Материалдар / Жұрнақ пен жалғау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жұрнақ пен жалғау

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың жұрнақ пен жалғау туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау. - Оқушыларға жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшалардың арасындағы айырмашылықты меңгерту; - Оқушылардың сөздік қорын байыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2018
613
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2 класс қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың жұрнақ пен жалғау туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау.
Оқушыларға жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшалардың арасындағы айырмашылықты меңгерту;
Оқушылардың сөздік қорын байыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылуы туралы алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: а) Оқушылар білуі тиіс: сөз, сөздердің жазылу емлесін, түбір мен қосымша туралы түсінікті білулері тиіс. Сонымен қатар, қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігін білулері тиіс.
ә) Оқушылар игеруі тиіс: түбір сөзге алдымен жұрнақ, соңынан жалғау жалғанатындығын. Сөздерге жұрнақ жалғау арқылы сөз мағынасын өзгертуді игерулері тиіс.
б) Оқушылар меңгеруі тиіс: жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды бір-бірінен ажыратуды. Сөзді құрамына қарай талдауды меңгерулері тиіс.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ-жауап, рефлексия.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Сабақтың ұраны.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Балалар ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.
ІІ. Ой ашар. Үй тарпсырмасы тексеріледі. 4-5 оқушыдан үйге берілген 285-жаттығу сұралады.
Миға шабуыл. Өткенді қайталау. Кім тапқыр?

1 қатар 30 - Түбір сөз дегеніміз не?
2 қатар 30 – Қосымша дегеніміз не?
3 қатар 30 - Жұрнақ деген не?
1 қатар 40 – Түбір сөзді тап: а)үйге ә)күй б)әнші
2 қатар 40 – Қосымшалы сөзді тап: а)аң ә)балық б)жұмысшы
3 қатар 40 - Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны не деп атаймыз?
1 қатар 50 – Өнер... адам өрге озар, Өнер... адам жер соғар.
2 қатар 50 – Мал шөп... тоқтайды, Ақылды сөз... тоқтайды.
3 қатар 50 – Отан от... да ыстық.
Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? (Жұрнақ пен жалғау)
-Бүгін де осы тақырыппен жұмыс істейміз.
Ерте-ерте ертеде, бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сәлемдеме келеді. Сәлемдемені олар Сен ал, сен ал деп біріне-бірі сілтейді. Сендердің жалқауларға келген сәлемдемені алғыларың келе ме?
- Иә, алғымыз келеді.
- Ендеше бұл сәлемдемені алу үшін алдымен қазір мен оқитын жұмбақтардың шешуін тауып, шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдауларың қажет. Дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз.
1. Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеске. (Білім)
2. Есіктен кіреді,
Төрге қарай жүреді. (Суық)
3. Сақалы жоқ шашы бар,
Бет-аузы жоқ басы бар.
Белін бекем байлаған,
Қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)
ІІІ. Жаңа оқу материалын пысықтау.
Көркем жазу. Жж
Жеңімпаз, жеңіс, жомарт, жақсылық, жалқау
Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс.
287-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жалғауларды тап. (Қардың, қарды)
- Балалар, қар сөзіне жалғанған қосымшалар жалғау ма жұрнақ па?
- Жалғау.
- Не себепті жалғау деп ойлайсыңдар?
- Себебі ол сөз мағынасын өзгертпей, сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
288-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жаз.
1. Би + ші, қобыз + шы, көп + шіл, сауық + шыл
2. Іс + кер, орын + дық, талап + кер.
3. Қыс + қы, арба + лы, түн + гі, жаз + ғы.
Сергіту сәті. (электронды)
Шығармашылық жұмыс.
І қатар, Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қой.
ІІ қатар. Түбір сөздерге –шы, -ге, -лық, -лар қосымшаларын жалға.
ІІІ қатар. Берілген сөздерге тиісті жалғау жалғап, сөйлем құрап жаз.
IV. Рефлексия-бағалау кезеңі.
- Қазір балалар біз сендермен мынандай логикалық жұмбақтарды шешеміз. Жақсылап ойланып жауап береміз.
1. Екі әріптен құралып,
Жүруші едім мал болып.
Жалғанды да бір әріп,
Шыға келдім шал болып. (ат - ата)
2. Үш әріптен құралып,
Ұшып жүрген құспын,
Ақ жұрнағын жалғасаң,
Бір ұлт болып шықтым. (қаз - қазақ)
3. Алғашқыда балық аулар,
Балықшының құралы едім.
Жалғанды да бір әріп,
Бәрің жұтар не болдым? (ау - ауа)
V. Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта нені пысықтадық?
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- Жұрнақ пен жалғауды қалай ажыратамыз?
VI. Үйге тапсырма беру. 289-жаттығу.
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
VII. Бағалау.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!