Материалдар / Жұмыртқа қабығында көшет өндіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жұмыртқа қабығында көшет өндіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2023
357
5 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Шымкент қаласы білім басқармасының

«№79 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесі

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Жұмыртқа қабығында көшет өндіру



Секциясы: Биология

Дайындаған:

Ғылыми жетекші: Оңғар Айдана Елмуратқызы



2022-2023 оқу жылы







МАЗМҰНЫ

І.Кіріспе



ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Тауық жұмыртқасының Отаны

2.2. Тауық жұмыртасының адам ағзасына пайдасы



ІІІ. Зерттеу бөлім



3.1.Жұмыртқа қабығының құрамы

3.2. Жұмыртқа қабығында көшет өндіру жолы



ІҮ. Қорытынды



V. Қолданылған әдебиеттер тізімі















79 жалпы орта білім беретін мектебінің

5 «А» сынып оқушысы Жұмаділ Жәудір

«Жұмыртқа қабығында көшет өндіру »

тақырыбындағы ғылыми жобаға

Пікір



Шымкент қаласы №79 жалпы орта білім беретін мектептің 5- сынып оқушысы Жұмаділ Жәудірдің жобалық жұмысына арқау ете отырып, «Жұмыртқа қабығында көшет өндіру » ғылыми-шығармашылық зерттеу жұмысына үлкен ізденіс үстінде, жүйелі жасалған деп толық айтуға болады.

Оқушы өз қызығушылығы мен шығармашылығын ұштастырып, қолдағы бар мүмкіндігін пайдалана білген. Зерттеу барысында тауық жұмыртқасының Отаны, жұмыртқаның пайда болуы, оның құрылысы, химиялық құрамы туралы бір сөзбен айтқанда пайдасы мен көшет отырғызуда қолдану туралы мәліметтер жинақталған. Бұл деректер тақырыпты кеңірек ашып, жүйелеуге септігін тигізгені анық.

Ғылыми жұмысын жазуда ұқыптылық көрсетіп, қызығушылық танытып, тақырыпты тереңінен зерттеуге ұмтылды. Сондықтан жас зерттеушінің бұл жұмысы ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға ұсыныс жасалды.







М.Әуезов атындағы кәсіпкерлік және

Коммерцияландыру департаментінің директоры

Техника ғылымдарының кандидаты: Т.С.Бажиров



Дәйектеме

Ғылыми жобаның мақсаты тауық жұмыртқасының қабығының химиялық құрамын анықтап және тұрмыста көшет өндіріп шығару жолдары тереңінен зерттелген. Күнделікті тұрмыста жұмыртқаны көптеп пайдаланатынымыз анық, ал қабығын қоқысқа тастаймыз, сол себепті күнделікті өмірде пайдалануға болатын пайдасы туралы түсінік беру, тауық жұмыртқасының пайдасын насихаттау болып табылады. Сонымен қатар зерттеу жобасында түрлі ғылыми әдебиеттер қолданылған.



Аннотация

Цель научного проекта-выявить химический состав скорлупы куриных яиц и изучить пути производства саженцев в быту. Очевидно, что мы используем много яиц в повседневной жизни, а скорлупу выбрасываем в мусор, поэтому важно дать представление о преимуществах, которые мы можем использовать в повседневной жизни, продвигать преимущества куриных яиц. также в исследовательском проекте использовалась разнообразная научная литература.



Annotation

The purpose of the scientific project is to identify the chemical composition of chicken egg shells and to study the ways of production of seedlings in everyday life. Obviously, we use a lot of eggs in everyday life, and we throw the shells in the trash, so it is important to give an idea of the benefits that we can use in everyday life, to promote the benefits of chicken eggs.A variety of scientific literature was also used in the research project.





Мақсаты:

Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген тауық жұмыртқасының қабығының пайдасы мен химиялық құрамы, шығу тарихы және оны күнделітітұрмыста көшет өндіру мақсатында қолдануға болатын пайдасы туралы түсінік беруғ тауық жұмыртқасының қабығының пайдасын насихаттау болып келеді.



Міндеттері:

*Тауық жұмыртқасының құрамын білу

*Тауық жұмыртқасының қабығының химиялық құрамын білу

*Тауық жұмыртқассында көшет өндіру технологиясын білу



Өзектілігі:

Жұмыртқа қабығында көшет өндіру ең тиімді тәсіл болып табылады. Көшет тамыры зақымдалмайды және де тез өніп шығады. Оңтүстік Америкада бұл тәсілді көптеген бағбандар өте тиімді екенін айқындап, дәлелдеп шыққан. Сондай-ак жасөспірімдердің функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында және төзімділікке баулу болып табылады.

Зерттеу әдістері

1) аналитикалық оқу

2) жинақтау

3) сараптау

4) іздеу

5) практика

Кіріспе

Күнделікті тұрмыста асханамызда тауық жұмыртқасын тұтынатынымыз белгілі. Оларды тұтынған соң қабыығын қоқысқа тастауға асықпаңыз, өйткені жұмыртқа қабықтары - кальцийдің таптырмайтын табиғи қайнар көзі екенін ұмытпағанымыз жөн. Жұмыртқа қабығынан жасалған қоспа өсімдіктерге ғана емес, сонымен қатар бау-бақша дақылдарының барлық дерлік түрлерінде жақсы сіңіп, қорек болады. Жұмыртқа қабығының құрамына микроэлементтер мен қоректік заттар кешені кіреді.

Тауық жұмыртқасының қабығы - бұл кеңінен танымал органикалық тыңайтқыш екені мәлім, одан көшеттерді өсіру үшін үйде тыңайтқыш жасауға және қолдануға оңай. Жұмыртқа қабығында кальцийді үлкен пайызы бар (93%). Сондай-ақ жұмыртқа қабығында аздап мөлшерде магний, фосфор, калий, темір, күкірт және алюминий бар.

Тауық жұмыртқасының қабығының артықшылығы мынада:

  • артық дозалану мүмкін емес

  • үнемді және қол жетімді құрал

  • тыңайтқышты жасау оңай және тұрмыста кеңінен қолдануға болады.

  • топырақ қышқылдығын төмендеті

  • көшет үшін дайын дәрумен

Жұмыртқа қабығынан тыңайтқыш жасау үшін үй тауықтарының жұмыртқаларын алған дұрыс: олардың құрамында пайдалы компоненттер көптеп табылады. Жұмыртқаның қоңыр қабығында дәрумендер көптеп кездеседі. Бау-бақшалар үшін, әдетте, үй тауықтарының жұмыртқаларының қабығы қолданылады, өйткені бұл қабықтағы барлық қоректік заттар табиғи болып табылады, себебі ауылда тауықтар негізінен табиғи тағамды жейді. Мұндай экологиялық таза өнімге әркімнің қолы жете бермейтіні айдан анық, сол себепті жұмыртқаларды осы мақсаттар үшін пайдалана аламыз.




ІІ. Негізгі бөлім:

2.1.Тауық жұмыртқасының Отаны

Тауық жұмыртқалары аңшылық қоғамдарда да, құстарды қолға үйреткеннен кейінгі мәдениеттерде де тарихқа дейінгі дәуірлерден бері бағалы тағамдық өнім болды. Тауық біздің дәуірімізге дейін 7500 жылы жұмыртқа өндіру үшін қолға үйретілген болуы мүмкін деген болжам айтылды.. Ал кейбір деректерде тауық жұмыртқасын пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген деректер бар. 19 ғасырда кептірілген жұмыртқа өнеркәсібі дами бастады. 1878 жылы Сент-Луис қаласындағы компания жұмыртқаның сарысы мен ақуызын тағамға ұқсас, ашық қоңыр затқа айналдыру арқылы кептіру процесін ойлап тапқан. Содан соң дүниежүзілік соғыстарда әскерилерді тамақтандыру үшін де тауық жұмыртқалары көптеп өндірілебастады. Кейінірек 1911 жылы Британдық фермер сынған жұмыртқаға қатысты дауды шешу үшін жұмыртқа салатын қораптарды ойлап тапты. Алғашқы жұмыртқа қораптары жай қағаздан жасалып шықты.

Қазіргі кезде тауық жұмыртқасын қолданбайтын тағамдар өте аз, дерлік күнделікті жейтін барлық тағамымызға қосылады. Әлем бойынша барлық елдер тауық жұмыртқасын қолданып келеді.

Тауық жұмыртқасының ғажайып қасиеттері көп. Азықтық, шипалық қасиеттерін айтпағанның өзінде. Мысалы, бір қарағанда ол нәзік, бірақ оңайшылықпен сынбайды. Ірі тауық оны басып, балапан шығарады. Жұмыртқа тығыз, оған сырт­тан микробтар, бактериялар, вирустар өтпейді. Сөйте тұра осы мығым жұмыртқаны нәзік қана сары үрпек балапан өзінің кішкентай тұмсығымен шұқып тесіп шығады. Жұмыртқалардың өлшемдері мен массасы құстың түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Тауық жұмыртқаларының массалары 45 - 76 г болады. Жұмыртқаның қатты қабығы ішіндегі ылғалдың ұшпауына қажет және жұмыртқаны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Қатты қабық өте майда қуыстардан тұрады, олар әсіресе жұмыртқаның доғал жағында көп болады.

2.2. Тауық жұмыртасының адам ағзасына пайдасы

Тауық жұмыртқасының адам ағзасына берер пайдасы зор. Таңғы ас кезінде кемінде бір жұмыртқамен тамақтансаңыыз, соның өзі сол күнгі иммунитетіңізді күшейтеді. Сонымен қатар ағзамыз бактериялармен белсенді түрде күресе бастайды. Тауық жұмыртқасының сарыуызының құрамында холин деп аталатын ерекше зат бар және ол есте сақтау қабілетімізді жоғарлатады екен. Сол себепті қатарластарыма күнделікті таңғы уақытта мектепке келерден алдын бір немесе екі жұмыртқа жеуді ұсынамын. Сонымен бірге спортшы аға-әпкелеріміздің мәзірінде де міндетті түрде болуы керек, себебі бір жұмыртқада ақуыздың тәуліктік нормасы- 15 пайызды құрайды бір жұмыртқа құрамында -70 калорийден тұрады. Сондықтан, артық салмақтан құтылуға мүмкіндік береді. Тауық жұмыртқасының көптеген пайдалы дәрумендер мен минералдардан тұратынын да атап өткен жөн. Оның құрамына А, D, Е, В бар. Тауық жұмыртқасын күнделікті тұтыну денсаулығымызға өте жақсы пайдасын тигізеді. Бірақ тағы бір айта кететін жайт ол аллергиясы бар адамдарға тауық жұмыртқасын аса сақтықпен жеу ұсынылады. Егер жұмыртқадан аллергия болса оны мына белгілер адамда пайда болады;

1.іштің ауруы

2.жүрек айнуы

3. диарея немесе құсу

4.жылдам жүрек соғысы

Диетологтардың айтуынша бір жұмыртқаның құрамында 13 пайыз ақуыз және 12 пайыз май бар.Бұл өнім кальцийге және дәрумендердің барлық кешеніне бай. Сарысында ми тінін нәрлендіретін дәрумендер бар. Дені сау адам ғана күніне үш жұмыртқа жей алады екен. Алайда, аптасына алты данадан артық жеу ұсынылмайды. Тағы бір қызықты мәліметтің бірі тауық жұмыртқасын күнделікті тұтыну көніл-күйді жақсартатыны дәлелденген.

3.1.Жұмыртқа қабығының құрамы

Тауық жұмыртқасының құрамына қатысты оны 1980 жылы ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты А. Л. Стелле анықтап берді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жұмыртқаның қабығының 90 пайыз кальцийден тұрады. Сонымен қатар ағзаға қажетті барлық микроэлементтер бар, айта кететін болсақ: мыс, фтор, темір, марганец, молибден, фосфор, күкірт және басқалары барлығы 27 элемент табылған. Тағы бір қызықты мәліметтің бірі қабығы аршылған жұмыртқаның құрамы 73,6 пайыз судан, 12,8 пайыз ақуыздан, майлардан және минералды заттардан тұрады екен. Ал сарыуызына келер болсақ 51 пайыз су, 16 пайыз ақуыз, әр түрлі мөлшерде В1, В2,Д , Е дәрумендері мен минералды заттар бар.

Тауық жұмыртқасының қабығы калцийдің қайнар көзі десек қателеспейміз, кальций біздің тісіміздің шығуына, сүйектеріміздің бекем болуына көп ықпалын тигізеді. Халық емшілігінде тауық жұмыртқасының қабығынан емдік ұнтақтар жасайды. Ұнтақты сумен қабылдау арқылы ішеді, ол адамда кальций жеткіліксіз болғанда беріледі. Баубақшалар үшін әдетте, үй тауықтарының жұмыртқаларының қабығы қолданылады. Бұл қабықтағы барлық қоректік заттар табиғи болып табылады, өйткені ауыл құстары негізінен табиғи тағамды жейді. Сондықтан қолдың табиғи таза жұмыртқаның қабығына көшет өндіру ұсынылады.











3.2. Жұмыртқа қабығында көшет өндіру жолы

Тауықтың жұмыртқа қабығы-қызанақ, қияр және де басқа көкеністер мен гүлдерге арналған табиғи дәрумен десекте болады. Қабықтағы кальций өсіп келе жатқан өсімдіктердің тез өнуіне көмектесеті. Ал мен бұл ғылыми жобада маш дәнін егіп көрдім. Егілген машты қалыпты температурада ұстап отырдым және жұмыртқа қабығы таяз болғандықтан аптасына 2-3 рет суғарып отырдым. Жұмыртқа қабығында көшет отырғызудың бірнеше артықшылықтарын байқадым, айта кететін болсақ:

  1. Практикалық тұрғыда бұл өте үнемді нұсқа

  2. Арнайы контейнер сатып алу үшін, ақша жұмсаудың қажеті жоқ

  3. Көшеттері бар жұмыртқа қабығын арнайы ыдыстарға оңай қондыруға болады

  4. Жұмыртқаның қабығы көшеттерді ашық жерге отырғызғанан кейін көшет пен жердің өзіне табиғи тыңайтқыш болады.

  5. Әрбір оқушы оңай ұйымдастыра алатын және жұмыртқа қабығын табиғи ыдыс ретінде қолдану өте тиімді әдіс

  6. Қабықтағы көшеттерді ашық жерге отырғызғанда да көшет тамыры зақымдалмайды.

  7. Жұмыртқа қабығының шағын көлемі тамыр жүйесінің дамуына және қарқынды өсуіне ықпал етеді.

  8. Жұмыртқа қабығы саңырауқұлақтардан, құмырсқалардан және де басқа зиянкестерден көшеттердің тамырын қорғайды.

  9. Қабықтың өзі топырақтың қышқылдығын төмендетеді, бұл өсімдікке жақсы әсер етеді

  10. Әр түрлі тұқым егетін болсақ, шатасып қалмау үшін жұмыртқаның сыртына маркермен көкөніс атын жазып қою.





Ендігі кезекте тауық жұмыртқасының қабығынан көшет өндіру жолдарын айта кетсем. Жұмыртқа қабығында көшет өндіру үшін алдымен 10 шақты қолдың жұмыртқасының қабығын жинап алдым. Жуып тазалап кептіріп қойдым.

Жұмыртқаның қабығының жартысын кесіп алып тастаймыз.

Ал одан кейін көшеттің тамыры шіріп кетпеу үшін дренажды тесік жасаймыз.

Жұмыртқа қабығының ішіндегі ақ түсті пленкасын да міндетті түрде алып тастаймыз. Жұмыртқа қабығын көшет егу үшін дайындаймыз. Микробтар мен бактериялардан тазарту үшін бір рет қайнатып аламыз. Содан соң даланың топырағы немесе дүкенде сатылатын дайын дәрумендері бар топырақ аламыз. Егерде біз даланың топырағын қолданатын болсақ, онда оған аздап құм себуіміз қажет болады, өйткені дала топырағы жас өскін үшін ауырлау болып келеді. Біз өзімізге қажетті жеміс өсімдігінің сортын таңдапалып, топыраққа күш жұмсамай егеміз. Негізінен қияр, қызанақты жұмыртқа қабығында егіп көшет шығару өте тиімді болып келеді. Ал мен бұл жерде маш өсімдігін егіп көрдім. Маш жылдам өнетін дақылдардың бірі. Егер көшет тез өсіп шыққанын қаласаңыз, ұрықты жібітіп қоюға болады. Күнделікті анамыз тамаққа қосып жүрген маштан ектім және ол ортаға апта салып жас өскіндері көріне бастады. Мен жұмыртқа қабығы таяздау болғандықтан аптасына 50 мл үш реттен суғарып отырдым. Тіс шұқығышпен топырағын да қопсытып отырдым.


Маш өскіндері жақсы өсу үшін терезенің алдына күн шуағына қойдым. Күн сәулесінде бір сағаттай тұрған соң, оны қайтадан өз орнына қойып жүрдім. Жұмыртқа қабығында егілген көшетті күннің көзіне тікелей ұзақ уақыт ұстауға болмайды, себебі жұмыртқа қабығы таяз болғандықтан топырағы тез кеуіп кетуі мүмкін.

Жоғарыдағы суреттен өсіп шыққан жас маш өскіндерінің өсіп шыққанын байқаймыз. Жұмыртқа қабығында көшет өндіруге көп күш жұмсаудың қажеті жоқ керісінше көшеттің өніп шығуы, суғару , күтім жасау адамға ерекше сезім береді. Өсімдіктер бііздің өміріміздің ажырамас бір бөлшегі десем қателеспеймін. Жап-жасыл жас өскінге қарап шабыт алуға болады. Көшеттерді бөлме жағдайында үлкен ыдыстарда немесе аулаға шығарып еге беруге болады. Ол үшін бізге керегі ашық ауа райы немесе жылы бір қалыпты температура.

Жұмыртқа қабығында егілген көшеттерді жерге отырғызу кезінде мүлде қиындық тудырмайды. Тамыр жүйесі де зақымдалмайды. Қабық жерге қондырылған соң еріп кетеді және балғын көшет үшін табиғи дәрумен болады. Жұмыртқа қабығының тағы айта кететін ерекшелігі, өсімдік гүлдеп тұрғанда қабықты езіп ұнтақ жасап түбіне себетін болса өсімдік тез өнім береді екен. Жұмыртқа қабығынан жасалған ұнтақ картоп жемісінде болатын колорад қоңызын жою үшін де қолдануға болады. Бақша өсімдіктерін зиянды саңырауқұлақтан қорғау үшін де пайдаланылады. Топырақты жұмыртқа қабығымен тыңайту - танымал және қарапайым әдіс болып келеді. Оны жерге қосу ұсынылады:

  • жер жырту алдында

  • шелектер немесе аулаға көшеттер отырғызған кезде,

  • тұқым себу кезінде

  • дақылдардың белсенді өсу кезеңінде

Тауық жұмыртқасын жиып алу біз үшін қиын жұмыс сияқты көрінеді, бірак мүлде ондай емес. Бір күнде үш отбасыға шаққанда жиырмаға жуық жұмыртқа тұтынылады екен. Бір аптада біз өзіміздің көшетімізді өндіріп шығаратын жұмыртқа қабықтарын жиып алуға болады. Жұмыртқа қабықтарын ең бірінші ретте жуып тазалап, кептіріп алуды да ұмытпаған жөн. Өйткені қабық жағымсыз иіс шығаруы мүмкін., иістеніп қалған қабықтан өніп өсіп шықпауы мүмкін. Қазіргі таңда Америкалық бағбандар осы тәсілді қоштайды. Біздің елімізде де жұмыртқа қабығынан көшет өндіруге болатынын дәлелдеп, зерттеу жүргізу мақсатым осы еді. Әрбір Жер бетіндегі адамды функционалдық сауаттылыққа дағдыландыру мақсатым.

ІҮ. Қорытынды

Сонымен қорыта келгенде менің зерттеу нәтижем өз жемісін берді, қыс мезгілінде оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін ең қолайлы жұмыс деп ойлаймын. Жұмыртқа қабығында көшет жақсы өсетініне көзім жетті. Сонымен қатар бұл әдіс өте қарапайым және материалдық тұрғыдан көп шығын кетпейді. Бірақ алдымен жұмыртқа қабығының жеткілікті санын жиып алу қажет болады. Содан соң оны жуып тазалап, кептіріп өз мақсатымызға пайдалана береміз. Бұл әдістің тағы бір ерекшелігін атап кеткен жөн, бұл экологиялық тазалыққа және өсімдіктердің тез өсуіне жағдай жасайды. Көктем шыға бергенде ашық далаға қондырғанда да қиындық тудырмайды немесе үй жағдайында пластик құмыраға да егуге болады. Ең бастысы өніп шыққан көшет үшін жылы температура болса болды. Ата- анамызға қолғабыс болып, жұмыртқа қабығында көшет өндіріп шығаруға барлық достарымды шақырамын. Бұл ғылыми жобада мен өзімнің білімім мен сабырлығымды шыңдадым. Жай ғана қарапайым заттардан, тұрмыта қолданылатын өсімдік көшеттерін өндіріп шығаруға болатынын дәлелдедім.Шығармашылық ілімімді шыңдай түстім. Күнделікті тұтынып жүрген тауық жұмыртқасының қабығының құрамындағы минералдар мен көптеген дәрумендер көшеттің өніп шығуына азық болатынын, сонымен бірге шаруашылықта бұл тәсілді ең тиімді екенін білдім.

















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ғаламтор







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!