Жол ережесін сақтаймын!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жол ережесін сақтаймын!

Материал туралы қысқаша түсінік
қушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласындағы № 52негізгі мектептің көркем еңбек пәннің мұғалімі

Мұбарақова Жанар Жидебайқызы

Сабақтың тақырыбы: Жол ережесін сақтаймын!

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.


Көрнекілігі:Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын, оқушылардың шығармашылығы - салған суреттері.
Түрі: сайыс сабақ

І. Ұйымдастыру.интерактивті тақта, суретті тест, “ Жол ережесін сақтаймын!” лото ойыны, кім шапшаң, блиц - турнир сұрақтары, үйренейік білейік оқушылар шығармашылығы (салған суреттері,“Кім тапқыр?” сөзжұмбағы , Викториналық сұрақтар, «Бағдаршамды сыйлаңдар» ребусы, «Бағдаршам» мультфильмі.

ІІ. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ – жауап.
- Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Жиек жол деген не?
- Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
- Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Бағдаршам туралы не білесіңдер?

Мұғалім:Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса топқа бөлінейік.

ІІІ Топқа бөлу.
Оқушылар бағдаршамның түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл түстерді таңдап, топқа бөлінеді.
1 - топ – «Қызыл»
2 - топ –
«Сары»
3 - топ
-«Жасыл»

ІV. Сайыс кезеңдері.

1 – сайыс. “Кім шапшаң?”

Суретті тест тапсырмаларға жауап береді. Интерактивті тақтадан үш топқа үш суретті тест көрсетіледі. Топ оқушылары кезекпен жауап береді. Ойынның мақсаты: жол белгілерін еске түсіру, шатастырмауға үйрету.
2 – сайыс. Блиц - турнир сұрақтары
Интерактивті тақтада әр топқа кезекпен үш сұрақ шығып тұрады. Топ оқушылары үш сұраққа бірден жауап беруі керек.




Қызыл
1. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?
2. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
3. Жолды неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиіспіз?

Сары
1. Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
2. Жол жиегінде тұрған автобус, троллейбус, т. б. көлік түрлерінің қай
жағынан өтуге болады?
3. Бағдаршам жарықтарының қызметі қандай?

Жасыл
1. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
2. Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме, әлде бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті ме?
3. Жол бойында тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?


    ІІ-сайыс. «Үйренейік, білейік».

  Әр топқа түрлі-түсті қағаз, қайшы,желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 4-дана болу керек.

   Мысалы: 

  а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.

ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер,өтуге болатын жер.

б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі,жол жұмыстары белгісі.

в) «Тайғақжол» белгісіт.б.с.

Топ мүшелері   өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.

Интерактивті тақтада өлең шумақтары көрсетіліп тұрады.

А) Ескерту белгісі

Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт - сапар жолдаған.

Ә) Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.

Б) Нұсқау белгісі
Баратын жерінің бағыты тұрағым,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.


Мұғалім:Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
ІІІ – сайыс . “Кім тапқыр?” Сөзжұмбақ сайысы.
1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)


4-жұмбақ: .  Ала таяқ ұстаған,

                   Жол тәртібін нұсқаған.

                   Өміріңді күзеткен,

                   Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)


Викториналық сұрақтар.


1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.


2-сұрақ. Бағдаршамдегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршамавтомат жүйесінеқосылғанүшкөздіаспап. Жолқоғалысынреттейді.


3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: Жолбойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.


4-сұрақ. Жиек жол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиек жол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың біршетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн


ІV.Ребус шешу.

Жолда жүруге байланысты «Бағдаршам» мультфильмін көріп тамашалау.
Әрдайым жол тәртібін есте сақтап, көшеде сақ жүрейік!

V.Қорытынды.

Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.


Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да бір ерлік.
Ата-ана қынжылмасын,
Түсіріп ұнжырғасын.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2021
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі