«Жұлдызды
сәт»
Ересектер
тобы
Мақсаты. Санау дағдысы мен цифрларды
сандармен сәйкестендіру ептілігін дамыту. Апта күндері мен айлардың
кезектілігі туралы түсініктерін бекіту. Алманы теңдей екі, төрт
бөлікке бөлуді үйретуді, бүтін алма мен оның бөліктерін сипап сезу
арқылы салыстыру мен заттарды ұзындығы бойынша салыстыруды
жалғастыру. Жарма бұршақтардың берілген көлемін өлшеуді үйрету.
Өзін-өзі ұстау мен өзін-өзі бағалау дағдыларын
қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар. Ойын үстелі (қызыл, жасыл,
көк, сары), сәйкес түсті магниттер жиынтығының қорабы. Магнитті
тақта. Баулар (лента) қорабы. Кәмпиттері бар табақ. Қолшатыр
күмбезі. «Жұлдызды жаңбыр» (жұқалтырдан (фольга) жасалған
конфетти). Алма, пластмасс пышақ, тақтай, тәрелке, қолсүрткіштер,
жайпақ табақ, ұнтақ жарма қосылған табақ, стақан қасық, цифрлар мен
әрітер жазылған текшелер, әр топқа арналған тәрелке. «Сарай»
карточкасы, қарындаш, әр балаға арналған
байлауыштар.
Балалар залға
кіреді.
Тәрбиеші. Жұмбақты
шешіңдер
(Цифрлар)
Дұрыс. Бүгін айлакер цифрлар
сендерге «Жұлдызды сәт» математикалық ойынының тапсырмаларын
орындауға көмектеседі.
Балалар шеңбер бойынша
жүріп, қораптан бір тал түлі түсті магнитті алып, сәйкес түсті ойын
үстелінен орын алады, осылайша топтарға
бөлінеді.
Тәрбиеші. Әрбір дұрыс жауап пен
тапсырмаларды дұрыс орындағандарың үшін сендер магнит аласыңдар.
Ойын соңында манитті көбірек жинаған топ жеңімпаз
болады.
Тапсырманы орындамас бұрын
сергіп алу керек.
Саусақ гимнастикасы
жүргізіледі (тәрбиешінің талдауы
бойынша).
Тәрбиеші. Бірінші тапсырма
«Математикалық жаттығу». Сендер цифрлар, апта күндері мен айлардың
кезектілігін білесіңдер ме, тексерейік.
Әрбір бала сұрақтарға жауап
береді. Қатысушының дұрыс жауабы немесе топтың тапсырманы дұрыс
орындағаны үшін тәрбиеші магнитті тақтаға балалардың отырған
үстелінің түсіне сәйкес магнитті
қояды.
Тәрбиеші:
Қыркүйектен кейін қай ай
болады?
Ақпаннан кейін қай
ай?
Қарашаның алдында қай ай
болады?
Бүгін аптаның қай
күні?
Жексенбіден кейін аптаның қай
күні болады?
Аптаның демалыс күндерін
ата.
Аптаның екінші күнін ата. 6
(4, 7, 9, 3) санының көршілерін ата.
8-ге 1-ді қоссақ қандай сан
шығады? 5-тен 1-ді алсақ қанша болады?
4-тен 1-ді
алсақ?
(балалардың
жауабы)
Сендер тапсырмаларды дұрыс
шештіңдер. Енді сендер заттарды теңдей бөліктерге бөле аласыңдар
ма, тексерейік. Әр топ алманы төрт бөлікке бөлу керек. Бірінші бала
алманы теңдей екі бөлікке бөледі, ал екінші және үшінші бала әрбір
бөлікті тағы да екі бөлікке бөледі. Алманы көлемі бойынша теңдей
бөліктерге бөлген топ жеңеді. Тақтайларға қарай жақындаңдар. Бір,
екі, үш, бастаймыз!
Балалар жұмысқа кіріседі.
Тәрбиеші тапсырманы орындаудың дұрыстығын тексереді және жеңген
топты атайды.
Тәрбиеші. Сендер сұрақтарға жауап беру
арқылы қосымша магниттерді ала аласыңдар. Теңдей төрт бөлікті алу
үшін алманы қанша рет кесу керек? (үш
рет) Алманың әр бөлігін не деп
атауға болады? (балалардың
жауабы). Егер алманы төрт бөлікке
бөлсе, онда әр бөлікті «төрттен бір бөлік» деп
атайды.
Келесі тапсырма сендерге жарма
ұнтақтарының қажетті көлемін өлшеуді үйренуге көмектеседі. Жарма
ұнтағынан қандай тағамдар дайындалады?
(ботқа, жарма
пудингі). Топтың әрбір мүшесі жарма
ұнтағын өлшеп, стақанға үш қасық жарма ұнтағын алу
керек. (көрсетіп түсіндіру
керек). Мен ұнтақты қасықтың шетімен
теңдей алдым, артық ұнтақтарды пышақпен алып тастадым. Ұнтақты
стақанға салдым. Егер топ мүшелері тапсырманы дұрыс орындаса,
сендердің стақандарыңдағы ұнтақ дәл менің стақанымдағы ұнтақпен
теңдей болады. Біз барлық стақандарды бірге қойып, әр топтар
тапсырманы қалай орындағандарын көреміз.
Балалар тапсырманы орындап
болғаннан кейін стақандағы ұнтақтың көлемін салыстырады және
жеңімпазды анықтайды.
Тәрбиеші. Топтың әрбір мүшесі жарма
ұнтағының үш қасығын өлшейді. Әр топта үш ойыншыдан. Әрбір стақанда
жарма ұнтағы неше қасықтан? (тоғыз).
Келесі тапсырманы мен «Үйшік»
деп атадым (балаларға үйшіктің суреті
бар карточкалар таратып беріледі).
Үйшіктің бір терезесінде
геометриялық пішіндер бейнеленген: кейбіреулерінде шеңбер,
кейбіреуінде үшбұрыштар немесе төртбұрыштар. Екінші терезе бос, екі
ерезеге жеті болатындай тағы сондай геометриялық пішіндерді
салыңдар.
Балалар тапсырманы
орындайды. Кейінен тәрбеші кезекпен әр балаға жүргізген есебін
айтқызуға барады.
Балалар. екінші терезесіне төрт
пішіндер салдық, өйткені бірінші терезеде үш пішін салынған. Егер
төртке үшті қоссақ жеті болады.
Тәрбиеші. Жарайсыңдар, тапсырманы
барлықтарың орындай алдыңдар! Енді сергіп
алайық.
Жаттығу жүргізіледі (тәрбиешінің
таңдауы бойынша).
Тәрбиеші. Келесі тапсырма – заттардың
ұзындығын сипап сезу арқылы анықтау. Бауды кезек бойынша қойып
шығыңдар: ең ұзынынан бастап, ең қысқасына
қарай.
Әрбір топ бау салынған
себетті алады. Балалар бір бірінің көзін байлайды (тәрбиеші қажет
болған жағдайда көмектеседі). Сигнал бойынша балалар үстелдің
үстіне берілген рет бойынша бауларды қойып шығады, кейіннен
байлауышты шешіп, тапсырманы дұрыс орындағандарын
тексереді.
Тәрбиеші. Келесі тапсырманы орындау үшін
сендер сандар мен цифрлардың кезегін біліп қана қоймай, шыққан
сөздерді оқи алуларың керек. Текшелерді оларда бейнеленген сандар
ретімен тұратындай етіп қойыңдар, кейін текшелерді төңкеріп шыққан
сөзді оқыңдар.
Балалар тапсырманы орындап,
«қыс», «көктем», «жаз» және «күз» сөздерін
оқиды.
Тәрбиеші. Ал енді
ойнайық.
«Тәтті есеп»
ойыны жүргізіледі.
Әр топ кәмпиттері бар
табақтан алшақтау жерде қатар бойынша тұрады. Көңілді әуеннің
үнтаспасы қосылады. Әр қатардағы бірінші тұрған бала табаққа қарай
жүгіріп келіп қасыққа кәмпитті салып, қайта өз орнына барады және
кәмпитті өз тобының тәрелкесіне салып, қасықты келесі ойыншыға
береді. Әуен аяқталғаннан кейін тәрбиеші табақты қолшатыр
күмбезімен жабады. Балалар тәрелкедегі кәмпиттерді санап, жеңімпаз
топты анықтайды.
Тәрбиеші. Ойын нәтижесін анықтайтын
уақыт келді. Магнит қай топта көп екенін санап, «Жұлдызды сәт»
математикалық ойынының жеңімпаз тобын
анықтайық.
Балалар тапсырманы
орындайды. Салтанатты әуеннің үнтаспасы қосылады. Жеңген топтың
мүшелері залдың ортасында тұрады. Тәрбиеші балаларға «жұлдызды
жаңбырды» шашады.