Материалдар / Жол белгілері және оның ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жол белгілері және оның ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол белгілері және оның ерекшеліктері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
745
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Түркістан облысы,Созақ ауданы,Шолаққорған ауылы

А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі










Жол белгілері және оның ерекшеліктері








Авто ісі пәнінің мұғалімі: Б.Әлімбеков














Шолаққорған-2021




Кіріспе


Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы-оқушыны жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты жаңарту,еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы, еңбекке ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Осы тұрғыдан жас ұрпақтың білім сапасын арттыруға, ой-санасының дамуына мүмкіндік жасау. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі-мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. «Жол белгілері және оның ерекшеліктері» тақырыбында М.Жанпейісованың модульдеп оқыту технологиясын пайдаландым. Модульдік тәсіл-бір нәрсені жүйелеп оқыту. М.Жанпейісованың модульдеп оқыту әдіс-тәсілі инновациялық оқытуға жатады.Инновациялық оқыту дегеніміз-жаңашылдық өзгеріс енгізу.


1.Кіріспе лекция.

2.Негізгі бөлім.

3.Қорытынды.


Сабақтың тақырыбы: Жол белгілері және оның ерекшеліктері.


Сабақтың мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері.


1.Білімділік мақсаты: Оқушыларға жол белгілері және оның

ерекшеліктерін пысықтау арқылы түсіндіру.


2.Дамытушылық мақсаты: Оқу материалының мазмұны мен мақсатын

ажырату,алған білімдерін дамытып,өмірде

пайдалану.


3.Тәрбиелік мәні: Мамандыққа бағдарлау,еңбек адамдарына сый-

құрмет көрсетуге,әдептілік ережелерін

үйренуге,шығармашылық қабілетін

дамытуға,жол ережелерін бұзбауға

тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ



Сабақтың әдіс-тәсілдері: Проблемалық жағдай туғызу,әңгімелеу,

салыстыру,сұрақ-жауап,талдау,ойын элементтері.

Сабақтың құрал-

жабдықтары мен көрнекілігі: Таблица,плакат,жол белгілерінің

суреттері,макет.


Пән аралық байланыс: Сурет.


Сабақтың жоспары: 1.Кіріспе, лекция

1.1.Жол белгілері тарауына жалпы шолу

а) Ескерту, басымдылық, тиым салу белгілері.

ә) Нұсқау, ақпараттық көрсеткіш, қызмет көрсету, қосымша мәлімет белгілер.

2. Негізгі бөлім

а) Бояулар сөйлейді....(сурет салу)

ә) Көшеге шықпас бұрын... (жол белгілерін көрсету арқылы сұрақ-жауап ойыны)

б) Жолдағы оқиға(әңгіме жазу)

в) «Диалог» жол қозғалысының инспекторымен кездесу.

г) Үстел үстіндегі ойын.

ғ) Жол қозғалысының жас инспекторларының жарысы (оқушылар екі топқа бөлініп жарысады) далада өтеді.

3. Қорытынды

Тест сұрақтары.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Өткен сабақты қайталау

а) Үй тапсырмасын сұрау

3.Жаңа сабақ

4.Қорытындылау

5.Үйге тапсырма беру

6.Оқушылардың білімін бағалау




1.Кіріспе. Лекция

Лекцияны бастамас бұрын жол белгілері дегеніміз не? және ол не үшін қажет? деген сұрақтар арқылы оқушылардың алдына проблемалық жағдай туғыздым. Бұл сұраққа оқушылар әр түрлі жауап береді.Сол жауаптардың ішінен жол белгілерінің анықтамасына жақын жауапты алып, дайын жауаппен салыстырып айтып беремін.

Жол белгілері дегеніміз-жүргізушімен жаяу адамға жол жағдайын алдын ала хабарлайтын белгі. Осы жол белгілері 7 топқа бөлінеді, әр топтың өздеріне тән формасы мен түсіне қарап ерекшеленеді.

Ескерту белгілері-үшбұрышты, шеткі жиектері қызылмен боялған, бірақ кейбір белгінің формасы сәл өзгешелеу. Атқаратын қызметі жүргізушіге жолдың қауіпті бөлігіне жақындағанын және жағдайға сай жүріс шараларын қолдану қажеттігін хабарлайды.

Басымдылық белгілері-пішіндері әр түрлі. Олар төртбұрышты іші сары, үшбұрышты жиектері қызылмен боялған, алты бұрышты, дөңгелек жиегі қызыл және төртбұрышты көк түсті болады. Атқаратын қызметі қиылыстарда, жол алабының қиылыстарындағы немесе жолдың тар бөлігіндегі жүрістің кезегін белгілейді.

Тиым салу белгілері-дөңгелек шеткі жиектері қызылмен боялған. Атқаратын қызметі белгілі бір жүріске шек қояды, ендіреді немесе жояды.

Нұсқау белгілері-дөңгелек көк түсті.Кейінгі қосылған үш белгінің пішіні төртбұрышты. Атқаратын қызметі жүріс бағытын нұсқайды.

Ақпараттық көрсеткіш белгілер-пішіні төртбұрышты және тік бұрышты, көк түсті болып келеді. Арасында жасыл, ақ және сары түстері де кездеседі. Атқаратын қызметі қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елдімекендер мен басқа да объектілердің орналасуы туралы хабарлайды.

Қызмет көрсету белгілері-төртбұрышты көк түсті, ортасы ақпен боялған. Атқаратын қызметі тиісті объектілердің орналасуын хабарлайды.

Қосымша мәлімет белгілері (табличкалары)-пішіні төртбұрышты ақ түсті. Атқаратын қызметі өздері қолданатын белгілерді нақтылайды немесе шектейді.



2.Негізгі бөлім


а) Бояулар сөйлейді... (сурет салу сабағы). Негізгі бөлімнің бұл сабағында оқушылар сурет салады. Бұл сабақ интеграциялық сабаққа жатады. Оқушылар шығармашылықпен айналысып, пейзаж салады және жол бойындағы жол белгілерін салады. Лекциядан алған білімдерін іс жүзінде пайдаланады. Лекция сабағының соңында қыл қалам, бояу, карандаш, сурет дәптер әкелу тапсырылған. Бұл сабақтың басында үй тапсырмасы сұралады, сабақтың соңында салған суреттеріне қарап қорытындылап бағалаймын. Сурет салардың алдында мынадай сұрақтар қойылады. Жол бойында жол белгісі болмаса жүргізуші қайтер еді? Бұған оқушылар әр түрлі жауап береді.

ә) Көшеге шықпас бұрын.... (жол белгілерін көрсету арқылы сұрақ-жауап ойыны). Мұғалім: Бүгін сабағымызды мынадай ойыннан бастаймыз. Бәріңде үйден көшеге шығар кезде жол белгілерінің мағынасын білулерің керек. Сондықтан үш топқа бөлініп мен көрсеткен жол белгілерінің қызметін атаңдар. Дұрыс жауап берген оқушы көшеге шығып ойнайды, ал дұрыс жауап бермеген оқушы үйде отырады. Осындай ойын арқылы оқушылардың білімін дамытып, сабаққа деген ынтасын арттырамын. Осы сабақта дамыта оқыту технологиясының элементтерін пайдаландым.

Мен көрсеткен жол белгісін оқушылар тек қана айтып қоймай, оларға қосымша сұрақтар беріледі.

Мысалы: велосипедпен жүруге тиым салынады деген белгіні көрсеткенде, оның қай топқа жататынын жауап береді.

б) Жолдағы оқиға. (әңгіме жазу)

Бұл сабақта үйге берілген тапсырмаларды сұраудан бастаймын. Жаңа сабақтың алдында оқушыларға мұғалімнің өзі жолда болған бір қызықты оқиғаны айтып береді. Содан соң оқушыларға өздері көрген жолдағы болған қызықты оқиғасы туралы әңгіме жазуды тапсырдым. Әңгіменің ішінде жол белгілеріне қатысты оқиғалар болуы керек.

в) Диалог. (жол қозғалысының инспекторымен кездесу)

Бұл сабаққа жол полициясының инспекторы алдын ала шақырылады. Жол инспекторы жол белгілерінің, жолда жүру ережелерінің басты мақсаты адам өмірін қорғау және сақтау екендігіне басты назар аударды. Кездесу барысында жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің міндеттерін, жол қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын, жол белгілерінің мазмұнын айтып берді. Кездесуге қатысқан оқушылар өздерін қызықтыратын және түсінбеген сұрақтарына толық жауап алды.






г)Үстел үстіндегі ойын.

Бүл ойын сабағының мазмұны мынадай: Төрт оқушыдан топқа бөліп, әр топқа көше сызбасын, автомобиль макеттерін, реттеушінің макетін және бағдаршам макетін беріп үстел үстіндегі ойынды ойнайды. Әр топтағы оқушылар әр түрлі рольде ойнайды.Мысалы: біреуі жүргізуші, екіншісі реттеуші, үшіншісі және төртіншісі жаяу жүргінші.





г)Жол қозғалысының жас инспекторларының жарысы.

Ойын далада өтеді (оқушылар екі топқа бөлініп жарысады)

Бұл ойын сабақтың мазмұны оқушылардың алған білімін өмірмен байланыстыру, көше жағдайына бейімдеу. Оқушыларды екі топқа бөліп, оларға «бағдаршам» және «жүргізуші» деп ат қойылды.

Жарысқа қатысушылар әр топтан бір оқушы шығып, белгілі бір көше бөлігімен жүріп өтеді. Велосипед, қолдан жасалған көше арнайы жол белгілерімен, бағдаршаммен және реттеушімен толықтырылып жабдықталған. Әр жүргізушінің жүргенін арнайы дайындалған жол қызметкері бақылап отырады. Сабақтың соңында жеңген топ марапатталады.







3.Қорытынды

Бұл сабақ жинақтау сабағы. Жол белгілері тарауынан алған білімдерін іс жүзінде және тест арқылы тексеріп, қорытындылаймыз. Ұжымдық тәсілде сабақ өтуде оқушы өз білімімен өзгенің білімін бағалай білуге, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, білмегенін басқадан үйренуге мүмкіндік алады.

Бұл жерде оқушының білімді өзі алуы, ал мұғалім сол білімнің оқу әдістері мен тәсілдерін үйретуі.




Пайдаланылған әдебиеттер


Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелері








Пікір


Авто ісі пәнінің мұғалімі Әлімбеков Бақытжанның «Жол белгілері және оның


ерекшеліктері» атты тақырыбында оқушыларды жол белгілерін біліп


үйренуге, жол қозғалысының қауіпсіздік ережелерін

сақтауды теориялық тұрғыдан және іс жүзінде терең меңгеруіне ықпалын

тигізді. Сабақ дидактикалық көрнекілігімен ерекшеленіп, оқушылардың

жол қозғалысының ережелерін біліп үйренуге деген қызығушылығын


арттыра түсті.Сабақ бірлестік мүшелері тарапынан жоғары бағаланып,


мұғалімдердің аудандық педоқуына баяндама ретінде ұсынылды.







Бірлестік жетекшісі С.Елібай


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!