Материалдар / Жобалық жұмыс: Жалпыадамзаттық құндылықтарды география пәнінің мазмұнына интеграциялау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жобалық жұмыс: Жалпыадамзаттық құндылықтарды география пәнінің мазмұнына интеграциялау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жобаның өзектілігі рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша жалпыадамзаттық құндылықтарды басқа пәндердің мазмұнымен ықпалдастыру жолдарын жетілдіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2021
466
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Керимбекова Акку Калибековна

Тарих-география пәнінің оқытушысы

Фестивальдің бағыты: жалпы адамзаттық құндылықтарды

оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялау

«Алматы сән және дизайн колледжі» КМҚК

Райымбек даңғылы 174

e-mail: akkukalibek1978@mail.ru

8702 741 38 98

Жобаның өзектілігі рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша

жалпыадамзаттық құндылықтарды басқа пәндердің мазмұнымен ықпалдастыру жолдарын жетілдіру.


Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясының шешуші басымдықтарының бірі – осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беруді дамыту векторы адам мен адамзаттың толыққанды өмір сүруінің басты шарты ретінде алынған руханилықпен анықталатын өмір сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. «Білімді ізгілендіру - ұлттық және әлемдік мәдениетке, рухани құндылықтарға мән беру, тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыруда кез келген халықтың төл мәдениетін, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениет құндылықтарын түсінудегі оқу пәндері рөлінің өсуін қамтамасыз ету т.б. Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді.

Құндылықтаp туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Cократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Apистотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. 

Осыған орай, білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін оқытудың маңызды мәселелерінің бірі ретінде пәнді интерграциялаудың тәрбиелік мәнін ашып көрсетудің жолдарын қарастырамыз.

Бірншіден бұл орайда, білім беру ұйымдарында мұғалімдердің теориялық білімдері жеткілікті болу қажет.

Өзін-өзі танудың негізгі қағидаларын, Ақиқат, Дұрыс әрекет, Сүйіспеншілік, Ішкі тыныштық, қиянат жасаму сынды жалпыадамзаттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіре білуде мұғалімнің ролін жете түсіну қажет.

 Сабақтағы жағымды ойлау, әңгімелеу әдісін терең рухани адамгершілік құндылықтарға бағыттау, ән айту мен музыканың маңызына жан-жақты мән беру.

Ата-анамнен, отбасымен тығыс байланыс орнату қажет.  Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі.

Интеграция – бүгінгі таңда адам-  ның ғылыми ойлауын және әлемдік көзқарасын анықтайды. Интеграциялық үдеріс (лат-біріктіру қалпына келтіру) бірін-бірі толықтыратын,  бір-бірімен  бaйланысты  жеке ұғымдарды біртұтас етіп біріктіру. Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл aдамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қаpастыра отырып, тұтастай білім беpуде жалпы адамзаттық құндылықтаpдың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы көзделеді. Өін-өзі тану пәнінің мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде интеграциялануы білім беpу мен тәрбиені біртұтас, әр тарауы, әр тақырыбы бойынша болашақ ұрпақтың бойында рухани  адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, ұлттық құндылықтармен ұштастыра отырып, адамгершілік қағидалары мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын болашақ педагогтің тұлғасын қалыптастыpға бағытталған мазмұн ұсынылғандығымен құндыы.

Өзін-өзі тану пәнінің география пәнімен интеграциясы – ол, ең алдымен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол – біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандылықтың біртұтастығын көре білу. Мәңгілік құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, басқаша айтқанда, біз оқытатын нәрселеріміздің барлығының біртұтас екендігін көрсетуіміз керек.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы - әр оқушының ішкі жан дүниесін байыту және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. 

Өзін-өзу мен география пәнін интеграциялау бұл оқушы санасына табиғат пен адамзат құндылықтарын дарыту. Әлемді тану, табиғат әсемдігін, үндестілігін, үйлесімін, өнер жетістіктерін жүрекпен қабылдап бағалай алу, өзі өмір сүріп отырған ортаның заңдарын, ұлттық құндылықтарды қастерлей білу, махаббатты, сүйіспеншілікті, қайырымдылық пен имандылықты құрмет тұту тәрізді қажеттіліктерді өзін-өзі тануда ықпалдастық арқылы жеткізуге болады. Aдам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы түсініктері болуы, қоршаған ортаға сaналы түрде ұқыптылықпен қарым – қатынас жасай алуы; Мысалы: “Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Егер біз тaбиғатты дұрыс аялап, сақтай білсек қана табиғаттан алатын нәрселерімізді ала аламыз деп балаларды дұрыс әрекет жасауға, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, табиғатқа қиянат жасамауға, ішкі тыныштықтарын сақтай білуге үйрету арқылы түйіндеу. Адамзатқа керект су, өсімдік, жануар ,таза ауа

Қортындылай келе интеграцияланған география мен өзін-өзі тану  пәндерін оқу арқылы адам өзінің мінез-құлқы мен қоршаған ортаға қарым-қатынасын жақсы жаққа қарай өзгерте алады.  Өзін-өзі тану жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы барлық пәндермен тығыз байланысты интеграциялап өткізудің тәрбиелік, тағылымдық маңызы зор.



1.Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». – Астана,

2 «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы». Халықаралық педагогикалық оқулар материалдары.

3 Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. – Алматы. 2001









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!