Жүргізушінің жұмысын ұйымдастыру

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Жүргізушінің жұмысын ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларды жүргізушінің жұмысы қандай заңдармен реттелетінін, әртүрлі жүктерді тасымалдауда жүргізушілерге қойылатын талаптармен, тасымалдау талаптарына бағынбаудың салдарымен, техника ережелерімен таныстыру, қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін мұғалімге арналған сабақ жоспары№ 8

Жүргізушінің жұмысын ұйымдастыру

(сабақтың тақырыбы)


«Жүк тасымалын ұйымдастыру және технологиясы» пәні бойынша

КМ 04 Құжаттаманы жүргізу

(пәннің/модульдің атауы)


Дайындаған мұғалім ____Амрина Маржан Тлеугазиновна__________
«__08__» ______02_______ 20_23_ года

1. Негізгі ақпарат

Курс, топ: 2 курс 21 ЭАк

Сабақтың түрі: аралас

2. Сабақтың мақсаты:

- білімділік: білім алушыларды жүргізушінің жұмысы қандай заңдармен реттелетінін, әртүрлі жүктерді тасымалдауда жүргізушілерге қойылатын талаптармен, тасымалдау талаптарына бағынбаудың салдарымен, техника ережелерімен таныстыру, қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру

- дамытушылық: ой-өрісін дамытуға, жеке жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, ақпарат көзімен жұмыс істей алуына, алған білімдерін топтастыра алуына мүмкіндік жасау

- тәрбиелік: саналы түрде тәртіпті және мінез-құлық нормаларын қалыптастыруға жағдайды қамтамасыз ету, жұмыс барысында тәртіпті қалыптастыруға бағытталған жағдайларды жасау, оқу барысында керекті дербес дағдыларға үйрету, сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, ұжымда жұмыс істей алуға үйрету..-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.

3. Сабақтың жабдықталуы: мультимедия, презентация

Пәндер байланысы: Автомоб көлігінің жылжымалы құрамы, Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Автокөлік құқығы, Өндірістік оқыту

Қолданылатың технология: Оқытудың интерактивті әдістері мен проблемалық оқыту технологиясын зерттеу және қолдану

Сабақ типі: аралас

Сабақ көрнекіліктері: презентация, үлестірме материал

Әдебиеттер:

1. М.С. Ходош «Грузовые автомобильные перевозки» 1986

2. Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 548 бұйрығы. 

3. Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығы.

4. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.04.2020 № 215 бұйрығы.

5. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.


Сабақ құрылымы:

Сабақ құрылымының элементтері

Уақыт

І

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

ІІ

Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсатымен таныстыру

5 мин

III

Үй жұмысын тексеру

15 мин

ІV

Жаңа тақырыппен таныстыру

35 мин

V

Бекіту

25 мин

Үй тапсырмасы

3 мин

VІІ

Сабақ қорытындысын шығару

5мин


Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. сәлемдесу, сабаққа қатысушыларды тексеру, киім үлгісін тексеру, журнал толтыру


ІІ Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақтың мақсаты: жаңа тақырыпты оқу барысында оқушылар міндетті: жүргізушінің жұмысы қандай заңдармен реттелетінін, әртүрлі жүктерді тасымалдауда жүргізушілерге қойылатын талаптарды, тасымалдау талаптарына бағынбаудың салдары туралы ақпарат алу.

III Үй жұмысын тексеру:

Ең алдымен өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берейік.

Үй тапсырмасын тексеру «Құжаттармен жұмыс жасау» арқылы жүзеге асады. Бір партада отырған 2 оқушыларға қате толтырылған бір «Келісім шарт», «Тауарлы-көліктік құжат» немесе «Жол бетшесі» таратылады, қатені табуға 5 минут беріледі, жауабы дайын болған жұптан басатап жауаптар тыңдалады, қосымша сұрақтар қойылады. Құжатпен жұмыс жасау дәлдігі мен сұрақтарға жауап беру дұрыстығы ескеріле отырып бағаланады. Бағалары бірден жарияланады.

Сұрақтар тізімі:

1. Тауарлы-көліктік құжат анықтамасы

2. Тауарлы-көліктік құжат түрлері

3. № 1Т тауарлы-көліктік құжаттың берілу жағдайы

4. № 2ТМ тауарлы-көліктік құжаттың берілу жағдайы

5. Тауарлы-көліктік құжатқа қандай лауазымды тұлғалар қол қояды?

6. Тауарлы-көліктік құжаттың тауарлы бөлігінде қандай ақпарат толтырылады?

7. Тауарлы-көліктік құжатты кім толтырады?

8. Тауарлы-көліктік құжат қайда басылып шығарылады?

9. Тауарлы-көліктік құжат неше данада толтырылады?

10. Жол бетшесі анықтамасы

11. Жол бетшесінің түрлері

12. № 4 П жол бетшесінің берілу жағдайы

13. № 4 С жол бетшесінің берілу жағдайы

14. № 4 М жол бетшесінің берілу жағдайы

15. Жол бетшесінде қандай ақпарат толтырылады?

16. Жол бетшесін кім толтырады?

17. Жол бетшесі қайда басылып шығарылады?

18. Тауарлы-көліктік құжат неше данада толтырылады?

19. Жол бетшесіне қандай лауазымды тұлғалар қол қояды?

20. Диспетчер жол бетшесін өндеу барысында қандай ақпарат алады?

21. Келісім шарт не үшін қажет?

22. Келісім шарт неше данада толтырылады?

23. Еңбек кодексіне сай жүргізуші аптасына максималды неше сағат жұмыс істеу керек?

24. Еңбек кодексіне сай жүргізуші екі аптада максималды неше сағат жұмыс істеу керек?

25. Келісім шарт қандай бөлімдерден тұрады?

26. Келісім шарт қандай мерзімге толтырылады?


ІV Жаңа тақырыппен таныстыру:

Жаңа тақырыппен танысар алдында «Жүргізуші» сөзіне ассоциация құрайық – көлік, жол, куәлік, келісім шарт, тауарлы-көліктік құжат, жол бетшесі, діріл, денсаулық, арақашықтық, жол жүру ережесі және т.б.

Жүргізушінің жұмысын реттейтін басты құжаттардың бірі - Еңбек Кодексі, ол 2015 жылғы 23 қарашада қабылданды. Сонымен қатар, нақты жүк түрлерін тасымалдау барысында автокөлік жүргізушілерінен қосымша талаптар талап етілуі мүмкін. Оларды жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру және автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары анықтайды.

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында топтық жұмысты қолданылатын боламыз. 3 топ құрылады. «Жүргізушінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбына сай әр топқа зеріттелетін матерал алдарына таратылады. Материалмен танысуға 10 минут уақыт беріледі.


V Бекіту:

Әр топ өздеріне бекітілген бөлімге сай қарсылас командаларға 6 сұрақ дайындайды:

1 топ: Үйілмелі жүктерді тасымаладуда жүргізушінің міндеттері

2 топ: Қауіпті жүктерді тасымаладуда жүргізушінің міндеттері

3 топ: Жануарларды тасымалдауда жүргізушінің міндеттері

Сонымен қатар, қарсылас топтан жауап беретін 3 адамды өздері таңдайды. Бір адам тек бір сұраққа жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі.

Сайыс сонында ұпайлар саналады. Ұпай саны ең көп топқа 15 пайыз, екінші топқа 10 пайз және үшінші топқа 5 пайыз негізгі бағаларына қосылады.

VІ Үй тапсырмасы:

Конспектіні мазмұндау


VІІ Сабақ қорытындысын шығару

Пәннің жалпы мақсаттарын қайталау, оқушылардың сұрақтарына жауап беру. Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді атап өту.


Пән оқытушысының қолы: _______________________ М.Т. Амрина


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2023
628
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі