Материалдар / жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
ұбт оқу сауаттылық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2023
398
6 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

С.Асанов атындағы № 38 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі









«Оқу сауаттылығы»

(11- сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы)







Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі:


















2023 - 2024 оқу жылы


«Оқу сауаттылығы» таңдау курсының бағдарламасы 11-сыныпқа арналған 34 сағатқа есептелген.Тіл мен әдебиеттің мектеп бағдарламасы мен сыныптан тыс оқитын шығармалары, мектеп бағдарламасынан тыс қамтитын материалдар берілген. Оқушыларға көркем шығарманы оқу мен оны талдаудың әдістерін, теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастырып, мәтін түрлерін талдау заңдылықтарын ауызша, жазбаша жұмыстарында сауатты қолдану көзделген.

Бағдарлама пән мұғалімдеріне оқушыны ҰБТ-ға дайындауда әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады

Мазмұны

1.Аналитикалық бөлім

«Оқу сауаттылығы» курсының мақсаты мен міндеттері .......

    1. Оқылым дағдылары .....................

  1. Практикалық бөлім

    1. Курстың құрылымы мен мазмұны .............

    2. Тақырыптық –күнтізбелік жоспар. .............................

    3. Оқу сауатылығы үшін үлгілік мәтіндер ...................

    4. Пайдаланылған әдебиеттер .........................















Түсінік хат


Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқылғанды өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.

«Оқу сауаттылығы» курсының мақсаты:

  • мәтін талдауды жүйелі меңгерген, талдау әдістерін білетін, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыру;

  • оқушыны кешенді тестілеуге жүйелі түрде дайындау, әдеби-теориялық негіздерін меңгерту;

  • мәтін мазмұнын жан-жақты талдай білу;

«Оқу сауаттылығы» курсының міндеттері :

  • оқушылардың мәтін талдау машығын қалыптастыру;

  • әдеби-теориялық білімін жүйелеу;

  • теориялық білімдерін орынды қолдануға төселдіру;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

Жалпы сағат саны: 34. Мұның ішінде: оның 6 сағаты бақылау сынағы мен тест жұмысына, 3 сағаты талдау жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 1 сағаты қорытындыға арналған. Әдістемелік құралда оқу сауаттылығы бойынша оқушыларды дайындауға бағытталған таңдау курстарына арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспар, оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары қамтылған.






Өзектілігі:

Әдеби мәтіндер мен көркем шығармаларды оқуға деген ынталарын арттыру бағытында оқушылардың дайындығын жетілдіру. Әдеби-теориялық материалды меңгеру, алған теориялық білімді бекіту, жүйелі тереңдету.

Курста жүргізілетін жұмыс түрлері

- әдеби-теориялық білімдердің жиынтығын тест кезінде пайдалану;

- мәтінді талдау;

- мәтіннің мәнін түсіну;

Ұйымдастыру мен қорытындылау формалары: дәріс, сараптау, өзіндік жұмыс, тест;

Курстың білім мазмұнының құрылымындағы орны: бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептердің 11- сынып оқушыларына арналған.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы. Соның ішінде оқу сауаттылығы – оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Яғни, оқу сауаттылығының негізі – мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Жаңартылған мазмұнда қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады. Ал 11-сыныпта сабақ кезінде мұндай мүмкіндіктер қамтылмаған. Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Соның ішінде оқылым дағдыларының ерекшеліктері оқу сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы.

Күтілетін нәтиже

  • оқылым дағдылары қалыптасады;

  • көркем шығармаларды оқуға деген ынталары артады;

  • мәтін мазмұнын жан-жақты талдай біледі;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамиды;

  • оқушылардың мәтін талдау машығын қалыптасады.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих


Қазақ тілі мен әдебиеті және ұлт мәдениетін меңгерудің маңызы болашақ үшін зор міндет. Оқушыларға ұлтының тілі мен әдебиетінің ғылыми мазмұнымен, ішкі заңдылықтарын саналы игерту жолындағы қойылатын дидактикалық және әдістемелік талаптары мол. Осы тұрғыдан алғанда «Оқу сауаттылығы» таңдау курсы мәтіндерді талдауға қажет теориялық заңдылықтарды кең көлемде меңгертуге арналды. Курс бағдарламасы мектеп оқушыларының мәтінді оқу мен талдаудағы сауаттылығын арттыру жұмыстарын практикалық негізде қолдануға жасалған.

Практикалық сабақта әр оқушының түрлі тақырыпта қамтылған мәтінмен өзінше жұмыс жасауына мән берілді. Оқушының қабілетін, логикалық ойлауын дамыту, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алу, оны іс жүзінде қолдану,теориялық білімдерінің жиынтығын тест кезінде дұрыс қолдану, түрлі әдебиеттермен жұмыс істеуді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мәтінмен жұмыс істеуді практика жүзінде нақтылап көз жеткізе алады.

Оқу стратегиялары

Оқушының білім жолы мен іс-әрекет бағдарламасы оқу стратегиясы деп аталады. Оқу стратегияларын үйрену ақпараттық деңгей иерархиясын ашу біліктілігі ғана емес (дәлел, пікір, пайымдау), мәтін мағынасының иерархиясы (негізгі ой, тақырып, тақырыпшалар, шағын тақырып және т.б.), және әрине, түсіну процесі (рефлексивтік ақпарат), яғни оқу барысындағы түсіну рәсімі. Мәтіннің мағынасын түсініп оқу қабілетін дамытуға аналитикалық, интерпретациялық және сыни оқу өнерін меңгеру көмектеседі. Мәтіннің мағынасын түсініп оқу қабілетін меңгеру әр уақытта кітап бойынша өнімді оқуға мүмкіндік береді.

Стратегияны меңгеру барысында білім алушылардың тілдік қана емес, коммуникативтік құзыреттілігі де топта және жұпта іске асады.

1 стратегия. Бағытталған оқу.

Мақсаты: оқу мәтінін мақсатты түрде оқу біліктілігін қалыптастыру.

Проблемалық сұрақтар қою, топта талдауға қатысу.

1. Өзектілігі.

«Ассоциативті бірлестік» тәсілі: мұғалім тақтаға түйінді сөзді немесе мәтін тақырыбын жазады, білім алушылар бірінен кейін бірі өздерінің ассоциацияларын айтады, мұғалім тақтаға жазып отырады. Бұл тәсілді қолдану білімді өзектендіреді, келесі іс-әрекетке деген қызығушылығын арттырады әрі жұмыс жасауға ынталана түседі.

2. Білім алушылар шағын көлемді мәтінді немесе мәтін бөлігін іштерінен оқиды да белгіленген жерде тоқтайды.

3. Мұғалім оқылған мәтін бойынша проблемалық сұрақ қояды.

4. Бірнеше оқушының жауаптарын сыныпта талдайды.

5. Білім алушылар оқиғаның одан әрі қарай қалай өрбитінін болжайды.

2 стратегия. Жұппен оқу жұпта талдап қорыту.

Мақсаты: негізгі ойды табу, оқығанын тезис түрінде талдап қорыту, проблемалық сұрақтар қою дағдыларын қалыптастыру.

1. Білім алушылар мұғалім таңдап алған мәтінді немесе мәтін бөлігін іштерінен оқиды.

2.Мұғалім білім алушыларды жұпқа бөліп, нақты нұсқау береді. Әрбір білім алушы екі рөлді орындайды: баяндамашы – бір тезис түрінде мазмұнын қорытындылайды және оқиды ; респондент – баяндамашыны тыңдайды және нақты екі сұрақ қояды . Одан әрі рөлдермен алмасады.

3.Мұғалім талдауға барлық оқушыларды тартады.

3 стратегия. Оқимыз және сұраймыз.

Мақсаты: баспа ақпараттарымен өз бетінше жұмыс жасау, сұрақты тұжырымдау, жұпта жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру.

1. Білім алушылар ұсынылған, мұғалім таңдап алған мәтінді немесе мәтін бөлігін іштерінен оқиды.

2. Білім алушылар жұптасып оқылған мәтіннен қандай негізгі ойды алуға болатынын талдайды. (Мәтінде қандай сөз жиі кездесті? Неше рет? Қандай сөз қалың шрифтпен белгіленген? Неге? Егер сіз мәтінді дауыстап оқысаңыз , осы сөйлемнің басты сөйлем екенін қалай түсіндірер едіңіз? Фразаны дауыс арқылы бөліп көрсету туралы. Бұл жерде жаттап оқу бар).

3. Білім алушылардың бірі кілт сөзді пайдаланып сұрақты тұжырымдайды, екіншісі оған жауап береді.

4.Кілт сөзді, сұрақтар мен жауапты сыныпта талдау. Түзету жұмыстары.

4 стратегия. Екі түрлі жазбаларға арналған күнделік.

Мақсаты: оқу барысында сұрақ қою, ақпаратты сын көзбен қарап бағалау, оқылғанды өз тәжірибесімен салыстыру біліктілігін қалыптастыру .

1. Мұғалім білім алушылардың дәптерін екі бөлікке бөлуіне нұсқау береді.

2. Оқу процесінде білім алушылар дәптердің сол жағына таңғалдырған, әсер берген, фактілерді еске түсірген, көз алдына келтірген бір ассоциация кезеңдерін жазады; оң жағына – бұл кезеңнің несімен таңғалдырғанын , қандай ойға жетелегенін, қандай ассоциация туғызғаны туралы ықшамды түсініктеме жазады .

5 стратегия. Белгілеп оқу.

Мақсаты: ойланып оқуын, ақпараттарды бағалап, автордың ойын өз сөзімен тұжырымдап оқу біліктілігін қалыптастыру.

Мұғалім білім алушыларға келесі қадамдар бойынша ақпаратты жұлдызшалармен дәптердің жиегіне жазуға тапсырма береді :

V - Таныс ақпарат.

+ - Жаңа ақпарат.

  • - Мен басқаша ойлап едім.

? - Бұл мені таңғалдырды, одан да көп білгім келеді.

Бұл стратегия мұғалімге белсенді оқу іс-әрекетіне сәйкес қолайлы жағдай туғызуға, ал оқушыға алған ақпаратын жүйелеуге , автордың ойын өз сөзімен тұжырымдауға, ойланып оқуға мүмкіндік береді

Кітап оқу тілдік іс-әрекет ретінде коммуникация тәсілінің маңызды бір түріне жатады. Осыған байланысты сұраққа жауап беру ғана емес сұрақты қою дағдыларын дамытуға, драмалық шығармаларды рөльге бөліп оқуға қатысуға, сондай-ақ, мәтінді толық, қысқаша, таңдап, айтушының жағын өзгертіп айтып беруге ерекше мән беріледі. Жоғары сыныптарда оқудың негізгі түріне дауыстап оқу жатады. Дауыстап оқу оқудың қарқынын өңдеу үшін өнімсіз, сондықтан оқылатын мәтін көлемін біртіндеп көбейту арқылы білім алушылардың «іштен оқу» дағдыларын қалыптастыру қажет. Жоғары кезеңде зерттеушілік және көз жүгірте оқу (қарап шығу) біліктіліктері жетіле түседі. Мәтін ақпарат алу көзі ретінде қолданылады.

Оқылым дағдылары:

1. Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.

2. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу - мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.

3. Детальді түрде оқу – әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.

4. Сөз мағынасын контексттен ажырату – мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын болжау үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.

5. Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.

6. Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.

7. Мәтін түрлерін ажырата білу - әр мәтіннің өзіндік ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ, хабарландыру, т.б. Сондықтан оқылым дағдыларын дамыту үшін тапсырмаларды жүйелі құрастырудың маңызы зор. Оқылым дағдылары ерекшеліктерін меңгеру – оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады.

2. Практикалық бөлім

2.1. Курстың мазмұны мен құрылымы

    1. Курстың мақсаты мен міндеттері. Мәтін және оның түрлері.

    2. Оқу сауаттылығы маңызы. Курстың мақсат міндеттері. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ, хабарландыру, т.б.

    3. Естелік,эссе,ертегі, аңыз, мысал.

Халық ауыз әдебиетінің ерекшелігі. «Эссе» сөзінің шығу тарихы, оның шағын көлемдегі проза түріндегі қандай да бір мәселені еркін түрде жазу, сын және публицистика жанры екендігі туралы жалпы түсінік беріледі. Естелік жазудың алғышарттары.


    1. Ақпарат, хабарлама, мәлімдеме, хат.

Іс қағаздары стильі. Ақпараттық құжаттар. Іс қағаздарының мазмұны.Ресми ісқағаздарының ерекшеліктері. Іс қағаздары терминдері.

1.4.Шешендік сөздер

Ұлттық шешендік өнердің қалыптасуы. Майқы би, Аяз би. Асан қайғы, Жиренше. Төле бидің шешендік сөздері. Қазыбек бидің шешендігі. Әйтеке бидің айтқандары

- Абайдың шешендік сөздері.

- Билердің сөзі нақылдың көзі.



ІІ. Мәтін мағынасы – 10 сағат

2.1. Мәтіннің негізгі ойы. Негізгі ойдың кейбір ерекшеліктері. Негізгі ой мәтіннің түйінін білдіреді.Мәтінді оқыған оқырмандардың барлығының қабылдайтын ортақ шешімі болады.Ойдың жалпы түйіні мәтінді тұтас қамти алмайды. Мәтіннің негізгі ойы бір сөйлеммен қорытындыланады.

2.2. Мәтіндегі көмекші ойлар.

Мәтінде негізгі ойды нақтылауға көмектесетін басқа сөйлемдер де қолданылады. Мұны көмекші ойлар дейміз. Көмекші ойлар:

- мәтінде бірнешеу болады;

- мәтінді түгелдей қамтымайды;

-негізгі ойдың шегін анықтайды;

- негізгі ойды жеңіл түсінуге жәрдемші болады.


2.3.Мәтіннің тақырыбы.

Мәтінде сөз болатын негізгі мәселе, мәтіннің негізгі арқауы ол- тақырып.Тақырып мәтінді түгел қамтуы тиіс. Мәтіннің тақырыбын іздегенде мәтінде қайталанған сөздерге мән беру керек. Бірінші сөйлемге мән беру керек, себебі мәтіннің тақырыбы бірінші сөйлемде берілуі мүмкін.


2.4.Мәтінге ат қою

Мәтін аты:

- назар аудартады және ойлантады;

- тақырыптан хабардар етеді

-негізгі ойға жетелейді;

- мәтін түгелдей оқығанда түсінікті болады;

-өлеңмен құрылған мәтінге де, қарасөзбен жазылған мәтінге де ат қойылады.

2.5.Мәтіннің тірек сөздері.

Сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі айтылмақ болған ойдан хабар беретін негізгі сөз тірек сөз деп атайды. Мәтін арқылы тірек сөздерді анықтайды.

2.6.Мәтінге байланысты сұрақтар.

Мәтіннің аты –мәтіннің негізгі ойының немесе тақырыбының қысқаша атауы. Мәтін бір немесе бірнеше бөліктен тұрады да оқырманды мәтіннің тақырыбына ойша жетелейді

2.7.Мәтіндегі оқиға, уақыт,орын және кейіпкерлер.

Сюжеттік оқиғалар. Кейіпкерлерге талдау. Мәтіндегі ойды анықтау, уақыты мен орынын анықтау.

2.8.Мәтін авторының сезімі.

Мәтінде жазушының ішкі сезімдері өкініш, қуаныш, менсінбеушілік т.б болады.

2.9.Мәтіннің фабуласы. Шығармадағы тұтас оқиғалар мазмұнын қысқаша баяндау.

2.10.Мәтіндегі кейіпкер мінезі. Әрбір адамның өзіне тән, оны өзгелерден айыратын ерекшеліктері – оның мінезі.


ІІІ. Әдеби- теориялық ұғымдар –10 сағат

3.1.Мәтін бөлімдері/ кіріспе,негізгі,қорытынды/

Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, шешуші бір эпизодтар,суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері 

3.2.Сөз астары

Қосарлы астарлау мен тіркес арқылы күрделі астарлау, архаизмдердің қолданылуы.

3.3. Сөз тіркестері/ тұрақты, еркін/ Еркін тіркестер. Фразелогизмдер. Сөз тіркестерінің мағыналық қолданысы. Мәтіннен тұрақты тіркестеріді талдау.

3.4. Мақал және мәтел. Халық даналығы мақал-мәтелдердің тақырыбының жан-жақтылығын, мақал-мәтелде тамыры тереңге кеткен қазақ халқының тарихы жатқандығын тану және оқушының логикалық ойлау шеберліктерін дамыту, қысқа да нұсқа сөйлеу, әр мақал-мәтелді орынды пайдалануға дағдыландыру.


3.5. Сөз мағыналары/ омоним, синоним, антоним/.

Омоним, антоним, синоним, сөздік құрам мен негізгі сөздік қор, архаизмдер мен неологизмдер, термин сөздер, диалектілер мен кәсіби терминдер қамтылады. Экспрессивтік бояу – жеке сөздерге де, фразеологиялық орамдарға да, сөз формаларына да тән қасиет екендігі.

3.6 Дәйексөздер

Дәйек сөзцитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін ти

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!