Материалдар / Жоғары сынып оқушыларын некелік-өмірге дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоғары сынып оқушыларын некелік-өмірге дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге дайындау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2021
522
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»КММ







Shape1 Shape2

Shape3

Жоғары сынып оқушыларын некелік өмірге дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері




Бағыты: гуманитарлық

Ғылыми жоба қорғаушысы: 9 «А» сынып оқушысы Халам Сара

Жоба жетекшісі: педагог-психолог А.О.Джиянбаева

Секция: психология















2020-2021 оқу жылы

Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласы білім бөлімінің

«№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ

9 «А» сынып оқушысы Халам Сараға

«Жоғары сынып оқушыларын некелік өмірге дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері» тақырыбында жазған ғылыми жобасына


Пікір


Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласы білім бөлімінің «№2 ЖББМ» КММ педагог-психологы Асима Орынбаевна Джиянбаеваның оқушысы Халам Сараның «Жоғары сынып оқушыларын некелік өмірге дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері» тақырыбында зерттеген жобасы үлкен мәселені көтерген. Қазіргі бүкіләлемдік індетке байланысты отбасы өмірінің мәселелерін шешу, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауқымды жұмыс жасалғаны байқалады. Оның көрінісі атап айтар болсақ, жұмыстың жүйелі және жоспарлы түрде ұқыпты және тиянақты түрде жүзеге асырылғаны айқын көрінеді. Оның дәлелі ретінде мазмұнын келтіруге болады.

Кіріспе бөлімінде оқушы жастардың отбасы мүшелері бір-бірін қадірлеуге, ата-анасын сыйлауға, ұлттық әдет-ғұрыпты сақтап қалуға, жұбайлық өмірді сақтауға, ұрпақ тазалығы мен ұрпақ тәрбиесіне баулу, үйрету, ата-ананың немесе жалпы отбасының ғана емес, қоғамның міндеті екендігін терңдетіп түсіндіріп көрсеткен. Қоғамдық деңгейде, жоғарғы оқу орындарында қарастырылатын тәрбие бағыттарының барлық түрімен келісе отырып, оның ішінде: жас жұбайлық некелік өмірге тәрбиелеуге аударған жөн екендігін айтуға болады.


Бұл жұмыста оқушының көп ізденгенін көруге болады. Жинаған ақпараттары мен жасаған зерттеу жұмыстарына қарап отырсақ, өркениетті ел ретінде мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді қалуды көздеген.

Алдағы уақытта осы зерттеу бөлімі бойынша тереңірек жұмыс жасағанын қалар едім,



Пікір жазған әлеуметтік педагог: А.А.Токтамысова





Мазмұны.

Аннотация

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1. Оқушыларды болашақ некелік немесе ерлі-зайыптылық өмірге дайындаудың маңыздылығы.

ІІІ.Зерттеу бөлімі

ІІІ.1.  9- сынып оқушылары арасында отбасындағы қарым-қатынасты анықтау мақсатында google forms форматында сауалнама алу;

IV.2. 11- сынып оқушылырына ұсынған тапсырма: «Отбасылық социограмма» әдістемесі (авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин.).

IV.Нәтиже

V.Қорытынды

VІ.Пайдалаған әдебиеттер



























Аннотация



Жастардың отбасылық өмірге жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру. Отбасының әлеуметтік мәнін, әрекетін ұғындыру. Некелік – отбасылық адекваттық ойлардың қалыптасуы.

Shape4

















Жоғары сынып оқушыларын некелік өмірге дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері



Мақсаты:

Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайындау , отбасылық жауапкершіліктерін қалыптастыру, ойланбай жыныстық қарым-қатынысқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау.Жалпы оқушыларға отбасы туралы ақпарат беру.



Міндеті:

1. Тұлғаның педагогикалық , психологиялық , физиологиялық және адамгершілік даму туралы көзқарастарын қалыптастыру;

2. Оқушыларға жыныстық тәрбие беру, жыныстық қатынас мәселелері туралы жеке тұлға ретінде көзқарасын қалыптастыру;

3.Ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарын сақтап қалуға, адамгершілік пен отбасылық психологиялық білім негіздерін бойларына жасөспірім жастан сіңіруге уйрету.


Эксперимент әдістері:

Google forms форматында «Отбасы қарым – қатынасы» сауалнамасы



Зерттеудің болжамы: Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасын нығайту, зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Өзектілігі:

Бүгінде әлемдік БАҚ беттерінде жаһанды жaйлаған пaндемияның сaлдарынан отбaсындағы зорлық-зомбылық көрсеткішінің aртқаны aйтылуда. Соның сaлдарынан көптегeн елдерде отбасының ыдырaуы, зорлық-зомбылық сaнынынң aртуы көңіл көншітпей отыр. Сондықтaн дa отбaсы мүшелерінің бір-біріне деген сезімділігін нығaйту, aта-aналардың жауaпкершіліктерін, міндеттерін aрттыру, aта-ана мен бaла арасындагы жaғдайларды aқылмен шешуге жaғдай туғыза отырып, ата-aнасының балaсына деген сенімін ояту әр бір aзаматтың міндеті екендігін ұғындыру.

Ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарын сақтап қалуға, адамгершілік пен отбасылық психологиялық білім негіздеріне ие ету.



Күтілетін нәтиже: 

Мектеп қабырғасында , әсіресе жоғары сынып оқушыларына «Жастарды некелік өмірге дауындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері» атты жоғары сынып оқушыларына арнап курс ашылса , онда жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайындау , отбасылық жауапкершіліктерін қалыптастыру, ойланбай жыныстық қарым-қатынысқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау, отбасы тәрбиесі мен әтед-ғұрпына деген білімдерін кеңейтіп, болашағымыз жарқын, отбасымыз аман, ынтымақтастығымыз берік , зорлық-зомбылықсыз болар еді.









































Кіріспе



Отбасында адам бойындағы асыл

қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,

туған-туысқандарына деген

сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Тәуелсіз еліміздің өркениетті дамыған елдер қатарына қосу жолында келер ұрпақты жоғары мәдениеттілік пен имандылыққа баулудың жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру міндеті тұр. Ал адамзат қауымындағы ұлттық тәрбиенің жетіле даму жолдарына үңіле қарасақ, оның әр түрлі тағдырға ұшырап, бір қалыпты даму жолына түсе алмағандығы анық байқалды. Оның көптеген себептері бар.

Болашақ бүгіннен басталатынын тереңірек зерделеп қарасақ, бала тағдыры, жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеу мәселесі қашан да халқымыздың басты арман-мұраты болып келгені даусыз. «Ел болам десең -бесігіңді түзе» дегендей аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын көрсетеді. Дегенмен, бұл тұжырымның маңыздылығы да қазіргі ғылыми көзқарасқа кештік танытатынын байқатады. Ендігі жерде адамзат қауымы жүрек тәрбиесінің сырларын ұққанда ғана ұлы Абай армандаған «Нұрлы ақыл» − иесіне жататын толық адамды көз алдымызға елестетуге болады. Осыдан келіп, некелік дайындық және ұрпақ тазалығы мен ана құрасағындағы тәрбие мәселесі өзінің бар болмысы мен қадір-қасиетіне орай айқындала түседі.

Сондықтан жастарды отбасын сүюге, ата-анасын сыйлауға, ұлттық әдет-ғұрыпты қадірлеуге, өз бетінше өмір сүруі үшін жар таңдауға, жұбайлық өмірді сақтауға, ұрпақ тазалығы мен ұрпақ тәрбиесіне баулу, үйрету, ата-ананың немесе жалпы отбасының ғана емес, қоғамның міндеті. Қоғамдық деңгейде, жоғарғы оқу орындарында қарастырылатын тәрбие бағыттарының барлық түрімен келісе отырып, әйтсе де басты назарды отбасы тәрбиесіне, оның ішінде: жас жұбайлық некелік өмірге тәрбиелеуге аударған жөн.

ҚР Президенті Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі күні Отбасы күні мерекесі тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту, шаңырақ шайқалуының алдын алу және бірлік, ынтымақтыққа үйрету.

Қазіргі уақытта отбасы үлкен қиындықтарды басынан өткеріп жатыр: Моральдық құндылықтардың материалдық құндылықтарынан кеміп бастауы, жастардың отбасылық-некелік өмір туралы педагогикалық даярлығының төмен болуы, ата-ананың бала тәрбиесіне психологиялық-педагогикалық білімінің жетіспеуі. Сәбидің дүниеге келуінің төмендеуімен, ажырасу санының көбеюімен және осыған байланысты баланың панасыздығының, қараусыздығының өсуімен қатар, жалпы айтқанда, отбасына әлеуметтік құлдырау қаупі барынша төнуде. Некеге тұру мерзімі 28—30 жасқа дейін созылды. 18 жасқа дейінгі балалардың тек төрттен бір бөлігін ғана сау деп есептеуге болады. Ата-аналардың көбісінің, басқасын айтпағанда, балалардың жатсынуынан, дарашылдық пиғылдың етек алуынан, бетімен кетудің өсуінен байқалған дағдарыстан шығудың жолы туралы түсінігі аз. Одан басқа, ақыл-ой және мүше дамуының кемшілігі бар балалар саны аз емес. Сондай-ақ, соңғы кезде бірнеше психологиялық және әлеуметтік феномен пайда бола бастағанын аңғаруға болады. Біріншіден, мектепте қыздардың сыныптас ер балалардан 2-3 жылға ерте дамып, жетілуі, ер балаларды қорғаушы азамат ретінде қабылдамауы, үстемдік көрсетіп, қыздарға тән емес күшті болып дағдылануы, жыныстық рольдерінің ауысып, болашақта жұбайларына да өктем келуіне әкелуде. Нәтижесінде отбасылық кикілжіңдер, айрылысу,отбасылық құндылықтардың азаюы, т.б. Екіншіден, жалғызбастылық көбеюде, өйткені, қазіргі кезде отбасын құра алмай жүрген жастар көп...

















Негізгі бөлім.

Оқушыларды болашақ некелік немесе ерлі-зайыптылық өмірге дайындаудың маңыздылығы.

Қазақ отбасында ер мен әйел – шаңырақтың негізгі іргетасы. Бұл іргетас үйленумен қаланып, нығаяды. Адам баласы жан дүниесі аңсаған рахат пен татулық, бейбіт өмірді, ең шынайы сүйіспеншілік пен мейірімділік ыстық сезімдерді ана құшағы мен әке шаңырағынан табады, өзінің адамгершілік қасиетін, абыройын, намысын, үйленіп, үй болу арқылы айрықша жарқырата көрсетіп, айрықша қамқорлықпен қорғай алады. Отбасы жауапкершілігі үйленген ер азамат пен әйел азаматының бірінің алдындағы бірінің парызы мен қарызын еш қарсылықсыз орындауынан басталады. Біріншіден, әйелдің еркек үйінің табалдырығын аттауы – оның бір отбасынан екінші бір отбасына, бір ортадан екінші бір ортаға қоныс аударуы екені рас. Бұрын ол ата-анасы мен туыстарының ортасында болса, енді өзі қалаған жанның етегінен ұстап, оның өмірлік жарына айналды. Ері ендігі жерде әйелі үшін жауапты, әрі некемен келер жауапкершіліктің барлығы оның мойнында. Демек, отбасындағы ерлі-зайыптылардың екеуі де араларындағы алғашқы кездесуге психологиялық тұрғыдан дайын болуы тиіс. Бұл кездесуден бұрын еркек өзінің жауапты қадам алдында тұрғанын  ескеріп, болашақ жарымен жақсы және жарасымды тіршілік етуге, жұбайлық өмірдің ыстық-суығын бірге көтеруге, қиындыққа қайыспауға дайын болуы міндетті. Сол секілді жас келін де ендігі жерде өзінің оң жақта отырған ерке қыз еместігін ескеріп, сүйгенінің сүйіктісіне айналатынын, болашақ  отбасында құт-береке қонақтауы, не қонақтамауы өзіне де байланысты екенін жан – тәні мен сезініп, жауапты қадамға лайықты дайындық жасағаны жөн.

Екіншіден, олар жыныстық қатынасты ұрпақ көбейтуге, зинадан аулақ, нәпсіқұмарлықтан ада болуға ықпал ететін іс ретінде қабылдағаны игі. Халқымызда: «Екі жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар, екі жаман қосылса, ырылдасып ұрысар»,-деген дана сөз бар. Отбасы беріктігі  ерлі- зайыптылардың  бір-біріне керектігін жандүниесімен сезініп, қашанда бір – біріне мейіріммен қарауы арқылы нығаяды. Күнделікті қарапайым тіршілікте әйелі дайындаған  тамағының дәмді екендігін күйеуінің аузынан естіп, риза болғысы келсе, күйеуі отбасына қажетті бір шаруаны тындырып қайтқаны  үшін жұбайының жылы лебізін тыңдағысы келеді. Немесе, жұмыстан шаршап үйге қайтқанында әйелінің балаларына: «Әкеңе көрпе сал, жастық әкеліп бер, дем алсын, мазасын алмаңдар», – деген тәрізді ыстық ықыласын күтеді. Мұның бәрі ұсақ-түйек сияқты көрінгенімен, жұптық жарасмды гүлдендіретін мінез-құлық, жауапкершілік, сыйластық. Отбасы  жауапкершілігінде бала тәрбиесі басты орын алады. Қазақ отбасында ер бала әкеге тартып оқ жонады, қыз бала шешеге тартып тон пішеді.

Мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімдер тұрақтылығының мұқият есепке алынуы ойдағыдай отбасы құрудың шарты болып табылады. Өз мінезін білу, болашақ жар мінезінің ерекшеліктерін түсіну,  ұстамдылық көп жағдайда отбасында қолайлы психологиялық  ахуал қалыптастыруға мүмкіндік туғызып отырады. Отбасы өмірі  адами  қасиеттерді талап етеді: өзін-өзі ұстай білу, мақсаткерлік, дербестік, шешімділік, тұрақтылық, қайсарлық, тәртіптілік өз сұранымын басқарудағы қабілеттілік, т.б. Ерік-жігер сапасының дамуы – бұл жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеудегі нәтиженің көрінісі. Сондай – ақ отбасылық қатынастардың жай-күйін, оның өнегелілік ахуалын, құрамын, әлеуметтік, демографиялық ерекшеліктерін ескеретін отбасылармен тығыз байланыс орнатып, жұмысты жандандыра түсу аса маңызды. Отбасылық өмірге дайындаудың нәтижесі түрлі компонеттерден құралған отбасын құруға дайындықтан тұрады: ізгілікті ( Н.С.Верещагина, В.Т.Лисовский, Ю.П.Шапиро және басқалары); шаруашылық-тұрмыстық, азаматтық ( В.А. Балцевич, С.К.Бурова, О.Қауғабаев және басқалар); әлеуметтік ( М.С. Мацковский, А.Г. Харчев және басқалары); физиологиялық (Л.М. Зюбин, В.А.Сысенко және басқалары).

Сонымен, біз аталмыш дайындықтың басты компонеттері келесідей деп есептейміз: ізгілікті-психологиялық компонент;әлеументтік компонент; шаруашылық-тұрмыстық компонент; педагогикалық компонент;

Қазіргі күні отбасылық өмірге дайындауды ұйымдастырудың түрлі нысандары бар: оқушыларға арналған « Отбасылық өмірдің этикасы мен психологиясы» курсы, отбасы университеттері, жас жұбайлар клубы, лекция циклдері, таныстыру қызметі және т.б. олар неке – отбасы қатынастарының қазіргі практикасына бағытталмаған. Отбасын құру жөніндегі студенттермен жүргізілетін жұмыс әлеуметтік педагог пен әлеуметтік  жұмыскердің қызмет саласы болып табылады, ол жоғары оқу орнының біртұтас педагогикалық процесі жайдайында студенттермен қолайлы нысандар мен әдістерді таба білуі керек.



Зерттеу бөлімі.

Оқушылардың болашақ отбасы-некелік өмірге дайындығын зерттеу.

Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық аспектісіне келмес бұрын, «отбасы –дегеніміз не?» Деген сұраққа жауап берейік. Аристотельдің айтуы бойынша , отбасы – адамдар қарым –қатынасының алғашқы түрі, ол мемлекеттің алғашқы ұяшығы. Сондықтан да , мемлекетте отбасының орны ерекше және оның елге терең түсіндіру қажет. Отбасының өмірлік іс әрекетінің сферасы, оның мүшелерінің арнайы қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты. Жалпы , отбасы түсінігінің мән мағынасы өте кең болып келеді. Отбасы – дегеніміз не деген сұрақ қойылғанда, бәрімізге ата-анамен бала-шаға туралы ойлар келеді. Яғни , отбасы тек осы мүшелер мен ассоциациаланады.

Қазіргі кезде отбасын құру және өмірлік жарды таңдау қиынға соғады. Өйткені қазіргі жастарда отбасы, неке туралы түсінік азын аулақ. Сондықтан да , қазіргі таңда , осының салдарынан ажырасу көбейіп келеді. Сонымен қатар, батыстың азаматтық некесі де осыған әсер етеді. Осы себептен жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық маңызы өте зор.

Оқушыларды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық аспектісіне келетін болсақ, мен мына ұсыныстарды ұсынар едім:

  1. Отбасы туралы балаға ата-ана , кішкентай күнінен бастап дұрыс түсінік беру керек;

  2. Мектепте, жоғарғы оқу орындарда отбасына қатысты түрлі тренинг жаттығулары өткізілуі тиіс;

  3. Жастарға отбасы және неке туралы көптеген ақпараттар берілуі керек;

  4. Отбасында болатын түрлі конфликттер мен мәселелерді шешу жолдарын үйрету керек, сонымен қатар психологиялық кеңес беру қажет;

  5. Отбасын құру, екі жастың қалауымен болу керек;

  6. Отбасы құрудағы басты мәселе, жастар бір-бірін жақсы түсіне білуі керек.





Осы орайда оқушыларды болашақ некелік немесе ерлі-зайыптылық өмірге дайындауда  төмендегі ұстанымдарды мақсат ету маңызды деп санадық, олар:

—        өзін өзі бақылау мен бағалау;

—        отбасы табиғатының жүйесін түсіну;

—        оқушылар арасында қарым-қатынас жүйесін жақсарту;

—        бұрын түсінбеген отбасындағы өзара қатынастың ерекшеліктерін ұғыну,

—        өзіндегі және отбасындағы болып жатқан өзгерістерді анықтауға мүмкіндік жасау,

—        отбасы мүшелерінің әрқайсысына ерекше көңіл бөлу,

—        ерлі-зайыптылар бір-бірінің  пікірімен санасу және түсіну туралы ақпараттандыру.

Сонымен жастардың үйлесімді неке құруына психологиялық даярлығын диагностикалау  олардың болашақ сәтті отбасы болуының кепілі болып табылады. Сондықтан да 9-11 сынып оқушылары арасында отбасы-некелік өмірге дайындықтарын, отбасы өмірінің құндылықтарын , және отбасы-неке сөзінің жалпы ұғымы туралы түсініктерін анықтау мақсатында бірнеше психологиялық әдіс- тәсілдер қолдандық.

Осы жобаны қорғай отырып, мектебіміздің 9- сынып оқушылары арасында отбасындағы қарым-қатынасты анықтау мақсатында google forms форматында сауалнама алдым.

Мақсаты: Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау.


Сауалнама авторы мектебіміздің психологы және өзім

1)Отбасы дегенді қалай түсінесін?

2)Ата-анаңмен қарым-қатынасын қандай?

3)Бауырларыңмен қарым-қатынасын қандай?

4)Бауырларыңмен сөзге келіп қалу жиі болып тұрады ма?

5) Отбасында неше бала болғанын қалар едің?

6) Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі?

7)Демалыс күндері отбасынмен бірге серуенге шығасын ба?

8) Отбасы мүшелерінен сабағыңа кім көп көңіл бөледі?

9) Жеке басынның мәселелерін кімге айтасын? Кімге айтқанды жөн санайсын?


Бұл сауалнама арқылы мынадай қорытынды алдым:

Сауалнамаға 32 оқушы жауап берді.

Shape5









Shape6

Shape7

Жоғарыда көрсеттілген диаграмма арқылы 9- сынып оқушыларының отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың қандай деңгейде екенін көруге болады. Бұл әрине жақсы көрсеткіш.

Келесі әдісті мен 11 сынып оқушылары арасында жүргізіп көрдім.

11 сынып оқушылырына ұсынған тапсырма: «Отбасылық социограмма» әдістемесі.

Тесттің авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастағы орнын анықтауға, отбасындағы коммуникация сипатын - тікелей немесе аралық , анықтауға мүмкіндік береді.

Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген бір-біріне сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Нәтижелерді талдау. Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі:

Шеңбер аймағына енген отбасы мүшелерінің саны;

Дөңгелектердің көлемі;

ДShape8 өңгелектердің орналасу қатынасы;

А 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!