Материалдар / Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
493
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







ОБЛЫС : Атырау


АУДАН/ҚАЛА: Жылыой ауданы, Құлсары қаласы


МЕКТЕП: №9 жалпы орта білім беретін мектеп


ПӘНІ: Химия


ФИО: Алтыбаева Ажар Алиевна


Білімі: жоғары


Педагогикалық өтілі: 14 жыл


Санаты: I


Деңгей :  III (базалық )


Эл.почта: Azhar_beshimova@mail.ru

































9 жалпы орта білім беретін мектеп











Ашық шара тақырыбы:



Танымдық сайыс










10 «а» сынып

Ұйымдастырған: химия пәні мұғалімі Алтыбаева Ажар Алиевна





сәуір, 2016жыл



Химия пәні

10 «а» сынып

Күні: 6.04.2016ж.

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс

Мақсаты:

1. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру, олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру.

2. Химия ғылымының қоғамдағы космосты игеру, атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану, жасанды заттарды синтездеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, жаңа энергия көздерін табу, табиғи шикізат көздерін игеру, тұрмыста, медицинада т.б жерлерде қолданылатын химия өнімдерінің маңызын оқыту.

3. Химия пәнінің қажеттілігі мен өзектілігін, маңызын айтып, оқушылардың химиялық білімдерін дамыту.

Сайыстың кезеңдері:

1. «Ал,канекей,танысайық»сәлемдесу

2. «Ойлы болсаң, озып көр»

3. «Мықты болсаң,тауып көр»

4. «Зерек болсаң, шешіп көр»

5. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

І бастаушы: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, қымбатты сайысқа қатысушы оқушылар, жиналған қауым!

І бастаушы: -Бүгін сіздер мектебіміздегі химия, биология,география пән апталығының аясында өтіп жатқан «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» танымдық сайыс кешінің куәсі болмақсыздар.

І бастаушы: Бұл кеште мектебіміздің 10 «а» сынып оқушыларынан құралған 2 топ өз білімдерін

сарапқа салып, бақтарын сынамақшы . Ендеше сайыскерлерді шақыруға рұқсат етіңіздер.

«Протон» тобы және «Электрон» тобы

І бастаушы: Әр топтың сайысқа қатысатын кезегін анықтау үшін нөмір суыруларыңыз сұралады. (нөмір суырып болғаннан кейін сол рет бойынша тұрғызылады.)

І бастаушы: Сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар 1. М.Д. оқу ісі меңгерушісі: Көкебаева А. Қ.

2. _____________

3. _____________

І бастаушы: Сәлем беріп отырған жалпыңызға,

Беріктігін білдіріп салтымызға.

Жеңіс деген біздерге сол емес пе,

Үлгі, өнеге қалдырсақ артымызға.

Жоқ ешкімнің шатасы,

Үлкендердің батасы.

Топ басшысы таныстыр

Сәлем - сөздің атасы.

Бүгінгі сайыстың бірінші кезеңі Сәлемдесу

І бастаушы: Химия ғылымдардың бұл төресі,

Оза алмайды жарыста тар өресі.

Біліміңді көрсетер кезің келді

Басталмақшы кезеңіміз келесі

Сайыстың екінші кезеңі «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде әр топқа 5 мәтін оқылады. Сайыскерлер оқылған  мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.

«Протон» тобы

1.Бейорганикалық қосылыстар 4 кластан тұрады. (Иә)

2.Органикалық заттар көміртек элементінің туындыларынан тұрады. (Иә)

3.Периодтық кестеде 8 перид бар (Жоқ)

4.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципіне сүйенеді. (Иә)

5.Ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады. (Жоқ)





«Электрон» тобы

1.Периодтық кестедегі әрбір топ үлкен және кіші топшадан тұрады. (Жоқ)

2.Натрий және калий гидроксидтері суда еритін негіз (Иә)

3.Элементтер сыртқы белгілеріне қасиеттеріне қарап металдар мен бейметалдар болып бөлінеді. (Иә)

4.Реакция жылдамдығын тездететін заттарды ингибиторлар деп атайды. (Жоқ)

5.Электртерістігінде үлкен айырмашылық бар элементтердің атомдары арасында түзілетін байланыс ковалентті байланыс деп аталады. (Жоқ)

І бастаушы: Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,

Дән өсті туған өлке сауырында

Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,

Химия дәру болған сауығуға.

Жарыстың үшінші кезеңі «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде 3 тақырып және ұпай сандары беріледі. Әр топ тақырып таңдап, өздеріне ұпай қояды. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсе, қойылған ұпайды алады, ал дұрыс жауап берілмесе сол ұпай жинаған ұпайынан шегеріледі. Сонымен қатар топтар жауап бермесе де болады, онда толығымен сақталады. Алғашқы болып  ________топ таңдайды.

 №1 тапсырма

            Элемент         Теңдеу               Заңдар

                  10                   20                        30

 Жүргізуші:

Химиялық элемент –атомдарының белгілі бір түрі. Оның негізгі сипаттамалары –ядро заряды.

Ядро заряды реттік нөміріне тең.

Сұрақ: Периодтық жүйеде қанша металл, қанша бейметалл бар? (22 бейметалл, 87 металл)

Жүргізуші:Химиялық теңдеу –химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу. Жүргізілген химиялық тәжірибені химиялық теңдеу арқылы көрсетуге болады.

Сұрақ : Алмасу және орынбасу раекциясына анықтама бер.

(2 күрделі зат әрекеттесіп, жаңа 2 күрделі зат түзілсе алмасу, 1 күрделі зат 1 жай зат әрекеттесіп,жаңа жай, жаңа күрделі зат түзілсе орынбасу деп аталады)

Жүргізуші: Стехеометрия  өлшеймін деген мағына береді.  Стехеометриялық заңдарға зат массасының сақталу заңы, құрамында  тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, Авогадро заңы,эквиваленттер,көлемдік қатынас заңы жатады.

Сұрақ: Зат массасының сақталу заңын кім ашты және мағынасы қандай?

(М.В.Ломоносов,химиялық әрекеттесуге түскен заттар мен  реакциядан кейінгі заттардың массасы тең болады)

2 тапсырма

             Атом         Байланыс               Жылдамдық

                20                   10                        40

 

Жүргізуші: Атом –заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.Атомдар біріге келе молекуланы түзеді. Атомдар мен молекуланы зерттеген М.В.Ломоносов.

Сұрақ: Атом қандай бөлшектерден тұрады және қайсысы зарядсыз?

(атом ядро мен электроннан тұрады. Ядро  протон мен нейтроннан тұрады. Нейтрон зарядсыз)

Жүргізуші: Заттар белгілі бір байланыс түзеді. Химияда байланыстың 4 түрі бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Сұрақ: Донорлы –акцепторлы механизм қай байланысқа   жатады және мәні қандай?

(ковалентті байланыс, дайын жұп электрон бергені –донор, бос ұяшық бергені –акцептор)

Жүргізуші: Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрациясының өзгеруі.Химиялық реакция жылдамдығын көрсететін химияның бөлімін кинетика деп атайды.

Сұрақ: Лимиттеуші саты дегеніміз не?  Және химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды атайды? (реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын саты лимилеттеуші саты деп аталады. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар әрекеттесуші заттардың табиғаты,концентрация,температура)


№3 тапсырма

Химия          Периодтық жүйе             Химиялық формула

  20                           10                                               30

 Жүргізуші:

Химия –заттарды олардың қасиеттерін,соның ішінде олардың өзара айналуларын зерттейді. Ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасып, өзінің басты  ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты.

Сұрақ: Химия ғалымдарының  докторы, профессор,КазКСРҒА-ның академигі Қазақстан КСР-нің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері М.Ч.Усанович қандай теорияны ұсынды?

(Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.)

Жүргізуші: Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев табиғи жіктеу арқылы химиялық элементтердің периодтық жүйесін 1869 жылы жасады.

Сұрақ: Негізгі топша элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейінде орналасқан электрон санын териодтық кестеде не көрсетеді? Энергетикалық деңгейдің санын  қалай табамыз.

(топ нөмірі, энергетикалық деңгей период нөміріне тең)

Жүргізуші: Химиялық формулалар –заттың  құрамын,химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу.

Сұрақ: Зат мөлшерінің қандай формулалары бар және өлшем бірлігін ата.(моль)


Жүргізуші: Есепте бар массада,

Шығады ол сасса да

Жауабын  сен табасың,

Қарамайсың басқаға.

Формуланы табуға,

Үлесші дұрыс тануға.

Талабыңды көрсетші

Ойың бар ма тануға деп сайысымыздың төртінші кезеңі «Зерек болсаң, шешіп көр» кезеңін бастаймыз. Мұнда 5 ұяшық беріледі. Әрбір ұяшықта есептер жасырылған.Ұпайы көп топ ұяшықты таңдайды. Егер топ есептің жауабын дұрыс таппаса,келесі топтың есептің жауабын айтуға мүмкіндігі бар. Дұрыс жауап үшін 20 ұпай беріледі. Есепті шығаруға 1 минут уақыт беріледі. 

1 ұяшық: массасы 8 г газ (қ.ж.) 5,6 л көлем алады. Газдың молярлық массасын тап (Ж.32)



2 ұяшық: 3,5 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)



3 ұяшық: 75 г азот (ІІ) оксидінің алатын көлемін есепте (Ж.56 л)



4 ұяшық: 6,2 г фосфор жанғанда  неше грамм  фосфор  (Ү) оксиді түзіледі?( 14,2 г)



5 ұяшық: Масссасы 128 г күкірттің зат мөлшерін тап (Ж: 4 моль)


Жүргізуші: Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,

Ол болмаса келіспейді,жетіспейді күйіміз.

Ішсек дәрі,тірі ағзада құбылыс

Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға деп сайысымыздың соңғы кезеңі

«Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңінде әрбір топ берілген өзгерістеді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеуін жазады. Әр дұрыс реакция теңдеуіне 10 ұпай беріледі.


K K2O KOH Cu(OH)2 CuO Cu



Fe Fe2O3 FeCl3 Fe(OH)3 Fe2O3 Fe



І бастаушы: Жұлдызды боп туғандар аз өмірде,

Болғанымен әркімнің де көңлінде.

Дарындылық адамзатқа жарасқан,

Ұтып алған алқа тұрса өңірде

Химияда болады көп ертегі,
Салт – дәстүрмен келе жатқан ертелі.
Химия – біздің жас кеме ғой,
Болашаққа бағытталған желкені.
Күшейтеміз химияның сапасын!
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы
Химиямыз мәңгі – бақи жасасын!


«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» танымдық сайыс  кешінің қорытындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

І бастаушы: Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,

Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.

Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан

Ала берің жарыс сайын бас бәйге,

- деп бүгінгі жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.

Ұту ғана маңызды емес, қатысу да маңызды екенін ұмытпайық.

І бастаушы: Бүгінгі химиялық кешіміз осымен аяқталды,

ден қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!