Материалдар / "Жол белгілері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жол белгілері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Жол белгілері" 11 сынып. Жол белгілері туралы оқушыларға мәлімет беру, түсіндіру, белгілермен таныстыру. Видиолардан көрсетіп, сабақ өту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2022
1141
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар 28

 Жол белгілері

_____________________

      (сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Технологиялық дайындық

Педагогтің аты-жөні

Байсалбаев Д

Күні:

26.04.2022 ж 22.04.2022 ж

Сынып: 11а 11 б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жол белгілері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Алдын ала жазылатын белгілер. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері туралы атап көрсету.

Сабақтың мақсаты

Алдын ала жазылатын белгілерді біледі.

Ақпараттық-көрсеткіш белгілері туралы атап көрсетеді.


      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру сәті

Оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

35 мин.

Жол белгілерін жол қозғалысын қабылданған сұлба бойынша ұйымдастыруға және оларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін автомобиль және көше жолдарында қолданады. Олар нақты бір тәртіп орнатады немесе жаяу жүргіншілерге олардың жүріп келе жатқан жолы бойынша шарттарын хабардар етеді.

Жол белгілері өздерінің ақпараттық мәні бойынша және де олардың құрылыстық орындалының ерекшеліктері бойынша басқа да бір қатар белгілерімен түрленеді.

1968 жылы жол белгілері және сигналдары туралы конвенция, ақпараттық мәні бар белгілерді: ескертетін, міндетті ұйғарым және нұсқайтын белгілерге бөледі.

Осы ковенция шеңберінде және де 1971 жылғы еуропалық келісімнің қосымша материалдары бойынша, біздің еліміздегі жол белгілерінің 8 түрі қабылданған. Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. · Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена,1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді: 1. ескерту белгілері 2. басымдылық белгілері 3. тыйым салу белгілері 4. міндеттеу белгілері 5. ақпараттық-көрсеткіш белгілері 6. қызмет көрсету белгілері 7. Қосымша тақтайшалар

8. Айырым белгілері

· Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады. · Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. · Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

· Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

· Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.

Пішіні мен өлшемімен қатар, жақсы қабылдап, түсіну үшін белгінің түсі де маңызды рөл атқарады.Кейбір жағдайларда ескертетін және тыйым салынатын белгілер ақ реңде (фон) , ал алдын ала қойылатын ақпараттық-көрсеткіштік және қызмет көрсету белгілері көк реңде болады. Бұл белгілердің реңінің түсі олар орналасқан жолдардың санатына байланысты. Жасыл түс автоарналарға, ақ түс елді мекеннің маңайындағы жолдарға, көк түс басқа жағдайдағы жолдарға арналған.

Жарықтандыру әдісіне байланысты белгілер үш түрге бөлінеді: сыртқы жарықтандыру, ішкі жарықтандыру және жарықты шағылыстырғыш белгілер.

Бірінші түрге жеке-дара сыртқыжарықтандыру көздері бар белгілер жатады. Үштен жарықтандыру белгілері, сонымен қатар жергілікті жарықтандыру көзі бар, бірақ ол белгінің ішінде орналасқан. Жарық шағылыстырғыш белгілер, белгілердің өздерінің жарық көзі болмайды және олар түңгі уақытта көліктерінің фарының жарығына жарықталынады.Бұл белгі негізінен елді мекеннен тыс жолдарда қолданады.

Сырттан жарықтандырылатын белгілер. Қиылыстырушы материал ретінде қалыңдығы 0,8-1,5 мм болат қаңылтыр қолданылады. Мұндай белгілерді алюминий және басқада пластмасса, әйнек-пластика қортпасынан жасау тәжірибелері де болған.

Үлкен ауданды белгілер үшін арнайы қаңқалар қолданылады. Белгінің екінші жағын және де оны бекіту элементтерін сұр түсті эмальмен бояйды. Белгіні (фонарь) немесе бірнеше шырақтармен оның астында орналасқан белгілерді жарықтандырады.Шырақты белгімен қосу үшін жарықтандыру жүйесінен жарық көзіне ток жеткізетін іші бос таяныштар (кронштейн) қолданылады.

Іштен жарықтандырылатын белгілер. Белгінің қаңқасын полимер материалдан жасайды, ішін жарық жақсы шашырауы үшін ақ түсті бояумен бояйды. Қаңқасына жарықтандыру аппаратурасын бекітеді. Органикалық әйнектен жасалған алдыңғы панельдің бет жағына белгінің бейнесін орналастырады, ал қалған жерін рең түсімен сәйкес келетін МемСТ 10807 -78 қарастырылған бояумен бояйды. Қаңқаны сыртқы жағынан азайту үшін барлық барлық тесіктерді және біріккен жерлерді резеңке астарымен және нығыздауыштармен бітейді. Жөндеу немесе жарық көзін ауыстыру кезіндегі монтаж және демонтаждың оңайлығы үшін алдыңғы панельді алынып- салынатын етіп істейді.

Жарыққайтарғыш белгілер. Бұл белгілердің бет жағында түңгі уақыттарда қажетті көру қабілеті болу үшін жарыққайтарғыш беткей болады. Сондай –ақ бейненің қара және сұр элементтерінің жарыққайтарғыш қабілеті болмау керек.Қазіргі уақытта ең көп қолданылатын –жарық қайтарғыш пленкалар. Басқа материалдар мен салыстырғанда, оларда ұзақ мерзімдік, белгінің қалқанында орнату, жөндеу оңайлығы сияқты қасиеті бар.Шағылыстырғыш қабат ретінде алюминий фольга немесе вакуумдық металл бүрку әдісімен жасалған қабат қолданылады.



Жол белгілерімен танысады















Жол белгілері туралы видеослайдты көріп, қателіктерін табады.







































«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.







































Оқулықты оқып, бір-бірімен пікір алмасады. Сұрақтар қойып, жауабын бір-біріне түсінген ойлары бойынша береді.

























Қорытынды тест сұрақтарына жауап береді









Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті балын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.





























Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!





























Оқулық

Интерактивный доска














Оқулық

Интерактивный доска












Оқулық

Интерактивный доска


















Оқулық

Интерактивный доска


























Сабақтың соңы

5 мин.

Үйге тапсырма:

Жол белгілері

Оқулықты оқып, бір-бірімен пікір алмасады. Сұрақтар қойып, жауабын бір-біріне түсінген ойлары бойынша береді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!