Материалдар / "Жұбымыз жарасқан әріптестерміз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жұбымыз жарасқан әріптестерміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық тренинг мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2019
716
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жұбымыз жарасқан әріптестерміз» тренингіМақсаты: өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту.Міндеттері: ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.

I. «Сәлемдесу» жаттығуы. Қатысушылар шеңберге тұрып мысалы «Мен Айжан өмірде бақыттымын» дегендей өмірге, бойындағы қасиеттерге байланысты сөз тіркестерін айтады. Сіздермен танысқанымызға өте қуаныштымыз, қол шапалақтап, бір-бірімізге құрмет көрсетейік.ІІ. «Кім жылдам» жаттығуы»Нұсқау:Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір - біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.ІІІ. «Менің мінезім» жаттығуыМақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,Жылан, Балық.Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.Жауабы:1. Түйе- шыдамды2. Жылқы- тектілік3. Сиыр- өкпелегіш4. Қой- жайдарлылық5. Ешкі- ұйымдастырушылық6. Ит- адалдық7. Мысық- биөрісі басым адамдар8. Тауық- шығармашыл9. Қаз- тазалық10. Аққу- сезімтал11. Қарлығаш- бауырмал12. Үйрек- ұқыптылық13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін14. Арыстан- қайратты15. Қасқыр- жігерлі16. Түлкі- бейімделгіш17. Маймыл- әртістік қабілеті бар18. Қоян- елгезек19. Тауешкі- талғамы жоғары20. Тасбақа- мейірімді21. Жылан- салқынқанды22. Балық- еркіндікті қалайдыТалдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?ІV. Жіптік курс жаттығуы.Мақсаты: топтың ұйымшылдығын арттыру.V. Фигура жаттығуы.

VІ. Альфавит жаттығуы.Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Сіздердің тілеген тілектеріңіз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) осымен семинарымызды аяқтаймыз. Хош сау болыңыздар.

Қорытынды: «Бақыт деген не?» деген сауалдың «Бақыт деген таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу» деген жауабын естіген шығарсыз. Расында да, сүйікті жұмысыңызға, қызметтестерімізге ақ көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан соң жылы ұямыздың шуағына кенелу үшін асыққанымыз, көңіліміздің тыныштығын білдірмей ме?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!