Материалдар / Жоба "Музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту"

Жоба "Музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарга керек материал өздерінің білімдерін жетілдіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
3019
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дайындаған:


Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы
№11 Жалпы орта білім беретін мектептің музыка муғалімі:
Ахметжанова Галия Кайырбековна















































№11 Жалпы орта білім беретін мектеп КММ













ТАҚЫРЫБЫ: Музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту




















Екібастұз қаласы, 2017






Мазмұны


Кіріспе................................................................................................................ 3

І. КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТИІМДІЛІГІ
1.1. Құзыреттілік ұғымы, қалыптастыру ерекшеліктері...............................4
1.2. Мұғалім имиджі кәсіби құзыреттіліктің құрамдас бір бөлігі.....................6
ІІ. МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізу..................................................................8
2.2. Музыка пәнінде кәсіби құзыреттіліктердің атқаратын қызметі...............12
Қорытынды .......................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................17


























Кіріспе

Кәсіби құзыреттілікті дамыту жолдарының бірі- білімдену. Әсіресе, халықтың рухани байлығымен танысу арқылы біліктілікті арттыруға болады.
Құзыретті мұғалім дегеніміз – адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. Құзырет – алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық: оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам тараптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс әрекетке дайындығы.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде жоғары оқу орындарының музыка факультетінде қазақ мектептерінде музыка мұғалімдерін дайындау сапасын, кәсіби құзыреттілігін арттыру ісі ең басты мәселенің бірі. Оқу орындарының алдында әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру талабы қойылды.
Жұмыстың зерттеу нысаны: 1- 6 сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: музыка сабағында құзыреттілікті қалыптастыратын әдіс-тәсілдер.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың бойына мәдени-эстетикалық құзыреттіліктерді қалыптастыра отырып, заман талабына сай өнерлі, жан-жақты, терең білімді, рухани байлығы мол дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Болжам: Егер, оқушылар жаңа технологияларды жетік меңгерсе, рухани байлығы мол өнерлі оқушылардың музыка өнеріне деген құштарлығы артар еді.
Жұмыстың міндеті:
Қазақ халқының рухани байлығымен танысу
Алған білімді қолдану арқылы шығармашылықты қалыптастыру
Нәтиже көрсету.
Жетекші идея: Музыка сабағында заманауи технологиялардың тиімділігін жеткізу.
Зерттеу барысы, кезеңдері:
- баспасөз материалдарын оқып, жинау;
- кітапханалық іріктеулер жүргізу, саралау, жинақтау:
- жинақталған материалдарды жұмыстың жоспарына сай, бір жүйеге келтіру;
Зерттеу әдістері:
жалпы теориялық;
сипаттау;
талдау, жинақтау;
Жұмыстың зерттеу кезеңі: 3 жыл
Жұмыстың жаңалығы: Заман ағымына сай оқушылардың бойында эстетикалық, мәдени, коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру музыка пәні мұғалімінің басты міндеті.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


3
Негізгі бөлім
І. КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТИІМДІЛІГІ
1.1. Құзыреттілік ұғымы, қалыптастыру ерекшеліктері.
Құзыреттілік ұғымыбүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудыңақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде құзыреттілік ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болыптабылады.
Құзыреттілік терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалымН.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.
Құзыреттілік – студенттердің іс-әрекетінмеңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып табылады. Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, алжаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйренушіретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын құзыретті білім беру деп те атап жүр. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе.Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген.
Айталық, ғалым С.М.Вешниякованың Кәсіптік білім беру сөздігінде: Құзыреттілік (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері деген анықтама берілген болса, А.В.Баранниковтің айтуынша: Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді. Ал ғалым Дж. Равен құзыреттілік терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз құзыреттілік ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігінөмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін айтады. Сонымен, оқытудағы құзыреттіліктәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек құзырет және құзыреттілік ұғымдарын педагогикалық үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.

4
Аталған құзыреттілік, құзыр ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы бар:
білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады;
дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет;
біліктіліктен айырмасы – бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.
Қоғам талабына қарай оқытушыныңбілім берудегіміндеті нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру. Қазіргі уақытта оқытушымен бірге,студенттердіңалдына қойылатын талаптар да өсуде. Талап студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға:
нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде;
қазіргі заманғы техника мен технологияны меңгеруде;
практикалық өмірде мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда;
еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда өмірден өз орнын анықтауға;
өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Құзыреттілік ең алдымен студенттердіңақпараттық сауаттылығы менкез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады.Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны өңдеу оқушы мінезін қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады. Ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Мұнда студенттердің өз бетімен жұмысына көп мән беріледі. Студенттер өз беттерінше жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ғаламтордан, түсіндірме сөздіктерден, түрлі тарихи ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Бұл құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етсе, ал оқытушыныңмақсаты – студентке білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп,оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт-бағдар беру.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:
оқушыларға өз бетінше талдауға;
өз қызметіне мақсат қоюға;
жоспарлауға, жинақтауға;
қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге;
өзін-өзі бағалауға;

5
1.2. Мұғалім имиджі кәсіби құзыреттіліктің құрамдас бір бөлігі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! атты халыққа Жолдауында көрсетілген және Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға, сонымен қатар, білім жүйесінде болып жатқан өзекті мәселелерді шешуге және жаңаша білім беруді ұйымдастыруымыз қажет. Қазіргі жағдайда әрбір отбасына мектептен жүйелі және білікті көмек керектігін ұстаздар қауымы жақсы түсінеді. Бұл мәселені ұстаздар мен ата-аналардың өзара әрекеттесуі үрдісінде ғана табысты шешуге болады.Қоғамдағы жаңа бетбұрыстар білім беру жүйесінен үнемі өзгеріп отыруды талап етеді.Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі мұғалім құзыреттілігі жансыз жаттанды білім түрінде емес,педагогтың жеке тұлға ретінде танымға, ойлауға қатысын, белгілі бір мәселелерді ұсынып, шешім жасауға,оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұтымды түрде түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді. Қазіргі өскелең талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады. Құзыреттілік – нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Осы ретте мұғалім құзыреттіліктің төмендегі түрлерін игеруі керек:
арнайы құзыреттілік – кәсіби қызметін жоғары дәрежеде атқару және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білу қабілеті;
әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану (ұжым,топпен) қабілетті, қызмет ету, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу;
білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық;
ақпараттық құзыреттілік – ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игеру және өз бетімен білім алу;
Қазіргі кездегі соңғы басылымдарда, әдебиеттерде мұғалімнің кәсіби имиджі жайлы өте көп айтылып жүр, имиджді қалыптастыру процесі кімге байланысты және педогогикалық іс-әрекеттің табыстылығына қалай әсер етеді? Мұғалім бейнесі оқушылар есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалады. Өскелең жас ұрпақтың сезім, жігерінің қуатты күші болатын, адам қызықты, жан-дүниесі бай болуы керек. Мұғалім имиджін қалыптасыру үшін өзімен жан-жақты жұмыс жасауы керек. Имидж – ағылшын тілінен аударғанда бейне, кейіп деген мағынаны береді. Оқушы өмірінің көп бөлігі оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектептің оқу тәрбие үрдісінде өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әр-түрлі әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
6
Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Сонымен қатар ойлау, іс-әрекет бейнесі, сөйлеу мәнері және тыңдай білу де басты болып табылады. Оқушылары мен әріптестерінің алдында өзін-өзі ұстай білуі мұғалім имиджі болып саналады. Егерде оқушы мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса пәнге деген қызығушылығы да болмауы мүмкін. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің ерекшелігі оның қоғамдық мақсатында. Мұғалім оқушылар мен ата-аналар үшін басты тұлға болғандықтан, оған қойылатын талапта әрқашан жоғары.
Қазіргі кезде тартымды қалыптасқан мұғалім имиджі педогогикалық іс-әрекеттің негізгі табысты бірден-бір жағдайы.
Тартымды имидж дегеніміз:
Айналасындағы адамдардың көңілін таба білу кепілі.
Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
Қандай да бір жағдайда шешім таба білуі.
Ұстаз өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Оқушылар мен ата-аналардың алдында мұғалім тартымды, сымбатты, әдемі,мейірімді болуы керек. Ал бұл имиджге байланысты мәселе.
Имидж құрылымы:
сыртқы бейне;
вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы;
ішкі Мен сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
Сыртқы имиджді құраушыларға: мимика, дауыс күші мен дауыс ырғағы, костюм, қимыл, сөйлеу мәнері жатады.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас қандай. Ол сізбен жүздесуден соң сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптасады. Әрине сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
Мәнерлі сөйлеу;
Көндіре білу;
Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу;
Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу;
Шыдамдылық; көргіштік; сезе білу;
Мұғалім мамандығы ерекше болғандықтан, ол әрдайм көпшіліктің алдында. Сонымен имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жан-жақты ашылып, жарқырап көрынуі, өзіңіз туралы жақсы пікірдің қалыптасу жолы. Мұғалім өз имиджін өзі жасау керек, бұған киім таңдауы да жатады. Мұғалім имиджіндегі басты құрал, оның даусы, дауыс ырғағы, оны сабақта қолдана білуі. Оқушылармен қарым-қатынас жасауда сөйлесе білу, дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру мұғалім біліктілігінің басты көрсеткіші.


7
Сонымен мұғалім имиджі – бұл ішкі және сыртқы мазмұн бірлігі. Осы орайда ең маңыздысы мұғалім өзімен сыныпқа не алып келеді?, ал ол кеткенде не қалады?. Әрине мұғалім мамандығы ғана әрқашан мен нені іске асырдым, не іске аспады, бұданда жақсы болу үшін не істеу керек? деген сұрақтарға жауап іздеуі керек. Сонда ғана мұғалім сыйластыққа ие бола отырып, дұрыс қарым-қатынаста бола алады. Әр мұғалім имиджі тек өзіне тән педагогикалық стильде қалыптасады. Бір мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер имиджі, мектеп имиджін анықтайды. Мұғалім имиджі педагогикалық техника ретінде қарастырылады. Мектептегі оқушылардың жетістігін анықтайтан негізгі көрсеткіш білім сапасына тәуелділігі – бұл сабақтағы мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас деңгейі, ол өз кезегінде мұғалім квалификациясына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды: білім беру жүйесі оны құрайтын мұғалімдерден жақсы болмайды К.М.Ушаков Породоксы Мак-Кинси. Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі оның мансабымен тікелей сабақтас. Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленеді.

ІІ. МУЗЫКА ПӘН МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізу.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру барысында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық іскерлігін дамытуды,музыка пән мұғалімінің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе - әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Мұғалімдерді даярлау – қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі. Себебі қоғамның әлеуметтік- экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс -тәсілдерін, жаңа инновациялық педагагикалық технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі

8
сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжіибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.Ендеше, ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауда жоғары оқу орындары жаңаша жұмыстар атқаруы тиіс. Бұл жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруды, мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануды көздейді.Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқу барысында музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы дәнекер түйін сияқты.Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап қояды. Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.Мектепке музыка пән мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі мақсаты-музыка өнеріне баулу. Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі қызмет атқара алады:
1) Қатынастық қызмет.
2) Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.
3) Жастар ойын, олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес дамыту.
4) Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т.б.
9
Осылардың негізінде орындалатын біздің міндетіміз:
- қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;
- жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;
- музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау;
- жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу.
Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі- ұлттық дәстүрде. Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды.Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу және сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән мұғалімінің кәсіби білімін, іскерлігін талап етеді.
Жоғары оқу орындарында Музыкалық білім беру мамандығы бойынша Музыкалық білім берудің әдістемесі- болашақ маман музыка пән мұғалімін кәсіби-педагог ретінде дайындауға бағытталған оқу пәндер циклында негізгі және интегралданған пән.Осы пәнді оқыту барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы:
- жергілікті мекен жайдағы таңдаулы мұғалімдердің сабақтарын көрсетіп,сол мұғалімнің көзге түсерлік қыры мен сырын аңғартып жазбаша талдау жасатқызу;
- өз аумағымыздағы мәдени өзгешілікпен таныстырып,болашақ мамандарды кітап оқу арқылы ғана емес, әр түрлі экскурсиялар,жорықтар,көрмелерге, театрларға бару арқылы баулу;
- өзін-өзі жаттықтыруға оқу теледидарын және аутогендік жаттығулар әдісін қолдану ( өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау);
Іздемпаздыққа тәрбиелеу үшін оқытушы тағы да бір тәсілдерді үйрете алады.
- өз бетінше іс басқару, өзгеге жалтақтамау, тыңнан жол салуға баулу;
- тәуекелге бел байлау;
- белсенділік, әуесқойлық, іздену жолындағы жігерлік;
- қалыптасқан дәстүрге сын көзбен қарау, ұнамаған әдіс-тәсілдерді өзгерту жолында жаңа ойлай білу;
- өзге тұлғалармен араласып, өз ойларымен бөлісе білу.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып, музыка пәні мұғалімінің бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқу процессінде оның алдына қойылатын міндеттерді көрсетуге болады: оқушылардың музыка өнеріне қызығушылығын ояту, дамыту; олардың музыканы қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру әне халықтық мұра – орындаушылықты насихаттау. Музыка мұғалімінің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық, т.б. бірнеше бағытта жүргізіледі. Ұйымдастырушылық бағыт мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процессін жоспарлау және ұйымдастырудан құрылады.
10
Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ барысын ұйымдастыру, т.б. Бұл үшін мұғаім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
- мектептегі музыкалық қызметті ұйымадастырудың негізгі формаларын;
- ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық, теориялық негізін, дидактикалық принциптері мен әдістерін;
- музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін;
- оқыту -тәрбиелеу процессін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін әр сынып деңгейіне байланысты таңдай білу;
Танымдық бағыт мұғалімнің оқушылардың ой қызметін басқаруына байланысты құрылады.
Бұл үшін мұғалім:
- ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін білуге;
- білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын қадағалауға;
- танымдық процесстердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
- оқытуды анық логикалық түсініктемелер арқылы құра білу;
- пәнаралық байланысты қолана отырып, жүйелі білім беруге;
- өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып, логикалық шешемдерді жасауға;
- оқушы бойында музыкалық білім алуға өз еркімен ұмтылысын тәрбиелеуге міндетті.
Эмоцианалдық бағыт мұғалімнің музыка өнеріне деген көзқарасына және оның оқушылардың әсемдікті сезіну қабілетін қалыптастыруына байланысты анықталады. Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:
- мектептегі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі ролін;
- эмоцианалдық тәрбиенің жеке адамның жан-жақты қалыптасуындағы маңызын;
- музыка өнерінің адамға тигізер әсерінің ерекшеліктерін;
Сонымен қатар музыка маманы бала бойында музыкаға эмоцианалдық көзқарасты тәрбиелеуге, эстетикалық қажеттілікті дамытуды бағыттауға, әсемдікті музыкалық форманың ең жетілген түрлері мен идеялық-образдық мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға міндетті. Және музыка өнері арқылы патриотизм, интернациолизм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды толық игеру үшін сабақ барысында эмоцианалдық қалыпты сақтауға, оқушылардың музыка өнерін терең ұғынуы үшін эстетикалық толғаныс әлемін байыту, кеңейту үшін жұмыстануға міндетті. Ізденушілік бағыт мұғалімнің оқу процесін жетілдіру арқылы және кәсіби шеберлігін көтеру арқылы көрінеді. Бұл мұғалімнің өзінің музыкалық- педагогикалық қызметін талдау мен және озат педагогтар тәжірибесін, жаңа әдістерді педагогикалық қызметке енгізуімен ұштастырылады.

11
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын өткізу әдістемесін білуге тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби шеберлігіне мына талаптар қойылады:
- оқу процессін бақылауға және талдауға;
- педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
- кез келген педагогикалық оқиғаға музыкалық білімін, педагогикалық біліктілігін қолдана білуге;
- музыка сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде болуға;
- сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға;
- өз еңбегінің жемісін болжай білуге;
- оқушылардың музыкалық даму деңгейін білуге;
- үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, музыкалық репертуарын толықтыруға, оқышулармен сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті.

2.2. Музыка пәнінде кәсіби құзыреттіліктердің атқаратын қызметі

Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің Менің сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзыретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Жобаның тақырыбын аша отырып, практикада қолданылатын сабақ жоспарын ұсынамыз
Ағайынбыз – бәріміз
2 – сыныпқа арналған сабақ жоспары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап,

12
әңгімелеуге дағдыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, шәкірттің ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Музыка шығармалары негізінде айнала қоршаған дүниеде болып жатқан құбылыстарға оқушының оң пікірін туғызу, ертегідегі кейіпкерлерді мысалға ала отырып, өмірде кездесетін осыған ұқсас жағдайлармен салыстыру. Олардың көркемдік қиялын ұштап, музыкалық бейнелігін арттыра түсу.
Тәрбиелік: Ел аузында сақталған, ғасырлар тоғысында тозбай жеткен ертегі кейіпкерлерінің бірі – Ер Төстік ертегісіндегі Төстік бейнесі. Бойына бар асыл қасиеттерді жиған ер азамат бейнесінің бүгінгі ұрпаққа берері көп. Достық, өзара көмек, ақыл мен парасаттылық, адалдық, адамгершілік, ізеттілік, т.б жақсылыққа жетелейтін нағыз адамның қадір-қасиеттерін бала бойына қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас. Ер Төстік ертегісіндегі кейіпкерлерді сахналау.
Сабақтың типі: Жинақтап қайталау, қорытындылау сабағы.
Күтетін нәтиже: Сабақ тоқсанды қорытындылайтын қорытынды сабақ болып табылады. Сонымен қатар, тоқсанда өтілген ертегі кейіпкерлерін қорытып, саралайтын сәт. Оқушылармен қосылып, осы ертегінің негізгі мазмұнын талдап, ондағы әрбір кейіпкерлерге тоқталамыз. Ертегідегі әрбір кейіпкердің жақсы-жаман жақтарын айта және егер солардың орнында өздерің болсаңдар қандай іс- әрекеттерге барар едің? – деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың негізгі ойын білуге жағдай тудырамын. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру, өз ойын еркін айту, шығармашылықпен жұмыс істей алу.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Интерактивті тақта,СД –Р диск,кеспе қағаздар,баян аспабы,т б
Сабақтың барысы: Оқыту үрдісінің маңыздылығы
Сабақтың кезеңдер:
Ұйымдастыру кезеңі
Білімді тексеру кезеңі
Қызығушылығын ояту. Мақсат қою кезеңі.
Музыкамен байланыстыру
Үйге тапсырма
Бағалау. Рефлексия
Мұғалім әнімен:- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Оқушылар әнімен: - Сәлеметсізбе мұғалім!
Мұғалім әнімен: - Ал, балалар, келіңдер, екі шеңбер құрыңдар.
Карусель жаттығуы. Ішкі және сыртқы шеңбер құрып, музыка әуенімен айналады, музыка тоқтағанда алдына келіп тоқтаған баланы қысқаша дос ретінде сипаттайды. Мен сенімен дос болғым келеді, өйткені сен... деген сөздермен бастап, бір сөзбен бір-біріне мінездеме беріп өтеді.
Топқа бөлу – Менің сүйікті ісім. Әркім өздерінің сүйікті істерін айта отырып, бір-бірімен топтасады.
Кім ертегіні оқығанды жақсы көреді?
13
Кім ертегіні құрастырғанды жақсы көреді?
Кім ән айтқанды жақсы көреді?
Кім ән шығарғанды жақсы көреді?
Осылайша балалар төрт топқа бөлінеді.
Білімді тексеру кезеңі. Өтілген материалдар Конверт страдегиясы бойынша тексеріледі. Әр топқа түрлі-түсті бір конвертпен ұсынылады, ішінде сурет сұрақ арқылы қайталап, еске түсіре отырып, оны жаңадан өткелі отырған сабақпен ұштастырып байланыстыру. Конвертте берілген қосымша тапсырмалар
Ертегідегі кейіпкерлердің суреті.
Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар, Көреген әндерінің қысқа қайырымдарын орындау.
музыкалық сауаттылық сұрақтары.
Қызығушылығын ояту. Мақсат қою кезеңі. А.Керімбекованың Достарым менің әнін тыңдап, талдау. Топ басшылары ортаға шығып, карточканы таңдайды. Онда Достық, Өзара көмек, ерлік, мейірімділік деген сөздердің мағынасын талқылап айтады.
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз – Ағайынбыз – бәріміз деп аталады. Яғни, бүгінгі сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыңдар? Достық, өзара көмек, ерлік, адалдық, адамгершілік. Бүгін алдыңғы сабақтарда өткен ертегіні қаталап отырып, жақсылыққа жетелейтін нағыз адамның қадір – қасиеттері жайлы айтып өтеміз. Ал, Ер Төстік ертегісіндегі кейіпкерлерде осындай қасиеттер бар ма? Ер Төстік кім және оның адал достары кімдер? Ертегі сендерге ұнады ма? Ертегіні ата-бабабаларымыз нені аңсап шығарған? Өмірін жеңілдету үшін небір қиял мен армандарды аңсап шығарған. Ер Төстік ертегілердің қай түріне жатады? Ер Төстік ертегісі қиял-ғжайып және шыншыл ертегілерге де жатады. (Оқушылар өз ойларын ортаға салады)
Шығармашылық жұмыс: - Де Бононың ойлаудың Алты қалпақ тәсілі арқылы сабақты жалғастырамыз.
1-ші топ – ақ қалпақтар - Ер Төстік ертегісінің негізгі мазмұнын айтып беруі,
2-ші топ Сары қалпақтар - ертегідегі жағымды кейіпкерлерлді атап, олардың жақсы жақтиарына тоқталуы,
3-ші топ қара қалпақтылар - ертегідегі жағымсыз кейіпкерлерге баға беруі тиіс. Олардың жаман ойларын атау.
4-ші топ – Қызыл қалпақтар - ертегіде нені өзгертер едің№ Мысалы: Егер сен сол кездегі хан болсаң, Шойынқұлаққа қандай жаза қолдананр едің? Ал, оған көмектескен достарына қандай жақсылық жасаушы едіңдер?
5-ші топ Көк қалпақтар- топтарда айтылған ойларды сараптап талдайды. Бағдаршам түстері арқылы бағалайды.
Мұғалімнің сөзі: - Сөйтіп, Темір хан Ер төстікке өнерлерін көрсетуін сұрайды. Ер Төстік және оның достары барлық өнерлерін көрсетіп, жұртты таңғалдырады. Ер Төстік шартты орындап, жерасты достарымен қоштасып, жер үстіне, өз еліне қайтады. Ер Төстік достарының көмегімен көп жеңістерге жетті.
14
Ал, қазіргі заманымызда таусоғар сияқты адамдар бар ма? – зіл темір көтерушілер.
Саққұлақ деп нені айтуға болады?
Радио-телефон.
Көреген деп қазіргі өмірімізде нені айтуға болады?
Ғаламтор, теледидар.
Көлтауысар - өрт сөндіретін техникалар.
Балалр дәл осындай, музыкада да көмекшілеріміз бар. Олар: Ер Төстік – Музыкалық бейне. Епті.
Пиано. Желаяқ – Жылдамдық. Саққұлақ – Динамика. Таусоғар – форте. Көлтауысар – Крещендо. Көреген – Диминуэндо. Олар – тез, орташа, ақырын музыка, қатты музыка, т.б. Мұның бәрін музыканың шығарма мазмұнын, тілін түсіну үшін көмекке келетін достары деуге болады.
Музыкамен байланыстыр. Динамикалық белгілер арқылы әнді жақсы айтатын оқушылар берілген сөздерге ән шығарады. Дайындап қойған көрнекі құралдар дене мүшелерін таңдап алып, киіп сахналайды. Ал, топтағы оқушылар олардың шығарған әндерін қайталайды.
Ән үйрену.
А). Ән үйренер алдында жаттығу орындау.
Б). Әннің сөзін үйрету
В). Дыбыс ырғағына қол соғу
Ағайынбыз-бәріміз. Ән осы музыка ертегісін қорытындылауға арнайы ұсынылып отыр. Ән орташа екпінде орындалады. Мағынасы сабақтың негізгі мәнін аша түседі. Әнде секірмелі қиын тұстар жоқ деуге болады. Бір қалыпты, көңілді, жеңіл орындалады. Әннің сөз мәтіндеріне көңіл бөлу қажет.
Қорыту: Тест сұрақтары.
Ер Төстік ертегілердің қай түріне жатады?
А). Қиял-ғажайып. Б) Шыншыл ертегісіне в) өтірік ертегілерге жатады.
Ер Төстіктің елге аман-есен жетуіне көмектескен кім?
А). Перінің қызы. Б) Мыстан кемпір. В). Шалқұйрық.
Ертегіде көлді ішіп тауысатын адам кім?
А).Епті. Б). Таусоғар. В). Көлтауысар.
Музыкада ақырын орындайтын динамикалық белгі
А) Форте Б) Пиано В) Крещендо
Бағалау: Сабақты түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдалану. Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар жоғары көтереді (қызыл- түсінбедім, сары – орташа түсіндім, жасыл-барлығы түсінікті)
Үйге тапсырма: Әнді жаттап келу. Менің досым тақырыбында әңгіме жазып келу.




15
Қорытынды

Осы жобаны қорытындылай келе мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Құзыреттілік ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.
Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби жән
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ