдағы мәліметтерден байқайтынымыз, топтарда математикаға қабілеті өте жоғары оқушылармен қатар білімді меңгеруге белгілі бір уақытты қажет ететін оқушылар жинақталған. Сондықтан, жұмыс жоспарының тығыздығы мен күрделілігі оқушылардың арасындағы «өте жақсы» және «деңгейі төмендеу» оқушылардың қарым-қатынасын шиеленістіреді. Оқушылар арасында бәсекелестік  қарым-қатынас басым. Осы негізде кейбір оқушылардың өзіне деген сенімділігі төмен, математиканы оқудың міндеттілігін сезініп, жақсы көрсеткіштерге ұмтылғанмен, оның барлық маңызын түйсініп, сезіне алмайды.

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ондағы оқушылардың қарым-қатынастағы шиеленістікті жою, олардың арасында өзара серіктестік және түсіністік қарым-қатынасты орнату оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, жалпы сыныптағы оқушылардың қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосар еді. Сонымен қатар, дарынды балалардың ішкі потенциалын ашуға бағытталған әрекеттерді ұйымдастыру олардың топтағы оқушылармен жақсы қарым-қатынасын орнату арқылы, өз сенімділіктерін дамытуға жол ашар еді. Дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыру жолында қашықтықтан оқыту кезеңінде топтағы белсенді әрекетті ұйымдастыру арқылы Кембридждік курс барысында үйренген келесі әдістерді қолдандым:

·           Оқушылардың өз әрекетіне, білім алу үдерісіне сыни көзқарасты дамыту олардың білімдегі құндылықтар жүйесін қалыптастыруда  үлкен маңызға ие. Бұл тапсырмалар қатарында көзбен көретін айғақтарды қолдану арқылы ой қорытуды қамтамасыз ету үшін (TrHW3_D5_Act1a_Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлау) «Квадраттық теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу» тақырыбында санды аралықтар суреттеріне байланысты және «Квадраттық функция графигі» тақырыбында график суреттеріне байланысты Блум таксономиясының негізінде анықтау, салыстыру, жалпылау, талдау, қорыту деңгейлеріне арналған тапсырмалар берілді. Оқушыларым өздерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, тапсырмалардың мүмкін болатын шешімдерінің түрлерімен танысты. Топтарға берілген тапсырмаларды бірте-бірте қиындата отырып, оқушылардың сыни ойлауына жағдай туғыздым деп ойлаймын. Сабақтар барысында оқушылар берілген жауап бойынша теңсіздікті және теңсіздіктер жүйесін құрастырды. Жауаптарын парақтарға желімдеп, белсенді қызмет атқырды.        Дарынды балалардың топтағы әрекетін ұйымдастыру үшін «Квадраттық теңсіздіктерді шешу» тақырыбын өтуде «Мозаикалық жұмбақ» (TrHW3_D4_Act2c_джиксо тапсырмаларға нұсқаулар) тапсырмасы қолданылды. Оқушылардың пікірін тыңдауға негізделген диалогтық әдісті қолдану пайдаланылды. Жаңа мәліметті түсіндіру алдында алдымен оқушылардың осы мәлімет туралы білімдерін айқындау, олардың іс-тәжірибесімен байланыстыру сауалдары дайындадым. Оқушыларға ойларын жинақтап, тиянақтауға арнайы уақыт беріліп отырды. Топтағы пікірталас әдісін (3 апта 3 күн материалдары) қолдану арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру әдісі қолданылады. Сабақтағы жаңа мәліметтер дайын күйінде берілмей, оқушылардың өзара пікірлесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде меңгерілді.

·           Оқушылардың әрекеттесуіне бақылау жасау арқылы, қызметтері үйлестіріліп отырды. Оқушыларды жүйеленбеген топтарға бөліп бақылау жасағаннан кейін С.Сил зерттеуіндегі тұжырымдардың дұрыстығына көзім жетті. Оқушыларды қабілеттеріне, қызығушылықтары мен өз еріктеріне қарай бөлуді жүзеге асыру А сыныбындағы оқушылардың түсіну дәрежесіне оң әсерін бергенін байқадым. Сонымен қатар, оқушылардың топтық жұмысқа деген оң көзқарасы да қалыптасты. В сыныбындағы оқушылар керісінше, аралас топтардың түсінік қалыптастырудағы тиімділігін атап көрсетті. Оның ішінде қабілеті жоғары балалар мен орташа қабілетті балалардың араласып келгені тиімді болатынын айтқан. Шынында да, В сыныбындағы Дарын мен Нұрболат өз топтарстарының тапсырмаларды дұрыс орындауын қадағалап, топтағы міндеттердің жүйелі бөлінуін қадағалап отырды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,  мұғалім нұсқауынан гөрі өз сыныптастарының нұсқауын алу тиімді болатынына көзім жетті. Ал бұл оқушылардың өзара әрекеттесуі мен когнитивті икемділіктерінің дамуының маңыздылығына ерекше көңіл бөлген Выготский, Хоу мен Мерсердің соңғы зерттеулеріндегі тұжырымдарды растай түседі. Пиаженің балаларда ересектердің идеяларына қарағанда, өз құрдастарының қарама-қарсы идеяларымен пікірлеріне қарсы келгенде когнитивті өзгерістер болатындығы туралы пікірі де осыны қуаттайды. Балалар топтары оқушыларға даму барысында біршама алда немесе артта қалған өз қатарластарымен өзара әрекетте болып, когнитивті және әлеуметтік қабілеттерінің дамуына септігін тигізетінін растай түсті.

·           Топтағы позитивті, достық қарым-қатынас орнатылды. Мадақтау және қолпаштау ескерілді. Сонымен қатар оқушылардың топта жұмыс істеу ережелері бекітіліп, оны қатаң қадағалау мақсатында әр оқушыға топтағы жұмыста жауапкершілік беріліп отырды. Сондықтан топтағы тәртіпті оқушылардың өздері реттеуге жағдай жасалды.

·           Оқушылардың бір-бірін және өзін бағалауы, бағалау критерийлерінің нақтылануы жүзеге асырылды.  Оқушылармен рефлексия парақтарын толтыру, пікірлесулер болып отырды. (3 апта 1,2 күн) Аталған әрекеттерді орындау барысында өз жұмысыма басқа тұрғыдан қарап, сабақтарымды барынша қызықты етіп түрлендірудің жолдарын іздестіре бастадым. Күрделі тақырыптардың өзін оқушыларымның бұрыннан жинақтаған білімі мен тәжірибесімен байланыстыра отырып түсіндірудің жолдарын іздедім. Өзімнен гөрі оқушыларымның сабақ барысындағы белсенділігін арттыруды көздедім. Бақылау нәтижелері оқушылардың жаңа материалды түсіну үдерісінде жақсы өзгерістердің бар екенін көрсетті. Салыстырмалы анализ жүргізу барысында бақылау жұмысының сапасы А сыныбында  63,63 пайыздан 77,78 пайызға өссе, В сыныбында 54,5 пайыздан 80 пайызға өсті. Оқушылардың оқуға деген көзқарасында өзгерістер байқалды: білім алу үдерісіне жауапкершілігі артты, берілген тапсырмаларды орындауға шығармашылықпен қарай білуі байқалды.  Олардың топ ішіндегі серіктестік қарым-қатынасы артып, бір шешімге келе білу, басқаның пікірін сыйлай білу, өз ойын ашық айта білуіне жол ашылды. Өздеріне деген сенімділігі, шынайы алған білімдерін бағалай білуі, көзбояушылыққа жол бермеу, объективтілік артты. Мұны олар өздерінің рефлексия парақтарын толтыруда көрсетті. Оқушылар «Топтағы жұмыста не ұнады?» деген сұраққа топтағы талқылаулар, әркімнің өз пікірімен бөлісетіндігі, бірлесе қызмет атқаратыны, есептердің тез шешілетіні, жауаптардардың өзара тексеріліп, толықтырылатыны, тақырыптардың тез ұғылатыны, сабақтың тез әрі қызықты өтетіні  ұнайтынын атап өткен. Ал «Топтағы жұмыста не ұнамады?» деген сұраққа хатшы тым көп жазатынын, тақырыптан ауытқулар болатынын, сыныптастарының көп шулайтынын, келісімге келудің қиындығы болатынын атап өткен. «Өз тобыңыздағы әр түрлі оқушылар сізге оқуда көмектесе алды ма?» сұрағына барлығы дерлік көмектескенін айтқан. Топтағы көшбасшылардың қызметі туралы да жақсы пікір жазған. «Егер сіз мұғалім болсаңыз, топтық жұмыс үшін топты қалай құрар едіңіз?» сұрағына 73,3 пайызы аралас топтарды құрар едім деп жауап берген. Себебі ретінде әр күні әр түрлі оқушылар біріккенін, сыныптағы оқушылардың барлығы да дос болғанын, тақырыпты түсінген оқушылар басқаларға көмектескенін, басқалардың ашылуына кедергі келтірмеуін, оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуын, бір-бірін толықтыруын қалайтынын келтіреді. Ал 26,7 пайызы достарын бір топқа біріктіргісі келгенін айтқан. Оны өте қызықтылығымен, өз достарымен бірге болуды ұнататындығымен түсіндірген. Жалпы осы модульмен жұмыс жасау барысында кездескен қиындықтарды шеше отырып, сыныбымдағы қабілетті балаларға ерекше назар аударудың қажеттігін түсіндім. Олардың қызығушылықтарын ояту мақсатында тапсырмаларды күрделендіріп отыруды қамтамасыз етіп отыруға тырыстым. Топтағы талқылауды ұйымдастыруда кедергілерді жою мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрудың қажеттігін, топтарды жүйелі бөлуді ескердім. Осы нәтижелерім бойынша топта оқыту тәсілдерін қолдануда мұғалімдерге келесі қорытынды тұжырымдарымды ұсынар едім: ·           Сұрақтардың маңыздылығын арттыру, ойлануға уақыт бөлудің қажеттілігін естен шығармау.

·           Көзбен көретін айғақтардың тиімділігін пайдалану.

·           Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлу қажет.

·           Әріптестермен пікір алмасу кейбір шешімі қиындық тудыратын сұрақтарды жеңілдетеді.

·           Тапсырмаларды құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері міндетті түрде ескерілгені дұрыс. 

·           Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйену және өмірден мысалдар келтіру олардың үлкен қызығушылығын тудырады.

·           Оқушылардың қателесу қорқынышынан арылту үшін, алдымен мұғалімнің өзі қателесуден қорықпауы қажет деп есептеймін.

·           Оқушыларды білім беру объектісі ролінен серіктес роліне жоғарылату олардың тұлға ретіндегі сенімділіктерін арттырады. Сондықтан оқушыларға сенім артудан тартынбау керек.  



























Алматы облысы педагог қызметкерлердің өз білімін арттыру институты















Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс»

Мектебі: Талғар қаласы Ж.Жабаев атындағы № 6 орта мектеп

Мұғалімі: Бегалиева Клара Шералықызы



























Талғар 2013

Алматы облысы педагог қызметкерлердің өз білімін арттыру институты











Жоба



Тақырыбы: «Дарынды балалармен жұмыс істеу жолдары»

Мектебі: Талғар қаласы Ж.Жабаев атындағы № 6 орта мектеп

Мұғалімі: Бегалиева Клара Шералықызы

Кузембаева Сажида Қайпбердіқызы





















Талғар 2013



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!