Материалдар / Жұқа қаңылтырдан шекімелеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жұқа қаңылтырдан шекімелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сыныпқа сабақ жоспары ретінде қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
658
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні : Технология (ұл) Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Жұқа қаңылтырдан шекімелеу


Сабақтың мақсаты:

а)Білімділігі: Жұқа қаңылтырдан шекімелеуәдісімен

таныстыра отырып қаңылтырды

көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің

бірі –шекімелеу әдісін оқушуларға үйрету.


ә)Дамытушылығы: Жұқа қаңылтыр мен қаңылтыр металды

түзетудің сарамандық дағдысын

қалыптастыру


б)Тәрбиелілігі: Оқушылардың іскерлігін, шеберлігін,

икемділігін қалаптастыру


Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелілік

Сабақтың көрнекілігі:Қолөнер бұйымдары, технологиялық карта

Сабаққа керекті құрал-саймандар: темір кесетін қайшы,жұқа қаңылтыр,ою-өрнек шаблондар,төстік ағаш,шекімелеу шеге түрлері


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасу,түгендеу.

Жұмыс орнын дайындау,құрал-саймандарын тарату. 


Үйге тапсырма тексеру:

Оқушыдан бұйымнын орындалу әдісін және кездескен қиындықтарын сұрау


Жаңа сабақты түсіндіру.

Жұқа қаңылтырды көркемдеп өңдеу-шекімелеу

-Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі.Ерте заманда біздің ата-бабаларымыз шекімелеу арқылы үй-жихаздарын,зергерлік бұйымдарын,ыдыс-аяқтарын,қару-жарақ,белбеу,музыкалық аспаптарын,мал шаруашылығына арналған құралдарын т.б заттарын әшекейлеген.Бір сөзбен айтқанда,шекімелеу әдісі қазақтың тұрмыс тіршілігінде кеңінен пайдаланылған.

Сондықтан біз ата-бабаларымыздың кәсібін дамыту мақсатында бүгінгі сабақта шекімелеу әдісін үйренеміз.Алдымен жұқа қаңылтарды ,металды өнер туындысына айналдыру үшін оларды түзету керек.Осы жұмыстың мақсаты :жұқа қаңылтыр мен қаңылтыр металды түзетудің сарамндық дағдысын алу,әр-түрлі металдардың түзетулерін слыстыру.Болат қаңылтырды балғамен түзету.Жұқа болат қаңылтырды тақтаймен түзету.

1. Қаңылтыр металды жұқа қаңылтыр тақтайдың көмегімен түзету.2.Оң қолға тақтайды алып,оны аздап қысу арқылы кесіндінің ұзына бойымен шетіне дейін жылжытады.3.Кесіндіні ұстап тұрған сол қолды жарақаттап алмау үшін қолғап киіп алады.4. Қаңылтырдың бір жағын түзеткеннен кейінаударадыда ,екінші жағын түзетеді.Кесінді толық түзелмейінше осылай жалғаса береді..


Сарамандық жұмыс:

Алдымен,жұмысқа кіріспес бұрын ,шеберханадағы жалпы техника қауіпсізді ережесін оқушылардан сұрау.Жұмыс істеу тәртібі:1.Ережені қайталау.2.Қағазға түсірілген оюды қию.3.Қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады.4. Қаңылтыр пластинаның бетіне оюды карындашпен түсіру.5.Бедерлегіш балға арқылы және шеку шегелерін пайдаланып карындашпен түсірілген оюды көркемдеу.6. жұмысты аяқтау.Сыныптағы ер балаларды 4-топқа бөліп,әр топқа жеке тапсырма беріледі.1-топ сандықтың алдын,2-топ сандықтың артын,3-4 топ қапталын жасайды.Әр топта 2-оқушы –шеку жасайды,келесі екеуі қағаздан ою қиып қаңылтырға түсіреді. Төрт қаңылтырпластинаға жасалған шеку сандықтың алдына, артына ,екі қапталына жапсырылады.5.Жұмыс аяқталған соң әр топ жасалған жұмыстарын қорғайды.


Оқушыларды бағалау :Оқушылардың жасаған жұмыстарын салыстырмалы түрде бағалау. Толықтыратын жерлерін айтып өту.


Сабақты қорытындылау:

Қаңылтырға ою-өрнектер қалай түсіреміз?

Шекімдеу бегеніміз не?

Шекімдеудің қандай әдістерін білесің?


Үйге тапсырма беру. Қаңылтырға ою-өрнектер түсіру.

Жұмыс орнын жинау,құрал-саймандарды мұғалімге өткізу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!