Материалдар / жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
жылдық жоспар біртұтас
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2023
264
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Мектеп директоры _______ А.Мырзахасов


20__ж "___" ____________





«С.Асанов атындағы №38 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын»

іске асыру бойынша Мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен


2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының


Ж ОС П А Р Ы


ДТІЖО: М.Бейсенов

А.Досова





2023-2024 оқу жылы





«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады.Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

  • Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

  • Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен

  • әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

  • Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.

  • Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.


Күтілетін нәтиже:

  • Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.

  • Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

  • Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

  • Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.

  • Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.



Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.

Ұлттық мүдде құндылығы:

  • Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;

  • Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;

  • Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

  • Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;

  • Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

  • Қоғам игілігі үшін қызмет ету;

  • Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу;

  • Ұлттық мәдениетті дәріптеу;

Күтілетін нәтижесі:

  • Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл

  • Мемлекеттік рәміздердіқадірлейді

  • Елінің тарихын құрметтейді

  • Ұлттық мирасты, мәдениеттідәріптейді

  • Құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары

Ар-ұят құндылығы:

  • Академиялық адалдыққағидатын қолдау;

  • Адал еңбекті құрметтеу;

  • Сөзіне берік, ісіне адал болу;

  • Халқына адал қызмет ету

  • Әдеп нормаларын ұстану;

  • Шешім қабылдай білу жәнежауапкершілікті сезіну;

  • Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;

  • Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну.

Күтілетін нәтижесі:

  • Ар-ұят, адалдықты жоғарыбағалайды;

  • Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;

  • Ата-анасына сүйіспеншілікпенқарайды;

  • Достарын, сыныптастарынсыйлайды;

  • Кішіге ізет, үлкенге құрметкөрсетеді.

Талап құндылығы:

  • Сыни және креативті ойлау;

  • Жеке және командаменжұмыс істей білу;

  • Білуге, жаңаны тануғақұштар болу;

  • Физикалық белсенді болу;

  • Салауатты өмір салтынұстану;

  • Технологиялық және цифрлық дағдылардыілгерілету;

  • Дұрыс қарым-қатынасорната білу;

  • Уақыт пен қаржынытиімді жоспарлау.

Күтілетін нәтижесі:

  • Жан мен тән тазалығынсақтайды;

  • Дұрыс тамақтану мәдениетінтүсінеді;

  • Қоршаған орта тазалығынсақтайды;

  • Ақпараттық, медиа жәнеқаржылық сауаттылық;

  • Ізденімпаз, жасампаз тұлға.



Тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар:

Туғаннан 6 жасқа дейінгі бала тәрбиесі

Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде:

  • баланың дербес әрекетіне қолдау көрсету;

  • баланың шексіз мүмкіндіктеріне сенім білдіру;

  • баланың қызығушылық танытқан іс-әрекеттерін сынап көруіне мүмкіндік беру ұсынылады.

Ұсынылады:

  • бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарым-қатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолдану;

  • балабақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас аралығындағы бөбектерге бесік жырын (басқа да балаларға арналған жағымды әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан балаларға мейірімділік пен жақсылықты дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу;

  • балалармен ертегі сағаттары, «Әжемнің ертегісі», «Бал бала» тіл ширату жобалары мен іс-шараларын жүзеге асыру;

  • балалардың жас ерекшелігін, қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отырып ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі қолдану ұсынылады.

6-10 жастағы бала тәрбиесі

Ұсынылады:

  • тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны, форматы, көркемдік стилі, ұсынылу тәртібі қазіргі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, қабылдауына сәйкес болуы;

  • қысқа және ұзақ мерзімде іске асырылатын тақырыптық жобаларды жоспарлау арқылы тәрбие жұмысының жүйелілігін, бірізділігін, тұтастығын қамтамасыз ету;

  • халық ауыз әдебиеті үлгілері, көркем шығармалар тәрбиелік шаралар мен жобалардың мазмұнын қамтамасыз ететін дереккөзі ретінде қолдану;

  • бастауыш сынып білім алушыларының мінез-құлық әдебі мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастырудың құралдарының бірі ретінде қазақ халқының мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін қолдану;

  • ұлттық ойындарды («Асық ату» өткізу, Хан талапай, Арқан тартыс, Алтыбақан, Айгөлек, Белдесу, Саққұлақ, Тымпи, Тоғызқұмалақ т.б.) баланыңфизикалық, зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ететін құралдардың бірі ретінде қолдану арқылы оның қолданыс аясын кеңейту;

  • әлеуметтік тәжірибелер арқылы адамдарға, жан-жануарларға қамқорлық және табиғатты қорғау аясында жасалған қайырымдылық іс-шараларына тарту, оларды әлеуметтік желілерде насихаттау ұсынылады.

Жасөспірім тәрбиесі (11-15 жас)

Ұсынылады:

  • тәрбие шаралары мен жобаларының мазмұнын, форматын, көркемдік стилін, ұсынылу тәртібін анықтауда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың психологиялық ерекшелігін, қызығушылығын назарға алып, цифрлық технологиялардың жетістіктерін ескеру;

  • жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттері мен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну;

  • еліміздегі тарихи орындарға, ескерткіштерге экскурсия жасау, ел мен жер тарихы туралы деректермен танысу, театрға, музейлерге, мұрағаттарға, ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар жасау немесе/және цифрлық технологиялардың жетістіктерін қолданып таныстыру;

  • ақын-жыраулар және ұлт зиялыларының, батырлардың, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің өмір жолдарымен, олардан мирас болып жеткен мұралармен таныстыру;

  • тарихи, деректі фильмдерді талдау;

  • білім алушылардың мәдени және ұлттық мұраны насихаттау бойынша бастамаларына қолдау көрсету;

  • табиғатты қорғау, адамның әрекеттерінен туындайтын апаттардың алдын алу бойынша

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!