400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ЖҮРІСІ ЖЫЛДАМ ДӘУІР»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп». Бұл бізге көнеден жеткен, жадымызда сақталуы тиіс ескі тәмсіл. Шынында да білімді болу, жан-жақты болу Елбасы айтқандай заман талабы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ЖҮРІСІ ЖЫЛДАМ ДӘУІР»

Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда қабілетті, аса білімдар адам ғана табысқа жетеді.

Елбасы жолдауларынан.

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп». Бұл бізге көнеден жеткен, жадымызда сақталуы тиіс ескі тәмсіл. Шынында да білімді болу, жан-жақты болу Елбасы айтқандай заман талабы. Бұл өзгермейтін аксиома болып, қашанда қала бермек. Елбасы өзінің жолдауларында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» - деген болатын. Расында кезінде ата-бабамызға өз заманына сай озық ойлы білімді болуы талап етілді. Біздің қазіргі уақытта ағылшын тілін білуіміз керек болғандай, олардан да өз дәуірінде араб, парсы, орыс тілдерін жетік білулері, өздері үшін кезек күттірмейтін меже болды. Соның пайдасында олар қыр асып, өз замандастарына қарағанда биікті бағындырып, жерді шарлап білім ізденді. Оған дәлел Абай, Шоқан, Шаһкерім аталарымыздың ғибратты жүріп өткен соқпақты өмір жолдары. Сонымен қатар Елбасы тәуелсіздік жылдарында білімге көп күш жұмсалғанын, соның негізінде «Болашақ» бағдарламасының негізін қалап, осы жүйемен он мыңдаған жастарды әлемнің маңдай алды университеттерінде оқытып, дайындағанын тілге тиек етті. Расында осы бағытпен елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылып, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасқанын бүгінгі ұрпақ білуі тиіс деген болатын.

Ілгері де бір ғұламаға ауылдастары: 1. - Білім артық па, байлық артық па? –деп сауал тастаған екен. Әлгі ғұлама: - Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық бақылдардан қалған мұра. 2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады. 3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады. 4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі. 5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің. 6. Білімің көп болса, ел саған қызығады, байлығың көп болса, ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол. 7. Білім артық, білімің көп болғанмен, есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық. 9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады. 10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық деген екен.

Қорытындылай келе, ойымды Елбасының сөзімен аяқтағым келіп тұр. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Өз аты-жөніңізді жазарсыз

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19.04.2023
229
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі