Материалдар / Жүрек қалауымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүрек қалауымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқытушыларға жаңа сабақ жоспарын құру мақсатында керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2020
347
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Мектебі: «Құрық ауылының №6 орта мектебі»
Мұғалімі:Макирова Айна Хасаинқызы
Сыныбы: 6 «А.Ә»
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Жүрек қалауымен
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.
Мақсаты: Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасау мәнін түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жанашыр болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты
орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Тыныштық сәті.
ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс
алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге
шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды
елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған
күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып
кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.
Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және
хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен
ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы,
ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың
сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында
бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да
оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға
тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және
қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс
жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша
сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз.
Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір
мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген
жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік.
Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы
жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет!
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. №26 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.
Сұрақтар:
1. Жәнібектің игілікті іс істеуінің мәні неде деп ойлайсыңдар?
2. Мәтіндегі «Біздер аз күнде – ақ бір – бірімізді көптен бері білетін адамдардай
жақындасып кеттік» деген ойдан не түсіндіңдер?
3. Адамдар бір – бірімен риясыз араласуы үшін олардың бойында қандай қасиеттер болуы
керек? Неліктен?

3. Сабақтың дәйексөзі.
«Әділдік пен ізгілік,
Қарсы алады жүз күліп.
Халық даналығы.
Сұрақтар:
1. Сүйіспеншілік дегеніміз не?
2. Өз бойларыңда қандай ізгі қасиеттеріңді дамытып жүрсіңдер?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)
Қажымұқан палуан
(1871 – 1948)
Қажымұқан Мұнайтпасов – әлемдік аренаға шыққан қазақтың тұңғыш палуаны, дүниежүзінің
бірнеше дүркін жүлдегері.
Қажымұқан он төрт жасында саудагер байға жалшы болады. Қыс мезгілі. Бірде бай оны атшанамен
шөп алып кел деп жұмсайды. Қайтар жолда қар жауып, ат шананы тарта алмай зорығып өледі. Қажымұқан


Page 2

ойланбастан атты шөптің үстіне лақтырып тастап, шананы атымен бірге өзі
сүйреп алып келеді.
Қажымұқан күрес өнерін өзінің туысы Ержақ палуаннан үйренеді.
Кейін Санкт – Петербургтегі атақты Лебедевтің палуандар мектебінде
әбден шыңдалып толысады. Осы кезде даңқы жер жарған Иван
Поддубныймен достасады. Алекс Аберг, Збышко Цыганевич, Иван
Шемякин сияқты орыс-поляк және Қара Ахмет, Мұстафа атты түрік
палуандарын жеңіп, әлемге аты әйгілі болады. Жапон палуаны Саракаки
Жиндофуды «джию-джитсу» күресі әдісімен жығады. 1917 жылғы Қазан
төңкерісінен соң Қажымұқан туған елі Қазақстанға оралады.
Ел-жұртты аралап әр-түрлі ойындар көрсетеді. Ұлы Отан соғысы
жылдарында қартайғанына қарамастан, палуандардың ойындарын өткізіп,
жинаған ақшасына ұшақ жасатты. Оған ұшқыш Б.Шалабаев ие болып, талай ерліктер көрсеткен.
Қазір Шымкент облысы, Темірлан ауылында Қажымұқанның мұражайы бар.
Сұрақтар:
1. Қажымұқан атамыздың бойынан қандай ізгі қасиеттерді байқадыңдар?
2. Палуан болу үшін адамға тек дене күшінің болуы жеткілікті ме? Неліктен?
3. Қандай адамдардың бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі тұтасыңдар?
4. Өз бойларыңыздағы ізгі қасиеттерді қандай дұрыс әрекеттер арқылы дамытып
жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
1 – топ: «Сүйіспеншілік».
Сүйіспеншілік не үшін керек?
2 – топ: «Ізгілік».
Ізгілікті болу үшін не істеу керек?
3 – топ: «Мейірімділік».
Мейірімділік не үшін қажет?

Топпен ән айту.

Жақсы адамдар
Әні мен сөзі: А. Оралов
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Жақсы адамдар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.

7. Үй тапсырмасы.
1. №27 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №28, «Ізгілік, махаббат, мейірім» мәтінін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.


Page 3

Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу
жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту
кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды
сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға
болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!