400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Жұлдызды сағат" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы географиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен қолдана алу, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

«ЖББ №20 орта мектебі» КММ-нің

География пәні мұғалімі Аханова Ж.Ж.


Интелектуалды – танымдық ойын.
«Жұлдызды сағат»


Сыныбы: 6,7

Пәні: География


Мақсаты:Жалпы географиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның жүру барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды белгіленген орындарына отырғызу, барлық қатысушылардың назарын аудару.


ІІ Кіріспе бөлім
Жүргізушінің кіріспе сөзі:
Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтармен таныстыру.

ІІІ Негізгі бөлім
Ойын кезеңдері:
1. «Жорға»
2. «Крестиктер мен нөлдіктер»
3. «Кім ұтқыр ойлы?»

4. «Кім жылдам?»

5. «Кім көп біледі?»

6. «Ой қозғау»


ІІІ Қорытынды бөлім
Сайыстың қорытындысын шығару;
Сарапшылар тобына сөз беру;
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау


Барысы:
Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті оқушылар, қадірлі қонақтар!
«Жұлдызды сағат» атты интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымыздың жүру барысымен таныстыра кетейін:

Ойын 6 кезең бойынша өтеді.
Ойынға 6,7 сыныптардан 4 оқушыдан қатысады.


Ал, оқушылар, ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық құрметті ойшылдарымызды ортаға шақырып қарсы алайық.
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей келе 1-кезеңімізді бастайық.


1-тур. «ЖОРҒА»

Командаларға түрлі - түсті конверт ұсыналады, әр конверте 10 сұрақ бар. Жауап беруге бір минут уақыт беріледі. Әр жауап 1ұпаймен есептеледі.

Қызыл

  1. Ең үлкен материк? /Еуразия/

  2. Атмосфера – ол /ауа қабаты/

  3. Әр қашанда солтүстікті көрсететін жұлдыз / Темірқазық/

  4. Планеталар жолы / орбита/

  5. 22 - желтоқсан қандай күн? /қысқы күн тоқырауы/

  6. Флора – ол /өсімдік әлемі/

  7. Жер Күнді қанша уақыт айналып шығады? /1жыл/

  8. Жер шарында немесе глобуста 00ендікте не өтеді? / экватор/

  9. Күн жүйесіндегі 3- ғаламшар - / Жер/

  10. Ең терең мұхит? /Тынық/



Сары

  1. Ең үлкен жұлдыз? /Күн/

  2. Тіршілік қабаты ол / биосфера/

  3. Мұзды материк - / Антарктида/

  4. Тіршілігі бар планета /Жер/

  5. 22 маусым қандай күн? /жазғы күн тоқырауы/

  6. Фауна – ол /жануарлар әлемі/

  7. Күнге жақын ғаламшар - /Меркурий/

  8. Жер өз білігінен қанша уақыт айналады? /24 сағат/

  9. Күн жүйесінде неше ғаламшар бар? /8/

  10. Ең үлкен мұхит? /Тынық/



2- тур. «Крестиктер мен нөлдіктер»

Әр түрлі тақырыпта сұрақтар мен тапсырмалар жасырылған. Жауап беруге 30 секунд уақыт беріледі. Әдеттегідей командалардың дұрыс жауабы жұлдызшамен өлшенеді.

1


2

3

4


5

6

7


8

9



  1. Егер түнгі 12 сағат болса, 72 сағаттан кейін түсті күтуге болады ма?

/Болмайды, себебі қайтадан түн болады/
2. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? /Барлық айда/
3. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? /2 сағаттан/
4. Барлық ат шөп жейді, бірақ бір ат шөп жемейді, ол қандай ат?

/шахмат/
5. Отыз «Я» әріпінен тұратын қыздың аты? /ЗОЯ/
6. «А»-дан «Я»-ға дейінгі ағатын өзен? /Амудария/

  1. Түсті теңіздерді ата? /Қара, Сары, Көк, Қызыл, Ақ теңіздер/

  2. 21-наурызда қандай күн?

Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.


3-тур. «Кім ұтқыр ойлы?»

Жұмбақ шешу. Жауабын 3 тілде айту


Аяғы жоқ жүреді,
Жоғарыдан төмендеп,
Сықылықтап күледі,
Сай-салдан сылдырлап.
(Су-вода-water)


Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем.
(Жер, аспан –Земля, небо)

Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
(Күн -Солнце -The Sun)

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсін,
Ол жоқ жерде, өмір сүріп жүрмейсін.
(ауа-воздух-air)

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады
. (Жел-ветер-wind)

Қырда қылыш жарқылдайды.
(Найзағай-молния-lighnling)

Үй үстінде ұсақ тас
(жұлдыз-звезда -star)

Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды
(Қырау-Инь -frost)


4-тур «Кім жылдам?»

Географиялық координаталар арқылы географиялық объектілерді анықтау. (Картамен жұмыс)


  1. 1821 ж. «Восток» және «Мирный» кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы 690 о.е және 910 б.б орналасқан аралды ашты. Ол қай арал?

( Петр І аралы)

  1. Капитан Немо өзінің саяхатын 340 с.е және 1390 ш.б нүктесінен бастады. Ол жер қай аралға жақын орналасқан?

(Хонсю аралы)

  1. «Пилигрим» шхунасы (Ж.Верн. «Он бес жасар капитан») 440 о.е және 1650 ш.б нүктесінде якорьға тұрды. Саяхатшылардың қай мұхитта және қандай аралдың маңына тұрғанын анықтаңдар.

(Тынық мұхиты, Жаңа Зеландия)

  1. 1886 ж. ағылшын саяхатшысы Дэвид Ливингстон керемет географиялық жаңалық ашты. Оны картадан 180 о.е 260 ш.б нүктесінен тауып алуға болады. Ол қандай объект және қай материкте орналасқан?

(Африка құрлығы, Виктория сарқырамасы)

5-тур . «Кім көп біледі?»


Мұнда екі нұсқа А, Қ беріледі. Ойыншылар осыларды таңдап алады. Осы таңдаған әріпіне байланысты 10 сұраққа жылдам жауап беруіңіз керек.
      Сұрақтар А Қ
1.Материк немесе мемлекет аты
2.Қала аты
3.Су аты
4. Батыр есімі
5.Зерттеуші немесе ғалым есімі
7.Жануар аты
8. Пән аты    
9. Географиялық нысан аты
10.Аспан денелерінің аты


6-тур . «Ой қозғау»

Бұл кезеңде тақтаға ЖАРАТЫЛЫСТАНУ сөзі беріледі, соны пайдаланып сөз құрастыру. 1 минут беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Сөз жетпесе өздерінің жинаған жұлдызшаларын қоюға болады.

Сайыстың қорытындысын шығару;
Сарапшылар тобына сөз беру

Де Бона қалпақтары арқылы сараптама жүргізу.
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
920
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі