Материалдар / Жұмбақ әлем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жұмбақ әлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға астронмия пәні бойынша ғаламшарлар, жұлдыздар,аспан әлемінің сырлары туралы мәліметтер береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
862
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ әлем.


Сабақтың тақырыбы:Жұмбақ әлем.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға астронмия пәні бойынша ғаламшарлар, жұлдыздар,аспан әлемінің

сырлары туралы мәліметтер беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың іздену, ойлау қабілетін дамыту, білім деңгейін тереңдету,

шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, ұжымдыққа, имандылыққа, бір-бірін сыйлауға

тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

1.Жетіқарақшы, Үркер туралы аңыздар.
2.Таныстыру.
а)Ғаламшарлар жүйесі.
ә)Спектрлер жүйесі.

3.Интермедия.

4.Сұрақ-жауап.

5.Ғарышкерлер.

6.Криптограмма.

Көрінеді бұлтсыз түнгі аспанда,

Жымыңдайды, жарқырайды шоқтарша

Зерттеліп астрономия саласында,

Бөлінген 88 шоқжұлдызға.


Сұлулыққа бөлеген түнгі аспанды,

Әдемі шоқжұлдыздар айшықтары

Мизам, Лира секілді жұлдыздары,

Аспанымның ерекше жарықтары

«Планета» грек сөзі, қазақша ғаламшар дейді. Ұлы поляк ғалымы Коперниктің аспан әлемі туралы заңына сәйкес Күнді айнала сегіз планета қозғалып жүреді. Олардың әрқайсысының көлемі де, температурасы да және Күннен қашықтығы да әртүрлі. Планеталардың Күнді айнала жүретін орбитасы болады.

Күн:

Күн, яғни мен ғаламдағы тіршілік көзімін. Мен барлық планеталарға жарық беремін. Мен олардың ортасында тұрамын, барлық планета менен жарық, жылу алып айналып қозғалып жүреді. Әр планетаның менен қашықтығына байланысты ондағы жылулық жағдайы да әр түрлі болып табылады. Менің массам 2*1030 кг., мендегі тартылыс тұрақтысы g=2,73 Н/кг, ал менің диаметрім 1 390 600 км екен.Күн тәжінің температурасы 1,5*106 К, фотосферамның температурасы 6000 К., жарықтылығым, сіздер білетін электр шамдарының қуаттылығымен айтсам 3,8*1026 Вт.

1. Меркурий:

Мен Күнге ең жақын ғаламшар- Меркуриймін. Қазақша атым- Болпан немесе кіші Шолпан. Өлшемім де массам да кішкене болғандықтан мен өзімнің айналамда атмосфераны ұстап тұра алмаймын. Күндізгі температура +300С-қа дейін көтеріліп, ал түнде -200С –ға дейін төмендейді екен. Массам 36*1022 кг., радиусым 2400 км., мендегі тартылыс тұрақтысы g=3,7 Н/кг, серігім жоқ, Күнді 80 күнде бір айналып шығамын. Менде атмосфераның ізі ғана бар.

2. Шолпан.

Менің атым- Шолпан. Көлемім мен массам бойынша Жерден аз ғана кішімін. Мен басқа планеталарға қарама-қарсы немесе Күнді айнала қозғалатын жаққа қарсы бағытта өз осімнен бойымен айналып қозғаламын. Мендегі бір тәулік Жердегі 117 тәулікке тең екен. Менде магнит өрісі табылған жоқ. Менің массам 482*10 22кг., радиусым 6050 км., мендегі тартылыс тұрақтысы 8,9 Н/кг.Атмосфера өте тығыз болып келеді.

3.Жер:

Мен бүкіл адамзат мекен ететін Жер ғаламшарымын. Мен адамдар өмір сүруге барлық жағдай жасадым. Барлық планеталармен бірге мен де Күнді айналып қозғаламын және өз осімнен де айналып қозғаламын. Өз осімнен бір тәулікте, яғни 24 сағатта бір айналамын, ал Күнді бір жыл ішінде немесе 365 күн мен 365 түнде бір рет айналып шығамын. Осы Күнді айналуыма байланысты менде жыл мезгілдері алмасып тұрады. Менің массам 6*1024 кг., тартылыс тұрақтым 9,8 Н/кг., радиусым 6371км. Менде атмосфера тығыз.

3а.Ай:

Мен ғаламшар емеспін, бірақ сіздер тұрып жатқан Жер ғаламшарының жалғыз серігімін. Мен Жерден 384 400 км қашықтықта орналасқанмын. Менің радиусым 1738 км. Ауырлық күшім Жердегіден 6 есе аз, яғни 1,63 Н/кг. Мен әрқашан Жерге бір жағыммен қарап тұрамын. Айдағы бір тәулік Жердегі бір айға тең, түсініктірек айтсақ Айдағы түн 2 апта, күн 2 апта болады екен. Күндіз 130ºС-қа дейін қызамын, ал түнде -170С-қа дейін салқындап кетемін. Менде атмосфера сирек.

4. Марс.

Мен – Марс ғаламшарымын, қазақша – Аңырақай деп те атайды .Мендегі тартылыс тұрақтысы 3,7 Н/кг., массам 66*1022кг., радиусым 3397 км. Менің Деймос және Фобос деген екі серігім бар. Диаметрі жағынан Жерден екі есе кішімін. Жазда –күндіз ең жылы жеріндегі температура +20С, ал қыста- түнде -125 С-қа дейін төмендейді. Көбінесе көмірқышқыл газдан тұратын атмосферам Жердегіге қарағанда жүз есе сирек. Мен күнді 2 жылда бір рет айналып шығамын. Мендегі атмосфера сирек.

5. Юпитер.

Алып планеталардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені – мен Юпитер боламын, қазақша атым - Есекқырған. Мен диаметр бойынша Жерден 11есе, ал масса бойынша 300 есе үлкенмін. Менің айналу осім орбита жазықтығына перпендикуляр болғандықтан, менде ешқандай жыл мезгілдері ауыспайды. Мен басқа алып планеталар сияқты өз осі төңірегінде өте тез айналып қозғаламын. Массам 2*1027 кг., тартылыс тұрақтым 25,8 Н/кг, радиусым 69900 км. Күнді 11,86 жылда бір рет айналып шығамын. 16 серігім бар.Атмосфера тығыз болып есептеледі.

6.Мен Сатурн ғаламшарымын. Мені қазақша Қоңырқай деп те атайды. Мені айнала қоршаған жалпақ сақинаның қалыңдығы бірнеше километрге созылып жатыр. Мен 30 жыл ішінде Күнді бір рет айналып шығады екенмін.Менің массам 571,2*1024 кг.,тартылыс тұрақтым 11,3 Н/кг., радиусым 58000км. Менің 17 серігім бар. Менде атмосфера өте тығыз болып келеді.

7. Уран.

Менің атым –Уран. Мен Күнді 84 жылда бір рет айналып шығамын. Яғни сендер Күнді 84 рет айналғанда мен бір рет қана айналамын деген сөз. Менің де Шолпан сияқты өз осімнен айналу бағытым өзге планеталардың айналу бағытына қарама-қарсы. Менің массам 911*1023 кг., тартылыс тұрақтым 9 Н/кг., радиусым 25400 км. Менің 6 серігім бар. Атмосфера өте тығыз болып келеді.

8. Нептун.

Мен - Күннен ең қашық орналасқан ғаламшар Нептунмын. Мен туралы алдымен теориялық болжаулар айтылған. 1846 ж ғалымдардың болжаған жерінен телескоппен тапқан екен. Менің массам 103*1024 кг., 11,6 Н/кг., радиусым 24300км. Атмосфера өте тығыз. Мен Күнді 164,7 жылда бір рет айналып шығады екенмін. Менің 8 серігім бар. Менің қозғалысымды мұқият зерттей келе менің арғы жағымда орналасқан тағы бір ғаламшардың бар екені анықталды.



Ақжарық:

Мен кәдімгі ақ сәулемін. Күн сәулесін барлақтарыңыз да менімен көресіңдер.Менің 7 балам бар. Яғни менің құрамымда 7 сәуле бар, сол 7 сәуле қосылып, маған ақ түс береді. Бірақ менің осы жеті түстен тұратынымды көпшілігің біле бермейсіңдер, бұдан былай білетін боласыңдар. Ендігі сөзді менің балаларымнан естисіздер, олар сіздерге өздерінің қасиеттері туралы айтып береді.

  1. Қызыл сәуле:

Мен ең ұзын сәулемін. Менің ұзындығым 8*10-7 м. Мен ең аз сынатын сәулемін. Менің түсім адамдарға қуаныш сыйлайды. Сондықтан сән-салтанат болатын жерді безендіруге менің түсімді пайдаланады.

2.Қызғылт сары жолақ:

Мен қызғылт сары жолақпын. Мен де ұзын толқынмын, менің ұзындығым қызыл толқыннан сәл ғана кіші – яғни, -7*10-7 м. Мен анық көрінемін, ұзындығым да енім де баршылық. Сыну көрсеткішім мына тұрған сәулелерден аз, (өзінің сол жағында тұрған сәулелерді көрсетеді) яғни, бір ортадан екінші ортаға өткенде бағытымды өте көп өзгертпеймін.


  1. Сары жолақ:

Мен сары жолақпын. Мен кемпірқосаққа ең әдемі түс беріп тұрмын. Менің ұзындығым -6,5*10-7 м. Менің алдымдағы мына толқындарға (оң жағындағы толқындарды көрсетеді) қарағанда зат ішінде аздап сынамын. Менің түсіммен сары күз деп жатады, егін піскен кез, ең молшылық уақыт осы шақты менің түсіммен байланыстыруы мен үшінде үлкен бақыт, байлық деп есептеймін.

4.Жасыл жолақ:

Мен ең әдемі жолақ-жасыл жолақпын. Менің ұзындығым -6*10-7 м. Мен ұзын да қысқа да емеспін, алтын ортадан алған орным бар. Өте қатты сынбаймын да, өте тік мінезім де жоқ. Жасыл шөп, жасыл желек табиғатқа аса көрік беріп қана қоймайды, тіршілік үшін маңызды оттегі бөліп, көмір қышқыл газын өзіне жұтады. Мен де осындай тіршілік атаулының қажетін қанағаттандырума байланысты өзімді керемет бақытты сеземін.

5.Көгілдір жолақ:

Менің атым-көгілдір жолақ. Бүкіл аспан әлемі менің түсімдей. Қазақстанның мемлекеттік тууының түсі де менімен бірдей. Менің ұзындығым қысқадан жоғары болып есептеледі. Сан жағынан айтсам -5,5*10-7 м. Сыну көрсеткішім айтарлықтай сына аламыз. Әр қашан салтанатты, жеңісті күндерде сіздермен бірге мен де желбірейтін боламын. Бұдан асқан бақыт бар ма?!

6. Көк сәуле:

Мен көк сәулемін. Менің ұзындығым 5*10-7 м. Мен де көп сынатын сәуле болып есептелемін. Менің түсім басқа түстерге сән береді. Сіздерге салтанаттарда, тойларда қызыл сәулемен бірігіп, гармониялық үйлесім тауып мен де қуаныш, бақыт сыйлаймын.

7.Күлгін сәуле:

Мен ең қысқа күлгін сәулемін. Менің ұзындығым бар болған 4,5*10-7 м. Бірақ мен осы қысқалығыма байланысты зат ішінде ең көп сынатын сәулемін. Менен кейін менің ультра күлгін сәуле деген бауырым бар. Бірақ ол көбінесе атмосфераның қалын қабатынан өте алмай биік шыңдардын басында қалып қояды. Соңғы кездерде қызыл, көк сәулелермен бірге салтанатты шараларға, презентацияларға мені де шақыратын болды. Барлық шараларға әсемдік сыйлау үшін үлкен ықыласпен қатысамын.



1.Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бөлігі.

Шоқжұлдыз.

2.Аспанда барлығы қанша шоқжұлдыз белгіленген?

88 шоқжұлдыз.

3.Жерге ең жақын орналасқан жұлдыз?

Күн.

4.Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек.

Эклиптика.

5.Көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелу нүктелері қандай күнге сәйкес келеді?

21 наурыз, 23 қыркүйек.

6.ҚР ең бірінші ғарышкері кім, және нешінші жылы ұшты?

Т.Әубәкіров, 2 қазан 1991 жыл.

7.Алғашқы ғарышкер кім?

Ю.Гагарин.

8.Алғашқы ғарышқа ұшқан әйел.

В.Терешкова.

9.Ай бетіне алғашқы рет кім және нешінші жылы қонды?

Н.Армстронг. Э.Олдрин.20 маусым 1969 жыл.

10.Қай жылы ең алғашқы жер серігі ұшырылды? СССР 4 қазан 1957 жыл



Талғат Мұсабаев. Тоқтар Әубәкіров











І. Криптограмма: «Сәуле шығару және спектрлер».


1

2

3

2

4

5

6

7

8


9

5

10

11

5

12

7

-


12

5

13

2

14

5

12

12

7

8


15

5

16

17

7

-

3

5

8

18

5

19

7

6


20

3

18

24

21


15

22

-

6

4


11

23

16

5

19

18

7

8


6

24

25

20

-


3

20

6

18

24


6

5

10

12

7

16

7


14

19

23

-

26

24

11

12

24

19

18

20


12

27

11

20

6

18

20

6

21


  1. Табиғат туралы ғылым – 1,2,3,2,4,5, ( физика)

  2. Сәуле шығару түрі – 4,5,12,23,18,16,28,9,2,6,24,11,26,6,26,2,29.

(катодолюминесценция)

  1. Электрмагниттік сәуле шығару шкаласы – 19,5,18,2,23,11,22,21,16,24 (радиосәуле)

  2. 1901 жылы Нобель сыйлығын алған неміс физигі – 19,24,6,12,25,24,6. Рентген)

  3. Сәуле шығару түрі – 15,7,16,21,16,7,10 (жылулық)

  4. Спектрдің түрі – 27,3,20,16,20,11,11,20,3. (үзіліссіз)

  5. Қоршаған орта – 12,5,13,2,14,5,12. (табиғат)

  6. Түсті жолақ – 11,17,24,4,12,19. (спектр)

  7. Үнді дауыссыз дыбыс – 8. (ң)


Криптограмманың жауабы: Физиканың мақсаты – табиғаттың жалпы заңдарын іздеу және солардың негізінде нақтылы процестерді түсіндіру.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!