Материалдар / Жүннен жасалған бұйымдар,Отбасы гүлін өсіру,Эссе,Білім негізі-бастауышта,Мақал-мәтелдер

Жүннен жасалған бұйымдар,Отбасы гүлін өсіру,Эссе,Білім негізі-бастауышта,Мақал-мәтелдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2019
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің аты-жөні: Батыргалиева Шынар ХалеловнаМектебі: №14МГҚала: АстанаБілімі: жоғарғыСабақ беретін пәні: бастауыш сынып Санаты: I-санат



Білім негізі бастауышта

«Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек. Орнықты оқу болмай қалт-құлт етіп оқытқан оқу-білім үйретіп жарытпайды»-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі таңда баланы оқытып, тәрбиелеу сапалы да орнықты болу қажет. «Бастауышта қаланады оқушыда нәр- білім,Сан жылдарға сақталады ұстаз берген тәлім»Қазіргі күн санап дамып отырған заман талабына сай білім, тәрбие негізі бастауыштан басталатыны, оны күнде жаңалап отыру керектігі бәрімізге аян. Білім жүйесіндегі өзгерістерге байланысты қазіргі уақыт талабына сай оқушылардың жеке дамуының нәтижелі жолын іздеу, ақыл-ойы мен рухани қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағыталған оқу-тәрбие жүйесін дамыту алғашқы міндеттердің бірі болып отыр.Бастауыш мектеп мұғалімі- ерекше мұғалім. Ол балалар мен ересектер әлемін ұштастырушы. Ол енді қалыптасудағы сәби психикасының терең құпияларын жете таниды, балаға білім бере алады, тұлға – азамат болуға баулиды.Маңыздылық тұрғысынан бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін басқа кез-келген еңбекпен салыстыруға болмайды, себебі мұғалім төккен маңдай терінің жемісі-тұлға.Осы аса білгір, өте жауапкершілігі мол бала өміріндегі тұңғыш мұғалімге отбасы мен қоғам өзінің ең ардақты перзентін, аяулы азаматы мен елінің тағдырын, өз мемлекетінің жарқын болашағын үлкен сенім және үмітпен тапсырады.Мұғалім лауазымның сипаты да оның осы әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігімен анықталады. Бастауыш – білім берудің іргетасы. Бастауыш мұғалімі оқу мен тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырады. Қай оқыту технологиясын алсақ та ол баланың ой-санасына, жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алынуы керек деп ойлаймын.Мен өз сабағымда жаңа буын оқулықтарын оқытудың қазіргі әдістерінің бірі-«Сыни тұрғысынан ойлау»технологиясын пайдаланамын. Бұл технологияны бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу кезінде пайдаланған өте тиімді. Менің әдістемелік тақырыбым: « СТО технологиясы әдістері арқылы оқушыларды ойнай отырып ойлануға үйрету»Мақсатым:Жан-жақты дамыған, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Ойын түрлері арқылы ойлана білуге, өз ойларын толық жеткізе алуға, шапшаңдыққа, қырағылыққа, ата-дәстүрімізді ұмытпауға тәрбиелеу.Осы тақырыпты таңдауға не себеп болды?Жалпы бастауыш сыныпқа қабылданған кейбір балалар сөз, сөйлем құрып, шағын әңгімелер мен ертегілер айтып бере алатындай болып келеді.Дегенмен, олардың бәрінде бірдей өз ойын еркін жеткізіп, жүйелі, сауатты сөйлеу, ой қорытуы бола бермейді. Ал, оны әрі қарай дамытып, жетілдіру мұғалімнің міндеті. Бастауыш сынып оқушыларын ойын ойнау арқылы ой-өрісін дамыту қиынға соқпайды. Себебі әр бала ойын арқылы ойланып ойы дамыса, қимыл-қозғалыс арқылы денесі шынығары сөзсіз. Әр сабағымда неше түрлі ойындар арқылы балаларды ойлануға да, қимыл- қозғалыс жасауға да үйретіп отырамын. Ойын баланың көңіл-күйін көтереді, әр бала батыл, еркін, көңілді, сабаққа қатысып отырады, әрі ата-салтымызды да ұмытпайды.Математика сабағында есептер, мысалдар шығару кезінде «кім шапшаң?», «шапалақ», «орнын тап», немесе кез келген ертегі кейіпкерлеріне көмектесу арқылы балалар тапсырмаларды шапшаң, қатесіз орындауға үйренеді.Дүниетану, ана тілі, қазақ тілі сабақтарында «сақинам шық», «арқан тарту», «кім күшті?», «ұйқасын тап», «не жоғалды?» «сиқырлы сандық», т.б ойындар арқылы оқушылар өз ойларын тез жинақтауға, ұйымшылдыққа, тәртіптілікке, қырағылыққа, таза, сауатты жазуға,өз ойларын толық жеткізе білуге үйренеді. Сондай-ақ оқушылар бүгін тағы қандай жаңа ойын ойнаймыз екен деген қызығушылықпен, ізденушілікпен сабаққа қатысып отырады. «Ертегіні бейнелейік» ойынында балалардың әртістік шеберліктері оянады. Өздерін еркін ұстауға, өз жетістіктері мен қабілеттерінің қаншалықты екеніне қөздері жетіп өз-өздерін бағалауға үйренеді. Әрине сынып жоғарылаған сайын ойын түрлері де жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгеріп отырады. Жаңа тақырыпты ойынмен бастау немесе қорытындылау мұғалімнің шеберлігін талап етеді.Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының кез-келген элементіне тоқталсақ та ойынмен байланыстыру қиын емес. Өлең құрастыру

Эссе жазу Сурет бойынша мәтін жазу

Әңгімені аяқтау Шығармашылыққа Болжап оқу үйрену сабақтарыРАФТ Рефераттар Ішке-сыртқа Қиялдау арқылы сурет салу

Кейіпкерге мінездеме Бөліктерге бөлу,ат қою

Мысалы: жоғарыдағыдай жұмыс түрлерін істеуге үйретіп жүрмін.Осы жұмыс түрлерінің қайсысын болмасын ойын элементтерімен қатар байланыстыра қолданып отырамын.Ойын мен баланы бөлу мүмкін емес. Тіпті сабаққа ынтасы, қабілеті төмен деген оқушының өзі ойын дегенде ынтасы көтеріліп, сабаққа қызығушылықпен қатысады. Ойын баланың шығармашылық қабілетін арттыра түседі. Кез-келген сабағымда ойын ойнау арқылы тақырыпты ашып,одан әрі дамыту маған қиынға соқпайды. Ата-аналар жиналысында олармен де ойын ойнау олардың көңіл-күйлерін көтеріп, сергітіп,тез тіл табысуға көмектеседі. Оқытудың тиімді түрлері мен әдістерін қолдану, оқушылардың бағдарламалық материалды сапалы менгеруіне ықпал тигізеді. Өз сабақтарымда жаңа технология түрлерін қолдануға тырысамын.Жыл сайын мектепішілік, қалалық, облыстық семинарларда ашық сабақтар өткізіп жүрмін.Сабақта танымдық ойындарды пайдалану оқушылардан төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты,шеберлікті т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді және білімге құштарлығын арттырады. Мысалы:ребус,әзіл есеп,жаңылтпаш,жұмбақ,мақал-мәтелдер баланың шығармашылық қабілетін арттырады. Осындай жұмыстың нәтижелері оқушылардың түрлі сайыстарға қатысып,мадақтарға ие болулары немесе еңбектерінің басылым бетіне шығуы деп ойлаймын



Шәкіртпен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға-ұстаз. Шәкірт ұстаз еңбегін сезініп, сенімін ақтаса ғана сол сезімнен ұстаз биік көрінеді деп ойлаймын.Осындай ұстаз бен шәкірттің ізденісі арқылы оқу және жазу,сөйлеу және ойлау сауаттылығының дамитындығы сөзсіз.Жоғарыда айтылған түрлі жұмыстардың іске асуы арқылы,оқушыларды ортаңғы буынға шығарып салғанда төмендегідей нәтиже күтіледі.-оқу жане жазу,ойлау және сөйлеу сауаттылығы дамыған тұлға-жан-жақты дамыған,шығармашылық қабілеті жоғары тұлға-өзін-өзі бақылай,бағалай алатын тұлға -ізденушілік, зеттеушілік , өзіндік мақсаты бар жеке тұлға «Егер мұғалім өз ісін ұнататын болса ол тәуір мұғалім. Егер мұғалім өз оқушысын тек атасы мен анасы секілді сүйетін болса, ол барша кітаптарды оқыған,бірақ ісіне де,балаға да құлқы жоқ мұғалімнен жақсылау. Егер мұғалім балаға да,ісіне де болған махаббатын ұштастыра алса-ол ұстаздың төресі»-деп Л.Н.Толстой айтқандай оқушы жүрегінің кілтін таба білу әр ұстаздың міндеті деп білемін.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ