Материалдар / Жүн басудың жаңа әдістерін қолдана отырып, қолөнер бұйымдарын жасау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүн басудың жаңа әдістерін қолдана отырып, қолөнер бұйымдарын жасау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты қазақ халқының салт-дәстүрімен, қолөнерімен таныстыру,оны құрметтеу, мақтан тұту үшін жүн басудың жаңа технологиясын технология сабақтарында үйрету өте маңызды. Оқушылардың да қызығушылығы да өте жоғары. Жүндерден пайдалы, сәндік, сыйлық бұйымдар, киім-кешектер жасап үйрету, оны әр түрлі көрмелерге қатыстыру арқылы өзіміздің қолөнерімізді елге насихаттау, күнделікті қолданысқа енгізу қажет деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2023
827
8 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүн басудың жаңа әдістерін қолдана отырып,

қолөнер бұйымдарын жасау.

Агибаева Гулаш Купбосыновна,

Төлеген Айбергенов атындағы

мектеп –гимназиясының

көркем еңбек пәнінің мұғалімі,

Түркістан облысы,

Шардара ауданы, Көк-су ауылы


І Кіріспе бөлім.







«Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек болар.

Мал жұтайды, өнер жұтамайды».

Абай

Қазақ халқы ғасырлар бойы мал шаруашылығымен шұғылданып келеді. Төрт түліктің барлығының да адам үшін тигізер пайдасы орасан зор. Баға, күте білсең өнім де көп. Соның ішінде адам баласының қой түлігін қолда баға бастағанына тоғыз мың жылдай уақыт болыпты. Үй қойы Оңтүстік Европа мен Азияда тараған жабайы тау қойы муфлоннан келіп шықты. Қойдың 150- ден астам тұқымы бар. Қазақстанда биязы жүнді (меринос) қой тұқымдары көп. Оған мысалы: аскания қойы, грозный қойы, гиссар құйрықты қойы, биязы жүнді қойы, роман қойы жатады.

Қой жүнінен күнделікті тіршілікке қажетті бұйымдар жасап, еті мен сүтін азық ретінде пайдаланды.

Соңғы кездері ұмыт бола бастаған жүннен жасалған бұйымдар қайта жаңғырып, жаңа үлгіде қайта халыққа кеңінен тарап жатыр.

Жүннен жасалған бұйымдар мықты, шыдамды, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы екендігі кеңінен насихатталуда. Суықтан, ызғардан, күн көзінен де жақсы қорғайды. Алып жүруге ыңғайлы, әрі жеңіл болғандықтан үй жабдығына қажетті заттар мен төсеніштер, киімдер жүннен жасалуда. Қазақ халқының қолөнер шеберлері жүннен көзтартарлық әсем бұйымдар мен неше түрлі сырт киім, камзол, мойын орағыш, т.б бұйымдар жасап шығаруда.Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясының бағдарламасында «Барлық халықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыруға елдің денсаулығын жақсартумен бірге тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар, эканомикамызды гүлдендіретін кәсіпкерлер қажет» делінген. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты қазақ халқының салт-дәстүрімен, қолөнерімен таныстыру,оны құрметтеу, мақтан тұту үшін жүн басудың жаңа технологиясын технология сабақтарында үйрету өте маңызды. Оқушылардың да қызығушылығы да өте жоғары. Жүндерден пайдалы, сәндік, сыйлық бұйымдар, киім-кешектер жасап үйрету, оны әр түрлі көрмелерге қатыстыру арқылы өзіміздің қолөнерімізді елге насихаттау, күнделікті қолданысқа енгізу қажет деп ойлаймын.




ІІ Негізгі бөлім.


Қазақ халқының жүнді қолдану тарихы

Жүнді киім-кешек тұрмыстық бұйымдарды көшпелі халықтың теңдессіз тұрағы, киіз үй жасауға қолданды. Киіз басу кәсібі қола дәуірінің соңына қарай белең ала бастады. Тас дәуірінің бастапқы кезеңінде көшпелі кезең нық орнығады да киізбен жабылған көшпелі күркелер жиналмалы шатырлар, ат әбзелдері, киізден жасалған киім-кешектер халық тұрмысына енеді.

Ең алғашқы киіз Нұқ пайғамбардың кемесінде пайда болған деген аңыз бар. Аңыз бойынша кемедегі қойлар бір-бірімен үйкелген кезде жүндері кеменің еденіне түседі. Дымқылданып, қой тұяқтарымен әбден тапталған жүн киізге айналады. Киіз басу өнері Қазақстан, Орталық Азия, Кавказ ұлттарында жақсы дамыған. Қазақ даласында киіз басу өнері жоғары дәрежеге жетті.


Жүн түрлері

Қойдың жүнін «жабағы жүні», «күзем жүн», «қозы жүні», «өлі жүн» және « шет-пұшпақ» деп бөледі. Жабағы деп қойдың жазғы тұрымғы ұйысқан қысқы жүнін айтады. Күзем жүнге қарағанда қылшығы аз, түбіті көп болғандықтан көбіне тоқыма кәсібінде молырақ пайдаланады. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады. Неше түрлі иіру істеріне, тоқу жұмыстарына бізді, сымды қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрнек жіптері, неше түрлі жиектер ширатады.

Қойдың күзде қырқылған жүні күзем жүн деп аталады. Күзем жүннің түбіті жабағыға қарағанда аз, жүн талшықтары қысқалау,әрі қылшығы молырақ болады. Ал шілде, тамыз айларының басында қозылардың жүні қырқылады, оны қозы күзем деп атайды. Ал күзем жүннен және қозы жүннен киіз басылады, текемет, сырмақ, қалпақ, киіз етік, пима сияқты киім- кешектер жасалады. Күзем жүнімен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға да жарамсыз болады.

Қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді өлі жүн деп атайды. Қоралардың ортасында түсіп қалған, бұталардың басында жиналған жүндерді шет- пұшпақ деп атайды. Мұндай жүндерді арқан-жіп есуге жұмсайды. Қой жүні талшықтарының жуан-жіңішкеліген, құрылымына қарай бөледі. Қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14,2-25 мкм, ұзындығымен ирегі біркелкі болады түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады.

Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 -35мкм. Мұндай жүннен трикатаж, жоғары сапалы шұға тоқылады.

Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады.

Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім т.б. жасауға пайдаланады.


Жүннің қасиеттері

Жүннің тұрмыстық қажеттіліктен басқа ғылымда адам денсаулығына пайдалы әсерлері де дәлелденген.


-Жүннің құрамындағы ланолин деп аталатын жануар балауызы медицинада, фармацевтикада жиі қолданады. Ланолин бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35-37 С температурада ериді, теріге тез сіңеді, бұлшық етке, тамырға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады. Жүннен жасалған бұйымдар әсіресе ревматизм, остеохондроз және радикулитпен ауыратын науқастарға ұсынылады. Сонымен қатар нерв жүйесін қалпына келтіреді.


-Ревматизм, остеохондроз, буын ауруларын емдеуге арналған жақпа майларының негізі болып табылады.


-Жүннен жасалған аяқкиімдерді табанға массаждаушы ретінде қолданылады.


-Жүн жылуды жақсы сақтайды, сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді.


-Жүннің күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі де бар. –

-Жүннің әр-түрлі шуды және тербелісті төмендететін қасиеті де бар.

Ата-бабаларымыз жүннен жасаған бұйымдарды көбірек тұтынғаннан ревматизм, бел аурулары, буын ауруларына шалдықпаған.

Жүнді бояу

8-10 л суға, 1метріне 15 грам есебімен бояу салыпбөлек ыдысқа бояуды сқұйып, араластырып қайнатады. Бояу түйіршігі тегіс еруі тиіс. Бір қайнағанна кейін отын азайтып (1метр суға 1 шай қасық уксус )Жүнін шымшып қарайды. Егер қанық түс керек болса көбірек қайнату керек.Суығанша қазаннан алып бастырып қою керек. Суығаннан соң кептіріп жайып аламыз.

Киіз бұйымдарын дайындау технологиясы

Киіз басуға кіріспес бұрын жүнді жуады, сұрыптайды және тулаққа салып сабайды. Жүн сабаудың негізгі мақсаты- жүннің түйіршіктерін жазып жұмсарту, түту. Киіз басу үшін алдымен сабалған үлпілдек жүнді шиге салып, тегістеп төсеп шығады. Басылатын киіздің көлеміне байланысты ою-өрнек түрлері салынады. Түрдің көрнекті болуы халық шеберлерінің өнері мен ой-өрісіне, талғампаздығына байланысты. Түр салынып болғаннан кейін оралған әрі сыртынын байланған шиді әлсін- әлсін ыстық су құя отырып, бір топ адамдар екі аяқпен кезек-кезек теуіп отырады.Мұндағы басты нәрсе киіздің бойында тепкі тимеген жер қалып қоймауы керек. Бұлау –киіздің тебуі жеткенде киіз оралған шиді шешіп, шиыршықталған киізді жазып,асты-үстін ауыстыра отырып 3-4рет шиыршықтап бүктеп, екі басын түйістіріп көктеп алып,тағы да ыстық су құйып сығымдағаннан кейін үстін тонмен, күпімен жылылап жауып тастау керек. Бұл әдіс кірлеу деп аталады, өйткені киізді булағанда кір су ағады.

Білектеу-булаудан шыққан киізді әрілі-берлі домалата отырып білекпен басу.

Түр салу –шүйкеленген жүннен немесе арнайы дайындалған талдырмадан киздің бетіне ою, өрнек басу. Түр салынған киіз текемет деп аталады. Яғни киізбен текеметтің айырмасы киіздің оюлы немесе ою-өрнексіз басылуына байланысты. Киізге түр салып басуды текемет басу дейді. Текеметке басылатын түр яғни өрнек екі түрмен салынады:

1.Түр ойыстырып салу; 2. Шүйкелеп түр салу.

Қайта-қайта ыстық су құйылып шынықтырылған киізді одан әрі шиыршықтап, қатайтып, ширата береді. Мұны қарпу деп атайды. Бұған әйелдер де, еркектер де қатысуы мүмкін. Қарпу жұмысы аяқталғаннан кейін білекпен қайта білектеліп, киізді тығыздалған үстіне тығыздап, әрі жұмсарта түседі. Содан кейін сыртқа шығарылып, күнге жайылады. Киізді реттеп, күнге жайып кептірген соң жұмыс бітеді.

Өндірістік кәсіпорындарда жүнді өңдеу

Қазіргі кезде жүн өңдеу жұмыстары өндірістік кәсіпорындарда атқарылады. Мұндай жұмыстар жүн жуу, жүн сорттау, жүн иіру, т.б. болып бөлінеді. Жүн жуу, жүнді маймен шайырдан, шаң тозаңнан т.б тазартатын арнаулы аппараттарда орындалады. Қазақстанда мұндай кәсіпорындар Тараз, Семей, Ақтөбе қалаларында салынған. Казір бұл кәсіпорындарды қайта іске қосу қолға алынып отыр. Жүнде майлы заттар көп болады. Мысалы: арқар-меринос қойдың жүнінде 30% - ға дейін май мен шайыр бар. Осылардан арылту үшін машинаның арнаулы ыдыстарына су құйылып оған көмір қышқыл, сода, калийлі сабын және аммиак қосылып әбден араластырылады. Ал жүннің иісін кетіру үшін көмір қышқыл газбен өңделеді.

Киіз басу жұмыстары да механикаландырылған. Киіз өндірісінде жүн арнаулы машиналармен көпсітіліп, майланып араластырылады да, тарақтан түту машинасымен түтіледі.Түтілген жүн жасалатын бұйым пішініне қарай тартылып, талдыру машиналарында дірілдеткіш, қызған тақталар көмегімен талдырылады., күкірт қышқылының ертіндісі сіңіріледі. Сөйтіп басу машинасына жіберіледі. Мұнда ол білектеуден өтіп нығыздалады, соның нәтижесінде бұйымның көлемі қажетті мөлшерге дейін кішірейеді.Білектеу бірнеше рет қайталанады.Әр білектелген сайын бұйым кергіш машиналармен түзетіліп отырады. Соңынан байпақ пен қалпақтарды қалыпқа кигізіп,ал киіздерді булы кептіргіштерде жайып кептіреді. Киіз басу –әрлеу, түгін қырқып тазалау, пресстеу, кесу т.б. жұмыстармен аяқталады.


Қазіргі заманда елімізде жүнді қолдану тәсілдері

Жүн басу немесе фельтинг- тоқылмаған жүннен әртүрлі бұйымдар жасау техникасы Жапония, Индия, Америка,Ұлыбритания сияқты елдерде өте ертекезден белгілі болған. Осыдан 15 жылдай бұрын ағылшын, жапон, американдық шеберлержүнмен белсенді жұмыс жасай отырып, жаңа техникаларды ойлап тапты. Осылайша нуно-киіз жүнді матамаен біріктіріп басу техникасы шықты. Нуно-киіздің авторлары Австралиялық және жапондық дизайнерлер- Стирлинг пен Сачико Котако. Бүгінгі күні нуно- киіз техникасы шет елдерде қең қолданысқа ие болып отыр.

Бүгінгі күні жүннен жасалған бұйымдар сәнді. Нуно-киіз техникасынан басқа жүн басудың екі түрі бар, құрғақ және дымқылдап басу. Құрғақ басуды кейде фильцнаделдеу деп те атайды. Бұл неміс сөзінен шыққан /filz-жүн, nadel-ине/киізді құрғақ басу үдерісі тұла бойында кертіктері бар ине арқылы жүреді. Жүнді арнайы инемен қайта-қайта қадайды. Осы процес кезінде талшықтар бір-бірімен тығыз байланысып, ұйысып ,біртұтас, тығыз материалға айналады.Құрғақ басу көлемді бұйымдар, ойыншықтар, моншақтар,әртүрлі бұйымдар , киізге өрнектер салуға қолданады.

Жүнді құрғақ тәсілмен басуға арналған құрал-жабдықтар:

Жүнді құрғақ әдіспен басу үшін арнайы инелерді қолданады. Үшбұрышты № 36, 38, 40 және жұлдызша тәрізді №38 инелер жиі қолданылады. Үшбұрышты инелер арнайы тісшелермен қапталған. Ине нөмірі көбейген сайын ине жіңішкере береді.

36-жүнді тез басу үшін қолданылаы.

38-әмбебап ине. Жұмыс басында да соңғы әрлеу кезінде де қолдануға болады.

40-бұйымды ақырғы өңдеген кезде қолданады. Жұлдызша тәрізді инелердің тісшелері бар төрбұрыштан тұрады. Бұрышы көбірек болған соң тісшелері де көп, сондықтан жүнді тезірек басуға мүмкіндік береді.

Басуға арналған жүн

Өңделген, боялған жүн.

Оймақ инемен жұмыс кезінде қолды жарақаттап алмас үшін қолданады.

Ая. Жүнді ұйпалауға қажет.

Желім. Көз, мұрын т.б бөлшектерін жабыстыруға қажет. Момент-кристалл. Супер Клей.

Құрғақ пастель бояуы. Бұл бояуды ұнтақтап қылқаламмен бұйымға жағады. Синтепон, сливер. Сливер-бұл боялмаған жүн. Синтепон көлемді, үлкен жұмсақ ойыншық жасаған кезде қолданады.

Фельтингке арналған инені қолдану ережесі:

-Инені үнемі жоғары бөлігігнен ұстау керек.

-Жүн басу кезінде алаңдамау, инені мұқият қарап отыру.

-Инені сындырып алмау үшін үнемі тігінен ұстау.

-Бұйым тығыздалған сайын инені жіңішкерегіне ауыстырып отыру. -Инені дымқыл жүнге қолданбау







Жүннен заманауи әдістермен бұйым жасау

Жүнді құрғақ басу және дымқылдап басу технологиясы бойынша 8 сыныптарға ашық сабағымды өткіздім. Сабақтың мақсаты биязы жүннен жасалатын бұйымдарды жасау технологиясын меңгерту. Оқушыларға жүннің қасиеттері мен киіз басудың кезеңдерімен таныстырдым. Сабақ барысында оқушыларды 2 топқа бөлдім. Жаңа сабақты слайд арқылы жүнді дымқылдап басу мен құрғақ басу тәсілдерін түсіндірдім.

Бірінші топ басылған киізден раушан гүлін жасады, ал екінші топ дымқылдап басу технологиясы бойынша моншақ жасады. Алдарына нұсқау карталарын тарқаттым және істелу технологиясын оқушыларға көрсеттім. Оқушылар қызыға жұмыс жасады.

«Раушан» гүліне нұсқау карта.

1.Алдын-ала жұқалап басылған түрлі түсті киіз.

2.Раущан гүлінің күлтелерін қиып алу.

3.Күлтелерді раушан гүліне келтіріп тігіп шығу.

4.Күлтелердің астына жасыл жапырақшаларды желіммен жабыстыру.

5.Сымға желім жағып жүн орау.

6.Жасыл жапырақшаларын орнату.

Нұсқау картасы. Жүннен моншақ жасау.


1.Басылған қалған қитық киізден домалақ жасап, үстінен жүнді жұқалап орау.

2.Домалақты жылу суға батырып, сабындап қолмен домалақтау.

3.Жүнді алақан арасына көбірек домалатып, стол үстіне домалату.

4.Дайын болған домалақтарды таза суға жуып кептіріп аламыз.

5.Домалақтарды жіпке тізіп моншақ жасаймыз.

Сабақ барысында оқушылар жүннен түрлі бұйымдар жасауға болатынын түсінді. Слайдтан неше түрлі сәнді оюланған сырт киімдерді көріп, биязы жүнге қызығушылықтары артты.

Еліміз егемендік алғалы жас ұрпаққа өз халқының өнегесін, әдет- ғұрпын насихаттау күн тәртібіндегі өзекті мәселе болуда.

Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырады. Ата кәсіпті қайта дамыту, ата мұраны қалыптастыру мәдени дамытуға үлес қосу деп білемін.




Қорытынды бөлім

Жалпы киізден жасалған бұйымдар, киімдер, аяқ киім жеңіл, денеге қолайлы, денені терлетпейді және адам ағзасына өте пайдалы. Өйткені ол табиғи таза материалдан жасалған және оның құрамында пайдалы ланолин бар. Қазір киіз бұйымдарын пайдалану әлемдік трендке айналған. Киіздің табиғи, экологиялық таза,жеңіл,қолайлы , денеге пайдалы қасиеттері өте жоғары бағаланады.

Жүн біздің халқымыздың тарихын, мәдениеті мен дәстүрін айқын көрсететін киелі материал.

12 жылдық жалпы орта білім беруде біздің қазақ халқының қолданбалы қолөнерінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні зор болмақ. Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің болуы қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе болып отыр. Бұл осы күні ұмыт бола бастаған , оқушылардың көбі біле бермейтін киіз, текемет басу, кілем, ши, алаша тоқу өнері деуге болады. Сол себептен мектептегі технология сабағын халықтық қолөнермен ұштастырудың маңызы зор.Неше түрлі әсем қолөнер бұйымдарын жасап үйрену оқушыларды шығармашылыққа бастайды.Сондықтан технология сабақтарында дәстүрлі халықтық қолданбалы қолөнер бұйымдарын , әшекейлерін жасауға көптеп көңіл бөлуіміз керек., олардың мағынасын түсіндіріп, шығармашылықпен жұмыс жасатуымыз керек. Осы орайда дәстүрлі сабақтардан сәл ауытқып ,оқушының ойы мен іс-әрекетіне белсенділігіне еркіндік беретін , жаңаша оқытудың артықшылығын айтқым келеді. Осыған байланысты көмекші құралдарды, жинақталған мағлұматтарды, ұлттық қолданбалы қолөнер туындылары,туралы көрнекі құралдарды(слайдтар, үлестірмелі материалдар , суреттер, журналдар) тиімді пайдаланудың маңызы зор. Технология сабағы- мектеп оқушыларын рухани байытып, шығармашылығын қалыптастыратын пәндердің бірі. Технология пәнінде ұлттық қолөнерді ,тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды қалыптастырамыз.

-рухани мәдениетке;

-еңбекқорлыққа;

-Ұлтжандылыққа;

-шыдамдылыққа,

-шеберлікке;

-шығармашылыққа.

Қазақ халқының қолөнерін жасап, заманымызға сай түрлендіру әдісімен ілгері дамыта беруіміз керек.









Пайдаланған әдебиеттер

1.Мектептегі технология №9 2014ж

2.Төрлетіңіз №5 2015ж

3.Мектептегі технология № 6 2015ж

4.Мектептегі технология №1 2015ж

5.«Шаңырақ» үй тұрмыс энциклопедиясы.

6.Gooqle.kz интернет материалдары.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!