Жоспар балабақша "Жануарлар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоспар балабақша "Жануарлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні, айы, жылы: 20 желтоқсан 2019ж

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Әсем шырша

Мақсаты:

Білімділік: шырша туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: балалардың білуге деген құштарлығын, есте сақтау қабілетін, зейінін, сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауаптар, шаттық шеңбері, сергіту сәті, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Көрнекі құралдар: шырша бұтақтары, әр балаға көлемі әртүрлі үшбұрыштар, ермексаз, түрлі ойыншықтар. Оқу қызметінің барысы І. Ұйымдастыру бөлімі: Қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды: Армысың алтын күн! (Саусақтарының арасын ашып, қолдарын жоғары көтереді-күннің белгісі). Армысың көк аспан! (Аспанда бұлттың суретін салады). Армысың самал жел! (Ата-аналары балалардың басына ақырын үрлейді). Армысың достым! (Жанындағы баланың басынан сипайды). Армысың мейрімді апай! (Педагог әр балаға қол беріп амандасады). «Орамалдың астында не бар?» Орамалдың астындағы заттың қодарыңмен ұстап көріңдер. Ол неге ұқсайды? Қолға батады. Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау бигін. Жаңа жылды тойласаң, Төріңдемін үйіңнің. - Орамалдың астындағы не деп ойлайсыңдар,балалар? ІІ. Негізгі бөлім: Балаларға бағыт сілтеп, шыршаны зерттеуге қызығушылығын оятады. Көрсетілген нысанға қызығушылық танытады. Шыршаның инелерін қолымен ысқылап, балаларды нағыз шыршаның иісін искеп көруге шақырады. - Шырша жасыл түсті. Оның бұтағы өте көп. Бұтақтарда сансыз инелері бар. Төменгі жағындағы бұтақтар жоғарсындағыға қарағанда ұзынырақ. Бұтақтары денеге кіреді. Балаларға шыршаның өзге ағаштардан

айырмашылығын түсіндіреді: Ол қысы-жазы жап-жасыл болып тұрады. Қыста өзге ағаштардың жапырағы болмайды. Оларды қар ғана суықтан қорғайды. Ал жап-жасыл инелері шыршаны қыста да, жазда да, күндіз де, түнде де жылытып тұрады. Сондықтан адамдар ол туралы: «Қысы жазы бір түсті» деген жұмбақ ойлап тапқан. «Әртүрлі шыршалар» дидактикалық ойыны. Шыршалар әртүрлі болады. Олардың қандай болатынын көрсетіп береді. Биік-қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен тұрады. Аласа-тізелерін бүгіп отырады. Енді-қоларын жан-жақа созады. Енсіз-қолдарын төмен түсіріп, денесіне қосады. Сергіту сәті «Жасыл шырша жанында» Жасыл шырша жанында (Тұрамыз). Қарғалар жүр секеңдеп: (Секірем). Қар-қар-қар! (Қолдарын басынан асыра көтеріп қол шапалақтайды). Күні бойы қарқылдап, (Денесін оңға-солға бұрады). Жүгіріп жүр жалпылдап: (Денесі солға-оңға иіледі). Қар-қар-қар! (Қолдарын басынан асыра көтеріп қол шапалақтайды). Тал басына қонақтап, (Қолдарын қанат сияқты қағады). Отыр енді ұйықтап: (Отырып, қолдарын иегінің астына қояды-ұйықтайды). Қар-қар-қар! (Ақырын ғана айтады. Қолдарын басынан асыра көтеріп қол шапалақтайды). Балаларға шыршаны алдын ала дайындалған ілмегі бар ойыншықтармен безендіруді ұсынады. «Шырша» құрауға қатысуға шақырады. Ең үлкен үшбұрышты ең астына қояды. Оның үстіне одан кішілеу үшбұрышты салады. Ең кішкентай үшбұрышты ең үстіне қояды. Осылайша шырша құрастырылады. Үлестірме қағаздардағы суреттермен ойнауға шақырады. Шыршаға ілетін ойыншықтарды көрсетеді.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Балаларды ермексазбен орындалатын «Шыршаны ойыншықтармен безендіру» ойынына қатысуға шақырады. Балалар шыршаның суреті салынған түрлі-түсті фонға ермесаздан үзіп алып ойыншықтар жасайды. Ермексаздың үстіне үлкен моншақ жапсыруға болады.

Балаларды мақтап, мадақтау.







Тексерілді әдіскер Г.К.Сагпазова

күні, айы:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2020
558
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі