400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүсіп Баласағұн - даналық атасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ХІ ғасырда өмір сүрген ойшыл, ақын Жүсіп Баласағұнның өмірі, шығармашылығымен танысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Факультативтік курс

Ол кім? Бұл не? 18.09.2018 ж.

Тақырыбы: Жүсіп Баласағұн - даналық атасы

Мақсаты: ХІ ғасырда өмір сүрген ойшыл, ақын Жүсіп Баласағұнның өмірі, шығармашылығымен танысады.

Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн

Дүниеге келгені:

1020
Баласағын (Баласағұн) қаласы, Қырғызстандағы қәзіргі Тоқмоққаласы өңірі

Қайтыс болғаны:

Белгісіз
Қашқар қаласы, Шығыс Түркістан

Мансабы:

ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері


Shape1

Өмірбаяны


Жүсіп Баласағұни – Талас-Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен ақын, ойшыл. Ол 85 тараудан тұратын «Құтты білік» атты кітап жазған. Кітапты шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнамасымен» қатар қойып, «Түркі шаһнамасы» деген атақ берген.

«Құтты білікте» кемел мемлекеттің сипаты баяндалады. Кемел мемлекетте өмір сүретін адам да кемелдену жолын іздеуі керек. Адам баласының қадір қасиеті білім мен ақылда болатынын айтып, дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Қоғамдағы әір түрлі топтардың, әр қандай кәсіп иелерінің, ел бегі, уәзір, көпес, ақын, тағы басқалардың қандай болу керектігін көрсетеді.

Ізгілікті елдің бегі мен уәзірі халықпен, айналасындағы қызметкерлермен қандай қарым-қатынас орнатады? Ғалым, диқан, сатушы, малшыларды қалай ұстау керек деген сұрақтарға жауап бере отырып, әізгілікті үлгі етеді.

«Бақыт қасиетті адамға ғана қонады», – дейді.

Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат.

Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігінде» қамтылған мәселелер туындыгердің (автор) аса білімді адам екенін аңғартады. Ол-ойшыл ғалым, білімпаз, ақын. Кітапты ақыл-өсиет, өнеге – уағыз түрінде жазған. Бала тәрбиесіне де көңіл бөлген. Баласағұни осы кітабы арқылы Хас Хажып (сарай министрі) атағын алған.

Ой шақыру:

І топ – «Бес нәрсеге асық бол»

ІІ топ – «Бес нәрседен қашық бол»

ІІІ топ – Достық

ІҮ топ – Тіл

   «Әлемді шарлау» стратегиясы бойынша топтар жұмыстарымен алмасады. Жариялайды.


Ой толғаныс.

РАФТ әдісі бойынша төмендегідей тақырыптар негізінде шығармашылық жұмыс орындау.

І топ – «Бес нәрсеге асық бол»

ІІ топ – «Бес нәрседен қашық бол»

ІІІ топ – Достық – асыл қазына

ІҮ топ – Ең тәтті де –тіл, ең ащы да – тіл.

1) Баласағұнидің «Құтты білік» кітабы не туралы?

2) Кітаптың кейіпкерлері кімдер?

3)Баласағұнидің ойынша шын дос кім?

4) Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?

5) Абай өлеңдерімен салыстыру.

Ой толғаныс.

Бағалау парағы

 

№

Оқушының аты-жөні

Үй жұмысын орындауы

Топтық жұмысқа қатысуы

Қорытынды

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5

 

 

 

 

6

 

 

 

 

7

 

 

 

 

8

 





Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген.

Рефлексия


Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.

.Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн–ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі болған данышпан-ойшыл, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.

Жүсіп Баласағұн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген ұрпақтарға орта ғасырдың ғалымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фәләкиәт (астрономия), тарих, араб-парсы тілдер білімі т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ғалым ретінде жақсы мәлім болған.

Әйтсе де, Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихында мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір тарихи-әдеби мұрасы–«Құтадғұ білік» дастаны. Бұл дастан кәзіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық саяси өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі т.б. жөнінде аса қызықты да құнды, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1078
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі