Жүз жыл жырлаған жүрек-Жамбыл Жабаевқа 175 жыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүз жыл жырлаған жүрек-Жамбыл Жабаевқа 175 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл Жабаевтың өмір баянын балаларға толықтай түсіндіру.Жамбыл Жабаевтың шығармаларымен таныстырып қана қоймай, балалардың түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК





«Бекітемін»___________

Әдіскер: Нургазы М.Т.

«Келісемін» ___________

Сынып жетекшісі: Ақмолина Н.Т.







ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ











Тақырыбы: «Қоқыс-ғасыр мәселесі»

Өтетін орны: «№ 32 ЖОББМ» КММ

Сынып: 9«а»

Мерзімі: 12.10.21

Тобы: 29«ә»

Машықкер: Кәрібаева Азиза Серікжанқызы

Баға: «___» ___________________

Баға: «___» ___________________







Семей, 2021

Тәрбие сағатының мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттың тозуы- экологиялық дағдарыс екенін түсіндіру.

Тәрбие сағатының міндеттері:

1) Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі

2) Қоқыстардың зияндылығы

3) Адам денсаулығы мен қоршаған орта мекендеушісінің өзара байланысын көрсету, осы мәселеге байланысты теориялық ақпарат жинау.

4) Әдістеме арқылы қоршаған ортада адам өмірінің экологиялық жағдайының сапасы мен санының көрсеткішімен таныстыру.

Білімділік: Балаларға экологияны таза ұстау туралы түсінік беру. Қоршаған ортаны таза ұстауға баулу. Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде біз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты ластамауға үйрету. Қоқысты жинап жүру керектігін түсіндіру. Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

Тәрбие бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

Формасы: Пікірталас

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру,ойындар,сұрақ-жауап,топтық жұмыс, әңгімелесу, тыңдау, балалармен бірге сұрыптау

Көрнекілік: Әртүрлі заттардың суреті, қоқыс қалдықтарының суреті, қоқыс жәшігінің суреті, бейнежазба

Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, слайд

Жабдықталуы: стикер,қағаздар,маркер, т.б.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: /40 минут/


І. Кіріспе бөлім

  1. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

2. Техникалық қауіпсіздік ережесі 10 минут

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Тақырыпты түсіндіру. 5 минут

  2. Топқа бөлу 2 минут

  3. Суреттерді кесте бойынша бөлу 3 минут

  4. «Сөз құрау» тренингі 3 минут

  5. «Психологиялық» тренинг 5 минут

  6. Бейнеролик көрсету 2 минут

7. Ғажайып Қазақстан 5 минут

8. Постер 3 минут

ІІІ. Қорытынды

Рефлексия

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. Алғы сөз

- Армысыздар, оқушылар! Мен өзімді таныстырп өтейін М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Шет тілі мұғалімі» мамандығының ІІ курс 29 «Ә» топ білім алушысы Кәрібаева Азиза Серікжанқызы боламын. Сіздермен танысқаныма қауаныштымын.

Біздің бүгінгі «Қоқыс-ғасыр мәселесі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ. Негізгі бөлім 1 Тақырыпты презеңтация арқылы оқушыларға түсіндіру. Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

2. Оқушыларға түрлі түсті жапырақтарды беру арқылы топқа бөлу.

3. Суреттерді кесте бойынша бөлу

Пластик, Тамақ қалдығы, Қағаз қалдықтары жәшігі.

4. Әріптерді орнына қойып сөздер құрастыр. Сол сөздермен сөйлемдер құрастыр.

Экология қоршаған орта, Балықтардың ұлануы, Ауа ластану

5. «Психологиялық» тренинг.Оқушылар көздерің жұмып, ырғақты музыка тыңдай отырып Қазақстанның әсем табиғатын елестетіп сол жайлы ақпарат беріп өтсе.

6.Бейнеролик көру.

7. Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұрақтарға қай топ көп және дұрыс жауап қайтарады, сол топ жеңімпаз болып саналады.

1. Қазақстан жері қандай жер? (Қазақстан жері – кең - байтақ)

2. Батыстан шығысқа қарай неше километр жер алып жатыр? (3000 км)

3. Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар? (9 мемлекеттік қорық бар)

4. Қазақстан тауларын атаңыздар? (Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы)

5. Шығыс Қазақстанда қандай мемлекеттік қорықтар бар? (Батыс - Алтай қорығы, Марқакөл қорығы)

6. Халқымыздың ұлттық мақтанышы не? (Халқымыздың ұлттық мақтанышы - Туған жер табиғаты)

7. Қазақстанның батысында қандай теңіз бар? (Каспий теңізі бар)

8. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр? (Экология мәселесі өзекті болып тұр)

9. Арал теңізін картадан көрсетіңіз. (Оңтүстік батыста)

10. Қызыл кітапқа жазылған сирек кездесетін құстарды атаңыздар (Бүркіт, қаршыға, аққу, үкі, жапалақ)

1. Қазақстан қандай өлке? (Қазақстан – бай өлке)

2. Қазақстанның жалпы жер көлемі қандай? (2700 мың шаршы км)

3. Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі кездеседі? (90 - нан астам түрі кездеседі)

4. Қазақстандағы ең ірі өзендерді атаңыздар (Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл, Жайық, тағы басқалары)

5. Шығыс Қазақстандағы таулар аттарын атаңыздар. (Тарбағатай, Алтай)

6. Мұнай Қазақстанның қай жерінде өндіріледі? Картада көрсетіңіз (Қазақстанның Солтүстік – Батысында және Батыс Қазақстанда - Каспий теңізінде өндіріледі)

7. Адамның дені сау болу үшін не керек? (Қоршаған орта, табиғат таза болу керек)

8. Бүгінгі күні дүниежүзілік проблема қандай? (Арал экологиясы)

9. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні қай күн? (5 – маусым)

10. Қызыл кітапқа жазылған, сирек кездесетін жануарларды атаңыздар (Марал, елік, барс, құлан, бұғы, сілеусін)

8. Әр топқа табиғат ресурстары, экология, қоқыстың денсаулыққа зияны атты тақырып беріп соған постер құрату.

Рефлекция

Қорытынды: Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы аршынды қадамдармен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасыратыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспортының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қара-шығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы - экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты аландатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парымыз!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2021
518
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі