Материалдар / Жоба:"Ойын технологиясы арқылы тәрбиеленушілерді өзбетімен жұмыс жасауға дағдыландыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоба:"Ойын технологиясы арқылы тәрбиеленушілерді өзбетімен жұмыс жасауға дағдыландыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ықылас, зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын дамытады. Ойынның балаға берер маңызы зор. Ойын арқылы оқыту ойлау қабілеттерін жақсартып, өзіне-өзі қызмет етуге үйретеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2022
1171
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШҚО ББ «ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»ММ

«49 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»КММ







Жоба тақырыбы



« Ойын технологиясы арқылы тәрбиеленушілерді өзбетімен жұмыс жасауға дағдыландыру»












«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕШІ – 2022» БАЙҚАУЫ









Заканова Гульжан Кыдырбековна

Тәрбиеші

5 жыл


gulzhan.zakan@mail.ru








Жобаның өзектілігі : Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, сезімтал тұлға болмақ



Мақсаты: Ойын технологиясы мектепке дейінгі оқыту үдерісіндегі білім беру жүйесін жетілдіру құралы ретінде қарастыру. Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет.

Міндеті:балалардың ықылас, зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларын іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау,қалыптастыру. математикалық  дидактикалық  материалды  түсіндіру  кезінде  күнделікті  өмірмен  байланыстыра  отырып,  тақырыпқа  сай  тәрбиелеу;

шығармашылықпен  байланысты  практикалық біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру,  ұлттық құндылық  мәдениетін  дамыту

Ерекшеліктері:Бағдарламаның  ерекшелігі  оқу  нәтижесінде  тәрбиеленушілер өтілген  материал  мен  дидактикалық  ойындар  шеңберінде  мұғалімнің  басшылығымен  білім,  білік  икемділік  дағдылары  қалыптасады.Тәрбиеленушілердің  шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастырады.Логикалық  ойлау  және  дидактикалық  материал  қолдану  барысында  оқушының  ойлау  қабілеттерін  арттырып,  ақыл – ойын  дамытады.Тәрбиеленушілердің  дидактикалық  материалдар  орындау  барысында  қасындағыларын   бақылайды,  салыстырады, зеректік  танытады.

Гипотеза:Егер де осы ойын технологиясын тиімді қолдана білсек, ойын арқылы бала оқу материалын жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, сабаққа қызығушылығы арта түседі

Критерилер:ӘР МҰҒАЛІМ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ НӘТИЖЕСІН ТИІМДІ БОЛУЫ ҮШІН МЫНАДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЕСКЕРГЕН ДҰРЫС:

  • Әр ойынның тәрбиелік,білімдік дамытушылық мәнін алдын ала жете түсініп,оның балаларға қандай нәтиже беретінін анықтау


  • Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі,ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы


  • Сыныптағы оқушылырдың жас,психологиялық ерекшеліктеріне,білім деңгейлеріне,сөздік қорына сай болуы,алдын-ала әзірлеу


  • Ойын кезіндегі қозғалыс,техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.


Ойынның,сабақтағы ойын элеметтерінің оқушылардың ынтасын тартып,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталу







Теориялық бөлім:Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – үздіксіз білім берудің бірінші деңгейі, ол баланың жас және жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, жеке басының толыққанды дамуы үшін дамыту ортасын жасайды. Мектеп жасына дейінгі баланың дамуы әржақтылығымен және қарқындылығымен ерекшеленеді.

Ойын  балалардың  негізгі  іс - әрекеті  ретінде  психологиялық ,  анатомиялық -  физиологиялық,  педагогикалық  маңызы  зор  қызметтер  атқарады.  Ойын  баланың  даму  құралы,  таным көзі,  тәрбиелік  дамытушылық  мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Ойынның  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  А.С.Макаренко  былай  деп  жазды: «Бала  өмірінде  ойынның  маңызы  зор,  ересек  адам  үшін   еңбектің,  жұмыстың,  қызметтің  қандай  маңызы   болса,  нақ  сондай  маңызы  бар.  Бала  ойында  қандай  болса,  өскен  соң  жұмыста  да  көп  жағынан  сондай  болады». 

Сондықтан  келешек  қайраткерді  тәрбиелеу  ең  алдымен  ойыннан  басталады. Ойын – баланың  қажетті  әрекетінің  бірі  ойынды  кіші  жастағы  балалардың  табиғаты  керек  етеді.  Балалардың  еңбегі,  оқуы  ойыннан  басталды.  Ойын  арқылы  оқушы  білім  алуға,  оқуға  қызықтыра  отырып,  тұлғалы   дамуын  қалыптастыруға  болады.




Айта кететін болсам мектепалды даярлық топтарына тиімді қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері:

1.Денсаулық сақтау технологиясы

2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

3.Зайцев технологиясы

4.Әуенді кесте технологиясы

5.Дамыта оқыту технологиясы

6.Ақпараттық қатынастық технология

7.ТРИЗ технологиясы және т.б.

Осындай технологиялардың бірі «Ойын» технологиясының тиімділігі:







*Біріншіден, ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі. Бұл арқылы баланың психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады.

*Екіншіден, ойын баланың жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Топқа бөліп жүргізілетін ойындарда оқушы өз тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы барын ұғынады. Балалардың алдындағы жауапкершілігін сезінеді де, берілген тапсырмаларды ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады. Сонымен бірге олардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды.





Практикалық бөлім

Ойын технологиясы балалар үшін өте тиімді болғандықтан сабағымызда осы ойын технологиясын қолданып жүрміз.Ойын түрлері өте көп соның ішінде тиімді деген тәсілдерді қолдануға тырысамыз.Тапсырма орындату барысында әр баланың жас ерекшелігіне,білім деңгейіне сай тапсырма беруді ескереміз.Әр баланың қабілеті әр-түрлі дамиды,кей балалар тілі толық дамымай, өз ойын толық жеткізіп айта алмаса, шығармашылық сияқты басқа жағынан жақсы дамуы мүмкін. Өз тәжірибемде осы қағидаларды ұстана отырып, әр сабағымды жаңартылған бағдарламаға сай,ойын технологиясы арқылы әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жүрмін.





Соның нәтижесінде алдымызға келген әр баланың психологиясын зерттеп білуге көп септігін тигізеді.Мектепалды даярлық тобына келетін балалардың жас ерекшеліктері,ойлау қабілеттері,қызығушылықтары ,ынтасы әр түрлі.Кей балалар мектепке тез бейімделіп,сабаққа деген қызығушылықтары өте жоғары болса ,кей балалар керісінше қабылдауы жай немесе өте гипербелсенді бір орынында отыра алмайды.Осындай балалармен жұмыс жасау барысында алдын ала жоспар құрып,тиімді деген тәсілдерді қолданған дұрыс.


20220131_082712.jpg

Балалардың ұсақ қол моторикаларын дамытуға,ойлау қабілеттерін жақсартуға арналған осындай ойын құралдарын қолдан жасап қолданып жүрміз.Тиімділігі өте жақсы,бала бір жағынан сандарды жаттап,естерінде сақтайды,есеп шығарып үйренеді,бір жағынан қолдарымен ұстап жұмыс жасағандықтан қол моторикалары жақсы дамуға көмектеседі.Әр сабақтың өзінің қолданылатын әдіс тәсілі әр –түрлі ,соған сай ,тиімді,нәтижелі деген тәсілдерді қолдануға тырысамыз.


Мысалы; Көркем әдебиет сабағында көбінде жаңылтпаштар қайталатып, қойылым,образға еніп,кейіпкердің кейпінде ойнауға қуыршақ театры өте тиімді,бір жағынан балалар тілдері дамып,өз ойларын толық жеткізе білуге септігін тигізеді,бір жағынан қуыршақ саусақ арқылы ойнатылатын болғандықтан қол моторикалары дамиды және миға шабуыл Артығын тап?,неше айырмашылық көріп тұрсың?деген сияқты логикалық тапсырмалар да өте тиімді,балалардың ойлау қабілеттерін дамытады .Сабақтың әр кезеңінде , білу,түсіну, қалыптастырушы бағалау жинақтау ,кері байланыс сияқты әр кезеңде тиімді тәсілдерді таңдап қолданса сабақ нәтиже берері сөзсіз. Өз сабағымды өткізу барысында сабаққа ресурс дайындауда бала қолмен ұстап немесе тәжірибе жасап көруге арналған заттармен дайындалған көрнекі құралдарды қолдануға тырысамын.


Және сабақ арасында қолданып жүрген сергіту жаттығуының бірі саусақ жаттығулары балалардың саусақтарымен жаттығу жасау арқылы көңіл күйлері көтеріледі,қол қимылы мен ойлау қабілеті бір уақытта болғандықтан мидың жақсы дамуына өте жақсы септігін тигізеді .

Екі қолмен бір мезетте сурет салу,немесе бастыру сияқты тапсырмаларды ды да жиі қолданамыз

Екі қолмен сурет салу - мидың екі жарты шарын бір мезетте іске жұмылдыру болып табылады. Бұл əдіс қазіргі таңда өте тиімді əрі пайдалы екенін дəлелдеп отыр

fast34.png

Міне, осы сияқты т.б технологияларды,әдіс-тәсілддерді қолдана отырып,өмірмен байланыстыра өткізген сабақтарымыздың нәтижесінде тәрбиеленушілеріміздің оқу жылының бастапқы кездегі білім,білік деңгейлерімен салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, біршама алға жылжуы байқалады.



Бастапқы







А ралық















Пайдаланылған,әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
2. Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындарға нұсқау. Алматы кітап.
3.Руханиуыз.К.Ісләмжанұлы.
4.«Балбөбек»бағдарламасы.Алматы-2006.
5. Ақыл- ой тәрбиесі және оқыту .
Жетінші тарау. Қ.Рахметов.
























20211215_102510.jpg Shape2 Shape1 IMG-20220131-WA0058 (2).jpg

Тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай

өткізілген тәрбие сағатында Математика негіздері сабағында

Топтық жұмыс

WhatsApp Image 2022-01-27 at 18.57.11.jpeg 20211202_105025.jpg

СShape3 аут ашу сабағында дыбыстық талдау,қолғапқа

жапсырылған қысқа буынды сөздерді екі

алақандарымен кезек кезек жауып,буынға бөліп

оқуға үйрену.


Сауат ашу сабағы «Кім тапқыр» еденге жапсырылған қысқа буынды сөздерді оқу арқылы кедергіден сүрінбей өту, ойын арқылы буындап оқуға жаттық

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!