400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Жүрек қалауымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________ «____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: _______________

Күні: _______________

: 27

Мұғалімі: _________________________

Сыныбы: 6

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Жүрек қалауымен

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.

Мақсаты: Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасау мәнін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. http://kz-minusovki.ucoz.kz

3. bilim-all.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Орын ауыстыру» ойыны
Қатысушылар шеңбермен отырды. Жүргізуші ортада орындықсыз тұрады. Оның мақсаты: орын тауып алу. Ол ойыншы, мысалы, сақина таққандар орындарымен ауысады, әлде қара киім кигендер орындарымен ауысады. Сол кезде жүргізуші жылдам біреудің орнына отырып алу керек. Орындықсыз қалған қатысушы ойыннан шығады.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №26 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №27, «Ұлыма хат» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

    1. Жәнібектің игілікті іс істеуінің мәні неде деп ойлайсыңдар?

    2. Мәтіндегі «Біздер аз күнде – ақ бір – бірімізді көптен бері білетін адамдардай жақындасып кеттік» деген ойдан не түсіндіңдер?

    3. Адамдар бір – бірімен риясыз араласуы үшін олардың бойында қандай қасиеттер болуы керек? Неліктен?


3. Сабақтың дәйексөзі.

«Әділдік пен ізгілік,
Қарсы алады жүз күліп.

Халық даналығы.

Сұрақтар:

  1. Сүйіспеншілік дегеніміз не?

  2. Өз бойларыңда қандай ізгі қасиеттеріңді дамытып жүрсіңдер?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Қажымұқан палуан

(1871 – 1948)

Қажымұқан Мұнайтпасов – әлемдік аренаға шыққан қазақтың тұңғыш палуаны, дүниежүзінің бірнеше дүркін жүлдегері.

Қажымұқан он төрт жасында саудагер байға жалшы болады. Қыс мезгілі. Бірде бай оны атшанамен шөп алып кел деп жұмсайды. Қайтар жолда қар жауып, ат шананы тарта алмай зорығып өледі. Қажымұқан ойланбастан атты шөптің үстіне лақтырып тастап, шананы атымен бірге өзі сүйреп алып келеді.

Қ ажымұқан күрес өнерін өзінің туысы Ержақ палуаннан үйренеді. Кейін Санкт – Петербургтегі атақты Лебедевтің палуандар мектебінде әбден шыңдалып толысады. Осы кезде даңқы жер жарған Иван Поддубныймен достасады. Алекс Аберг, Збышко Цыганевич, Иван Шемякин сияқты орыс-поляк және Қара Ахмет, Мұстафа атты түрік палуандарын жеңіп, әлемге аты әйгілі болады. Жапон палуаны Саракаки Жиндофуды «джию-джитсу» күресі әдісімен жығады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қажымұқан туған елі Қазақстанға оралады.

Ел-жұртты аралап әр-түрлі ойындар көрсетеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында қартайғанына қарамастан, палуандардың ойындарын өткізіп, жинаған ақшасына ұшақ жасатты. Оған ұшқыш Б.Шалабаев ие болып, талай ерліктер көрсеткен.

Қазір Шымкент облысы, Темірлан ауылында Қажымұқанның мұражайы бар.

Сұрақтар:

  1. Қажымұқан атамыздың бойынан қандай ізгі қасиеттерді байқадыңдар?

  2. Палуан болу үшін адамға тек дене күшінің болуы жеткілікті ме? Неліктен?

  3. Қандай адамдардың бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі тұтасыңдар?

  4. Өз бойларыңыздағы ізгі қасиеттерді қандай дұрыс әрекеттер арқылы дамытып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Сүйіспеншілік».

Сүйіспеншілік не үшін керек?

2 – топ: «Ізгілік».

Ізгілікті болу үшін не істеу керек?

3 – топ: «Мейірімділік».

Мейірімділік не үшін қажет?


Топпен ән айту.


Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар


Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


7. Үй тапсырмасы.

1. №27 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №28, «Ізгілік, махаббат, мейірім» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.05.2021
552
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі