Жоспар: "Обал мен сауап" өзін өзі тану пәні,

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоспар: "Обал мен сауап" өзін өзі тану пәні,

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға мейірімділік туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні : Өзін өзі тану

Күні:19.01.2021

Тақырыбы: «Обал мен сауап»

Жетекші: Тұрсынова С.Ш.

Топ:201 Юлдашева Малика

Құндылығы: дұрыс әрекет



Қасиеттері: Ізгілік, сыйластық

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мейірімділік, адамгершілік туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:1) Білімділік – Оқушыларға «обал мен сауап» туралы түсінік беру

2) Дамытушылық: Оқушыларды жақсылық жасауға үйрету.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу

- 5- Т ережесі

2) Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық, Көзімізді жұмайық.Қолдарымызды партаның үстіне қойып, мені тыңдаңыздар. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз.Сіз жұмсақ, жасыл шалғында жалаң аяқ жүрсіз.Күннің көзі жер бетін қыздыруда, Сіз гүлдің, шөптің, балдың иісін өзеннің сыңғырлағанын, құстардың әсем әнін естіп ләззәт алудасыз. Алақандарыңызды күннің күлімдеген көзіне Көзімізді ашып, бізге өмір, денсаулық сыйлаған табиғат анамызға Рахмет айтайық! Тыныштық сәті ұнадыма!? Қандай сезімде болдыңыздар!

3). Дәйексөз. : «Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің»

Сұрақтар: 1). Обал болады,сауап болады деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?!

  1. Сауапқа қандай амалдар жасап,кенелесің?!

  2. Жақсылық жасап жарысудан алшақтамайсың ба?!



  1. Әңгімелесу:

«Бар байлықтың атасы -нан» тақырыбында диалог құру.




Нан – ардақты адал ас
Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы -
Нан қиқымын шашпаңдар,
Теріп алып, қастерлеп.
Торғайларға тастаңдар.

Shape1

ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВНАННАН ҚИҚЫМЫН ШАШПАҢДАР

  1. Шығармашылық жұмыс. «Обал мен сауап» тақырыбында суреттер салу.

  2. . Мұғалім сыйы: Ертегі: «Жасырын садақа- жемісі сауап».

Ерте, ерте, ертеде Күйік деген қалада бір шебер ұста өмір сүріпті.Ол ағаштан әдемі заттар жасап, қымбат бағада сататын.Күндердің күнінде оған бір кедей ауылдасы кіріп:

- Еңбегің үшін ақша аласың, алайда кедей адамдарға жәрдем бермейсің.Анау қасапшыға қарашы, жұмысынан көп пайда таппаса да, кедейлерге көмек көрсетіп, тегін ет таратып,сауап алғысы келеді.Сен сол қасапшыдан үлгі алсаңщы – дейді. Оның бұл әрекетінен кейін,қария ашуланған күйі шығып кетеді. Ауыл арасында – Анау ұстаның байлығы қандайда көп болса, сараңдығы да сондай қатты адам екен-деген қауесет жүреді.

Ауылдастарының қатты ренжігені сонша, ауырып қалса да, хәл сұрамайды. Содан ұста қайтыс болады.Уақыт зымырап өте берді.Адамдар сол уақыт аралығында қасапшының тегін ет тартатпай жүргенін байқайды.Себебін сұрауға барады.

Сонда қасапшы: ұста маған көзі тірі кезінде маған үнемі ақша әкеліп беретін.Сол ақшаның есебінен мұқтаж жандарға ет таратуымды тапсыратын.Ал енді, ұста да жоқ, ет те жоқ-! деген екен.

  1. Топпен ән айту: «Бүлдіршін тілегі» Н.Жақып.

  2. Үй тапсырмасы: ''Обал мен сауап'' тақырыбында мақал-мәтелдер жазу.

  3. Қорытынды: Осындай керемет әнмен сабағымызды аяқтай отырып, келесі сүйіспеншілікке толы сабақтарымызда кездескенше балалар! Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2021
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі