Материалдар / Жоғары сыныптарда биология пәнін оқытуда компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоғары сыныптарда биология пәнін оқытуда компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғары сыныптарда биология пәнін оқытуда компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
895
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Пікір


Утенбаева Мунираның бұл баяндамасы нақты өткізген сабақтары

бойынша жазылған. Сабақтың мақсаты, өтілу барысы, оқушылардың

меңгеру дәрежесі кезінде талқыланды.

Мұғалім көп ізденіп, түрлі ескерту, әдістемелік көмектер нәтижесінде

жақсы үлгерімге жетті.

Жаңаша оқыту технологиясы бойынша модульдік жүйені сабағына

ендіріп, оқушыларды ептілік пен самарқаулықтан арылту нәтижесінде,

оқушылардың ізденгіш,намысқойлық тағы да басқа қасиеттері артып,

сабаққа ынталы бола бастады.Жаңа ғасырдың жан-жақты білімді

азаматтарын тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.

Осы міндетті терең түсінген Утенбаева Мунира өз баяндамасын

да оқушыларға биология сабағында оқушыларды пәнге деген қызы

ғушылығын арттыра білді.

Мұғалима өз тәжірибесінде ойын элементтерін күнделікті сабақта

көп пайдаланады, ойын барысында оқушылардың танымдық қабі-

леттері шыңдалады, ойын шарттарының тәрбиелік мәні зор. Ойын

түрлері бүгінгі өмірдің ағымына сай, оқушыларға танымды да қызықты,

сабақ барысында оқушылар түгел қамтылады. Сонымен бірге ол

сабақтарында қосымша материалдарды аудио-бейнелі құралдарды

кеңінен қолданады.

Утенбаева Мунира тапсырмалар нәтижесінде оқушылардың ептілік,

ізденгіштік, танымдық қасиеттерін арттыра білді.






Әдістеме бірлестік жетекшісі: Нован Г




Мазмұны


Кіріспе


Негізгі бөлім:


1.Компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану


2.Компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы

мұғалімнің іс-әрекеті


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер
































Кіріспе


Менің ұсынып отырған баяндамамның тақырыбы: «Жоғары сынып оқушы-

ларына биология пәнінен компьютерлік және ақпараттық технологияларды

қолдану арқылы білім беру».

Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамытып, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі де нақты білім беру.

Оқыту, білім беру тәжірибесі педогогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті де педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып табылады.

Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдері енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білім мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен ,Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім беруді жақсарту және жүйелеуі атап көрсетілген.

Электрондық оқулықтар мен мультимедиалық оқыту құралдарын дайындауды жеделдету және қашықтан оқытуды ұйымдастыру («Білім» бағдарламасы)2005-2010 жыл.

Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның жылға дейін Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту мақсатында білім бағдарламасы бекітілді.

Жоғары білім беруде оқытудың озық жүйелері мен технологияларын оның ішінде кредиттік және қашықтан оқытуды әзірлеу мен енгізу.

Білім беруді ақпараттандыру:

- Компьютер техникасымен қамтамасыз етілудің әлемдік көрсеткіштеріне

(1 компьютерге келетін оқушылар саны – 10-15)қол жеткізу үшін орта білім беру үйымдарын одан әрі компьютерлендіру.

-Орта білім беру ұйымдарын интернет желісіне қосу.

-Білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және ендіру.

-Бұл баяндамада жаңа иннавациялық технологиялардың ішіндегі компьютерлік және ақпараттық технологиялар арқылы (компьютерлік және ақпараттық технологиясы)оқушыларға биологиялық білім берудің жолдары қарастырылады.



1.Компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану


Модернизациялық жүйенің негізгі бағыттарының бірі – мектепке биологиялық білім беруде компьютерлік технология мен мультимедияны қолдануды енгізу болып табылады.Бұл процесс жақында ғана басталса да, оның таралу жылдамдығы өте жоғары.

Мұғалім компьютерлік технологияға қарсылығын көрсететін болса да, оқушылардың ішінде компьютерді және мультимедияны жақсы меңгерген нұсқауларды қабылдайды. Қазіргі жастар тапсырманы орындау барысында өздері компьютерлік мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға тырысады. Әсіресе бұл тапсырмалар қазіргі таңда көп ақпаратты пайдалануға және жұмысты даярлауда үлкен талаптар қойылуымен байланысты. Мұндай жағдайда мұғалім биологиялық білім беруіндегі барлық мүмкіндіктерді сонымен қатар жаңа пайдалы жаңалықтарды қолдануға тырысады.

Орта мектепте оқытылатын пәндердің барлығында компьютерлік технологияны пайдалану мүмкіндіктері қарастырылуда және қолданылып та жүр

Биология сабағында жаңа технологияларды қолдануға көптеген мүмкіндіктер бар. Биологиядан сабақ беруде бірнеше негізгі бағытта компьютерлік технологияны және мультимедияны қолдануға болады ( 1-сызбанұсқа).


Компьютерлік технологиялар


DrawObject3

Компьютерден ал-

ған материалдарды

жинақтау арқылы

көрнекілік құралдар дайындау

Про-

цес-

терді

көрсе

ту

Биоақпа-

раттық

оқытулар

DrawObject2 DrawObject1

1-сызбанұсқа. Компьютерлік технология

I-бағыт. Материалдарды көрсету: көрнекі құралдар.

Мультимедиа биология пәнінің мұғаліміне экранда әр түрлі статистикалық

материалдарды бейнелеуді көрсетуге мүмкіндік береді.Мултимедиа көмегімен бір объектіден басқа кез-келген тізбекке фрагментті үлкейтіп, сонымен қатар бір экранда бірнеше сюжеттерді енгізуге болады. Бұл биология пәнінің мұғаліміне өте үлкен көмегін тигізеді.Ең бастысы уақыт тиімді пайдаланылады.Мұғалім көрнекіліктерді бір жерден екінші жерге тасып жүрмейді.Сондықтан мультимедиа аппаратының жетістіктерін жоғары екенін байқаймыз.

Болашақ педагогтар үшін мультимедианы қолдану жағдайында көптеген жұмыстар іске асырылады. Яғниоқушылардың пәнаралық ойлау қабілеттері артады,фотосуреттер арқылы оқушылардың биологиялық білімі қалыптасады.

II-бағыт. Процестерді көрсету.

Биологиялық процестерді ұйымдастыру туралы көп және әр түрлі салада түсіну керек.Өздеріне берілген кесте түріндегі тапсырмаларды диаграммалар түрінде сызып көрсетеді.



Құбылыстарды салыстыру.Жоғарыда келтірілгендей визуальды құбылыстарды салыстыруда және көрнекі көрнекі материалдарды көрсеткенде

бір экранда әр түрлі ақпарат жинақталады.

III-бағыт. Биоақпараттық оқыту.

Жоғары оқу орындарында және орта білім беретін мектептерде биоинформатика пәнін енгізу. Мұнда оқушылар компьютерлік технологияны өздері игеруге тырысады.

IV-бағыт. Білімді тексеру.

Мұнда әр түрлі жолмен оқушылар информатика кабинеттерінде компьютер және мультимедиа көмегімен: компьютерлік тест, жеке тапсырмаларды орындай алады.

V-бағыт. Оқушылардың өз бетінше орындалатын жұмысы.

Оқушылар мұғалім берген тапсырманы компьютерлік технологияны игеріп, мультимедиа технологиясы бойынша орындай алады.

DrawObject4 2-сызбанұсқа.Компьютерлік бағдарламаның түрлері

Қазіргі таңда компьтерлік бағдарламаның түрлерін Д.В.Новенко,О.В.Шульгина

А.А.Лобжагидзе сынды ғалымдардың еңбектерінен көруге болады.(2-сызбанұсқа)

1.Оқулық бағдарламалар – жаңа білімді меңгеруді көздеген. Бұл бағдарламаға проблемалық оқытуды енгізуге болады.

2.Жаттығу бағдарламасы – бұл білім алуға, оқушылардың өздігімен дайындалуға арналған бағыт.

3.Бақылау бағдарламасы – бұл бағыт жеке білімділік пен біліктілікке арналған.Бұл бағдарлама типі әр түрлі тексеру есептерімен және тесттік жүйеге

арналған.

4.Демонстрациялық – көрнекі құрал ретінде пайдаланылады.Мұнда әр түрлі көрнекі құралдар (суреттер,видиофрангментер) көрсетіледі.

5. Анықтамалық-ақпараттық бағдарламалар –бұл білім саласындағы тақырыптарға және интернет жүйесіне енгізілген ақпараттар.

6. Мультимедиялық оқулықтар –комплекс бағдарламамен көптеген тақырыптар жиынтығы.



7. Имитациялық және модельдеу бағдарламасы- мұнда объектілер мен құбылыстар көрсетіледі.

Мультимедиялық оқулық- ол оқу материалдарын демонстрацияланған гормо-

нокалық түрде таратады.Мұнда оқушылардың қызығушылықтары артып, зейін қойып көрумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар білім алу кезінде белсенділіктері арта бастайды. Оқушылар өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке ,флешкаға ,бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Мұғалімдер үшін- мультимедиялық электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Компьютерлік технологияны игеру қазіргі заман талабы болып табылады.

Компьютерді пайдалану оқушының әр сабақты терең танып білуіне ғана

емес, сондай-ақ есептеуіш техникасымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

екенін сезінуіне жағдай жасайды. Соңғы уақыттарда оқушылардың компьютерлерді пайдалануға деген қызығушылығы күшейді. Мектептің материалдық базасы компьютерлік техникалармен толықтырылуда.

Оқушылар үшін электрондық оқулық-мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оқып үйрену

ісін жеке дара жүргізу болып саналады. Осы жүйеарқылы оқушы практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, білім алу кезіндегі оның белсенділігі арта бастайды.

Оқулықтардың модульдік жүйеге негізделіп құрылуы осы оқулықтың тиімділігін айқындай түседі (3-сызбанұсқа).

DrawObject5

3-сызбанұсқа. Электрондық оқулықтың тиімділігі.

Оқушылардың биологиялық білімдерін ақпараттандыру үшін төмендегідей жұмыстарды қолға алуға болады.

-мектеп жанынан «жас биолог», «табиғат сақшылары» үйірмелерін

ұйымдастыру;



- еліміздің табиғат байлығын, фаунасы мен флорасын көрсететін және оны қорғауды насихаттайтын буклет, ақпараттық беттер, аудио-видео құралдарын пайдалану;

- оқушыларды аумақтық, аудандық, облыстық олимпиадалар мен конкурстарға қатысуға баулу жұмыстарын жүргізу.

Дәстүрлі әдістемелік жүйеде оқу үрдістеріндегі әдістемелік тәсілге байланысты оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары,әдістері және оқыту құралдары қолданылуы мүмкін.

Әдістемелік жүйенің бөліктерін электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырсақ оны мына сызбадан көруге болады (4-сызбанұсқа).

Оқыту мақсаты


DrawObject7 DrawObject6


Оқыту мазмұны:

Теория, білімді

тәжірибелік бекіту,

білімді тексеру

Оқыту формасы:

автономиялық,

қашықтан оқыту

Оқыту әдістері:

топтық әдіс, жеке-

дара оқыту әдісі





DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8

Оқыту мақсаты:

Бағдарламалық өнімдер




4-сызбанұсқа. Әдістемелік жүйенің топтпастырылуы.

Оқыту мақсатта мен білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз.

Қазіргі уақытта электрондық оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Дегенмен электрондық оқулық дегеніміз-мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылысы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс.

Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай,өтілген жеке оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор мүмкіндік береді.Себебі,оқушы өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементтің жанында жазушы болады.

Электрондық оқулықтың ең қажетті элементі – аудиохабарлар. Мысалы, дүние жүзі елдерінің кез-келгені жайлы жалпы мәліметті айтқанда оқушылар оның қай ел екенін таба алады және сол ел жайлы мәліметтерге қанық болады.

Бір жағынан электрондық оқулықтардың келеңсіз жақтары да бар. Бұл педагогикалық - психологиялық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты. Көрнекілік материалдарға біріңғай таңдау, оқушының жеке ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын және оқуын үйренудегі мамандығы бойынша бағыты ескерілмейді. Осы электрондық оқулықтар шығарылғанда осы мәселелер ескерілсе бұл құралдың тиімділігі одан да жоғары көтерілмек.

Ойөөрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыптаспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік – жетістіктерді айтып отырсақ, жұмысымыз өнімді бола түседі деп есептеймін.





2.Компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы мұғалімнің іс-әрекеті

Сабақтың тақырыбы:Мәдени өсімдіктердің және үй хайуанаттарының пайда болу орталықтары.Саңырауқұлақтарды және ұсақ ағзаларды сұрыптаудың ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мәдени өсімдіктер және үй

хайуанаттарының пайда болу орталықтары және оны ашқан селекционер-генетик

Н.И.Вавилов туралы, саңырауқұлақтарды және ұсақ ағзаларды сұрыптау туралы

мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар

бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын,жадысын,

шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды өз беттерін жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты

жылдам орындауға, және де алған білімдерін іс-жүзіндеқолдана білуге,

сабақ үстінде ақпараттық-коммуникациялық технологиямен тиімді жұмыс

жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:ішінара ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі:Интербелсенді, баяндау, тест, сұрақ – жауап, картамен жұмыс

Пәнаралық байланыс: география, экология, әдебиет, химия,информатика

Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, электронды оқулық, үлестірмелі қағаздар, суреттер, кескін карта, оқушыға көмекші материалдар.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру,бағалары электрондық кестесінде жасалынған бағалау парағына қойылып отырады.

Өсімдіктерді және жануарларды сұрыптау әдістері.

1. Лездемелік сұрақтар:

1. Сұрыптау дегеніміз не?

2. Будандық қуат шалпылы: будандардың өнімділігінің, тіршілікке бейімділігінің немесе өсімталдығының артуы қалай аталады?

3. Сұрыптауда мутагенез не үшін қолданылады?

4. Сұрыптауда жалпылама және дара сұрыптаудан басқа қандай әдіс қолданылады?

5. Қандай әдіс арқылы жылқы мен есектің буданы-қашыр, нар және екіөркешті түйелерден ата-енелерінен бірнеше есе күшті, төзімді будан алынды?

6. Будандастыру дегеніміз не?

7. И.В.Мичурин кейбір жеміс-жидек дақылдарының түраралық

шағылыспау әрекетін жеңу үшін қандай әдістерді қолданды?

8. Тәрбиелеу әдісі қай уақытта қолданылады?

9. Бағытты мутагенез нәтижесінде дарақтардың хромосомалар

санының еселеп артуы қалай аталады?

10. Полиплоидтау әдісімен тұңғыш рет түраралық шағылысудың

болмауын жеңіп, қырыққабат-шомыр буданын шығарған кеңес

генетигі кім?






III.Жаңа сабақ: Сұрыптаудың маңызды бөлімдерінің бірі ата-тектер туралы ілім болды.Оны жете зерттеудегі жетекші рөл көрнекті орыс ғалым-генетигі

Николай Иванович Вавилов еді. Ол ХХ ғасырдың 20-30жылдарында қызметкер-

лерімен бірлесіп Австралия мен Антрактидадан басқа барлық континенттерді қамтыған 110 ботаника-агрономиялық экспедицияны ұйымдастырды. Нәтижесінде 1940 жылы 250 мың мәдени өсімдіктер үлгілерінен құрылған

топтама жасалды. Олар қазіргі кезде Санкт-Петербургта, Өсімдік шаруашылығы

институтында сақталуда. Қазір де Ресейдің және дүниежүзінің көптеген

Селекционерлері мұны өз еңбектерінде генетикалық өте құнды материал ретінде пайдаланады.

Биотехнология:

Тірі ағзалар мен биологиялық әрекеттерді адамның мақсатына сай өндірісте қолдану болып табылады. Ең алғаш 1917 жылы Венгр инженері алғаш рет “биотехнология” терминін енгізді. 1941 жылдан бері кеңінен қолданылып, даму үстінде. Биотехнология адами білімінің ең жас саласы.

Қазіргі уақытта биотехнология саласымен бірге, оның гендік инженерия, жасушалық инженерия және ферменттік инженерия тәрізді салалары барынша дамыды.

Гендік инженерия әдісі ағзаның бағалы қасиеттерін сақтап қалумен қатар, оған жаңа, сапалы қасиет те береді. «Инженерия» термині “құрастыру” деген мағынаны білдіреді. Гендік инженерия ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана жасалды. Гендік инженерия әдісімен картопқоңыз жей алмайтын картоп өсімдігі шығарылды.

Ферменттік инженерия саласында өндіруден өте үлкен кіріс кіреді. Бұл-спирт, шырын және кір жуатын ұнтақтар өндіруге пайдаланылатын биопрепараттар, ферменттердің көп тонналы өндірісі.

1. «Білім кілті танымдылықта»

1. «Ол кім, бұл не?» (лездемелік сұрақтар)

1. Ата-тектері туралы ілімді жете зерттеуде жетекші рөл атқарған ғалым кім? 2. Н.И.Вавилов әлемнің әр түкпіріне қаншадай экспедиция жасады?

3. Мәдени өсімдіктердің ата тектері болып табылатын материалдар қазіргі кезде қайда сақталуда?

4. Мәдени өсімдіктердің қанша орталықтары бар?

5. Картоп өсімдігінің отаны қайсы орталық?

6. Антибиотиктер, оның ішінде пенициллин алу үшін қандай саңырауқұлақ пайдаланылады?

7. Адамға қажетті өнімдерді биологиялық объектілердің көмегімен өндіру қалай аталады?

8.Қандай әдістің арқасында үй хайуанаттарының жыныссыз жолмен ұрпағы Долли қойлары алынды?

9. Қазақстанда екі ғылыми бағытты басқарып, дамытуда үлкен табыстарға қол жеткізген ғалым кім?

10. Жерорта – теңіздік орталықта қандай жануарлар қолға үйретілген?

2.Биологиялық пошта.

1-тапсырма.Тест тапсырмалары:

1. Селекцияның теориялық негізі қай ғылым?

а) ботаника ә) цитология б) генетика в) гистология


2. Гетерозис туралы ұғымды алғаш рет ғылымға қай ғалым енгізді?

а) К.Шеел ә) П.П.Лукьяненко

б) Г.Д.Карпеченко в) М.Ф.Иванов

3. Тұрып пен қырыққабаттың түраралық буданын алған ғалым?

а) И.В.Мичурин ә) П.П.Лукьяненко

б) Г.Д.Карпеченко в) М.Ф.Иванов

4. Алыстан будандастыру нәьтижесінде бие мен есектің арасынан қандай будан алынды?

а) орлов жылқысы ә) көшім жылқысы

б) қашыр в) қостанай жылқысы

5. Сұрыптаудың қандай түрін пайдаланып, гомозиготалы гендері бар топтар бөліп алуға болады?

А) қолдан сұрыптау ә) жеке сұрыптау

Б) жаппай сұрыптау в) қозғаушы сұрыптау

6. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер қалай аталады?

А) патогенді бактериялар ә) сапрофитті бактериялар

Б) ашытқыш бактериялар в) зең саңырауқұлақтары

7. Инженерия сөзі қандай мағына береді?

А) араластыру ә) құрастыру

Б) қосу в) алшақтану

8. Түраралық буданды қандай ғалым, қай жылы алды?

А) 1912 жылы Н.С.Бутарин ә) 1914 жылы Дж.Шеел

Б) 1924 жылы Г.Д.Карпеченко в) 1924 жылы И.В.Мичурин

9. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтауға зор еңбегін сіңірген ғалым кім?

а) И.В.Мичурин ә) Н.И.Вавилов

б) Г.Д.Карпеченко в) М.Ф.Иванов

10. Жүгері, мақта, какао өсімдіктерінің отаны қайсы?

А) Анд орталығы ә) Жерорта теңіз орталығы

Б) Орталық Америка орталығы в) Абиссиния орталығы

2-тапсырма. Биологиялық диктант

1) ------------------------- дегеніміз – адамға қажетті өнімдерді биологиялық объектілердің көмегімен өндіру.

-------------------------------- адамзат нан пісіру, сүт өнімдерін дайындау, қымыз бен шұбат ашыту және т.б. мақсатта ертеден бері пайдаланып келеді.

2) Қазір биология мен биотехнология ғылыми-техникалық прогрестің басқа бағыттарының арасында ерекше орын алады. Сондықтан «ХХІ ғасыр – ----------------------- » деп аталады.

3) ------------------- - генетика мен молекулалық биологияның жетістіктері негізінде қалыптасқан биология ғылымының жаңа бір саласы.

4) ------------------- адамның денсаулығы үшін қажетті дәрі-дәрмектер алынады. Көптеген ауруларды емдеуде қолданылатын антибиотиктер - ------------------------------- мен --------------------- өнімі болып табылады.

Графикалық диктант

3-Тапсырма: Егер төмендегі оқылған сөйлемдер дұрыс болса тұсына “/\” белгісін, ал бұрыс болса “-” белгісін қойыңыздар.




1. Мәдени өсімдіктерді зерттеп олардың шығу орталықтарын анықтаған орыс ғалымы Н.И.Вавилов.

2. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктерді 8 орталыққа бөлді.

3. Жоңышқаның отаны Шығыс Азия орталығы

4. Қазіргі кезде жануарларды қолға үйретудің алты орталығы бар

5. Қоршаған ортаны қорғау биотехнологияның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

6. Инженерия сөзі «алшақтану» деген мағына білдіреді.

7. Микроағзаларды сұрыптау жоғары өнімді мутант алу бөлімі.

8. Гендік инженерия әдісімен картопқоңыз жей алмайтын картоп өсімдігі шығарылды.

9. Тамақ өнеркәсібінде зең саңырауқұлақтары қолданылады.

10. Биотехнология адами білімнің едәуір жас саласы.

3.Сергіту сәті.

4.Эссе. «Мәдени өсімдіктердің пайда болу орталықтары»

(Wort мәтіндік редакторында эссе мәтінін теру).

5.Бағалау.Excel электрондық кестесінде жасалынған бағалау парағы бойынша қорытындылау.

Үйге тапсырма:1. §48. Мәдени өсімдіктердің және үй хайуанаттарының пайда болу орталықтары. Саңырауқұлақтарды және ұсақ ағзаларды сұрыптаудың ерекшеліктері

2. Іздену жұмысы:

І-қатар: “Н.И.Вавиловтың өмірбаяны”

ІІ-қатар: “Биотехнологияның соңғы жетістіктері”

ІІІ-қатар: “Гендік инженерияның ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және медицинадағы маңызы”

3. Кескін картаға жануарлардың қолға үйрету орталықтарын анықтап, орналастыру.






















Қорытынды


Қорыта айтқанда оқушылар үшін электрондық оқулық мектеп қабырғасын

да жүрген жылдарында өздігінен білімдерін толықтырып отыруға және

мақсатты түрде біріктіру емтихандарына дайындалуына мүмкіндік беретін

ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға орындайды, сонымен қатар өзінің қатесін табады. Оқушының жас ерекшелік

теріне сай және әркімнің шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге қолайлы. Мұғалімдер үшін –электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Электрондық оқулықтарды пайдала

нуда мұғалім ғылым- әдістемелік потенциалын дамытып,оның сабақ үстіндегі

еңбегін жеңілдетеді. Электрондық оқулықтар арқылы сабақтың ыңғайына

қарай қосымша материал ретінде де, факультативтік және қосымша сабақтар

ретінде де қолдануға болады. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер

арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу мәтіндері түрінде,

мультимедиялық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламалары бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көмегін тигізеді. Электронды оқулықтарды жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ретінде пайдалану – алғашқы қадам, бірақ бұл білім жүйесін дамытудың көрнекі белгісі, ол

мұғалімнің қазіргі кездегі рөлін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Енді мұғалім

білім мен ақпарат беретінтұлға емес, ол алға қойған мақсатқа жету жолындағы

керекті мәліметтерді әр жерден тауып алуға көмектесетін кеңесші әрі




























Пайдаланылған әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар.- Астана, 2000ж.

2. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Жоғары оқу орындарының білімгерлеріне арналған оқу құралы.-Тараз,2003ж.


3. Рысжанова А. Ақпараттық технологияларды қолдану ерекшіліктері. Қазақстан мектебі. №2,2007ж.


4. Сардарова Ж. Компьютерлік технологияны қолдана білейік. Қазақстан мектебі. №11-12. 2005ж.


5. Нұрбеков Б. Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері. Қазақстан мектебі. №9. 2006ж.


6.Әбуева Ә. Электрондық оқулықтар-сабақта. №10.2006ж


7. «Бология және салауаттылық негізі» журналы, №1.2007ж


8. «Бология және салауаттылық негізі» журналы, №3.2009ж


9. Болашақ газеті. №2. 2010ж.

























Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы

28 Абылай хан жалпы орта мектебі




Баяндама



Тақырыбы: Жоғары сыныптарда биология пәнін оқытуда

компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану









Пәні:Биология

Орындаған:Утенбаева М





Ақжар 2017жыл


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!