Материалдар / Жорж Кювье
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жорж Кювье

Материал туралы қысқаша түсінік
Жорж Кювьенің өмірі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
1316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Өтемісов атындағы Батыс Қвзақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану – география факультеті

Биология – экология кафедрасы











Баяндама



Тақырыбы: Жорж Кювье



Орындаған: Б-41 топ студенті Ақтанова С.Қ









Орал қаласы



Жорж Леопольд Христиан Дагобер Кювье

Жорж Леопольд Христиан Дагобер Кювье – (1769-1832) – француздық зоолог, натуралист, жаратылыстанушы. Салыстырмалы анатомия, палеонтология, жауарлар систематикасы ғылымдарының алғашқы реформаторларының бірі. Жұлдызы – арыстан.

Ол зоологияға «тип» ұғымын еңгізеді. Көптеген өлген жануарлардың құрылысын құрастырып, «Мүшелердің корреляциясы» принципін еңгізеді. Ол түрдің өзгергіштігін мойындамайды, соған сәйкес «апат» теориясын ұсынады.

Апат теориясы – геологиялық концепция, бұл теория бойынша Жер тарихындағы бар оқиғалар қайталанып отырады. Теория 1812 жылы Ж.Кювьенің ұсынуымен фауна мен флораның ауысуымен түсіндіріледі. 19 ғасырдың соңына қарай «апат» теориясы өз мәнін жоғалтады.

Жорж Леопольд Христиан Дагобер Кювье 1769 жылы 23 тамызда кішкентай эльзастық қала Монбельярда дүниеге келеді. Кювьенің әкесі француз армиясының офицері қызметін атқарып, зейнетте болған. Ал анасы түгелдей үй шаруашылығымен айналысады. Кювье кішкентай кезінде көп ауырғандықтан, анасы көп уақытын Кювьемен өткізген. Бірақ ол кішкентай кезінде өзінің ақылдылығымен барлығын таң қалдырған. 4 жасында Кювье оқуды білген, бұл қабілетін байқаған анасы оны сурет салуға үйретеді, ақылды бала бұл қабілетті тез бойына сіңіріп, өте керемет суреттердің авторы атанады. Сөйтіп Кювьенің суреттері өзінің кітаптарында және сол кездері көптеген авторлардың кітаптарында бірнеше рет жариялана бастайды.

Оқу оның өте сүйікті істерінің бірі болды, сосын бұл Кювьенің құлшынысына айналды. Жорж Кювьенің ең сүйікті кітаптарының бірі Бюффонның «Жаратылыстану тарихы» кітабы болды, Кювье үнемі осы кітапты салып, бояды.

15 жасында Жорж Кювье Штутгарттағы Каролина академиясының, құқық, финанс, гигиена және ауыл шаруашылық ты оқытатын, камеральды ғылым факультетіне оқуға түсті. Баяғыша оны жануарлар мен өсімдіктерді зерттеу одан әрі қызықтыра түсті. Жорж Кювьенің жолдастары одан біраз жасқа үлкен болды. Олардың ішінде кейбіреулері ғана биологияға қызықты. Кювье академия деп аталатын үйірме ашты. Бұл үйірме әр бейсенбі сайын өткізіліп, үйірмеде студенттер оқығандары туралы барлығына айтып, өздерінің бақылауларын айтып, жинаған жануарлар мен өсімдіктерін анықтады. Бұл академияның президенті Кювье болды. Ол өте үздік докладтар үшін үйірме мүшелерін Линней бюсті бейнеленген картоннан жасалған медальдармен марапаттады.

Төрт жылда тез өтіп Линней университетін аяқтап, үйіне қайтады. Оның ата – анасы қартайып, әкесінің пенсиясы отбасыға жетпейді. Осы уақытта граф Эристің баласын оқытуға үй мұғалімі керек екенін Кювье естиді. Сөйтіп, Жорж Кювье 1788 жылы француз революциясы кезінде Нормандияға аттанады. Сөйтіп ол өмірінің ең қызық кездерін қамалда өткізеді.

Граф Эристің қамалы теңіз жағасында орналасқан екен, содан Жорж Кювье өзінің суреттен көріп, елестетіп жүрген жануарларын ең алғаш рет өз көзімен көреді. Сөйтіп ол, балықтарды, теңіз құрттарын, құрттарды, жұмсақтерілілерді ұстап, олардың ішкі денесін ашып, зерттейді. Ол осы таң қалысымен, ғалымдардың болжамын шындыққа айналдырады, яғни жануарлардың ішкі құрылысында ішек, жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелерінің бар екендігін алғаш рет анықтайды. Кювье өзінің скальпелімен жаңа әлемге енеді. ОНың бұл зерттеулері «Зоология хабаршысы» журналында жарияланады. Бала кезінде анасы Жоржды уақыт тиімділігіне, уақытқа сай жұмыс істеуге, әр нәрсені жауаптылықпен және тиянақт жасауға үйретеді. Осындай қасиеттерді бойына жиған Кювье қай істі бастаса да соңына дейін жеткізеді. Кювье бір күні аббат Тессьенің сұрауымен госпитальда ботаника курсын оқиды. Сөйтіп ол аббат Тесьенің арқасында париждік бірнеше ғалымдармен танысады. 1794 жылы граф Эристің баласы 20 жасқа толғанда, Кювьенің жұмысы аяқталады. Осы уақытта оны Париждік ғалымдар ұйымдастырылған музейге шақырады. 1795 жылы көктемде Жорж Кювье Парижге келеді және сол жылы Сарбонна университетінің жануарлар анатомиясы кафедрасын басқарады. 1796 жылы Кювье ұлттық институттың мүшесі болып сайланады. Ал, 1800 жылы College de Francе – та жаратылыстану тарихы кафедрасын басқарады. 1802 жылы Сарбонна университетінің салыстырмалы анатомия кафедрасын басқарады.

Жорж Кювьенің ең алғашқы ғылыми зерттеулері энтомологияға арналды. Парижде музейдің бай коллекцияларын зерттеп, ғылымда қабылданған Линнейдің системасы дұрыс емес екендігін түсінеді. Карл Линней жануарлар дүниесін 6 классқа бөледі:

  1. Сүтқоректілер

  2. Құстар

  3. Амфибиялар

  4. Балықтар

  5. Жәндіктер

  6. Құрттар.

Қателікті көрген Кювье өзінің системасын ұсынады. Ол жануарлар дүниесін дене құрылысына қарап, 4 типке бөледі.

  1. Мүшелілер – рак, жәндіктер, көпаяқтылар, кейбір құрттар

  2. Жұмсақденелілер – бұлардың денесі жұмсақ – осьминог, ұлулар, устрицалар.

  3. Омыртқалы жануарлар – сүйегі болуына байланысты.

  4. Сәулелілер - Теңіз жұлдызы секілді, барлығы бір центрден радиустарға таралған

Әр тип ішінен Кювье оларды классқа бөледі, оларың кейбіреулері Линнейдің класстарымен сәйкес. Мысалы: омыртқалы жануарлар: сүтқоректілер, балықтар, амфибиялар және құстар деп бөлінді.

Жорж Кювье өзінің системасын жануарлардың анатомиялық құрылысын сипаттайтын «Жануарлар патшалығы» деп аталатын үш томдық еңбегін шығарады.

Қазба жануарлардың қалдықтарын терең зерттеген Кювье 1000 жыл бұрын өмір сүрген көптеген жануарларды қалпына келтіреді. Ол, Европа жеріндегі жылы теңізде тіршілік еткен өте үлкен жыртқыштар – ихтиозаврлар, плезиозаврлар т.б мозозаврлар секілді кесіртке болып, кейін теңіздегі тіршілікке бейімделгенін дәлелдейді.

Кювье сол кездері әуеде пресмыкающиеся – лардың қалықтағанын, құстардың мүлде болмағанын айтады. Сол кездегі қанатты кесірткелердің қанат қағымы 7 метрге дейін жеткенін түсіндіреді.

Жорж Кювье көптеген 40 – қа жуық сүтқоректілердің түрлерін ашып, сипаттады. Солардың ішінде қалыңтерілілер мен күйіс қайырғыштардың тұқымдастарын сипатттады. Олардың кейбіреулері тапирлерге, кабандарға ұқсас болған, бірақ біздің заманымыздағы күйіс қайырғыштар – сиырлар да, түйелер де, бұғылар да, жирафтарда да болмаған.

Жоржда жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын зерттей жүріп, мынандай сұрақ туындайды.

« Біз қазір қазба ретінде зерттеп жатырған фауна қайда кетті? Оларды ауыстырған, ж аңа түрлер қайдан пайда болды?

Қазіргі ғылым бұл жануарлар дүниесінің эволюциялық дамуы деп түсіндіреді. Кювьенің ашқан жаңалықтары бұл сұрақтың шешуі еді, бірақ Кювье мұны көре алмады. Ол өзінің «түр – тұрақты» деген принципінен аттай алмады. Ол қазылған жануарлар ішінде дамыған түр жоқ деп түсінді» Бұл тек Кювье дүниеден өткесін зерттелді). Ол фаунаның аяқ астынан жоқ болуын және олардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетті. Осыны түсіндіру үшін, яғни қазылған жануарлардың последовательно ауысуын түсіндіру үшін, ол , «ауысу» теориясын немесе «апат» теориясын ойлап тапты.

Бұл апатты ол былай түсіндірді: құрлықты теңіз, яғни су алып, бар тіріні су басады, сөйтіп кейін теңіз қайта қайтады, содан соң теңіз орнында құрлық қалады да,мұнда жаңа жануарлар п.б. дейді. Олар қайдан шықты? Кювье бұл сұраққа нақты жауап бере алмайды. Ол жаңа жануарлар өздерінің бұрынғы тұрған алыс мекендерінен, орын ауыстыра алмайды дейді. Бұл, шынында, түр өзгермейді, ол тұрақты деген ғылымдық ашылудың дінмен байланысты реакциялық теориясы болды.

«Апат» теориясы Чарлз Роберт Дарвиннің эволюциялық ілімі пайда болғанша, ғылымда біраз үстемдікке ие болды.

Жорж Кювье биологияда жаңа бір ғылымның бастауы жануарлардың салыстырмалы анатомия мен палеонтологиясын ашты. Бұл Кювье дүниеден өткеннен кейін ғылымға еңгізілді.

1795 жылы Маастрит қаласының тұрғыны Хоффман қала аумағын қазған кезінде гигантты тістер тауып алып, оны Кювьеге жібереді. Кювье сүйектерді жинап, бұл кесіртке динозавр екенін анықтайды. Оның 130 омыртқасы, ұзындығы болса 15 м, басы 2 м, құйрығы 7 метрге жететінін анықтайды. Бұл жануардың аты мозозавр екен.

Мозозавр балықтармен, ұлулармен және басқа теңіз жануарларымен қоректенетін теңіз жыртқышы болған.

1832 жылы 13 мамырда Парижде Жорж Кювье дүниеден өтті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!