Материалдар / Жоба "Қазақ тілі пәні бойынша негізгі сатыда құзыреттілік тапсырмаларын жобалау" 6 сынып

Жоба "Қазақ тілі пәні бойынша негізгі сатыда құзыреттілік тапсырмаларын жобалау" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба қазақ тілі мұғалімжеріне арналған таптырмас бағдарлама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
971
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министірлігі

Қарағанды облыстық мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты


Қоғамдық -гуманитарлық бағыттағы бейіндік оқыту кафедрасы








Жоба



Тақырыбы: Қазақ тілі пәні бойынша негізгі сатыда құзыреттілік

тапсырмаларын жобалау

(6-сынып Одағай)










Орындаған: Баяхметова С.Ж

Бұқар жырау ауданы

жалпы білім беретін

Кузнецкий орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі



Ғылыми жетекші: Смағұлова Ғ.Ғ

ҚГББО кафедрасының аға

Оқытушысы, доцент





Қарағанды

Кіріспе




Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім бертін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің маңызы үлкен. Мектеп оқушылары қазақ тілі пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін: теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрететін білімділік қызметін; жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін, алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін таниды. Тұлғаның өзіндік шығармашылық белсенділігін қалыптастыру-күрделілігі көп жақсы үрдіс. Сонау 1592-1670 жылдары өмір сүрген чех халқының педагог- әдіскері Я.А.Каменский «Қай баланың қалай болып туылатыны бөгде адамның бірде- бірінің ықтиярында емес, бірақ дұрыс тәрбие арқылы оларды адам ету-міндетіміз»деп оқушының қабілетін жетілдіру жұмысын арнайы басқарып отырудың қажеттігін айтып кеткен.

Ал осы жұмыстарды атқару барысында тұлғаның құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі мақсаттары:

  • проблеманың шешімін табу құзыреттілігі(өзіндік менеджмент)

  • ақпараттық құзыреттілік

  • коммуникативтік құзыреттілік

Жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады:

-өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;

-өзінің қызметін бағалай білуі;

-түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;

-өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі;

-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;

-өз бетінше алынған ақпаратты талдай, таңдай білуі;

-түрлі өмірлік жағадайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.












Жобаның мақсаты:


Білім беруді демократияландыру,ізгілендіру, оқушының табиғи қабілетін дамытуға үлес қосу, білім мен біліктілікті ұштастыру.




Жобаның міндеттері:


1.Оқушының белсенділігін туғызатындай жағдайлар жасау;

2. Оқуға деген ұмтылысын оятатын ішкі түйсіктерін жандандыру;

3. Оқушының білім- тәжірибесі мен мотивациялық даму деңгейіне сай келетін жұмыс түрлерін іріктеу, оларды оқушылардың саналы орындауларына мүмкіндік туғызу.



Өзектілігі:


Оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, шыңдалған ойлау қабілетін дамыту, зерттеу мен жоба жасауға үйрету.


Қарама-қайшылық:


Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алмауы.


Күтілетін нәтиже:


Білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге қажетті өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін құзырлыққа жеткізу















Оқытушының міндеті:


Өмірдегі әр қилы жағдайларға бейімделе алу - қажеттілік ол әлеуметтік, саяси мәдени, экономикалық өзгерістермен қатар жеке тұлғаның психологиялық дамуына әсер ететін үлкен күш, өйткені аталған өзгерістердің барлығы өмірлік дағдыларды меңгеру дәрежесіне ықпал етеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудің ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімі, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын білім арқылы дамуын қойып отыр.

Оқушыны дамытуға бағытталған рухани күш- мұғалім.

Мұғалім- оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, кеңесші.

Жұмыстың мақсат, міндетін айқындайды. Оқушының білім, біліктілігін кеңейтіп,өздігінше ізденуге жетелейді.




Оқушының міндеті:


- Әр тақырып бойынша алған мәліметтерді меңгеру;

-Алған білімдерін өз өмірлерінде пайдалана алу;

-Берілген материалды пайдаланып, ізденіс, жұмыс істеуге дағды алу;

-Өздігінен әрекет ету тәсілдерін меңгеру;

-Шығармашылық және танымдық әрекеттерде болу



















Жобаның мазмұны



Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріліп отыр.Жобаны жоспарлауда қазақ тілін оқытуда сөз таптарының бірі-одағай сөздерді жан-жақты талдай отырып, ой-санасына қозғау салуға ерекше көңіл бөлінген. Баланың танымдық қызығушылығын, дарынын, қабілетін дамыту.

Ерік-қайраты, жігері, есте ұстау, ойлау дағдылары, эмоциясы, берілетін жұмыстың ең негізгі мәселелерін бөліп ала білуі, салыстыру, қорытынды жасау, өз беттерімен бір нәтижеге жету, фактілер мен ұғымдарды жүйелі түрде жеткізе білу.

Жұмыс барысында дүниетанымы білім, ғылым жаңалықтарынан хабардар ету, көркем, ғылыми әдебиеттерді оқу, өзін-өзі дамыту мәселелері ескерілген. Әр түрлі мәтіндермен жұмысты ұйымдастыруда , оқушы бойындағы қабілет-қарымын бірте-бірте күрделендіруге бағытталған жұмыстар реті беріледі. Олар: жеке жұмыс, топтық жұмыс, мағынаны ашу, ой түйме, бақылау,сызба қорғау, тест т.б


























Деңгей

Бөлім

Тақы-рып

Проблемалық шешімін табу құзыреттілігі

Ақпараттық құзыреттілік

Коммуника-

тивтік

құзыреттілік

Орта буын

Сөз таптары

Одағай

Проблеманы сәйкестендіру

Тапсырма:

1.Одағайдың еліктеу сөзден ерекшелігін анықта.

Одағай түрлерін ата, пікіріңді дәлелде.

Одағайдың анықтамасын құра.

Ақпараттық ізденісті жоспарлау

Тапсырма:

Одағай жайлы мақалалар мен еңбектерді іздестір.

Жиналған мәліметтерге сипаттама бер.

Жазбаша қатынас.

Тапсырма:

Одағайды қатыстырып «Сенбілік»та-қырыбына мәтін жаз.




Әрекетті жоспарлау және мақсат қою.

Тапсырма:

1.Мәтіндегі көңіл-күйді білдіретін сөздерді тауып, құрамына талда.

Одағайлар

дың беретін мағынасын анықтап жаз.


Көпшілік алдында сөз сөйлеу.

Тапсырма:

Ертегі құрастырып айт. Ішінде одағай сөздерді қатыстыр.




Технология

ларды

қолдану.

Тапсырма:

«Қазақ тілі сабағында» тақырыбына

мәтін құра, одағайларды тауып, құрамына, тұлғасына талдау жаса.

Алғашқы ақпаратты бөліп алу.

Тапсырма:

Одағай тақырыбында

тест сұрақтарына жауап бер.


Диалог.

Тапсырма:

Жұптық тапсырма. Өзара «Кітапхана-

да» тақырыбында

(диалог) одағайларды қатыстырып айт.




Ресурстарды жоспарлау.

Тапсырма:

Алдын -ала берілген тапсырма. Әр топ өзіне бөлініп берген тақырып төңірегінде ой түйіндейді.

Түрлі ақпарат көздерінен алынған ақпараттар

ды бөліп алу.

Тапсырма:

Одағай тақырыбында жинаған мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, сызбаға түсіріңдер.

Өнімді топтық қатынас.

Тапсырма:

Одағайлар

тақырыбында-ғы өз біліміңді ортаға сал.




Қызметті бағалау.

Тапсырма:

Одағай тақырыбында

дайындалған жазба жұмыстарына пікір білдір.

Ақпаратты алғашқы өңдеу.

Тапсырма:

Одағай туралы жинаған ақпараттарды

сұрыпта.

Әркім өзіне берілген тапсырмаларға жауап береді.




Өзіндік қозғалысын бағалау.

Тапсырма:

Алған білімді берілген тақырыптарға сай топ ішінде қорға.

Ақпараттар

ды өңдеу.

Тапсырма:

Одағай туралы жинаған ақпараттарды

жоба реті бойынша жаз.

.





Ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операциялар

ды пайдалану.


Тапсырма:

Одағай тақырыбында

жинаған ақпараттарды

сауалнама, әңгімелесу,ой-ын элементтері түріне келтір.

Топ ішінде бір-біріне сұрақтар қойып (одағайға байланысты)жа-уап алынады.



Оқушыларға берілетін жұмыстар мазмұны төмендегідей болмақ:





DrawObject1




















Сызба үлгісі:



DrawObject2














DrawObject4 DrawObject3









Шартты белгісі: 0-одағай

DrawObject6 DrawObject5 -сөйлемнің бас әріппен жазылуы




Жобаға берілетін тақырыптар:


1. Одағай және еліктеу сөз.

2. Одағайдың ойды білдірудегі ерекшелігі.

3. Одағайлы сөйлемдердің тыныс белгісі.

4. Одағайдың сөз таптарына қатысы.









Тест тапсырмалары


1. Одағайлар мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2

В) 3

С) 1

Д) 5

Е) 4

2. Жекіру одағайын табыңыз?

А) Шөк

В) Кә-кә

С) Уһ

Д) Жә

Е) Пай-пай

3.Көңіл- күй одағайын табыңыз?

А) Әттең

В) Жә

С) Тәйт

Д) Құру-құру

Е) Тек

4.Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз?

А) Ойбай Жақа -ау ол -Жоламанның дүмпуі ғой.

В) Ойбай Жақа-ау! Ол, Жлоламанның дүмпуі ғой.

С) Ойбай, Жақа-ау! Ол- Жоламанның дүмпуі ғой.

Д) Ойбай, Жақа -ау, ол -Жоламанның дүмпуі ғой.

Е) Ойбай-Жақа-ау ол Жоламанның дүмпуі ғой!

5.Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Меніңше, жаңағы оты көрінген завод.

В) Өзі осында келіп пе ,сірә?

С) Үшінші, орысты айтыңыз.

Д) Ойбай, Жарас келіп қалыпты ғой.

Е) Ол- мұғалім.

6.Шақыру одағайын табыңыз?

А) Пәлі.

В) Ойпырым-ай.

С) Шөре-шөре

Д) Бәрекелді.

Е) Қап

7.Одағай сөзді көрсетіңіз.

А) Содан бері ол біздің үйге кірген жоқ еді.

В) Қымыз ішіп болған соң, үнсіз үй ішінде Абай екінші бір сөзін бастады.

С) Үш қостың бар адамды бүгін мынау арқардың өзі келіп өлгенін соншалық жақсы ырым көрісті.

Д) Ойбай-ай, тағы да біліп қойып масқара болмайық деп Айзада тартыншақтай берді.

Е) Балам, арыңды жасыңнан сақта.

8.Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ой, әттеген -ай, айырылып қалдым-ау!

В) Жеңеше -ау, мынау қайнағаң не деген өлерін білмес ақ көз еді!

С) Қарсы алатын апам(Ботакөзді ол «апа»дейтін) жоқ.

Д) Әрине, айта беріңіз, ана.

Е) Гүлнәр, үйден келдің бе?

9.Сөйлемде оқшау сөздің қай түрі берілген?

Ой, тәйірі, шаруа қайда қашатын еді...

А) Қаратпа сөз.

В) Қыстырма сөз.

С) Одағай.

Д) Қосарланған айқындауыш.

Е) Қосарлы айқындауыш.

10.Одағай сөзі бар сөйлемді белгілеңіз?

А) Көп оқу-білім алудың негізгі шарты.

В) Қап, не дедің?

С) Кәне, бала, әкел қолыңды!

Д) Көрсетпе көз жасыңды.

Е) Еңбек түбі-береке.



Тапсырмалар


  1. Көп нүктенің орнына одағайларды қойыңдар.

... Батыр болсаң Бөгенбайдай бол!

... жауды жеңіп -ақ келгені ме?!

Жылқышылардың ... естіледі.

... тек отыр, ол не дегенің!?

... бірің бастап, бірің қостамай.


2.Оқшау сөздерге қатысты тыныс белгілерін қойыңдар.

Қалың елім қазағым қайран жұртым.

Бәсе жігер шығар жұртымнан осындай ақыл да шығушы еді ғой.

Сыналар ей жігіттер келді кезің.

Шырағым батыр Исатайдай ақ болсын!

Қош туған жер Айсыз түн сен боларсың сырласым!

Байқаймын Асанның айтқаны келді.

Жоғары шығып ақсақал дем алып тынығып қайтыңыз.







Қорытынды



Сонымен қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясының басты сипаттарының бірі- тұтастығы мен жүйелілігі айқын болуы керек.Жобалау технологиясының тиімділігі берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды, көрнекті, жинақы түрде бере білуі.Әр атқарылған жұмыстар(топтық, жеке, жұптық) нәтижесінде оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге дейін алып келеді.

Қорыта айтқанда, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында жоғары дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Біздің алдымызда тұрған міндетіміз- оқушылардың өмірінде өздерінің алған білім, білік, дағдыларын дұрыс қолдана алуына жағдай жасау.

Демек, қазақ тілін оқыту барысында өзіндік ой- толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, білімді, құзыреттілігі жоғары тұлға тәрбиелеу. Осы жолда аянбай еңбек ету- біздің қасиетті борышымыз.



























Глоссарий


Құзырет- / латынша шегіне жету, сәйкестендіру, үйлесу/ қандай да бір органдар мен лауазым иелерінің заңдармен, актілермен берілген өкілеттілік шеңбері.Әлдекімнің жақсы мәлімет алуына байланысты сұрақтар шеңберіндегі білім, тәжірибе, білік.



Құзыреттілік- қабілеттілік негізіндегі танымдық және өмірлік тәжірибелік тапсырмаларды өзінше шешуді қамтамасыз ететін білімділіктің деңгейі. Оқушылардың іс-әрекетін әмбебап тәсілдерді меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.



Оқыту- мұғалім мен оқушының мақсатқа бағытталған бірлескен іс-әрекеті, яғни тұлғаның дамуын, білім алуын, тәрбиеленуін жұмыс барысында жүзеге асыру.



Жоба- латынша рroektus- алға ұмтылған, алға ұмтылу -даму деген ұғымды білдіреді.



Білім беру- қоғам мен тұлғаның мүддесін жүзеге асыруға ұйымдас-тырылған педагогикалық әлеуметтенген үдеріс.
























Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Білім стандарты 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы. 2006жыл

2. Қазақстан Республикасында жалпы білім берудің мемлекеттік міндетті стандарты. 2002жыл

3. «Тілдерді қолдану мен дамытудың»2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2001жыл

4.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы.Мектеп және мектепке дейінгі білім институты. Алматы 2003 жыл. 5-7-сыныптарға арналған жалпы білім беретін орта мектептерге арналған қазақ тілі пәнінің бағдарламасы.

5.Қазақ тілі оқулығы. С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова

6-сыныпқа арналған. Алматы «Атамұра» 2002 жыл.

6. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңы» 27 шілде 2007жыл

7.Қазақ тілі мен әдебиеті. әдістемелік журналдар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ