Материалдар / Жоба тақырыбы: «Сүт тағамдары және оның денсаулыққа пайдасы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жоба тақырыбы: «Сүт тағамдары және оның денсаулыққа пайдасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жұмыста жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымы туралы мағлұматтар жинақталды. Дүкенде сатылатын сүттің құнары мен құрамы са-лыстырылды. Жылдың әр мезгілдерінде жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың жеген азығына байланысты алынатын сүттің майлылығы өзгеретіні анықталды. Сүттің және сүт өнімдерінен жасалатын тағамдардың жасалу жолдары қарастырылды.Сүт пен сүттен жасалған тағамдардың адам ағзасына тигізер әсері жайлы мағлұматтар қарастырылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
823
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы




Бағыты: «Таза табиғи орта – Қазақстан -2030

стратегиясын іске асырудың негізі»



Секция: «Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау»



Жоба тақырыбы:


«Сүт тағамдары және оның денсаулыққа пайдасы»



Жоба авторы: ШҚО,Семей қаласы,

«№49 ЖОББМ» КММ

4 «Д» сынып оқушысы

Қайролла Назылы




Жетекшісі: «№49 ЖОББМ» КММ

Ахметкалиева Бакытгуль Нихыметоллаевна








Семей қаласы





АННОТАЦИЯ


Бұл жұмыста жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымы туралы мағлұматтар жинақталды. Дүкенде сатылатын сүттің құнары мен құрамы са-лыстырылды. Жылдың әр мезгілдерінде жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың жеген азығына байланысты алынатын сүттің майлылығы өзгеретіні анықталды. Сүттің және сүт өнімдерінен жасалатын тағамдардың жасалу жолдары қарастырылды.Сүт пен сүттен жасалған тағамдардың адам ағзасына тигізер әсері жайлы мағлұматтар қарастырылды.























Пікір

ШҚО, Семей қаласының №49 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «Д» сынып оқушысы Қайролла Нұрәлінің «Сүт тағамдары және оның денсаулыққа пайдасы» атты зерттеу жұмысын жүргізді. Бұл жұмысында сиыр малының тұқымы, онан алынған өнімдердің алуан түрлілігі мен құнарына, адам ағзасына тигізетін әсеріне тоқталды. Сүт өнімдерінің сиырдың жыл мезгілдеріне байланысты жеген азығының құнарына байланысты өзгеретінін салыстырып дәлелдеді. Сүт өнімдерінің отбасына қаржы жағынан пайдасы бар екенін есептеді. Сондықтан бұл жұмыс маңызды және актуалды деп есептеймін.


Пікірді жазған жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Ахметкалиева Б.Н.





















Мазмұны

Кіріспе

1.Кіріспе бөлім ______________________________________________________3-7

2. Сүт тағамдары және олардың жасалу жолдары_______________________8-11

3. Ақтың (сүттің) адам ағзасына тигізер пайдасы________________________12-16

4. Қорытынды_____________________________________________________17-18

5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі _______________________________________19


























КІРІСПЕ

Қазақ халқы үшін төрт түлік аса маңызды болған. Аман-саулықты сұрағанда мал-жан амандығын да үнемі сұрайды.Дегенмен «Малды бақсаң сиыр бақ, сүт кетпейді шарадан» дегендей сиыр малының халқымыз үшін алатын орны ерекше. Оның еті, терісі мен сүті, тіпті сүйегі мен мүйізіне дейін пайдаланылады.

Халқымызда сүт ақтықты, тазалықты білдіреді. Сондықтан да «Сүттен ақ,

судан таза» дейді.Сүттің құндылығын, қадір- қасиетін ата-бабамыз бұрыннан білген. «Ақты баспа,обал болады» деп қадірлеген. Тіпті, үйге кірген жыланның басына сүт құйып шығарған. Күні бүгінге дейін сүтті азық ретінде пайдаланамыз және сүт қосылған тағамдардың әртүрін жасауды жылдан-жылға жетілдірудеміз.

Осы тақырыпта іздену барысында сиыр сүтінің құрамын және одан жаса- латын құнарлы тағамдардың көп түрлілігін білдім. Сондай-ақ ол тағамдардың адам денсаулығына тигізетін пайдасын зерттеп қарастыру арқылы жұмысымның маңыздылығын аштым.


Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті:

Сүттің құрамы, сүттен жасалатын тағамдардың құнарлылығын зерттеп қарастыру.


  • Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымын ажырата білу;

  • Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырды бағып қағудың ерекшелігін бақылау;

  • Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр сүтінің жыл мезгілдеріне байланысты мөлшерін (түсімін) анықтау;

  • Сүт тағамдарының жасалу жолдарын үйрену;

  • Сүттің құнары мен құрамын анықтау;

  • Ақтың (сүттің) адам ағзасына тигізетін пайдасын қарастыру.



1.1. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымы


Қазақ халқы сиырдың атасы, пірі – Зеңгі баба деп біледі. Сиыр дыбыстағанда мөңірейді.Оны табынымен жаяды. Әукім-әукім деп шақырып, шүу-шүу немесе өк деп қайырып айдайды. Жем-шөп жеп болған соң күйіс қайырады, яғни күйсейді. Сиыр жасына қарай бұзау, баспақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, си-ыр, өгіз,бұқа деп аталады. Аналығын сиыр дейді. Сиыр қашар жасынан бастап бұзаулайды. Сиыр малы төлін 9 ай көтереді.. Сиырда 4 емшек болады.Сауғанда оң жағынан отырып сауады. Ал сүт сауатын аппаратпен сауса екі жағынан да сау-ылады. Сауылатын сиырды екіге бөледі: бұзауын емізіп, идіріп сауатын сиыр –сауын сиыр, ал бұзаусыз сауылатын сиыр саулы сиыр деп аталады. [1]Олар көбі-несе өздері шыққан жердің атымен аталады. Олар кез келген табиғи жағдайларға бейім болады. Әрбір тұқымның өзіндік артықшылығы мен кемшілігі болады. Сүтті көп беретін тұқым болса оның майлылығы аз болады,енді біреулерінің сүті аз, бірақ майлылығы көп болады. [2]

Сауын сиырлар 12,13 жыл бойы сауылады. Бір тәулікте 20 литрден артық сүт беретін сиырлар бар. Ал ярослав тұқымы тәулігіне 80 литрден артық сүт береді. Сиыр көктемгі және жаз айларында, жаңадан туған кезде сүтті көп берсе, күзге қарай суала бастайды. Сиырлар негізінен 20 жыл кейбіреуі 35 жыл өмір сүреді.[3 ]

Біздің жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың тұқымы әртүрлі. Сиырдың тұқымы әртүрлі болғандықтан екеуінің ерекшеліктері бар. Егер салыстырып қарасақ нәтижесін 1-кестеден көреміз.

Кесте 1

Сиырлардың тұқымын салыстыру

тұқымы

сиапаты

Алатау

« Майка»

Жергілікті қазақы тұқым

« Қарагөз »

Түсі

көк

ала

Дене бітімі

кесек

кішілеу

Бойы

биік

аласалау




Қорытынды:Жергілікті жердің тұқымы кішілеу болады екен.

1.2. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырды бағып –қағудың ерекшелігі.

Біз жеке отбасылық шаруашылықта сиырды жылына 2 рет қанын алдырып бурцуллез ауруына тексертіп және әртүрлі ауруларға қарсы укол еккіземіз. Қотырға қарсы укол саламыз.

Сиырларды жазда жан-жағы ашық қорада байлаймыз.Егер жабық қорада жатса сиырдың күйісі кетеді. Қотырға шалдығады. Олар жайылғанда табынмен бірге өрісте жайылады. Кешке үйге келгенде сарысу ішкіземіз. Күзде күн суыта бастағанда жылы қораға байлаймыз. Сиырдың астын күніне 2 рет тазалаймыз. Оларды суарамыз. Тәулігіне үш рет шөп беріп, бір рет жем береміз.


1.3. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр сүтінің жыл мезгілдеріне байланысты мөлшері.

Сиыр малы жылына бір рет бұзаулайды.Кейде бұзауламай қалуы да мүмкін. Ондай кезде сиырды қысыр қалды деп айтады. Биыл біздің жеке отбасылық ша-руашылықтағы сиырларымыз бұзаулады. Олар саулы сиыр. Туған кезде және жаз айларында олардың сүті мол болады. Ал күн суыта бастағанда (күз айларында) сүттерін азайтып бойларына жинай бастайды. «Сиырдың сүті тілінде» дегендей сол уақытта жем-шөпті мол берсе сиырдың сүті бірден қосылады. Сиыр бұзау-лауға 2 ай қалғанда оларды суалтамыз, яғни сауылмайды. Сиыр сүтінің мөлшері жыл мезгіліне қарай өзгеретінін 2-кестеде салыстырдым.

тұқымы

Уақыты

Алатау

« Майка»

Жергілікті қазақы тұқым

« Қарагөз »

Бұзаулаған уақыты

20 наурыз

2 шілде

Бұзаулаған 1-айында берген сүті (л)

10 л

Жазда берген сүті (л)

17 л

8 л

Күзде берген сүті (л)

2 л










Кесте 2 Сиырлардың1 тәуліктегі сүт мөлшерін салыстыру

Қорытынды: Жыл мезгіліне байланысты сиыр сүтінің мөлшері /тәулігіне есептегенде/ өзгеріп отырады. жаз мезгілінде шөп мол болғандықтан сүттің мөлшері де артатынын байқадым.


1.4. Сүттің құнары мен құрамы

Сүт –табиғаттың берген ерекше сыйы.Сүт-сүтқоректі жануардың сүт бездері-нен бөлінетін секрециялық сұйық. Ол аса бағалы тағамдық өнім болып табыла-ды. Сүтті жаңа туған жас сәбиден жасы жеткен қарт адамдарға дейін ішеді. Сүт-тің өзі және одан өндіретін өнімдер өте сіңімді және адам ағзасы үшін өте пайдалы тағам. [4] «Ағы бардың- бағы бар»- деп сүт тағамын қазақ халқы бақыт несібесі деп білген. Сүтте белоктар, майлар, көмірсулар, әртүрлі алуан тұздар, барлық дәрумендер,кальций, фосфор, темір, микроэлементтер яғни барлық пайдалы заттар бар. [3.1]

Кесте 3

Сүттің химиялық құрамы

Сүтті тексерген ғалымдар 260 химиялық құрамын анықтаған. Оның құнды-лығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. [2]

Қазіргі кезде сүттің көптеген түрлері дүкендерде сатылады. Ол сүттердің майлылығы, құрамындағы көрсеткішкердің пайыздары да әртүрлі.Олардың сақталу мерзімі 72 сағаттан 6 айға дейін.

Кесте 4 Дүкенде сатылатын сүттердің құрамын салыстыру

Атауы

Мөлшері 100 гр- %

«Айналайын»


«Одари»



Эмиль

«молоко»

«Шығыс сүт»


Шығарған өндіруші

«Алматы» Райымбек агро

Көкшетау сүт зауыты

Өскемен қаласы

«Эмиль»

ШҚО,Ұлан ауданы

«Шығыс сүт»


1

Май %

6

6

2.5

2.5

2

Ақуыз %

3

3

2.82

2.4

3

Көмірсу%

4.7

4.2

4.73

4.72

4

Эн-қ құндылығы %


84

84

52

52

Қорытынды:Әр фирманың шығарған өнімдерінің құрамының көрсеткіші әртүрлі, майлылығы 2.5%-дан 6 % –ға дейін. Олардың құрамының көрсеткіші жыл мезгіліне сәйкес өзгермейді.

Сәуір айынан бастап әр жыл мезгілінде сүттің құрамын зертханада тексерттік. Онда сүттің тығыздығын,тазалығын,майлылығын, қышқылдығы мен бурцуллез ауруына да тексерді.

Кесте 5

Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың сүттерінің майлылығын салыстыру

Тұқымы

Мөлшері 100 гр- %

Алатау

« Майка»

Жергілікті қазақы тұқым

« Қарагөз »

қыс

көктем

жаз

күз

қыс

көктем

жаз

күз

1

МАЙ

3.4

4.0

4.5

3.4

3.2

-

-

3.8

Қорытынды:

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!