Материалдар / «Жол және жол шаруашылығы мекемелерінің жұмыс технологиясымен танысу» тақырыбындағы саяхат сабағының жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жол және жол шаруашылығы мекемелерінің жұмыс технологиясымен танысу» тақырыбындағы саяхат сабағының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
«КМ 04. Темір жол құрылғыларын, машиналары мен механизмдерін кәсіби қызметте қолданылуы» модулінің «ОН 4.1. Темір жолдың жоғарғы құрылысы, жасанды құрылыстары және жер төсемі құрылысы туралы сипаттама беру. Темір жолдардың жалпы курсын меңгеру. Жер төсемінің элементтерін анықтау» оқыту нәтижесі бойынша «Жол және жол шаруашылығы мекемелерінің жұмыс технологиясымен танысу» тақырыбындағы САЯХАТ САБАҒЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2024
155
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



















ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ




БЕКIТЕМIН

Директордың оқу өндірістік

жұмысы жөніндегі орынбасары

____________ Айтенова М.М.

«____»___________2023 ж.




«КМ 04. Темір жол құрылғыларын, машиналары мен механизмдерін кәсіби қызметте қолданылуы» модулінің «ОН 4.1. Темір жолдың жоғарғы құрылысы, жасанды құрылыстары және жер төсемі құрылысы туралы сипаттама беру. Темір жолдардың жалпы курсын меңгеру. Жер төсемінің элементтерін анықтау»

оқыту нәтижесі бойынша

САЯХАТ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ



Тақырыбы:


Жол және жол шаруашылығы мекемелерінің

жұмыс технологиясымен танысу




Сабақ жоспарын әзірлеген «Теміржол мамандықтар пәндері» ПЦК-ның арнаулы пән оқытушысы Толымбетов Иманберген Тұрсынбайұлы


Сабақ жоспары «Теміржол мамандықтар пәндері» ПЦК отырысында қаралып, мақұлданды.



Келісілген:

Колледж әдіскері__________ Нурпейсова А.А.


ПЦК төрағасы __________ Барысов Ж.Ж.

Хаттама №___ «___» __________ 2023 ж.




Қызылорда, 2023 ж


«КМ 04. Темір жол құрылғыларын, машиналары мен механизмдерін кәсіби қызметте қолданылуы» модулінің «ОН 4.1. Темір жолдың жоғарғы құрылысы, жасанды құрылыстары және жер төсемі құрылысы туралы сипаттама беру. Темір жолдардың жалпы курсын меңгеру. Жер төсемінің элементтерін анықтау» оқыту нәтижесі бойынша

«Жол және жол шаруашылығы мекемелерінің жұмыс технологиясымен танысу» тақырыбындағы

САЯХАТ САБАҒЫ


АЛҒЫ СӨЗ


Оқушы алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастырғанда ғана кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.

Саяхат сабағы барысында болашақ маман кәсіби жеке тұлғаға тән ерекшеліктерді сезініп, моральдық-психологиялық ахуалдарды түсіне бастайды. Саяхат сабағы барысында оқушының өз мамандығына деген сыни көзқарастары қалыптасады. Сондықтан теориялық білім мен өндіріс орнындағы бекіту сабақтарын бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым.

Дуальдық жүйе маман дайындауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі, кәсіптік-техникалық мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі – кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді.

Оқушы өзіне қажетті біліктер мен дағдыларды кәсіби жұмыспен бетпе-бет келгенде ғана көз жеткізіп, меңгеруіне мүмкіндік алады. Тәжірибелік базаларда өткізілетін іс-шаралар болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.

Саяхат сабағының мақсаты:

  1. Жол және жол шаруашылығы мекемелері және теміржолды жөндеу бойынша ақпараттар алу;

  2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылықтарын арттыру;

  3. Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейту.

  • Саяхат сабағын құру

Әр саяхат сабағы үш басты бөліктерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.

  • Саяхат сабағының жүру бағытын құру

Саяхат сабағының маңызды сатысы - жүру бағытын құру болып табылады. Ол кәсіпорынды айқындау бойынша жұмысын атқарады. Жүру барысы келесі принциптер негізінде құрылады: хронологиялық, тақырыптық және кешендік (хронологиялық-кешендік). Саяхаттың жүру бағыты материалдарды ұсынудың біртұтастық және логикалық тізбегін қамтамасыз ететін жалпы композицияға сәйкес құрылады. Белгілі бір тақырыпшамен байланысты жұмыс орындарын топтастыру кезінде олардың алшақтығы, жақындап келу ыңғайлылығы есепке алынады.

  • Саяхат сабағының картасы: саяхат сабағын өткізетін кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, мекен-жайы, картада саяхат жасалатын кәсіпорындағы жүру бағытын көрсету.

  • Саяхат сабақты жүргізу әдістері.

Саяхат сабақты жүргізу әдістері саяхат сабағы жетекшісі жұмысының спецификалық құрылысын құрайды. Бұл әдістемелер саяхат сабағының спецификасынан шығады, яғни көрсетілім мен әңгімелеп берудің ұйқасуы және саяхат сабағы жетекшілерінің жұмыс орындарындағы орын ауыстыруы. Саяхат сабағына қатынасушылардың алып отырған білімі мен зерттеліп отырған пәнді тікелей қабылдауға негізделеді. Сондықтан саяхат сабағы көрнекі оқыту (сурет, үлгі, фотосурет және т.б.) жүйесінде маңызды орын алады.


  • Саяхат сабағына қатынасушы топты орналастыру

Кәсіпорынды көрсету үшін арнайы орынды таңдағаннан кейін, саяхат сабағына қатынасушыларды дұрыс орналастыру қажет. Саяхат сабағына қатынасушыларға кәсіпорынды және саяхат сабағы жетекшісінің жақсы көрініп тұратындығына көз жеткізу қажет. Топтардың жартылай сақина күйінде орналасуы ең икемді болып табылады. Ал саяхат сабағы жетекшісі шеткі орында, саяхат сабағына қатынасушыларға жартылай бұрылып тұрады. Бұлай орналасу бір жағынан саяхат кәсіпорнын көруге, екінші жағынан топты көз назарында ұстап тұруға мүмкіндік береді. Саяхат сабағына қатынасушылардың әрекетін тұрақты бақылау – саяхат жетекшісінің тиімді жұмысының маңызды шарты. Топты орналастырғанда саяхат сабағына қатынасушыларға жақсы естілетініне және көрінетініне көңіл аудару қажет.

  • Саяхат сабағы жетекшісінің топпен байланыс құруы

Саяхат сабағының табысы, оның тиімділігі - жетекшісінің алғашқы сәттен бастап, аяғына дейін қатынасушылармен дұрыс байланыс құра білуіне тәуелді. Саяхат сабағы кезіндегі қолайлы «психологиялық ахуал» басты шарт болып табылады.


САЯХАТ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 12


Сабақтың өтілетін күні: 13.11.2023 ж

Оқу тобы: ПХ-22о

Өтілетін орны: Қызылорда жол дистанциясы

Сабақтың тақырыбы: Жол және жол шаруашылығы мекемелерінің жұмыс технологиясымен танысу

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік – оқушылардағы жол және жол шаруашылығы мекемелерінің жұмыс технологиясы жайлы білімдерін қалыптастыру, бекіту.

б) тәрбиелік - оқушыларды келешекте білікті, бәсекеге қабілетті маман болуына бағыттау, өз бетінше білім алуға бейімдеу, адамгершілікке, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру және жауапкершілікке тәрбиелеу.

в) дамытушылық - оқушылардың логикалық ойлау, алған білімдерді тиімді қолдану және зейін, ой-өріс, ынта, танымдық қабілеттерін әрі қарай дамыту.

Оқыту әдістері: түсіндірмелі–иллюстративті әдіс, баяндау, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қызылорда жол дистанциясының жоспары, саяхат сабағының карталары, бағыттамалы бұрмалардың полигоны, дефектоскоп құрылғылары, станоктар, жол және жол жөндеу машиналары, макеттер.

Пәнаралық байланыс: теміржолдың жалпы курсы, жылжымалы құрамалардың энергетикалық қондырғылары, жасанды құрылымдар, материалтану, жол машиналары мен механизмдері, еңбек қорғау, теміржолды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі.

САЯХАТ САБАҒЫНЫҢ БАРЫСЫ:


I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткішін тексеру және олардың дайындығына назар аудару.

  2. Оқушыларға саяхат сабағының мақсатын хабарлау

  3. Оқушыларды өндіріс орнындағы техника қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық-гигиеналық талаптармен таныстыру (техника қауіпсіздігі журналына тіркеу)

II. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тақырыбы: Жол және жол шаруашылығы мекемелерінің жұмыс технологиясымен танысу

Жоспары:

  1. Қызылорда жол дистанциясының бөлімшелері, цехтары мен учаскелерінің жұмысы және құрамы

  2. Теміржолды жөндеу кезіндегі қолданылатын құрал-жабдықтары.

  3. Теміржолды жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері мен еңбек қорғау шаралары


Жол шаруашылығының ағымдағы жағдайын талдау


Көптеген ірі отандық өндірушілердің транзиттік әлеуеті мен экспорттық-шикізаттық бағыттылығының толық көлемде іске асырылмаған аумағының ауқымына байланысты магистральдық темір жол желісі Қазақстан экономикасын дамытуда негізгі рөл атқарады.

Теміржол желісінің инфрақұрылымы іс жүзінде Қазақстанның барлық өңірлерін өзара байланыстырады. Бұдан басқа, мемлекеттің қолайлы географиялық жағдайы отандық теміржол көлігінің көрші мемлекеттердің теміржол желілерімен қолданыстағы 15 түйісу пункті арқылы халықаралық транзиттік тасымалдарға кеңінен қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Жол шаруашылығының арнайы ерекшеліктеріне байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ) негізгі құралдарының 46%-ы және магистральдық темір жол желісі департаментінің 84%-ы бар. Сондықтан оның техникалық қарулануы көліктің негізгі қызметі жүк және жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыру үшін өте маңызды.

Соңғы жылдары жол және құрылыс департаменті құрамынан жол машина станциялары (ЖМС), қиыршық тас зауыттары (ҚТЗ), балласт карьерлері (БК), шпал жасау зауыттары (ШЖЗ) сияқты кәсіпорындар шығарылды. Олар акционерлік қоғам (АҚ) немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) болып қайта құрылды.

Қазіргі уақытта жол шаруашылығының қызметін 53 құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді:

  • жол дистанциясы (ЖД) 37;

  • «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ филиалы 5;

  • жол машиналары станциялары (ЖМС) 3;

  • екпелі қорғаныш ормандар (ЕҚО) — 3;

  • рельс дәнекерлеу кәсіпорындары (РДК) 2;

  • машиналандырылған жол дистансасы (МЖД) 1;

  • орталық жол зертханасы (ОЖЗ) — 1;

  • орталық көпірсынау станциясы (ОКҰ) 1.

Жол кешенін дамытудың басты мақсаты тасымалдаудың өзіндік құнындағы «жолдық» құрамдас бөлікгін төмендету және тасымалдау көлемін, жолаушылар пойыздары қозғалысының жылдамдығын, жүк салмағын арттыру жағдайларында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ете отырып, жұмыскерлер санын азайту есебінен еңбек өнімділігін арттыру [9-16].




1.1-сурет. Жол шаруашылығы арқылы тасымалдаудың өзіндік құнын төмендетудің және еңбек өнімділігін арттырудың құрылымдық схемасы

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізудің құрылымдық схемасы 1.1-суретте көрсетілген және өзіне мыналарды қамтитын өзара байланысты іс-шаралар кешеніне негізделеді:

  • техникалық шаралар;

  • кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын дамыту және оны техникалық негізделген регламенттерге жеткізу;

  • жолды жөндеу, диагностикалау және ағымдағы күтіп ұстау нормативтерінің өзгеруі;

  • жолға техникалық қызмет көрсету құрылымын қайта ұйымдастыру.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асырған кезде, көліктің аралас салаларындағы шығыстарды азайтуға; жылжымалы құрамның бұзылуын бәсеңдетуге, пойызды тарту күштерінің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Басқару объектісі жолдың жағдайы болып табылатын жол шаруашылығының ерекшелігі, сондай-ақ теміржол көлігінің жұмыс істеуінің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлары ЖЖШ ұйымдық құрылымдарын жобалау әдіснамасын әзірлеу кезінде ескеру қажеттілігін анықтайды:

а) кәсіпорын өнімдерінің сипаты;

б) жеке меншік және ЖЖШ шаруашылық-экономикалық қызметі нысандары;

в) қосалқы және көмекші қызметті жүзеге асырудың ЖЖШ мүмкіндігі. Осылайша, магистральдық теміржол желісін қайта ұйымдастыруды жүргізу қажеттілігі Қазақстан Республикасының теміржол көлігі жұмыс істейтін қазіргі заманғы экономикалық жағдайлардан туындайды. 1.1-кестеде

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистральдық желісінің жол шаруашылығының негізгі техникалық сипаттамалары келтірілген.

1.1-кесте. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистральдық желісінің техникалық сипаттамасы


Р/н

Техникалық сипаттамасы

Көрсеткіштер

1

Пайдалану ұзындығы, км

16060,8

2

Жайылған ұзындығы, км

21158,2

3

Бір жолды (пайдалану) желі, км

11021

4

Қос жолды желі, км

5007

5

Үш жолды желі, км

32

6

Станциялық жолдар, км

6559

7

Жалпы пайдаланудағы өткелдер, дана

1064


оның ішінде күзетілетін

467


Жол шаруашылығын жүргізудің негізгі міндеті белгіленген жылдамдықтармен пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысына кепілдік беретін жолдың, оның құрылыстары мен жайластырылуының жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұған қол жеткізу үшін:

  • жолды белгіленген нормалар мен рұқсат шегінде ұстау, ақаулықтар мен бұзылмаларды уақтылы анықтау және алдын алу, жол өлшегіш және дефектоскоп құралдарының көмегімен жүйелі қадағалау мен бақылау негізінде осы ақаулықтарды тудыратын себептерді жою;

  • темір жолды, жасанды құрылыстар мен жер төсемін жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізу;

  • жолды пайдаланудың перспективалық жағдайларын ескере отырып, теміржол жолын жаңғырту (реконструкциялау) жөніндегі жұмыстарды күшейту және жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Жол шаруашылығын жүргізу жүйесі, жол жұмысын айқындайтын негізгі пайдалану факторлары пойыздар қозғалысының жүк қауырттылығы мен жылдамдығына байланысты жолдарды жіктеуге негізделген.


      1. Жолдарды жіктеу


Темір жолдар класстар, топтар және санаттар бойынша жіктеледі [3]

(1.2-кесте).

Тиісті классқа жататын жолдың үздіксіз ұзындығы, әдетте, шағын радиусты жол бұрылыстары, жолдың немесе жасанды құрылыстардың уақытша қанағаттанғысыз техникалық жағдайы салдарынан немесе басқа да себептер бойынша белгіленген жылдамдық азайтылған жекелеген километрлер мен орындарды есепке алмағанда, оның барлық ұзындығында бірдей жүк жүктілігі және жолаушылар және/немесе жүк пойыздарының белгіленген жылдамдықтары (олардың қайсысы неғұрлым жоғары классқа сәйкес келетініне байланысты) бар қозғалыс учаскесінің ұзындығынан кем болмауға тиіс.

1.2-кесте. Жолдардың жіктелуі


1.2-кестеге ескертпелер:

        1. ең жоғары қозғалыс жылдамдығы 80 км/сағ және одан жоғары графиктік қала маңындағы және жолаушылар пойыздары жүк кернеулігінің мәніне қарамастан, жол төмен болмауы тиіс:

  1. класс - тәулігіне 60-тан астам пойыз;

  2. класс - тәулігіне 21-60 пойыз;

  3. класс - тәулігіне 8-20 пойыз.

        1. радиусі 350 м-ден кем жол бұрылыстары 20%-дан артық немесе барлық жол бұрылыстары 40%-дан артық күрделі жоспары бар учаскелерде өзге тең жағдайларда жол класы бір сатыға көтеріледі.

        2. 1 және 2 шарттар сәйкес келген кезде жол класы тек бір рет көтерілуі мүмкін.

        3. 40 км/сағ және одан жоғары жылдамдықпен пойыздарды тоқтаусыз өткізуге арналған қабылдау-жөнелту және станциялық жолдар 3-класқа жатады. Белгіленген 40 км/сағ жылдамдық кезінде пойыздарды тоқтаусыз өткізуге арналмаған станциялық жолдар, сондай-ақ қауіпті жүктері бар жылжымалы құрамның айналысына арналған арнайы жолдар, 40 км/сағ қозғалыс жылдамдығы бар сұрыптау жолдары 4-класқа жатады. Қалған станциялық, кірме және өзге де жолдар 5- класқа жатады.

        4. сұрыптау дөңестерінің жолдары вагондарды орташа тәуліктік өңдеу көлеміне қарай жіктеледі:

үлкен және жоғары қуатты сұрыптау дөңестері: тәулігіне орта есеппен 3500 және одан жоғары вагондарды өңдеу немесе сұрыптау паркіндегі жолдар саны 30 және одан жоғары болса, 3- класқа жатады;

орташа қуатты сұрыптау дөңестері: тәулігіне орта есеппен 3500 вагонға дейін немесе сұрыптау паркіндегі жолдар саны 29-ға дейін қайта өңдеу 4- класқа жатады;

        1. негізгі жүк және жолаушылар бағыттарына кіретін желілердегі жолдарға екіншіден төмен емес класс беріледі.

        2. бағыттама съезінің сыныбы қосылатын жолдар кластарының көбі бойынша айқындалады.

        3. жол санатын тағайындау кезінде рефрижераторлық, контейнерлік және қала маңындағы пойыздардың жылдамдығы жолаушылар пойыздарының жылдамдығы ретінде қарастырылады.


      1. Жол шаруашылығын басқаруды ұйымдастыру және құрылымы


Қазақстанның барлық магистральдық темір жол желісі өңірлік бөлімшелерге бөлінген. Магистральдық темір жол желісінің шаруашылығына басшылықты Магистральдық желі дирекциясы (МЖД) жүзеге асырады. МЖД басқару схемасы 1.2-суретте көрсетілген.

Теміржол көлігінің көп салалы жүйесінде маңызды орындардың бірін - магистральдық желі алады, ал теміржол және оның көптеген құрылыстары, қардан қорғайтын екпелі орман мен көшеттері, техникалық және желілік жол ғимараттары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жолдар мен құрылыстарды пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар жатады.

Жол шаруашылығы - Қазақстанның теміржол көлігін құраушылардың бірі болып табылады, оның негізгі құралдарының үлесі теміржол көлігінің негізгі құралдарының 65,7%-ын құрайды. Шаруашылықтың негізгі қорларының құрылымында 90%-дан астамы жол мен жасанды құрылыстарға тиесілі.

1.2-сурет. МЖД басшылығының сызбасы


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы бөлімше шекарасындағы кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін басқаратын магистральдық желінің (МЖД) өңірлік бөлімшелеріне бөлінеді (1.3-сурет). Магистральдық желінің әрбір бөлімшесінде бөлімше шегінде жол шаруашылығы мәселелерімен айналысатын жолдар (МЖЖШ) бар.


1.3-сурет. ӨМЖ басшылығының сызбасы

«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясында жол және құрылыстар департаменті (ЖКД) жол шаруашылығымен айналысады. Жол және құрылыстар департаментінде техникалық, пайдалану және ағымдағы ұстау, механикаландыру, инженерлік құрылыстар, жоспарлы- қаржылық, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жолды күрделі жөндеу бөлімдері бар (1.4-сурет).



1.4 сурет - ЖКД басшылығының сызбасы


ІІІ. Саяхат сабағын қорытындылау және белсенді оқушыларды бағалау.

Қызылорда жол дистанциясы басшысының орынбасары, цех шеберлері,

бригадирлерінің және оқытушының қорытынды сөзі.

ІV. Үйге тапсырма беру.

  1. Оқушылардың саяхат сабағы жайлы қорытынды есебі

  2. УРАЗБЕКОВ А.К., ЕРМАХАНОВА Р.С., ТОЛЕГЕНОВА В.С. «Жасанды ғимараттар мен жолдарды жөндеу және ағымдық ұстау (босатылған) бригадирі»

Ү. Сабақтың аяқталуын хабарлау.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!