Материалдар / Жұмбақ шешуді үйрету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жұмбақ шешуді үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып балаларына,тапқырлыққа,сөздік қорын байытуға,елестету,ойлау қабілетін сынау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















Тақырыбы: «Жұмбақ шешуді үйрету»

Мектеп-бақша гимназияның

4сынып мұғалімі

АлипбаеваГ.А.























«Жұмбақтарды оқып отырғанда халық тұрмысы, эстетикасы, өмір тынысы көзге елестейді.»

Ш.Әлібеков

Мақсаты –міндеттері:

-Баланы тапқырлыққа, сезімталдыққа тәрбиелейді;

-адамның қоршаган орта болмысын танып -білуге;

-сөздік қорын байытуға;

-халықтың әдет -ғұрпын, салт –санасын да жақсы білу қажеттілігі;

-ойша кескіндеу, елестету ойлау қабілетін сынау;

-жақсылық пен жамандықты ажырата білу.



Қазақ жұмбағының зерттеу тарихнамасы.

Қазақ жұмбақтарының жинала бастаған кезеңі ХIX-ғасырдың аясы. Шоқан Уәлиханов хатқа түсірген 20 - шумақ өлең –жұмбақ Санкт –Петербургтегі Маргұланның назарына ілінген,кейін 1912 жылы «Ана тілі газетінде жарияланды. Ғалымдар оның тегін тыйым сөздер табумен байланыстыра қарайды. Ол адамзат табиғат құбылыстарын түсініп болмаған, айналасындағы қас күштердің қастандығынан қауіптеніп, оларды алдау керек, сондықтан астарлап сөйлеу керек деп» иланған уақытта шыққан.Жұмбақ қоғамда бірнеше қызмет атқарған, заман талабына сәйкес қоғамдық қызметіне өзгерістер еніп отырған.

Ескі кезеңдерде магиялық қызметі басым болса, қазақтың көшпелі қоғамында эстетикалық- сауықтық жүкті арқалаған.Қазіргі уақытта жасөспірімдердің сүйіспеншілігіне бөленіп, тәлімгерлік міндетті көтеруде.

Сонымен, ұзақ даму жолында жұмбақтың қоғамдық қызметіне тарихи тұрғыдан келіп,өзгеру барысын былайша беруге болады.

1.Магиялық қызметі.

2.Тұрмыстық қызметі.

3.Эстетикалық қызметі.

4.Педагогикалық қызметі.

Жұмбақтың бұрынғы қоғамдағы мәнділігі сондай,оны айтып- жасыруға ертеректе тек бір адам емес, топ, ұжым болып араласқан.Ойын ғұрыптық бағыт алған, төреше тағайындалған,диалог арқылы жеңілгендер сын садағына ілініп, ажуаға ұшыраған.Жұмбақтың болмысында бірнеше дәірге тән ойлау мен көркемдеудің қабат сатылары бар.Ұзақ бұралаң даму жолын бастан кешіп керген жанрдың өзгеру сатыларын былайша жүйелейміз:

1.Тыйым жұмбақ

2.Ертегі жұмбақ

3.Ойын жұмбақ

4.Таза жұмбақ

5.Айтыс жұмбақ

6.Әдеби жұмбақ

Жұмбақ еркін көсіліп жайылуды сүймейді, көп сөзділікті бой ұрмай, ықшам, жинақы пішіледі.Ол бір затты не құбылысты нысана ете отырып, оны астарлап, бүкпелеп бейнелеуді, осы тұспал бейнені тыңдаушыға табуды артады.

Жұмбақ шешу-оны жасыруға кері процесс.Бұл дегеніз сипаттама арқылы сыңар бейнеден байламды табу, сипаттамада байламның белгілері айтылады.

Жұмбақтың мәтіні-байламның сипаттамасы-байлам.

Жұмбақтың тілі-қарабайыр емес,образды,құнарлы тіл.

Жұмбақ ұлттық фольклордың қанаттанып дамыған,үлкен орны бар саласы болып табылады.

Тақырып:Жұмбақ шешуге үйрету

Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде жұмбақтың орны ерекше. Соңғы кезеңде қабылданған құжаттарда қазақ балалар фольклоры мен оның жанрлары дүниетанымның тиімді жолы ретінде пайдалануға ерекшке мән беріледі.Оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып,байытып, жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді.Сондықтан мазмұны жағынан ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді біртіндеп сіңіретіндей -,имандылыққа,ізгілікке тәрбиелейтіндей материалдар әрбір сабақта көрініс тауып отыруы туралы.

Бастауыш сынып оқушыларының жұмбақты шешу әдіс-тәсілдерін қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатына 2-сынып оқушыларына тапсырмалар беріледі.Мысалы:»Маңдайы бар,тілі жоқ,құлағы бар,үні жоқ» деп келетін жұмбақтың шешу ретін көрсету және төмендегі сұраққа жауып қайтару талап етіледі.»Өзің құрастырған жұмбақтың бар ма?Сен оларды қалай құрастырғаныңды жазып бере аласың ба?Оқушылардың жауаптарына талдау жасағанымызды,жұмбақтыңшешуіне жуыспайтын шәйнек,телефон, кастрюля сияқты сөздерді мәнсіз тізе беретіндектерді анықталады.Ал,жұмбақ шешу әдіс-тәсілдерін ешбір оқушы толық көрсете алған жоқ, өз бетімен жұмбақ құрастыруды да ойланыстырмаған.Мұндай олқылықтардың кездесу себебін оқушыларға осы жанрдың шешілу әдіс-тәсілдері үйретілмеуінен деген тұжырым жасауға болады.Алғашқы сабақтарда мұғалім туралы ұғым береді.Мақтада күні бұрын»Қабат-қабат қаптама,ақылың болса аттама»жұмбағы жазалып қойылады.

Мұғалім:Тақтада не жазылған?

Оқушы:Жұмбақ

Мұғалім:Жұмбақ деген не?Сендер оны қалай түнесіңдер?

1-оқушы.Жұмбақты шешу керек.

2-оқушы.Жұмбақты біреу айтады,басқа адам шешеді.

3-оқушы.Жұмбақ-ойын,шешуге қажет болады.

Мұғалім:Балалар,мен сендермен толық келісе алмаймын.Кәне,өзім жұмбақ сөзінің анықмасын айтып көмектесе ін.Оған көптеген ғалымдар,ақын-жазушылар түрліше анықтама берген:Мысалы,Ахмет Байтұрсынов мынадай анықтама берген:»Жұмбақ» деген аты жұмудан шыққан,яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып,жұмып тұрып,соны тап дегеннен шыққан.Жұмбақтың негізі тәріздеу,яғни нәрсенін сипатын тәріздеп айту.Мәселен,арбаны жұмбақ қылғанда,адамға тәріздеп былай сипаттайды:

Ізі бар, қадамы жоқ аяғының,

Тимейді ұшы жерге аяғының.

Қолдарын хайуанға арта тастап,

Салады әуезіне баяғының.

Біз жұмбақ анықтамасын түсіндіру үшін А.Байтұрсынов»Әдебиет танытқыш»кітабындағы анықтамасын пайдалану бастайыш сынып оқушусының ұғымына сәйкес деп таптық.

Жұмбақ шешу құпиясы.

1.Жұмбақ анықтамасын біл

2.Жұмбақ түрлерін біл

3.Жұмбақтың құрылысын біл

4.Өз бетіңмен жұмбақ құрастырып үйрен

5.Жұмбақ тақырыптарын біл.

Оқушылар мынадай түсінік алғаннан кейін кез-келген жұмбақты шешу әдіс-тәсілін білу қарастырылады.Сол сабақтардан үзінді.

Мұғалім:Сендер алғашқы сабақтарда жұмбақ туралы түсінік алдыңдар.Сендерге шешу үшін бір жұмбақ берілелі.Осы тапсырманы неден бастар едіңдер?

Мерген:Жұмбақ мәтінін оқудан.

Мұғалім:Дұрыс. Содан соң?

Әсел:Ойлаймыз да,шешеміз.

Мұғалім:Бұл жауаптарына мен толық қосыла алмаймын.Өйткені ойлану үшін нені ойлау қажет екенін білуіміз керек.Ол үшін мына жұмбақтың шешу жолын қарастырайық.»маңдайы бар,тілі жоқ,құлағы бар, үні жоқ»

Жұмбақты дұрыс шешу үшін әр сөзге мән беріп қарау керек.Өйткені әр сөз бір заттың бөлігін білдіретіндігі өздеріне өткен сабақтардан белгілі.Осыны есте ұстай отырып, жұмбақтың мәтінін оқып көз алдарыңа елестетіңдер.»Маңдайы бар»,тілі жоқ олай болса жұмбақтың шешуі жаны жоқ нәрсеге жақын келеді.Өйткені жанды зат тілсіз болуы мүмкін емес.»Құлағы бар»»үні жоқ», бұл жасырылып тұрған заттың жансыз екендігін нақтылай түседі.Сонда бұл жұмбақтың шешуі не болды?

Оқушылар.Телефон,шелек,кастрюля.

Егер оқушылар жауап беруге қиналса,мұғалім көмектеседі.Оқушы да өз жұмбағының шешуін бірден айтпай бірте-бірте жақындататын сөздерді тауып шешуге көмектескені дұрыс.Өйткені,осылайша ол ойлауға,сөйлеуге үйренеді

Мұғалім:Жұмбақ шешуін табу үшін мен сендерге көмектесейін.Ол қыста киетін киім-кешек.

Оқушылар:Қолғап.

Мұғалім:Дұрыс емес.Қолғаптың маңдайы қайсы,құлағы қайсы?

Оқушылар:Пальто

Мұғалім:Онда пальтоның кандай бөлігін»маңдай» ,»тіл»,»үні» ,құлағы деп тұрғанын түсіндіріп бере ғой.

Әсет:Құлағы бар болса,ол-кастрюль.

Мұғалім:Таба алмадың.Ол киімсіз,әсіресе, ер балалар қыста жүре алмайды.

Абай:Құлақшын.

Дұрыс табылды.Оқушылар жұмбақ шешуін талқылау,түсіну,салыстыру,ой топшалау арқылы ғана айтуларын ескеріп отыру қажет.Өйткені жұмбақтың мақсаты да соған үйрету.

Мұғалім:Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.Осы жұмбақты шешу сендерге неге үйрететіндіктерін ойлаңдаршы.Яғни,бұл жұмбақты шешу сендерге неге керек деп ойлайсыңдар?

Сәкен:Бұл жұмбақта жансыз затты жанды етіп суреттеген.Біз оның шешуін табу барысында ойлануға үйрендік.Өйткені әр сөзді өмірде шындыққа сәйкес келуіне қатысты салыстырып байқадық.

Cөзжұмбақ

«ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРЫ»

Мына сөзжұмбақты шешкендер арнайы торкөзден бөлу амалының нәтижесін оқуға болады.












Поле 3














Поле 6

3


Поле 8

4



























Поле 9

6




















Shape5

1



2





Shape1

5





Shape2

7









Көлденеңінен:1.Ағайынды адамдардың әйелдері.2.Бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының туыстық қатынастың атауы.3.Әйел адамдардың жасы кіші туыстары.4.Құда-құдағиларға киім кешек түрінде берілетін сыйлық.5Қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.6.Күйеу мен қалындықтың аталары,әкелері.7.Ата-ана үшін баласының әйелі.

Жауаптары.1.Абысын.2.Бөле.3.Балдыз.4.Киіт.5.Қайын.6.Құда.7.Келін.

Арнайы торкөзден»Бөлінді» деген ұғымды оқисыздар.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!