Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ЖҚТБ – ғасыр індеті.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 12.04.2018 ж.
Сыныбы: 9 «б», 11 «а»
Тақырыбы: ЖҚТБ – ғасыр індеті.
Тренингтің мақсаты мен міндеттері: ЖҚТБ/АҚТҚ індеті туралы, олардың алдын алу туралы білім қалыптастыру. Оқушылардың аппараттану дәрежесін көтеру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Індетті тасымалдаушы адамдардың құқығын қорғау, оларға жағымды өмір сүруіне көмектесіп және пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар індеттің таралуын болдырмауға қолдау көрсететіндігі жөнінде тұжырымдама қарастырылады.
Әдісі: баяндау, түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап, слайд, видеоролик.
Жабдықтау: мектеп тақтасы, интерактивті тақта, бор, маркерлер, скрепка, парақ қағаздар, брошюра, плакаттар, үлестірме парақшалар.
Барысы:
І. ТОППЕН ТАНЫСУ.
«Сенің денсаулығың – сенің жауапкершілігің!»
«Менің жауапкершілігім қандай?»
Мақсаты: Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. Өзіне-өзі жауапкершілікті және кез келген жағдайда жақсы бейімделуге дағдыландыру, өз құндылықтарын және «Менің жауапкершілігім – тұжырымдамасын» қалыптастыру.
Өзіңізді қалай бағалайсыз? «Менің жауапкершілігім» қандай? Жауап беріп көруіңізге болады… Оған төмендегі әдістер көмектеседі.
(Мына шеңбердің қайсысының ішінде тұрар едің, соған «Мен» деп жаз)
Кілті:
Алдыңғы үшеуі – өзіңді шамаңнан артық жауапкершілігім мол деп бағалайсың; Соңғы үшеуі – өзіңнің жауапкершілігіңді төмен бағалайсың, өз-өзіңе сенімің аз; Ортаңғы (4,5) шеңбер – адекватты баға, жауапкершілігің бар, өмірдегі өз орнын біледі.
ІІ. МИНИ – ЛЕКЦИЯ. Интерактивті тақтаны қолданып слайд арқылы ЖҚТБ/АҚТҚ індеті туралы түсіндіру.
ЕСІНДЕ БОЛСЫН: АҚТҚ және ЖҚТБ – әр түрлі нәрсе.
АҚТҚ – Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы.
Ол ЖҚТБ – Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі ауруын туғызады.
ЖҚТБ (СПИД) қоздырғышын 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Мотанье тапқан.
1998 жылы Желтоқсанның бірі күні дүниежүзілік ЖҚТБ мен күресу күні болып аталды.
Қазақстанда СПИД жұқтыру жағдайы алғаш рет 1987 жылы тіркелді.
Қазақстанда 01.01.2015 жылғы статистика бойынша ВИЧ – инфекциясымен тіркелгендер саны – 22 474, ВИЧ инфекциясымен ауырып өмір сүретіндер саны – 16 530. Соңғы 5 жылда ауырғандар 0,01 % құрайды. Қазақстанда жыл сайын ВИЧ – инфекциясына тексерілетіндер саны – 2 млн, яғни 14 % құрайды.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014 – 2015 есебіне сәйкес Қазақстанда 15 – 49 жас тобы аралығындағылар ВИЧ –инфекциясын таралу көрсеткішінің 1 – позициясы бойынша 0,2 % құрайды.
ВИЧ – позитивті адамдардың жалпы құрылымы ерлер басым – 69 %, әйелдер – 31 %.
01.01.2015 жылғы ВИЧ – антиретровирустық терапия мен өмір сүретіндер саны – 4639, 2010 жылғымен салыстырғанда 3 есеге артты.
АҚТҚ қалай беріледі?
Қан арқылы:
-
ауру жұқтырған донор қанын құйғанда немесе донор мүшесін ауыстырғанда;
-
инъекцияға арналған зарарсыздандырылмаған құралдарды қолданғанда;
-
зарарсыздандырылмаған құралдармен татуировка және пирсинг жасатқанда;
-
ортақ ұстара және тіс щеткасын қолданғанда;
-
инъекциялық есірткіні бірге қолданғанда ортақ шприц, ине және есірткі мөлшерін дайындауға арналған ыдысты қолданғанда.
Жыныстық қатынас кезінде:
-
қорғанбай (мүшеқапсыз) жыныстық қатынасқа түскен кезде жұғады.
АҚТҚ жұқтырған анадан балаға:
-
жүктілік және босану кезінде;
-
ана емізгенде сүт арқылы жұғады.
АҚТҚ қалай берілмейді?
-
ауа арқылы;
-
бассейнде, душта, саунада, дәретханада;
-
құшақтастқанда, қол алысқанда, сүйіскенде;
-
ыдыс және асүйлік аспаптар арқылы;
-
маса, басқа жәндіктер шаққанда, жануарлардан;
-
АҚТҚ жұқтырған адаммен бір үйде түрғанда жұқпайды.
АУРУ ЖҰҚТЫРҒАН НЕМЕСЕ ЖҰҚТЫРМАҒАНЫН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?
-
АҚТҚ – ға тексеруден (тестілеуден) өту қажет.
-
АҚТҚ – ға ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТУ – вирустың өзін емес, арнайы нәруыздар – АҚТҚ – ға антиденелерді анықтауға негізделген қан талдау әдісі.
Тестілеу нәтижелері мынандай:
-
оң нәтиже – бұл қан құрамында АҚТҚ – ға антиденелер бар, яғни адам АҚТҚ жұқтырған және басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін екендігін білдіреді;
-
теріс нәтиже – бұл қан құрамында қазір АҚТҚ – ға антиденелер жоқ, яғни адам АҚТҚ жұқтырмаған және жасырын кезеңде «аралықта» қалуда.
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАЖЕТ...
-
серіктеске жұқтыру қылмыстық жазаға тартылады;
-
Қазақстанның әр азаматы (мемлекеттік мекемеде) АҚТҚ – ға тегін және құпия тексеруден өтуге құқылы;
-
күштеп тексеруден өткізуге ешкімнің құқы жоқ;
-
АҚТҚ – ға тестілеу тесталды және тесттен кейін кеңес беріледі;
-
тестілеу нәтижесі туралы мәлімет құпия ақпарат болып табылады.
Ондай ақпаратты жариялау қылмыспен жазаланады.
ІІІ. «Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді» тренинг ойыны.
Екі топтан екі оқушыны шығарып қолдарына қалыпты жағдайдағы фигуралы скрепканы беріп, оқушылардан скрепканы жазып сымға айналдырып, оны бұрынғы жағдайына келтірілуі сұралады. Бірақ скрепка бұрынғыша қалыпты жағдайда емес, майысып қисық формалы скрепка қалпына келеді.
Тұжырым: «Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді» өйткені АҚТҚ – ға қарсы дер кезінде тексеріліп ем алмасаң, ол індет өршіп ЖҚТБ – ға айналу қаупі жоғары.
ІV. БАЛЫҚ ҚАҢҚАСЫ. (ФИШ – БОУН әдісі).
«Балық қаңқасы» әдісі ағылшынның Fish – балық, Bone – қаңқа, қабырға сөзінен шыққан.
Бұл әдісті топтық тапсырманы орындату үшін, яғни 2 бөлімде МИНИ – ЛЕКЦИЯ. Интерактивті тақтаны қолданып слайд арқылы АҚТҚ/ЖҚТБ туралы түсіндіргеннен кейін оқушыларды екі топқа бөліп , екі топқа жеке – жеке талқылауға салып. Топ мүшелері жар қағазға (А3 плакат) балық қаңқасының суретін салады. Екі топқа берілген тақырып балық қаңқасының бас сүйегіне жазылады. Балық қаңқасының жоғары жағы – сұрақ, төменгі жағы – жауап деп алынады да, оқушылар жоғары бөліктегі балықтың әр қабырғасына тақырыпқа байланысты сұрақтарды жазады. Ал, төменгі қабырғаларға өз тұсындағы сұрақтың жауабы жазылады. Есте ұстайтын жайт – балық қабырғасының саны 7 – ден кем болмауы керек. Балалардың түйген ой қорытындысы балықтың құйрығына жазылады. Топтар осы үлгіде жазған жұмыстарын сұрақ – жауап түрінде қорғайды.
Сұрақтар:
-
АҚТҚ дегеніміз не?
-
ЖҚТБ дегеніміз не?
-
Ол қалай беріледі?
-
Ол қалай берілмейді?
-
Ауру жұқтырғанын, жұқтырмағанын қалай білуге болады?
V. «Өмір сүру құқығы» ВИЧ – позитивті адамдардың кемсіту мәселесіне арналған қазақстандық қоғамдық мультфильм (15 минут). Интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.
VІ. ЖҚТБ/АҚТҚ: пікірлер мен қатынастар. «Келісемін» «Келіспеймін» парақшасы.
Тренингке қатысушы оқушыларға ЖҚТБ/АҚТҚ: пікірлер мен қатынастар. «Келісемін» Келіспеймін» парақшасы беріліп, V – бөлім «Өмір сүру құқығы» ВИЧ – позитивті адамдардың кемсіту мәселесіне арналған қазақстандық қоғамдық мультфильмнен түйген ойлары арқылы қорытынды жасау.
№ |
Пікірлер мен қатынастар |
Келісемін |
Келіспеймін |
1 |
Әр адам өзінің әріптесінің (сыныптасының) АҚТҚ – мен жұқпаланғанын білуі қажет. |
|
|
2 |
АҚТҚ – мен жұқпаланғандар өз науқасы жайында медицина қызметкерлерін ақпараттандыруы қажет. |
|
|
3 |
Барлығы АҚТҚ – ға тесттен өтуі керек. |
|
|
4 |
АҚТҚ – мен жұқпаланғандарды оқшаулау қажет. |
|
|
5 |
АҚТҚ – мен жұқпаланған әйелдерге бала тууға болмайды. |
|
|
6 |
АҚТҚ – мен жұқпаланған жыныстық қатынастардан тартым болуы керек. |
|
|
7 |
Көпшілік жағдайда АҚТҚ – мен зақымданғанына адам өзі жауапты. |
|
|
8 |
ЖҚТБ/АҚТҚ – тек инъекциялық нашақорлықтың проблемасы. |
|
|
9 |
Сенің досың АҚТҚ-мен ауырады делік. Бұл жағдайда сендердің достық қатынастарыңның бұзылуы керек. |
|
|
VІІ. Қорытынды.
Бақтыгереева Алмагүл СПИД – ке қарсы дайындаған өлең шумақтарын оқиды:
Абайлаңдар СПИД – тен, абайлаңдар!
Келеді ғасырымыз нұрға айналып,
СПИД дерті шыға келді жырға айналып.
Енді міне тағдырдың тәлкегінде,
СПИД деген бәле тұр шыр айналып.
Арын сатып ақшаға мансап қуып,
Жастар жүр қазағыма салып бүлік.
Сол жастарға ақыл берер ақылшымыз,
Кім бар екен айтатын иық жұлып.
Сол бір нәрсе ойымды мазалайды,
Кайдан келді СПИД деп қазбалайды.
Өзге елге елеңдеп еліктесең,
Сол СПИД әрбір жасты жазалайды.
Ей жастар біз емес пе ертеңі елдің,
Жол табу мақсатымыз енді біздің.
Қатерлі дерт СПИД ті жойып тастау,
Қолымыздан келер іс сіз бен біздің.
СПИД-тен қорғаныңдар абайлаңдар,
Көзді ашып жан-жаққа қарайлаңдар.
Қатерлі дерт өзегінде кетіп қалмай,
Абайлаңдар, СПИД-тен абайлаңдар!
Міне, оқушылар ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!»
Ат салысқандарыңызға рақмет!