400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жұрнақ пен жалғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен өткізген аық сабағымның жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Идрисова Динара Исмайловна

184 негізгі мектебінің бастауыш сынып

мұғалімі

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Қожакент ауылы




Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау. 282-286 жаттығу 
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатыны туралы түсінік бере отырып, олардың қызметіне қарай жұрнақ және жалғау бөлінетіні туралы түсінік беру. 
2. Қисынды ойлау, алған білім , білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылу емлесі туралы алған білімдерін дамыту. 
3. Еркін сөйлеуге, бір-бірін сыйлауға, үлкендерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: кесте, суреттер, қима қағаздар, тірек-сызба, ойын құралдары, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: суретпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, талдау, жинақтау, миға шабуыл, интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар,рефлекция
Түрі: жаңа сабақ 

Типі: пысықтау сабақ

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. 
-Сабаққа назарын аудару 

-Сынып тазалығы
-Кезекші мәліметі

-Үй тапсырмасын сұрау.


І.Топқа бөлу.

Геометриялық фигуралар арқылы балаларды 4 топқа бөлемін.

1 топ – Тапқыр

2 топ – Алғыр

3 топ – Білгір

4 топ - Зерек


ІІ.Психологиялық дайындық. 

Әр топтың оқушылары орындарынан тұрып қолдарынан ұстап бір-біріне жақсы көңіл-күйлерін береді. «Біз бүгін көңілді келдік. Орнымыздан тұрып, қолдарымыздан ұстап өзіміздің жақсы көңіл-күйлерімізді бір-бірімізге берейік. Өйткені көңіл-күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз».

1 топ: «Сабақта шапшаңдық»

2 топ: «Оқуда алғырлық»

3-топ: «Білімге құштарлық»

4-топ: «Әрдайым сәттілік» БОЛСЫН.


ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 

279-жаттығу.

Түбір сөздерді бір бөлек, қосымшалы сөздерді бір бөлек топтастыру.

Жаттығуды тексеріп шығу. Екі баланы тақтаға шығарып жаздырту.

-түбір, түбір сөз дегеніміз не? 
-қосымша дегеніміз не?

-бұл сөздерге қатысты қандай ережелер білеміз? Ережелер айтылады.

І.Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.

Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүнң бөртеде қалың орманның ортасындағы зәулім үйде Қосымша деген атайдың екі немересі өмір сүріпті. Біреуінің аты – Жұрнақ, екіншісінің аты Жалғау екен. Олар бірге ағаш жарып, бірге су тасып тату өмір сүріпті. Бір күні Қосымша атайдың үйіне досы Түбір атай келіпті. Қосымшы атай орманнан жидек теріп келіңдер деп екі ұлына тапсырма берген еді. Олар барғысы келмеді. Себебі Түбір атайдың әңгімесін естігісі келді. Сонда атасы оларға тапсырма береді. Осы тапсырманы кім бұрын орындаса сол Түбір атайдың қасында қалады дейді. Екеуі келіседі. Біз енді осы балаларға тапсырмаларын тезірек орындауларына көмектесіп жіберейік.

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең.

Жаңа ұғымды түсіндіруде мына суреттерді пайдаланамын:

-Мынау не...

-Бүркіт.

-Ал енді осы «бүркіт» сөзіне қосымша қосып көрейікші.

-Бүркіт+ші

-Не пайда болды? «Бүркітші» деген сөз нені білдіреді?

-Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.

-Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа нәрсені білдіріп кетті. Яғни жаңа сөз жасалады. Ал енді «бүркіт» сөзіне басқа бір қосымша жалғап көрейік: бүркіт+пен. Мысалы: Аңды бүркітпен аулайды. Бұл алдындағы сөзден мүлде басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе? Қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар бұл сұраққа жауап беруде кідіріп қалады. Себебі, «бүркітпен» сөзінің мағынасы алғашқы мағынасынан алшақтап кете қойған жоқ. Осы арада өзім түсіндіріп кетемін.

Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады екен. Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөз пайда болады ды, кейбір қосымшалар жалғанған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады. Мысалы (осы тұста тақтаға мынадай мысал ілемін):







Жұрнақ пен жалғау

шы - балықшы

Shape1

Shape2 балық

тар – балықтар




Shape3 шы – оқушы (бала)


Shape5 оқу лық – оқулық (кітап)


ға – оқуға



Бұл қосымшалардың қайсысы мағынасы өзгерген жаңа сөз, қайсысы жай байланысқа түсетін сөз жасап тұрғаны мына мысалдар арқылы талдап түсіндіріледі:

-Оқушы келді.

-Оқулық алдым.

-Сабақ оқуға кірістім.

Оқушылар бірте-бірте «жаңа сөз», «байланысқан сөз» деген ұғымды түсіне бастайды. Балалардың түсінігін әрі қарай жаттығу жұмыстары арқылы бекіте түсемін.


1-тапсырма: Жаппай түсіндіремін. 


- Енді, балалар, кітабымыздағы 282-жаттығуға қарайық. Берілген қосымшалардың қайсысын қай сөзге қосып айтуға болады.Балалар 282-жаттығуды ойын түрінде өткізейік. Оқушылар, осы қай мезгіл?

- Қыс мезгілі.

- Қай ай?

- Қаңтар айы.

- Даладақарменбіздер не жасаймыз?

- Аққала.

Олайболсаойынныңаты "Аққала" депаталады. Бұлойынныңшарты-сөздергежалғаулардыдұрысжалғау, сондааққалақұрастырылыпшығады.

Бүркіт+ші - жұрнақ. Бүркіт+пен, бүркіт+ті, бүркіт+тер – жалғау.

Су+ға, су+ды – жалғау, су+лық,су-сын – жұрнақ.

Таза+лық, таза+ла – жұрнақ.

Сонымен балалар, түбір сөзге қосымша жалғаған кезде сөз мағынасы өзгеретін болса, оны «жаңа сөз» дейміз. Яғни ол жұрнақ болады.

Ал егер сөзбен сөзді байланыстырса «байланысқан сөз» делінеді. Яғни ол жалғау болады.

Жұлдызшалармен бағалау.

2-тапсырма. Ереже

Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.

Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс-жұмысшы, ойын-ойыншық.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс-жұмыста, ойын-ойынға.


3-тапсырма: Жұптық жұмыс

283- жаттығуға қарайық. Мақалды оқып, жатқа жаз. Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндір. «Сиқырлы қаламша» арқылы орындалады.

Өнерлі жігіт өрде озар, (өнерлі - жұрнақ)

Өнерсіз жігіт жер соғар. (өнерсіз - жұрнақ)

Бағдаршаммен бағалау.

4-тапсырма:Сергіту сәті

Видеоролик көрсету.


5-тапсырма: Топтық жұмыс

- Енді, балалар, барлығымыз 284- жаттығуға қарайық. Сөздерге жұрнақ жалғап оқы. Жұрнақ жалғаған сөздеріңді қатыстырып сөйлем құра.

Дос+тық, іс+кер, жұмыс+шы, би+ші

Достық мәңгі жасасын! Менің атам іскер адам. Мектепке жұмысшы қажет.

Шара апа –биші.

Смайликтермен бағалау.


6-тапсырма: Жеке жұмыс

285-жаттығу. Жұрнақ жалғанған сөздерді бір бөлек, жалғау жалғанған сөздерді бір бөлек топтап жаз. Солай топтау себебін дәлелде. «Қарлы кесек» әдісі арқылы балалармен жеке жұмыс жүргіземін.

Батырлық-жұрнақ, ғалымның-жалғау, іскер-жұрнақ, көмірді-жалғау, көлшік-жұрнақ, биші-жұрнақ, жем-түбір, дәптері-жалғау, бидайды-жалғау, бастық-жұрнақ.

Бармақпен бағалау.

ІІІ. Қорытынды:
Балалар Қосымша атайдың екі ұлына көмек береміз деп уәде беріп едік қой. Міне, ең соңғы тапсырмамыз «Алма жинау» ойыны.

Кел, балалар, ойнайық!

Тектен-текке тұрмайық.

Жемістерді жинайық.

Үзіп алып бақтардан,

Жолдастарға сыйлайық.

Ағаштағы алмаларда жұрнақ және жалғау жалғанған сөздер бар. Солардың қайсысы «жаңа сөз», қайсысы «байланысқан сөз» екенін айтамыз.

Мысалы: бала-лық, бала-лар, дала-да, қала-да, бас-тық, көл-шік.


Рефлексия:

Алма ағашына стикерлерді жапсыру (сабақты жақсы түсінсе-жасыл түсті, орташа-сары түсті,қызыл түс-түсінбегенде).


ҮІ.Үйге тапсырма.

286 – жаттығу.

«Төрт түліктің пайдасы» тақырыбына пайымдау мәтінін құрап келу. 


ҮІІ.Бағалау. 



































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1791
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі