Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жоба "Туған жер"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Жоба:
«Туған жер»
Жетекшілері:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Базылова Аксауле Сламкайыркызы,
Ташмагамбетова Асел Тоганбаевна
Тарих мұғалімі
Бердигалиева Рахима Кияковна.
География мұғалімі
Жылқыбаева Мадина Кайыржановна
«Туған жер» жобасы аясында жүзеге асырылатын жобаның төлқұжаты
Жоба атауы |
«Туған жер» жобасы аясын жүзеге асыру |
Мекен -жайы |
Қарағанды қаласы №137НОМ |
телефоны |
93-32-22 |
Жобаны әзірлеушілер |
Базылова А.С., Ташмагамбетова А.Т., Бердигалиева Р.К., Жылқыбаева М.К. |
Мақсаты |
Туған жер" жобасы әрбір азаматтыӊ жері мен еліне қамқорлық жасауын көздеу. |
Жобаның негізгі міндеттері |
1.Ұлттық тәрбие беру қажеттілігін түсіну мен балалар мен жастарда азаматтық көзқарас, патриоттық сезім, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру. 2.Әр тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға,ана тілін және қазақ халқының тарихын,мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. 3.Оқушыларда толассыз өздігімен білім алу мен өзін-өзі дамытуды,олардың саналы түрде жан-жақты ізденуге қатысуды дамыту. |
Жобаны іске асыруда күтілетін нәтижелер |
|
Жобаға қатысушылар |
Мектеп мұғалімдері |
Жобаны жүзеге асыру мерзімдері |
Жоба жүзеге асырылады: 2 кезең – енгізу (қыркүйек 2017 ж. – қаңтар 2018ж.); 3 кезең – қорытындылау (қаңтар 2018ж. – мамыр2019ж.). |
Маңыздылығы:
Елбасы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Бүгін «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде шыққан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осылай делінген, деп хабарлайды. «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым - әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл - мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Елбасының пайымынша, бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»,-деп жазады Президент. Осы орайда екінші бағытта басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау жасау қамтылып отыр. «Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» жобасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады»,-дейді Н. Назарбаев.
«Туған жер» жобасын жүзеге асыру жағдайы
Тіл дамыту
АТА-АНА
Мектеп
БАҚ
Кітапхана
Үдерісті технологизациялау
Сын тұрғысынан ойлау
Жаңа технологиялар
Өзара оқыту
Дәстүрлі технологиялар формы
Семинарлар, мастер-кластар
Пікір
алмасу
Әдістемелерді мақұлдау
Іс-шаралар
педагогтердің негізгі құзыреттілігі
Жобада мектеп өз тәрбиеленушілерін Қазақстан тарихының бастауларына, туған елінің мәдениетіне, ана тіліне, қазақ әдебиетіне,тарихқа толық бейімдемейді. Жобада оқушылар тұрып жатқан өңірдің табиғаты, мәдениеті және экономикасының жергілікті ерекшеліктерімен байланысты материалдарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөледі.Соған орай, әр жетекші өз оқушыларын әр түрлі дәстүрлі емес сабақтар мен сайыстарға дайындайды.педагогтердің кәсіби өсуі үшін уәждеме факторларды қамтамасыз етуге, педагогті оқу құзыреттілігін дамыту жүйесіне қызықтыруға ерекше орын бөлінеді, бұл педагогтерді семинарлар, мастер-кластар, іс-шаралар жүйесі арқылы басқару өкілдігін беру (әдістемелік күндер, педагогикалық кеңестер, өзара бақылау), қалалық, аудандық, республикалық деңгейлерде жұмыс тәжірибесін қорытындылау арқылы оқыту.
«Туған жер » жобасын енгізу кезеңдері.
2кезең – енгізу (қыркүйек 2017 ж. – наурыз 2018 ж.)
-
Туған жерге деген қызығушылықты дамыту бойынша бағдарламаны әзірлеу және мақұлдау;
-
Тәрбиелеу-білім беру үдерісін басқарудың әзірленген моделі.
-
жоба бойынша оқу-әдістемелік семинарлармен қамтамасыз ету.
-
бағдарлама бөлімдері бойынша технологиялық карталарды қолдану және жобалау саласында педагогтердің құзыреттілігі.
3 кезең – қорытындылау (наурыз 2019 ж. - мамыр 2020 ж.)
-
Конференцияларда, педагогикалық оқуларда, мастер-кластарда, БАҚ, дөңгелек үстелдерде тәжірибе ұсыну..
-
Мектептер арасында жобаны енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстар
-
( осы тақырыпта жинақ шығару).
«Туған жер» жобасы аясында 2017- 2018 жылдарға арналған жобасында жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары
р/с |
Іс шараның атауы |
түрі |
уақыты |
орны |
жауапты |
1 |
«Туған жер» жобасы аясын іске асыру іс шара жоспарымен таныстыру |
Отырыс |
қыркүйек |
№213 |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базылова А.С. |
2 |
«Қазақстан ата жұртым, қасиетім ана тілім» шығармашылық жұмыс |
өлеңдер,эсселер, шығармалар |
қазан |
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер сарайы |
Қарағанды облысы қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Абдрахманова Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Базылова А.С., Ташмагамбетова А.Т. |
3 |
«Кел,танысайық!» атты тарихи деректер сайысы |
Дөңгелек үстел |
қараша |
№208 |
Тарих мұғалімі Бердигалиева Р.К. |
4 |
«Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы» атты ғылыми- мектепшілік жоба қорғау |
Конференция |
қаңтар |
№210 |
География мұғалімі Жылқыбаева М.К. |
5 |
Алғыс айту күніне арналған «Алғысым саған, Қазақстаным!» атты облыстық тарихнама байқауы |
шығарма |
ақпан |
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер сарайы |
Қарағанды облысы қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Абдрахманова №137 НОМ мұғалімдері Бердигалиева Р.К., Базылова А.С., Ташмагамбетова А.Т. |
6 |
«Туған жерге тәу ету» атты көркем сөз оқу байқауы |
мәнерлеп оқу |
наурыз |
№213 |
Базылова А.С., Ташмагамбетова А.Т. |
7. |
«Атамекен» атты көрме ұйымдастыру |
көрме |
мамыр |
ІІ қабат |
Бердигалиева Р.К. Базылова А.С. Ташмагамбетова А.Т. Жылқыбаева М.К. |
Күтілетін нәтиже:
1. "Туған жер" жобасы әрбір азаматтыӊ жері мен еліне қамқорлық жасауын көздейді.
2. Аталмыш іс шара жастарды Қазақстанның тарихына құрметпен қарауға, патриотизмге Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, сондай-ақ мақтаныш пен жауапкершілік сезімін арттыру.
3. Өз бетінше оқу ынтасын , сөйлеу мәнеріне баулу.
4. Мұғалімдердің мәдени деңгейі мен дүниетанымын қалыптастыру
5. «Туған жер »жобасы арқылы ата-анамен тығыз байланыста болу, кітап оқумен
рухани дүниесін толықтыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
«Егемен Қазақстан» 2017 жыл
-
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
-
Қарағанды облысы қоғамдық бірлестігінің жылдық жоспары 2017-2018ж
-
Интернет желісі