Материалдар / «ЖОБАЛАУ – ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ЖОБАЛАУ – ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен зерттеу жұмыстарын жүргізудегі басты назарға қойылатын ақпараттар
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ЖОБАЛАУ – ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ»


Б.Қ. Қызырхан

Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Алматы қаласы, №173 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі, электрондық мекен-жайы: www.baljan_83@mail.ru


Қазіргі қоғам мектептерде тек мектеп бағдарламасын біліп қана қоймай, өз бетінше білім алып, сол білімін қолдана алатын түлектерді даярлауды міндеттейді. Оқытудың шығармашылық әдістері білім алушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қабілетін тәрбиелеуге бағытталған. Инновациялық педагогикалық құралдар мен әдістердің қатарында зерттеу шығармашылық қызметі ерекше орын алады. . Ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. Дарынды балаларды анықтау үшін жобалау – зерттеу әдісінің алатын орны ерекше.

Жобалау технологиясы – оқушылардың жoспарлы және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. Мектептегі жoбалық-зерттеу жұмысы - бұл білім мен шығармашылықты біріктіретін оқу-танымдық, жаңа инновациялық әдіс. Мұндай іс - әрекеттің дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - оқушының іздеу және зерттеу дағдыларын дамытады, жаңа білім алу үшін алдына мақсат қoйып, сол мақсатқа жету үшін жоспарлы жұмыс жасауға үйретеді. Қазіргі таңда жобалау - зерттеу жұмысы ғылыми қызметкерлердің белгілі тoптарына ғана тән емес, сондай - ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытудың құралы болып табылады.

Мұғалім үшін жоба - бұл дамудың, оқытудың және тәрбиелеудің интегративті дидактикалық құралы, ол арқылы оқушының бойында мәселені іздестіру, мақсат қою, іс-әрекетті жоспарлау, рефлексия және интроспекция, презентацияны жасау және оны қорғау, сонымен қатар ақпаратты іздеу, академиялық білімді практикалық қолдану, өзін-өзі оқыту, зерттеу және шығармашылық қызметін дамыту.

Жобалау әдісін педагогикалық технология ретінде қарастыратын болсақ, бұл зерттеушілік, ізденістік, шығармашылық, проблемалық әдістердің жиынтығы ретінде білімнің өзін интеграциялауды ғана емес, оларды қолдануда интеграциялау және ол арқылы жаңа білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін технология. Ресей ғалымы Б.С.Полаттың айтуынша, «жоба әдісін пайдалана білу – мұғалімнің жоғары кәсібилігінің көрсеткіші, өйткені бұл әдіс – оқушыларды оқыту мен дамытудың алдыңғы қатарлы озық әдісі. Жобалау – XXI ғасырдың бірден бір технологиясы, ол, ең алдымен адамның постиндустриялық қоғамның үдемелі өзгермелі жағдайларына бейімделе білуін көздейді».

Баланы жобалау-зерттеу іс-әрекетіне дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдыларын дамыту қазіргі білім берудің ең маңызды міндетіне айналуда. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін - өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес. Сондықтан оқушы бойындағы осындай ерекше қасиеттерін жоғалтып алуына жол бермеу керек. Осы мақсатта мұғалімдердің тарапынан оқушыларды ізденуге бағыттайтын тапсырмалар периодты түрде беріліп отырғаны жөн.

Ғылыми жоба бойынша жұмыстанатын оқушыларға мына факторларды ескерген жөн: ғылыми теориялық білімі, әдістемелік әзірлік жағдайы, жаңалық енгізу деңгейі, өз іс-әрекетін талдай білуі, шығармашылық қасиеттері, қарым-қатынас ерекшелігі, мектептегі психологиялық жағдайы.

Сонымен бізднің басты міндетіміз :

  • оқушының жас ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеу;

  • шығармaшылық ғылыми iзденiске өзiндік интеллектiсiнің дaмуын назарда ұстау;

  • Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру;

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне жол ашып, тұлға дapындығын қaлыптаcтыру.

Оқушы үшін жоба - бұл өзінің шығармашылық әлеуетін барынша ашу мүмкіндігі. Бұл жеке немесе топта өзін көрсетуге, өз күшін сынап көруге, өз білімін қолдануға, пайда әкелуге, көпшілік алдында қол жеткізілген нәтижені көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет. Бұл оқушылардың өздері тұжырымдайтын қызықты мәселені шешуге бағытталған қызмет.

Жобамен жұмыс жасау барысында оқушыда шығармашылық ізденіске, сыни тұрғыда ойлап өз бетінше қорытынды шығара алу, мәселені айқындап және оларды шешудің жолдарын табу қасиеттерін дамытуды мақсат етемін. Оқушылар жобалау-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде не алады? Ең алдымен, әртүрлі қызмет түрлерінің дағдылары. Әр оқушы бір нәрсе туралы ойлайды, ұсынады, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды, барлығы өз ойларымен, идеяларымен бөліседі, практикалық жұмыс та жасайды. Тaнымдық іс-әрекеттің бұл түрін ұйымдастыру оқушыға өзін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Жобалау – зерттеу әдісінің осы ерекшелігі мені қатты қызықтырды. Сол себепті мектепке алғаш мұғалім болып келген күннен бастап сабақтағы әдіс-тәсілдердің ішінде осы әдіске ерекше көңіл қоюды жөн санадым. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тигізер пайдасы өте көп. Оқушыны ойлауға, ізденуге, өз бетімен мәліметтер жинауға, жинаған мәліметтерін саралауға және таңдауға үйретеді. Алға мақсат қою, сол мақсатқа жету үшін аянбай еңбек ету керектігін түсінеді. Ең маңыздысы өзінің еңбегінің жемісін көретініне сенімділік танытады,оқушының бойында болашаққа деген сенім қалыптасады. Білім алушылар құратын барлық жобалар - бұл олардың жеке ізденістерінің нәтижесі және білім беру процесіндегі жаңа жетістік. Балалар туа біткен іздеу рефлексімен туылған: Бұл не? Бұл қайда? Бұл не үшін? Бұл қалай? Балалардың бәрі кішкентай данышпан емес. Бірақ әр баланың өзінің күшті жақтары, дарындылығы, зерттеушілік мінез-құлқы болады. Оқушылардың бойындағы осындай ерекше қасиеттерін байқап, оларға дұрыс бағыт - бағдар беру әр педагогтың кәсіби міндеті деп білемін.

«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек» деп М. О. Әуезов айтқандай оқушылардың бойында өз бетімен іздену, қорытынды жасай алу дағдыларын қалыптастыруда жобалау-зерттеу әдісін өз тәжірибемде сабақтарымда кеңінен қоладанамын. Тақырып бойынша әр түрлі мәліметтер жинап келу, ғалымдар туралы тарихи мәліметтерді оқу, есептерді шығарудың түрлі тәсілдерін қарастыру және т.с.с тапсырмаларды үй жұмысына қосымша тапсырма ретінде беремін. Осындай тапсырмаларды оқушылар аса қызығушылықпен орындайды. Оқушылар жобаларының түрлері сан алуан идеялардан туындайды, пайда болады. Оған жаңа жағдайлар, жаңадан алынған ақпарат, жаңадан алынған құралдар да негіз бола алады.

Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі. Сондықтан кіші ғылыми жұмыстар ұйымдастырып, оқушылардың арасында өз жұмыстарын қорғаудан жылдың соңына қарай жарыс өткізуді әдетке айналдырдым. Осындай жарыстардың жеңімпаздарын аудандық, қалалық ғылыми жобаларына қатыстырып келемін. Оқушылардың барлығы дерлік жетістікке жетпесе де мен үшін де, оқушылар үшін де жақсы тәжірибе жинауға септігін тигізді. Зерттеу – жобалау әдісін үнемі сабақтарда қолдануым оқушылармының ғылымға деген қызығушылықтарын арттыруда. Оқушылардың дарындылығын дaмытудaғы бұл әдістің мәні, ең aлдымен, зерттеушiлiк ізденicтің жаратытылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Бiлуге деген құштaрлық, бaқылaуға тырыcушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға тaлпынушылық қaсиеттер бaлaғa тән дәстүрлі мінез болып caнaлaды.

Қазіргі таңда мемлекеттердің әл-ауқаты олардың ғылым мен білім саласындағы жағдайына тәуелді. Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі біз тәрбиелеп отырған ұрпақ – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын, ұлт үмітін ақтайтын айтулы азамат болмақ. Білімді де зиялы ұрпақ тәрбиелеу – ұлы міндет, ұлы міндетті атқару үшін үлкен күрес қажет. Осы жолда шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан әр мұғалімнің алдында бәсекеге қабілетті, отансүйгіш, салауатты да саналы, креативті тұлға тәрбиелеу міндеті тұр. Осындай қасиеттерді оқушылардың бойында дарыту үшін білім берудің зерттеу-жобалау әдісінің алатын орны ерекше.

Қорыта айтқанда, жобалау-зерттеу әдісінің оқушы мен мұғалімнің арасындағы әріптестікті қалыптастыра отырып, оқушы мен мұғалімнің тұлғалық дамуына әсер ететін ықпалы зор деп есептеймін.

 




Әдебиеттер тізімі:

  1. Қалиева Т. Балалардың зерттеу қасиеттерін дамытудың негіздері. Алматы, 2001

  2. Морозова Л.Д. 2010 ж. Педагогикалық жобалау әдісі: теориядан практикаға дейін.

  3. Брыкова О. В. Проектная деятельность в учебном процессе (О. В. Брыкова, Т. В. Громова – М. Чистые пруды, 2006.

  4. Сабитов Р.А. Основы научных исследований. Челябинск, 2002.

  5. https://articlekz.com/kk/article/31335

  6. https://www.tarbie.kz/sabak/1662

  7. https://lektsii.net/2-99485.html

  8. https://ust.kz/word/seminar_joba_adisi___zamanayi_bilim_natijesine_qol_jetkizy_tasili-65278.html


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!